Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отчет о практике (Зеренда).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
592 Кб
Скачать
☆

01.07.2016 – Алтыншы күн:

Таңертенгі жаттығудан кейін біздің топ таңғы ас дайындады. Негізі, жоспар бойынша тауға шығуымыз тиіс, бірақ ауа-райы қолайсыз болды. Сондықтан біз бүгін спорт кешеніне барып, волейболдан жарыстық. Бірінші қарсыластарды білу үшін жеребе өткіздік. Біздің «Сұңқар» тобымыз женіске жетіп, ең үздік волейбол командасы болып атанды. Ал біздің Аида ең үздік волейболшы деген атақ алды. Жарыс біткен соң біз бірнеше ұл болып қалып спорт кешеніндегі бассейнге түстік. Кешкі асқа тура келдік. Бүгін анимациялық кештің орнына киноға барып, «Боги Египта» фильмін қарадық.

22:30-да капитандар жиналысы өтіп, 23:00-де ұйықтауға кеттік.

02.07.2016 – жетінші күн:

Таңетен барлығымыз тұрып, жүгіріп, жаттығу жасадық. Кезекші «Позитив» командасы даярлаған таңғы асты ішкен соң, алаңда жиналдық. Бүгін биік тауға шығамыз. Жолда жарты топ қалып қойды. Оның қалай болғанын байқамай қалдық. Біз дұрыс емес жолға түсіп қалып жол таба алмадық, солай тауды айналып қайта пансионатқа қайттық. Түскі асымызды жеп алдық. Кешке далаға от жағып (костер), жетекшілер анимациялық кеш ұйымдастырды. Костер айналасында ойын ойынап, ән айтып, би биледік. Топтарды марапаттау рәсімі өтіп, шашлык жеп, уақытымызды рахат өткіздік. Түнде Футболдан Еуропа Чемпионатын көрдік: Германия мен Италия арасындағы кездесу. Сосын ұйықтауға кеттік.

03.06.2016 – сегізінші күн:

Таңертен тұрып жаттығу жасаған жоқпыз, оның орнына барлығы өздерінің киімдерін жинап бөлмелерін тапсырды. Кезекші «Стрела» тобы дайындаған таңғы асты жеп алдық. Автобустар келгенде бәріміз отырып жолға шықтық. Жолда ойнап-күліп бірнеше аялдама жасадық. Астанаға келген кезде Еуразия Ұлттық университетінің бас корпусының жанында тоқтадық. 1 сағат уақыттай бір-бірімізбен әңгімелесіп, қоштасып үйлерімізге кеттік.

Сурет-2. Топтардың 1-ші маршрут бойынша нәтижелері.

Сурет-3. Топтардың 2-ші маршрут бойынша нәтижелері.

III. Зеренді елді-мекенінің болашағы

Зеренді елді-мекенінің болашағы жарқын. Осы елді-мекеннің болашағын біз қалай көреміз? Осы туралы студенттер өз ойларын ортаға салып, жобаларын ұсынды. Ақмола облысы, оның ішінде Зеренді ауданы туристік бизнесті дамытуда алар орны ерекше. Зеренді өлкесі ну тоғай-орманымен, шатқалы мен таулы күмбездерімен әйгілі. Бұл жасыл аймақ тынық ормандарымен, хош иісті шөптерімен және қайын-қарағай сұлулығымен көз тартады. Құрамында озоны бар шипалы ауа бал қарағайлардың еңбегі. Орман ішінде туристтер сүрлеу жолдар бойымен аяңдай алады. Машина және жаяу жолдардан басқа мұнда ат және велосипед жүретін жолдар салынған. Қыстыгүні шаңғы тебу мүмкіндігі де бар. Құстар мен балықтарға бай көлдер мен ормандар, шүйгін жайылымды жазық дала көне дәуірден бастап-ақ адамдардың назарын өзіне аударған болатын. Жаз болса өзінің ыстық лебін әкеліп, жеміс-жидек пен саңырауқұлақтарын кең дастархандай жаяды. Ал көл сулары балықтардың түр-түріне молаяды.

Жасыл қарағайы көкке өрлеп, биік таулы алыстан қол бұлғап өзіне шақырған , күміс көлі майда толқындарымен жаныңызды тербеп, шағыл құмы табаныңызды қыздырған сұлу Зеренді туризм саласын дамытуға ең қолайлы өңірлердің бірі. Таңғажайып географиялық орналасу жағдайы, табиғи ландшафттар, мәдени-танымдық ошақтар, сауықтыру орындары, шаңғы, жаяу жүргінші, велосипед жолдары, экологиялық ерекшелігі, туристер мен жергілікті тұрғындардың жазғытұрым дем алуына өте ыңғайлы. Аудан орталығында туристердің орналасуына жиырмаға жуық қонақ үйлер бар. «Арман», «Қарағайлы», «Қалқаман» демалыс үйлері, М.Ғабдуллин атындағы балалар сауықтыру орталығы, Л.Гумилев атындағы Евразия университетінің «Тұмар» кешені, «Ақ қайың», «Восточная», «У лукоморья» демалыс базалары, «Сосновый бор» турбазасы, «Зерен Тур» қонақжайы және тағы басқалары халыққа қызмет көрсетеді. Солардың ішінен жұртшылыққа кеңінен танымалы – «Сұңқар» сауықтыру кешені мен «Зерен» демалыс орталығы. Екеуі де Зеренді көлінің жағасында орналасқан. Жаз мезгілінде 250, ал, қысқы уақытта 187 адамды қабылдай алады.

Көптеген елдерде туристік бизнес жалпы ішкі өнімді қалыптастыруда қосымша жұмыс орындарын құруда және халықты жұмыспен қамтамасыз ету, сыртқы сауда балансын белсендіруде маңызды. Әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы ретінде туризм саласы экономиканың маңызды және байланыс, құрылыс, ауылшаруашылығы, халық тұтынатын тауарлар өндірісі және басқа да салаларға ықпалы зор. Оның әсері оң не теріс болуы мүмкін (кесте-1).

Кесте-1. Туристік кәсіпкерлік қызметке оң және теріс әсер ету аспектілері.

Оң аспектілері

Теріс аспектілері

– жұмыс орындарын құру;

–халықтың өмір сүру деңгейін арттырады, яғни табыстың артуы;

–урбандалу үдерісін тездетеді және инфрақұрылым дамиды;

–әлеуметтік және мәдени үдерісті тездету;

–мәдени құндылықтар, мәдени

ескерткіштерді қорғау және қайта қалпына келтіру жұмыстарын жандандыру;

–жергілікті өнім өндірушілердің

тауарлары мен ауылшаруашылығы өнімдеріне сұраныстың артуы;

–табиғи кешендердің көбеюі;

–өңірдің тартымдылығының артуы.

–халықтың әртүрлі топтарының қызығушылығын коммерциялау және полияризациялау;

–білікті емес еңбек үлесінің көбеюі;

қоғамдық тәртіп нормасынан тысқары (ішімдік ішу, бұзақылық) ауытқулар;

–мәдениеттің коммерциализациялануы;

нақты туристік бағыттың табиғилығының жоғалуы;

– жергілікті халық пен туристердің арасындағы келіспеушілік, қақтығыстардың болуы.

Шешілмеген күйінде қалып отырған, бірақ туризм саласының дамуы үшін негізгі мәселелер болып табылатын бірқатар проблемалық мәселелерді атап өту қажет.Сонымен қатар, туристік объектілердің оқшауланған жерлерінде немесе туристік бағдарлардың торапты нүктелерінде орналастыру жағдайларының болмауы бұқаралық сырттан келушілер туризмін және ішкі туризмді дамытуға кедергі келтіреді. Нәтижесінде ішкі туризмде ұзындығы 400 - 500 км болатын бір күндік турлар басым болып келеді, ал бұл - жолға көп уақыт шығындалатынын куәландырады. Мұндай сапарлар жалықтырады, туристердің көпшілігінде жағымсыз естеліктер қалдырады.Тағы бір шешімін талап ететін проблеманың бірі әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында отандық инвесторлар тәуекелге бармайды және туристік объектілердің құрылысына одан әрі қаражат салмайтын болады. Туризм инфрақұрылымын дамыту үшін туристік ұйымдарға жеңілдіктер беру және ұзақ мерзімді несиелеу механизмін жасау бәсекеге қабілетті туризм индустриясын дамытуға инвестициялар көлемінің өсуіне ықпал жасайды.

Қонақ үйлерді, пансионаттарды, демалыс үйлері мен базаларын қоса алғанда, орналасу объектілерінің, сондай-ақ санаторийлік-курорттық мекемелердің материалдық базасы жоғары дәрежеде моральдық және физикалық тозғандығымен сипатталады. Бүгінгі таңда туризм ауқымы, туристер үшін ұсынылатын тұратын жерлердің түрлері, сапасы халықаралық талаптарға сай емес.

Туризмді дамытуды басты жолға қоятын елдерде әдетте, туристік инфрақұрылымды, оның ішінде қонақүйлерді дамытуды ынталандыратын заңнамалық сипаттағы шаралар қабылданады. Бұл ретте, мемлекеттік органдар және қаржы мекемелері туризмге салынған инвестициялар жаңа жұмыс орындарын ашады, белгілі бір кіріс әкеледі дегенге сүйенеді. Сондықтан да көптеген елдерде шетелдік және ішкі инвестицияларды тартуға ықпал жасайтын, айталық оларға салық жеңілдіктерін белгілеу сияқты заңнамалық шешімдер қабылданады. Практика кезінде берілген тапсырма бойынша әр команда «Болашақ Зеренді- біздің көзімізбен» деген атпен жобаның макетін жасап қорғау керек болды. Ол жобаны жасау барысында тапсырма бойынша оған кететін қаржы мөлшері, қанша уақытта салынып бітеді, сонымен қатар 1 жылда ол қаншалықты табыс әкеле алады деген сияқты мөлшерлерді есептеуіміз керек болды.

Зеренді мекені табиғаты жасыл желекке оранған мекен болғандықтан біздің жобамызды «Сұңқар демалыс орталығы» деп атадық. Табиғаты , таза ауасы адамды өзіне баурап алады, сол себепті де біз жобамызды толығымен іске асырамыз деген ойдамыз. Егер қолдау көрсететін жандар табылса бұл жоба жарты жыл көлемінде іске қосылады.

Сурет-4. «Сұңқар демалыс орталығының» макеті.

Кесте-2. Жалпы жобаға жұмсалатын қаржы.

№

Нысандар

Саны, көлемі

Қаржы, тг

1

Жер

1 гектар

11 млн

2

Спорт алаңы

10(8 қанатты)

1,5 млн

3

Столдар, сөрелер

20

1 млн

4

Су бұрқасы

1

700 мың

5

Көрпешелер

80

400 мың

6

Көлік тұрағы

-

500 мың

7

Хауыз

1

1 млн

8

Күрке, демалу орындықтары

20

500 мың

9

Түнеу орталығы

1

5 млн

10

Айналаны әсемдеу

-

2 млн

11

Көпір

1

2 млн

12

Су жабдықтары ( қайықтар, құтқару дөңгелектері)

20

4 млн

13

Электр және желілер

6 айға

100 мың

14

Жарнама

(брашюра, баннер, жарнама агенттігіне)

800 мың

Жалпы

30 млн 500 мың

Келесі кестеде қызметкерлердің жалақысы (кесте-3)

Кесте-3. Еңбек ақы есебі (1 маусымдағы).

Қызметкерлер

Саны

соммасы

Соммасы

Әкімшілік

2

150 мың

300 мың

Күзетші

2

40 мың

80 мың

Қызмет көрсетуші

15

50 мың

750 мың

Тех.қызметкерлер

6

50 мың

300 мың

Бас аспазшы

1

80 мың

80 мың

Көмекші аспазшы

2

50 мың

100 мың

Есепші

1

65 мың

65 мың

Инструктор

4

35 мың

140 мың

Құтқарушы

3

35 мың

105 мың

Жалпы (1ай)

1,920 млн

Жалпы (6 ай)

11,520 млн

Кесте-4. Қызмет түрлері.

№

Қызмет түрлері

Құны, тг

Уақыты, көлемі

Орта есеппен алынған кірістің жалпы құны

1

Кіру

8 мың- ересектерге, 5 мың балаларға

1 тәулік

300 мың

2

Тағамдар (кешенді)

1000 тг

-

60 мың

3

Сусындар

150 тг

0,5 л

10 мың

4

Балмұздақ

80-400 тг

1 дана

14 мың

5

Жеңіл тағамдар

100-300

1 дана

12 мың

6

Қайықпен серуендеу

3000

30 мин

150 мың

Жалпы (1 тәулікке)

546 мың

Жалпы (6 айға)

98 млн 280 мың

Жалпы шығын 42 млн 20 мыңды құрайды.

Жалпы кіріс орта есеппен 98 млн 280 мыңды құрады.

Шамамен 1 маусымда түсетін табыс көлемі 56 млн 260 мың.

Қорытындылай келе, жеке тұлғалардың немесе мемлекеттің тарапынан қаражат бөлінетін болса, қолдау көрсетілсе, бұл жобаның болашағы зор және тиімді жоба. Бұл жобаның тиімділігі, туристерді зеренді аймағында орналасқан демалу орнымен қамтамасыз етуінде. Әрі жоба 6 айда шығындарын жауып, ақтай алады. Сонымен қатар, Қазақстанның туризмін дамытуға үлес қосатын жоба деген сенімдемін.