Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отчет о практике (Зеренда).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
591.93 Кб
Скачать

II. Тұмар оқу-сауықтыру орталығындағы күнтізбелік

26.06.2016 – бірінші күн:

Таңертең сағат 7:00-да, Ақмола облысында Зеренді ауылында орналасқан «Тұмар» оқу-сауықтыру орталығында тәжірибе өтетін ТУР-13, ТУР-15 (жартысы), ТУР-17 және ТУР-19 топтарының студенттері Еуразия Ұлттық университетінің бас корпусының жанында жиналдық. Бір сағат өткеннен кейін бізді Зерендіге алып баратын автобус келді. Барлығымыз жүктерімізді салып, автобустан орын алдық. Сағат 8:00-де жүре бастадық. Жолда қызықты ойындар ойнап, өлең айтып келе жаттық, кейбіреулері ұйықтап жатты. Жолда бірнеше аялдама жасадық.

Әңгіменің қызғаны соншалықты көзді ашып жұмғанша «Тұмар» пансионатына да жетіп қалдық. Тура түскі асқа келдік. Бізді алдыңғы аптада болған топтар қуана қарсы алып, көптеген қызықты оқиғалар күтіп тұрғанын айтты. Барлығымыз үш-төрт адамнан бөлініп, пансионатқа кіріп, бөлмелерді таңдап алдық. Біздің бөлме 3 адамға болатын. Бірақ бөлмеде 3 жігіт болып жаттық. Бөлмеміздегі 3 адам ол: Олжас, Мейіржан және мен (кейін барлығымыз да өз топтарымыздың капитандары болып шықтық). Бөлмеге орналасқаннан кейін, түскі асымызды жайғанша, балалармен есік алдындағы футбол алаңында 20 минуттай доп тептік.

16:00-де барлығымызды «Тұмар» пансионатының алаңына жинады. Бізді жеребе тастап, сандарды таңдатты, сөйтіп 8 топ шықты: «Number one», «Неудержимые», «Эверест», «Барыс», «Патимейкер», «Сұңкар», «Позитив», «Стрела». Мен «Сұңқар» тобының капитаны болдым. Біздің топ 11 студенттен тұрды. Олар: Акежан, Абай, Сабира, Арсия, Айгерім, Томирис, Толқын, Алфия, Айда, Айзада және мен. Бәріміз топқа бөлініп болғаннан кейін, бізді 7 күндік ережемен таныстырды: әр күнде топтың номері бойынша кезекшілікті атқару, таңертен тұрып, алаңда 8:00-ге дейін жиналу, орман ішімен 2 айналым жасау, сапқа тұрып жаттығулар орындау, кезекші топ асханаға барып таңғы асты даярлау, таңғы асқа шақыру, жоспар бойынша жүру, түскі ас, кешкі ас, анимациялық шоу және 23:00 ұйықтау. Әр күні 22:30-да команда капитандары жиналып өткен күнді қорытындылап, келесі күннің жоспарымен танысып, тапсырма алатын.

Сағат 17:00-де қайта жналдық. Енді барлығымыз бірге экскурсияға бардық, биік емес тауға көтерілдік. Тау шыңында фотосет болды. Сағат 19:00-ге (кешкі ас) қарай пансионатқа қайттық. Бірінші команда «Number one» кешкі ас дайындады. Сонымен сағат 22:30-да жиналып, ертеңгі күннің жоспарымен таныстық. Жиналысымызды аяқтап, 23:00-де ұйқыға жаттық.

27.06.2016 – екінші күн:

Таңертең тұрып сағат 8:00-де орталық алаңға жиналып, топтары толық келгендер орманды 2 айнала 2 км-ден жүгіре бастады. Жүгіріс аяқталған соң барлық топ бір-бірін күтіп, жаттығу жасауға сап түзей бастады. Жетекшіміз кешігіп келген адамдардын ішінен бір адамды ортаға шығарып жаттығуды барлығына көрсетуін сұрады. Жаттығу аяқталған соң бәрі бөлмеріне қайтты, ал кезекші «Неудержимые» тобы асханаға сағат 9:30-да барып аспаздарға дастархан дайындауға көмектесіп сағат 10:00-де бізді шақырды. Түскі асқа дейін бос уақыт болды. Біз балалармен жиналып футбол ойнадық. Тамақ ішіп алғаннан кейін 15:00-де алаңға жиналдық. Жоспар бойынша барлық топтар норматив тапсырды. Яғни ұлдар: турникте тартылу, 3000 метрге және 100 метрге жүгіру, ал қыздар: жерден көтерілу (отжимание), 1000 метрге және 100 метрге жүгіру. Барлығы норматив тапсырғаннан кейін демалдық.

Кезекші «Неудержимые» тобы кешкі ас даярлады.

Анимациялық кешті «Number one», «Неудержимые» топтары ұйымдастырды. Анимациялық шоу «День наоборот» деп аталды. Әр топ 1 ұл 1 қыз шығарып ұлды қыз, қызды ұл болып киіндірді. Біздің топтан мен де шықтым. Барлығына 15-20 минут берілді. Жұптар шыға бастаған бәрі таңғалып, күлкіден өлді. Кеш соңында үш жүлделі орын берілді.

22:30-да капитандар жиналып, өз командаластарына келесі күнгі жоспарды жеткізді. Барлығы 23:00-де ұйықтауға кетті.

28.06.2016 – үшінші күн:

Таңертең тұрып бәріміз сағат 08:00-де жиналдық. Ұлдар 2 айналым, қыздар 1 айналым жасап, барлығы қатарға тұрып, жетекшіміз көрсеткен жаттығуларды жасадық. Кейін бөлмемізге келіп, бөлмемізді жинастырып реттедік. Сағат 10:00-де таңғы асқа бардық, оны «Эверест» тобы даярлады.

Жоспар бойынша әр топ 4 адамнан 2 маршрут бойынша кедергілерден жүгіріп өтуі тиіс. Яғни бірінші маршрут: маятник, байлау, кедергіден жермен өрмелеп өту (паутина), бөренеден өту, азимут, алғашқы медициналық көмек (теория) және екінші маршрут: екі тал арасын канатпен өрмелеп өту, екі тал арасында ілініп тұрған жіп арқылы өту (перила), шәйнектегі суды қайнату.

Мен бірінші маршрут бойынша жүрдім. Оны өткен соң капитан ретінде екінші маршрут бойынша шәйнек кайнатуға барған командаластарымның артынан бардым. Су қайнаған соң Акежан екеуіміз қыздарды қолдарынан ұстап жүгіріп әкелдік.

Екі маршрут бойынша да үшінші орын алдық.

Кешкі тамақ жеп алған соң, 20:00-де анимациялық кеш басталды. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты анимациялық шоу іште өтті. Оны «Эверест» және «Барыс» топтары ұйымдастырды. Бұл анимациялық кеште біздің топ бірінші орын алды.

22:30-да капитандар жиналысы өтіп, 23:00-де ұйқыға кеттік.

29.06.2016 – төртінші күн:

Әдеттегідей таңертен 08:00-де алаңда жиналып, жаттығу жасадық. Сағат 10:00-де кезекші «Барыс» тобы таңғы ас дайындады. Түскі ас уақытына дейін ұлдар арасында футболдан жарыс болды. Біздің командамыз жеңіске жетті. Тамақ жеп алып, түстен кейін концертке бардық. Концерттен шығып кешкі асқа келдік. Одан кейін біз «Патимейкер» тобымен бірігіп анимациялық кеш ұйымдастырдық. Бұл анимациялық шоу «Мистер и Миссис Зеранда» деп аталды. Женіске біздің ТУР-19 тобымыздың Айым мен Ілияс ие болды.

22:30-да капитандар жиналысы өтіп, 23:00-де ұйықтауға кеттік.

30.06.2016 – бесінші күн:

Күн әдеттегідей жүгіру, жаттығудан басталды. Бүгінгі сайыс бағдарлама бойынша макет жасау болатын. Сағат 11:00-де «Сұңқар» тобы макетке кірісті. Түскі асты «Патимейкер» тобы дайындады. Тамақтан соң 19-бөлмеде макетімізді жалғастырдық. Оны таныстыруға топтан 3 адам шықтық. Бірақ, макет жасауда орынға ие болмадық. Кешкі астан кейін «Позитив» және «Стрела» топтары анимациялық кеш қйымдастырды. Бұл анимациялық шоу «Стреляй позитивом» деп аталды. Ойында жақсы жетістіктерге жеттік. Құлаққаппен өлең тыңдап, сөз түсінуге Томирис пен Сабира қатысса, алманы жеп тауысуға Акежан мен бірге қатысып, 1-орынға ие болдық. Аяқ ұстап, топен секіруге Аида, Томирис, Акежан және мен болып қатысып, 2-орынға ие болдық. Жалпы, бұл күннің қорытындысында біздің топ 1-орынға шықты. Сыйлыққа грамота мен рогалики берілді.

22:30-да капитандар жиналысы аяқталғаннан кейін, 23:00-де барлығы ұйқыға кетті.