Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отчет о практике (Зеренда).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
591.93 Кб
Скачать

I. Зеренді ауданы

Зеренді ауданы – Ақмола облысының солтүстігіндегі әкімшілік бөлініс. 1935 жылы құрылған. 1997 жылы Көкшетау ауданымен біріктірілді. Жер аумағы 8 мың км². Тұрғыны 42,3 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,5 адамнан келеді (2008). Аудандағы 81 елді мекен 24 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Аудан орталығы – Зеренді аулы.

Сурет-1. Зеренді ауданы.

Зеренді ауданы Көкшетау қыратының солтүстігін алып жатыр. Жер бедері аласа таулы, ұсақ шоқылы, ойлы-белесті жазық. Ірі таулары: Зеренді (587 м), Жыланды (609 м), Қараүңгір, Қаратау, Қошқарбай, Шымылдықты, Байөтер (551 м), Елікті (502 м), Нарөлген (489 м), т.б. Кен байлықтарынан алтын, қызғылт гранит, доломит, құрылысқа жарамды тас, құм, каолин, емдік саз, т.б. кездеседі. Климаты тым континенттік: қысы ұзақ (қар 140-160 күн жатады) суық, қары аз (20 см), жазы жылы әрі құрғақ. Ауаның орташа темпепатурасы қаңтарда –18°С, шілдеде 19°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 350-400 мм. Ауданның оңтүстікнен солтүстігіне қарай Шағалалы өзен мен оның оң саласы Қылшықты өзен ағып өтеді. Оңтүстігінен Есілдің оң салалары – Жабай, Аршалы, Қошқарбай бастау алады. Аудан аумағында көл көп. Ірілері: Зеренді, Қарағайлыкөл, Айдабол, Бірқыз, Шымылдықты, Құмдыкөл (тұщы), Қараңғыүңгір, Жамантұз, Жолдыбай, Ахметжансор. Аудан жерінде шіріндісі мол қара және күңгірт қоңыр топырақ кең тараған, сортаңдар да кездеседі. Тың игеру жылдары ауданның көп жері жыртылған. Ауданның солтүстік бөлігін қайың, терек шоқтары өскен ормандар алып жатыр. Қыраттың биік жерлері мен шоқыларда қарағай, Зеренді өңірінде қылқан жапырақты орман, Кіші Түкті өңірінде қайыңды, теректі ормандар өседі. Орманда қарақат, таңқурай, мойыл, итмұрын, бүлдірген бар. Ашық жерлерде қараған, тобылғы, т.б. бұталар, бітік шалғындық, астық тұқымдас түрлі шөптер, қызғылт селеу, сәбізшөп, бетеге, жусан, тастақты жерлерінде қына өседі. Ормандақасқыр, бұлан, елік, қоян, түлкі, қарсақ, суыр, тиін, даласында кемірушілер кездеседі. Дала, суқұстарының 200-ден аса түрі мекендейді. Ауданда Куйбышев, Самарбай, Зеренді, Кіші Түкті, т.б. орман шаруашылықтары мен олардың бөлімшелері орналасқан. Ірі елді мекендері: Айдабол, Алексеевка, Бірлестік кенттері, Зеренді, Шағалалы, Еленовка, Викторовка, Куропаткино, Симферопольское, Ақкөл ауылдары. Зеренді ауданы экономикасының басты салалары егін және мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылығын пайдаланылатын жері 642,4 мың га (2008), оның ішінде егістігі 233,7 мың га, тыңайған жері 112 мың га, шабындығы 3,1 мың га, жайылымы 278,2 мың га. Орман 85,9 мың га жерді қамтиды. Аудан жері арқылы Алматы–Петропавл, Қостанай–Барнауыл темір жол, Алматы–Петропавл, Атбасар–Көкшетау, Саумалкөл–Шортанды, т.б. автомобиль жолдары өтеді.

Зеренді демалыс аумағында «Қарағайлы», «Зерен Плюс», «Сұңқар», «Құлпынай мүйісі», Мәлік Ғабдуллин атындағы және Еуразия Ұлттық университетітінің спорттық сауықтыру лагерьлері, «Аққайың», «Жасыл мүйіс», «Ұшқын», «Шығыс», тағы басқа демалыс базалары шоғырланған. Демалушыларға «Керемет», «Нұр ауыл», тағы басқа кафелері, «Көмек» кемпингі, «Оазис» мотелі, «Қалқаман» қонақ үйі, тағы басқа қызмет көрсетеді. Уақытты толық әрі тиімді өткізу үшін демалушыларға шаңғы трассалары, стадион салынған. Сонымен қатар 11 экологиялық туристік маршрут ұйымдастырылған. Бұл маршруттар бойында Барлаутөбе, Шиелі, Беріктас, Жазықтөбе, Бөрік, Қалқантас, Ақшабұлт, Құс базары, Аюлы, Қоянды, Сұлутөбе, Әулиешың, Қойтас, Жекетау, Жайынауыз, тағы басқа шоқылар мен жартастар және балбалтастар кездеседі. Зеренді демалыс аймағында Зеренді табиғи зоологиялық қорықша аумағында орналасқан.

Көрнекті орындарының бірі – Мемлекеттік Ұлттық табиғи "Көкшетау" Саябағы:

«Көкшетау» ұлттық табиғи саябағы 1996 жылдын сәуірінде Қазақстан Республикасы ұкіметінің қаулысы бойынша құрылған болатын. Оның негізгі аумағы Көкшетау қаласының оңтүстік-батысына қарай 60 километр аралығындағы 182 000 гектардан аса алқапты алып жатыр. Саябақ жерінің құрамына Зеренді, Шалкар және Имантау және Айыртау табиғи аймақтарының таулы-орманды, өзен-көлді өлкелері енеді. Ұлтық саябақтың аумағында мемлекет қорғауына алынған 185 археологиялык, тарихи, сәулет және монументальды өнер ескерткіштері бар. Сырымбет ауылында, Сырымбет тауының баурайында 19 ғасырдағы ағаштан тұрғызылған сәулет өнерінің ескерткіші болып тыбылатын ұлы ғалым жерлесіміз Шоқан Уәлиханов отбасының қалпына келтірілген қонысы бар.

Зерендіге қалай жетуге болады?

Зеренді Қазақстанның солтүстігінде, Көкшетау қаласынан 45 км жерде орналасқан. Зерендіге жету үшін Астана қаласынан Көкшетауға бағыт алуға болады, ал Көкшетаудан Зерендіге дейін әр түрлі көлік түрлерін таңдай аласыз.

  1. Электр темір жол пойызы күн сайын үздіксіз жүреді. Бұл шамамен 40 мин уақытта жетесіз.

  2. Маршрутты такси алу үшін, оларды Көкшетау вокзалының алдындағы арнайы орыннан табасыз. Маршрутты таксилер шамамен 30 мин уақытта жеткізеді. Ал жеңіл автокөліктер (такси) 20-30 мин уақытта жетеді (жылдамдығына байланысты).

  3. Ұшақ арқылы: Алматыдан Көкшетауға Scat авиакомпаниясы аптасына үш рет тұрақты түрде ұшып тұрады. Әрі қарай жоғарыда көрсетілген жолдармен жетуге болады.

  4. Пойыз арқылы: Астана қаласынан, және басқа қалалардан Көкшетауға дейін көптеген пойыз маршруттары қызмет көрсетеді. Пойыз маршруттарын pcentre.kz сайтынан көре аласыз. Әрі қарай жоғарыда көрсетілген жолдармен жетуге болады.

  5. Автокөлік арқылы баратын болсаңыз, Ақмола облысының көлік жолдары картасы қажет болуы мүмкін. Өз көлігіңіз болмаса, арнайы агенттіктер арқылы көлікті жалға алуға болады.

Көріп тұрғанымыздай Зеренді аймағына жетудің небір түрі бар, бірақ, менінше ең тиімдісі көлік жалдау (такси), себебі сіз электр темір жол пойызына отырсаныз немесе пойызға отырсаныз, сіз станциядан аялдайсыз, егер көлік жалдайтын болсаңыз аудан орталығына немесе қонақ жайға дейін жеткізіп салады.