- •Металлургиялық кешеннің жалпы сипаттамасы және оның ұлттық экономикадағы орны
- •Дәріс жоспары
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •Кәсіпорынның экономикалық тиімділігі Экономикалық тиімділік негізі және критерийлері
- •Дәріс жоспары
- •Негізгі өндірістік қорлардың құрылымы мен құрамы.
- •Негізгі өндірістік қорларды бағалау тәсілдері. Негізгі өндірістік қорлардың тозуы. Негізгі қорларды қолданудың көрсеткіштері.
- •Айналмалы қорлардың құрамы мен құрылымы. Айналмалы құралдардың пайда болу көздері.
- •Айналмалы қорлардың шеңбер айналысы.
- •Айналмалы құралдарының қолдану көрсеткіштері.
- •Айналымдылықты жылдамдату жэне айналмалы құралдардың қолданылуын жақсарту жолдары.
- •1.2.1. Теміркенді өнеркәсіп
- •1.2.2. Марганецкенді өнеркәсіп
- •1.2.3. Хромкенді өнеркәсіп
- •1.2.4. Болат балқыту өндірісі
- •1.2.5. Ферроқорыту өндірісі
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер:
- •Еңбек ресурстарын қолдану мәселелері Кадрлар. Еңбек өнімділігі.
- •Дәріс жоспары
- •Еңбек ақысы.Жұмысшылар еңбегі төлемдерінің формаслары мен жүйелері.
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •Өнімнің өзіндік қүны көрсеткіштерінің экономикалық маңыздылығы және оның халық шаруашылығындағы қызметі.
- •Дәріс жоспары
- •Өзіндік құнды құрайтын шығындар классификациясы.
- •Калькуляциялау және оның түрлері.
- •Өнімнің өзіндік қүнының құрылымы.
- •Өзіндік құнды төмендету жолдары мен факторлары.
- •Қара металлургия өнімінің өзіндік қүнының деңгейі.
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер:
- •Бағаның құралу мәселелері.
- •Дәріс жоспары
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •Табыстар, пайда және кәсіпорынның рентабельділігі
- •Дәріс жоспары
- •Пайда түрлері
- •Табыс табудың негізгі көздері. Оны ұлғайту жолдары және факторлары.
- •Рентабельділік
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •Қоғамдық өндірістің тиімділігі
- •План лекции
- •Ғылыми-техникалық прогрестің
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •Өндірісті шоғырландыру
- •Өндірісті мамандандыру
- •3. Өндірісті кооперациялау
- •4. Өндірісті араластыру
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер:
- •Шаруашылықтың нарықтық әдістеріне көшу
- •1.Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын
- •2. Нарықтың әртүрлілігі және түсінігі
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттіліктері
- •4. Экономиканы мемлекеттік реттеу формалары мен әдістері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Глоссарий
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •Фирма ішіндегі жоспарлау
- •Дәріс жоспары
- •Кәсіпкерлік қызметті белгісіне қарай нысаны мен түріне классифакациялау
- •2.2 Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуінің ерекшеліктері
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •Кәсіпорынның қаржылық жоспары
- •Дәріс жоспары
- •Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
2.2 Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуінің ерекшеліктері
Нарықтық қатынастардың Қазақстан Республикасындағы қалыптасуының ерекшелігі көптеген факторлармен байланысты түсіндіріледі: ұлттық , әлеуметтік-демографиялық, ғылыми-техникалық
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
1.О.И.Волков, О.В.Девяткин «Экономика предприятия(фирмы)», М.,«Инфра-М», 2003г.-601 с.
2.Е.В.Гражданкина «Экономика малого предприятия», М., «РосБух», 2009г.-144 с.
3.О.И.Волков, В.К.Скляренко «Экономика предприятия», М., «Инфра-М», 2009г.-280 с.
4.В.К.Скляренко, В.М.Прудинков «Экономика предприятия(в схемах, таблицах, расчетах)», М., «Инфра-М», 2002г.-256 с.
5.С.В.Загородников «Шпаргалка по экономике предприятия», М., «Экзамен», 2007г.- 64 с.
Дәріс15
Кәсіпорынның қаржылық жоспары
Дәріс мақсаты: ферроқорытпа өндірісінің мысалы негізінде шығындардың қаржылық есебін қарастыру. Табыстар мен шығындар балансы. Қаржылық жоспардың рөлі мен маңызы.
Дәріс жоспары
Қаржылық жоспар. Оның мақсаттары мен функциялары.
Кәсіпорынның қаржылық жоспарын құрудың негізгі кезеңдері.
қаржылық жоспардың құрылымы.
Жүзеге асырудың көлемдерін болжау.
Өндірістік жоспар.
табыстар мен шығындардың жоспары.
Қаржылық түсімдер мен төлемдер балансы.
қаражаттарды пайдалану жоспары.
Кілт сөздер: жоспар, жоспарлау, қаржылар, шығындар, қаржылық есеп, кәсіпорын, реализация, өндіріс, баланс, қаражаттар, құрылым.
Кәсіпорын шығындары – өндіріске енгізетін факторларды алуға жұмсалатын шығындар; ресурс өнімдерін өндіруге және өткізуге қолданылатын ақшалай көрініс.
Айқын (бухгалтерлік) шығындар- кәсіпорынның қолданылатын ресурстарға төлемі (шикізат, материал, отын, энергия алуға, еңбекақы төлеуге, өтелімге жұмсалатын шығын, көлік, сақтандыру және басқа да кәсіпорын ақшалай формада төлейтін шығыстары); нарық бағасымен алынған өндіріс факторларының нақты шығындары.
Айқын емес шығындар- өндірісте кәсіпорын иесіне тиесілі ( жер, орын, жеке еңбегі және т.б.) ресурстарды пайдаланудағы көрсетілетін шығындар, кәсіпорын бұл шығындарды төлеу міндетін алады, бірақ анық ақшалай формада емес.
Экономикалық шығындар (бухгалтерлік және айқын емес шығындар жиынтығы) – ресурстарды пайдаланудың («жіберілген мүмкіндіктер шығыны») баламалы жолымен байланысты шығындар. Ол ресурстарды пайдаланудың баламалы нұсқаларының барлық ұтымдысын пайдаланған кезде пайда болатын құндылық болып табылады.
Өзгермелі шығындар – шығарылатын өнімнің көлемі тікелей үйлесімді өзгеретін және шығарылым құрылымына тәуелді болатын шығындар.
Тұрақты шығындар-қысқа мерзімді кезеңде өндіріс көлемінен және құрылымына тәуелсіз шығындар.
Тікелей шығындар – нақты бір өнім түрін өндірумен байланысты экономикалық біртекті шығыстар.
Жанама шығындар – өнімнің бірнеше түрін дайындаумен немесе оны өңдеудің түрлі кезеңдерімен байланысты болғандықтан жекелеген бұйымдарды тікелей тиісті белгісіне қарай есептеуге болмайтын шығыстар.
Негізгі шығындар- өнімді дайындаудың технологиялық процестерімен тікелей байланысты шығындар.
Жөнелтпе ( жүкқұжат) шығындары – өндірісті ұйымдатсыру, басқару және қызмет көрсету бойынша белгілі бір жұмыс жағдайларының әсерінен (пайда) болатын өнімді дайындаудың технологиялық процестерімен тікелей байланысты емес ( байланыссыз) шығыстар.
Смета – болжалды нәтижеге жету үшін қажетті жұмсайтын түрі мен орны бойынша шығындар мөлшерін анықтайтын ақша өлшеуішімен көрінетін жоспар.
Икемді смета – іскер белсенділіктің түрлі деңгейінде есептеумен дайындалған және өндірістік шығарылым деңгейіндегі өзгерістерге бейімделген болжалды шығын сметасы.
Калькуляциялау – шығын түрлерін тікелей сол шығын жеткізушілеріне жатқызу процесі, ал калькуляция – нақты бір өнім түрін өндіруге және өткізуге жұмсалатын шығындарды есептеу.
Калькуляциялық бірлік – калькуляциялау объектісінің өлшеуіші
Өндіруге және калькуляциялауға жұмсалатын шығындарды есептеу – бұл құжаттамаларды қабылдау және өндірістік шығындар көрінісінің жиынтығы. Оларды былай топтауға болады:
А) шығынды есептеу объектілері бойынша – процестік, бөлістік, тапсырыстық;
Б) шығынды есептеу толықтығы бойынша – толық өзіндік құнын калькуляциялау, толық емес өзіндік құнын калькуляциялау;
В) шығынды есептеу және бақылау жеделдігі бойынша – нақты және нормативті шығындар есебі.
Әдістемелік нұсқаулар
Өнім құрамына белгілі бір пайдалы заттардың болуына және еңбек калькуляциялық бірліктерге қайта есептеумен табиғи, шартты-табиғи және шартты бірліктер болады:
А) табиғи калькуляциялық бірліктер өнімнің бір түрін өндіруге жұмсалады және барлық шығындар бұйымға тікелей қатысты болады;
Б) шартты- табиғи калькуляциялық әдістер бір бұйымның әр түрін шығаратын өндірісте қолданылады, бұл өндірісте жұмсалатын шығындар бір-біріне белгілі бір арақатынаста тұрады, сонымен қатар бұйым түрлерінің өзіндік құн құрылымы бірдей болуы керек. Барлық топтан бір бұйым негізгі деп алынады : шығын оның бірлігіне қаьбылданады. Басқа бұйымдар өздеріне жұмсалатын шығындарға байланысты негізгі өнім шығынымен салыстырғанда оларға қанша шығын жұмсалатынын көрсететін меншік коэффициентін алады.
Шартты-табиғи калькуляциялық бірліктің өзіндік құны мына формуламен анықталады Снег:
Снег= Шжал/(1*Бнег+Б1*К1+К2*Б2+…+КіБі)
Мұнда Шжал - - барлық бұйым өндірісіне жұмсалатын жалпы шығындар ( өндірістік өзіндік құн);
Бнег- негізгі бұйымды шығару көлемі;
Кі- і-бұйымға жұмсалатын шығынның негізгі бұйым шығынынан айырмашылығын көрсететін коэффициент;
Бі- і-бұйымның шығарылу көлемі(мөлшері). І – бұйымның өзіндік құны Өі мұндай жағдайда мына формуламен есептеледі:
Өі = Өнег*Кі
Мына кәсіпорындарда калькуляцияның процестік әдісі қолданылады:
Біркелкі өнімдерді сериялы және жаппай шығаратын;
Үздіксіз өндіріс кезеңі бар;
Процесс деп аталатын өндірістік кезеңдегі жекелеген бөліктеріндегі әрбір өндіріс бөлімшелерінің орындауын қарайтын технологияны қолданаты;
Бүкіл өндіріс процесін тұрақты қайталанатын операцияға бөлуге мүмкін жағдайда әр түрлі бұйым шығаратын.
Процестік калькуляция сызбасы :
Ш жал Ш1 + Ш2 + ....+ Ші,
Мұнда Ш1, Ш2, Ші – 1,2 және і-ші процестердегі өндіріс шығыны.
Бұйым бірлігінің өзіндік құны (Өі) процестік әдісті қолданғанда мына формуламен есептеледі:
Өі Шжал/Бі.
Калькуляцияның бөлістік әдісі өнімнің әрқайсысы қайта жасалып, калькуляция объектісі болып табылатын технологиялық процестің жекелеген кезеңдерінде өнімді бастапқы шикізатты өңдеу жолымен алатын барлық кәсіпорында қолданылады. Сонымен қатар бөлістік деп өзіндік пайдалану бағыты бар аралық өнімнің шығарылуымен аяқталатын технологиялық процестің аяқталған бөлігі түсініледі.
Өнеркәсіпте бөлістік әдістің екі нұсқасы қолданылады:
Дүмбіл ( полуфабрикат) және дүмбілсіз ( бесполуфабрикат).
Дүмбіл түріндегі нұсқада өз өндірісіндегі дүмбіл өнімнің өзіндік құны оқшауланады. Әрбір бөлініс өнімнің өзіндік құны оларды өндіруге жұмсалған шығын және алдыңғы бөліністің жартылай фабрикатының өзіндік құнынан құралады, ал бастапқы шикізат құны тек бірінші бөлініс өнімнің өзіндік құнына қосылады.
Өндіріске жұмсалатын шығындар былай топталады:
А)өнімнің өзіндік құнынн есептеу және калькуляцияда көрсету шығындарының бабаы бойынша:
-шикізат және материал;
- қайтарымды қалдықтар ( шегеріледі),
-сатып алынатын бұйымдар ( жартылай өңделген өнім, көмекші материалдар );
-технологиялық мақсатта отын мен энергия;
- өндірістік жұмысшылардың негізгі және қосымша еңбекақысы;
-әлеуметтік сақтандыру аударымдары;
- өндіруге дайындауға және меңгеруге жұмсалатын шығындар ;
- жабдықтарды ұстап тұруға және пайдалануға жұмсалатын шығындар;
- жалпы өндірістік шығыстар;
-сапасыз өнім шығындары;
-өзге де өндірістік шығыстар;
-коммерциялық шығыстар;
Ә) экономикалық элементтер бойынша, бұл өндіріске ненің қандай көлемде жұмсалатынын көрсетеді. Өндіріске жұмсалатын шығындар экономикалық элементтер бойынша топтастырылады:
-материалдық шығындар;
-еңбекақыға жұмсалатын шығындар;
-әлеуметтік сақтандыру аударымдары;
-құрал-жабдықтардың тозуы(амортизация);
-өзге де шығындар.
5. Қазақстан Республикасында өнім өндіруге және өткізуге жұмсалатын барлық шығындар екі топқа бөлінеді:
өнімнің өзіндік құнына жатқызылатын шығындар, яғни өнімді өндірумен байланысты шығындар (материалдық шығындар, негізгі өндірістік қызметкерлердің еңбекақысы, сақтандыру аударымдары, жүкқұжат шығындары);
нақты бір өнім түріне байланыссыз, тұрақты деп белгіленген кезең шығыстары (жалпы және басқару шығындары, өткізу шығындары, пайыздық өсім төлеу шығыстары). Олар тауарлы-материалдық қорлардың қалдығына жатпайды және жұмсалған кезеңде есептен шығарылады.
