Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИННОВАЦИОННЫЙ ЕВРАЗИЙСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
27.08.2019
Размер:
393.73 Кб
Скачать

Академик Ш. Шөкиннің 100 жылдығына арналған

«XXI ғасырдағы ғылым және білім:

Еуразия кеңістігінде даму динамикасы» атты

III Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Қ азақстан Республикасы, Павлодар қ.

2012 жылғы 15-16 қараша

Конференцияны ұйымдастырушы: инновациялық еуразия университеті конференция жұмысының бағыттары:

  • Секция № 1 «Қоғамның қазіргі кезеңдегі дамуының жаратылыстану ғылымдары» (математика; физика; биология; география; химия);

  • Секция № 2 «Адам және қоршаған орта» (экология және қоршаған ортаға антропогендік әсер ету; геохимиялық экология; қалдықтарды залалсыздандыру және жоюдың заманауи әдістері; қалдықтарды зиянсыз етудің және қайта өндеудің қазіргі биотехнология; биотехнология; ветеринарлық санитария; мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы);

  • Секция № 3 «Индустрия және заманауи технологиялар» (металлургия және жылу энергетикасы; электр энергетикасы; машина жасау; көлік және көліктік логистика; құрылыс; химиялық технологиялар, инженерлік- техникалық жаңалықтар);

  • Секция № 4 «Педагогика және психология» (педагогика және психология; мектепке дейінгі, бастауыш білім және денешынықтыруды; кәсіптік оқыту және дизайн; физика- математикалық білім беру және информатика, тарих);.

  • Секция № 5 «Тіл білімі» (казақ филологиясы, орыс филологиясы, шетел тілдері және аударма; журналистика)»;

  • Секция № 6 «Қазақстанның ұлттық шаруашылығы: дамуының әлеуметтік-экономикалық және құқықтық аспектілері» (экономика және менеджмент; қазіргі кезеңдегі құқықтың өзекті мәселелері; есеп және қаржы).

Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын және неміс.

Конференцияның өткізілу орны: Павлодар қ. Ломов к-сі, 45

(Инновациялық Еуразия университетінің бас ғимараты).

Конференция жұмысына қатысуға жоғары оқу орындарының оқытушылары, аспиранттар, магистранттар, ғылыми қызметкерлер және мемлекеттік құрылымдар, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері шақырылады.

КонференциЯ жұмысының түрлері

Пленарлық және секциялық мәжілістер, шеберлік сыныптар, стендтік баяндамалар және көрсету материалдары.

Конференция жұмысына қатысу өтінімдері

2012 жылғы 30 маусымға дейін қабылданады

Қатысу шарттары

2012 жылғы 30 маусымға дейін конференцияға қатысу ӨТІНІМІ толтырылған тіркеу нысаны түрінде, оған қоса баяндама мен ұйымдастыру жарнасы төлемін растайтын құжат Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Ломов к-сі, 45, Инновациялық Еуразия университеті (ИнЕУ) мекенжайы бойынша ғылыми-ұйымдастыру жұмысы бөліміне (109-кабинет) ұсынылады. Қосымша баяндамашылар (қосымша авторлар) болған жағдайда тіркеу нысаны конференция жұмысына қатысатын адамның атына толтырылады. Қосымша баяндамашылар тіркеу нысанының екінші бөлімінде көрсетіледі. Қосымша авторлардың саны шектеусіз.

Ұйымдастыру жарнасы төлемі туралы құжат электронды пошта арқылы JPEG (jpg) немесе pdf форматында құжаттың сканерден өткізілген бейнесі түрінде ұсынылады.

Бір автордан (қосымша баяндамашыларды қоса) екіден артық баяндама қабылданбайды.

Баяндама және тіркеу нысаны СD-ROM дискінде және қағазға басылған түрде (дискеталар қабылданбайды) немесе E-mail: iso@ineu.edu.kz электронды пошта арқылы ұсынылады. Электронды хаттың «Тақырып» бөлімінде «Заявка на конференцию «Наука и образование в XXI веке» _____________ (фамилия докладчика)» деп белгіленсін («Тақырыпты» орыс тілінде жазу керек, себебі пошталық бағдарлама қазақ шрифтін қабылдамайды).