Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.лекции с планом.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
392.43 Кб
Скачать

4. Экономиканы мемлекеттік реттеу формалары мен әдістері

Мемлекеттік реттеудің бірнеше формалары бөлінеді.

Директивті жоспарлау - КСРО мен басқа да социолистік елдерде ұзақ уақыт қолданылған мемлекеттік реттеу формасының бір түрі.Директивті жоспарлау кезінде елдің экономикалық және әлеуметтік елді дамыту жоспары заң күшіне ие және халық шаруашылығының барлық бөлімдерінде – өнеркәсіп, сала, регионға міндетті болып саналады. Мемлекет функциясы бұл жағдайда басты түрде материалды пропорциялар мен ағымдарға, материалды ресурстарды орналастыруға, тұтыну мен өндірісті әкімшілік басқаруға алып келді.

Ұсынылған жоспарлау нарықтық қатынастағы нарықты мемлекетті реттеудің формасы болып табылады. Директивті жоспарлауға қарағанда индикативті мінезге ие.

Стратегиялық жоспарлау мемлекеттік реттеу формасы ретінде Франция және басқа да елдерде қолданылады.Стратегиялық жоспарлау арқылы қоғамның жүруі керек жолдар таңдалынып, қай нарықта әрекет ету керектігі,қандай технологияны игеру қажеттігі, ең алдымен елдің әлеуметтік бірігуін қалай қамтамасыз ету және бұл жағдайда экономикалық қандай секторлары мен қоғамның құрылымдарын негізделу қажеттілігі анықталынады.

Бағдарламалау әлеуметтік –экономикалық даму бағдарламасын жасау болып табылады. Яғни әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсаттық бағдарлары және жоспарланған мемлекеттік тиімді жолдар мен көрсетілген бағдарларды орындау қаражаттарының кешенді бағдарламасын жасау.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың бекітілген бағдарламасын жариялауға болады.

Болжау - ел дамудың маңызды мәселелері мен бағыттарын анықтауға негізделген. Болжау есептерінің нәтижелерін мемлекеттік органдар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты мен бағдарламаларын жасау және негіздеу үшін қолданады.Болжау мемлекеттің реттеу формасы сияқты басты деңгейде қызмет етеді, негізгі бағыттарды, жоспарларды, бағдарларды, әлеуметтік – экономикалық даму стратегиясының жасап шығарылуын алдын ала айтады. Мемлекет экономикаға тура және жанама әсер ету әдістерін қолданады.

Тура әсер ету әдістері ереже бойынша, мемлекет меншігі мен ресурстарын пайдалануды қамтиды.Тура әсер ету әдісіне жатады: мемлекеттік өнеркәсіптің қаржы операцияларын бақылау, олардың құрылымы мен шаруашылық маңыздылығын бақылау, өндірістік ғимараттардың бағалары мен тарифін анықтау. Әкімшілік әдістер де тура әсер ету әдістеріне жатады. Олар мемлекеттік биліктің күшіне, «тиым» салу күшіне, мәжбүр ету күшіне негізделген.

Жанама әсер ету әдістері шаруашылық субъектілерге салық жүйесі, кредит, кедендік жинаулар және т.б арқылы әсер етеді.Жанама әдістер экономикалық қаражаттармен іске асырылады.

Түрлі салалар мен сфераларда әкімшілік және экономикалық әдістерді қолдану әр түрлі жинақталады, бірақ басшылық экономикалық әдістерге беріледі.

Бақылау сұрақтары:

1. Кең және қысқа мағынада нарық дегеніміз не? Нарықтың қандай түрлерін білесіз?

2. Нарық қандай функцияларды атқарады? Нарықтың артықшылығы мен кемшілігі сізге белгілі ме? Нарықтың инфрақұрылымды кестесін келтіріңіз.

3. Өндіріс кәсіпорынының шаруашылық нарығындағы механизм сұлбасын келтіріңіз.

4. Нарықтық механизнің негізгі құрамын атаныз? Нарық функциясының кестесін келтіріңіз.

5. Нарықтық модельдің экономикасын кім басқарады?

6. Шаруашылықтың нарықтық әдісіне көшу үшін қандай нұсқалар бар?

7. Шаруашылықтың нарықтық әдісінде кіші және орта бизнесті дамыту мен қолдау үшін қандай шаралар қолданған жөн?