Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.лекции с планом.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
392.43 Кб
Скачать

2. Нарықтың әртүрлілігі және түсінігі

Нарық – кәсіпорын экономикасының базалық түсінігі.Нарық ретінде өзіндік басқару, айырбас бойынша сатушы мен сатып алушының арасындағы арақатынас, сұраныс және ұсыныс кезінде қамтамасыз етілетін тауарларды сату – сатып алу (қызмет) түсіндіріледі.

Нарықтың түрлі типтері бар.

Географиялық белгілері бойынша ішкі (жергілікті, аймақты және ұлттық) және сыртқы (дүние жүзілік, шекаралық және т.б) нарық.

Сату мінездемесі бойынша көтерме және жеке нарық ажыратылады.

Салалық белгілері бойынша бөлінеді: азық – түлік нарығы, машина жасау нарығы, шикізат нарығы, көлік, құрылыс, коммунальді шаруашылық, байланыс және т.б.

Тауар ауыстыру объектісінің мінездемесі бойынша нарық тауарын және қызметін, қаржы нарығын, ойдың нарығын және еңбек нарығын ажыратады.

Нарықтық қатынастың субъектіге қатынасын сатушы нарығы, сатып алушы нарығы және делдалдық операция нарығы ажыратады.

Тәжірбиеде нарықтарды бәсекелестігі бойынша бөлу кең қолданыс алды.Соған сәйкес нарықтарды келесі түрлерге бөледі:

Таза бәсекестік нарығы. Бұл нарықта көптеген сатушылар мен сатып алушылар және ұксас тауар өнімі болады. Бұл жағдайда бір де бір сатушы немесе бір де бір сатып алушы нарықтағы тауар бағасына әсер етпейді, яғни сатушы нарықтағы бағадан жоғары сұрауы мүмкін емес, себебі сатып алушылар берілген нарықтық бағамен кез келген тауар санын еркін алуы мүмкін. Сатушылар нарықтан төмен бағаны қоймайды, өйткені барлық тауарды қазіргі бағамен сатуы әбден мүмкін.Қазіргі нарықта маркетиндік зерттеулердің, маркетиндік қызметтердің, жарнамалардың, өткізуге жағдай жасаудың және т.б рөлі төмен.

Монополиялық бәсекелестік нарығы. Бұл нарық бір нарықтық баға бойынша емес, бағалардың кең диапазонында келісім жасайтын көптеген сатушылар мен сатып алушылардан құралады. Бағалардың кең диапазоны сатушылардың сатып алушыларға әртүрлі тауар түрін ұсыну қабілеттілігімен түсіндіріледі.Бұйымдар бір-бірінен сапасы, қасиеті, сырт көрнекілігі және т.б бойынша ерекшеленеді.Сонымен қатар айырмашылық тауар қызметтерінің ілесуінен тұруы мүмкін.Маркетинг бәсекелестерінің саны көп болуына байланысты, олар олигополистік нарық жағдайынан қарағанда, әр жеке фирмаға айтарлықтай төмен әсер етеді.

Олипологиялық бәсекелестік салығы. Сатушылар саны аз, бірақ баға жасаудың саясатына және бір-бірінің маркетингтік зерттеуіне өте сезімтал болып табылады. Бұл сатушылардың тауарлары бір-біріне ұқсас немесе мүлде ұқсамауы мүмкін.Сатушылар санының аз болуы жаңа өнімнің қазіргі нарыққа еніп кетуі өте қиын болуымен түсіндіріледі.Әрбір сатушы стратегияға және өзінің бәсекелесінің іс – әрекетіне өте сезімтал әсер етеді.Кәсіпорын – олигополист ешқашан өзінің баға түсіру жағынан қадай да бір ұзақ уақытты нәтижеге қол жеткізетініне сенімділікті сезбейді, яғни қандай да бір сатушы бағаны 10%-ға түсірсе, сатып алушылар тез арада оларға ауысады.Басқа жағынан, егер олигополист бағаны көтерсе, онда бәсекелестер оның артынан еретініне сенімділік жоқ және оған бұрынғы бағаға қайта оралуға немесе бәсекелес үлесіне орай клиенттерді жоғалтуға тура келеді.

Таза монополия нарығы. Бұл жағдайда тек бір сатушы. Ол мемлекеттік ұйым, жеке реттелетін монополия немесе жеке реттелмейтін монополия болуы мүмкін.Әр үш жағдайдың әр қайсысында баға әр түрлі жасалынады.Мемлекеттік монополия бағалар саясатының көмегімен көптеген әртүрлі нәтижелерге қол жеткізуі үшін ынталануы мүмкін.