Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.лекции с планом.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
392.43 Кб
Скачать

Негізгі және қосымша әдебиеттер:

  1. Экономика предприятия. (Учебное пособие) Под ред. Ильина А.И., Волкова В.П. (Москва 2003, 677с.) [стр. 427-452]

  2. Экономика предприятия. (Учебник) Под ред. Горфинкеля В.Я., Швандара В.А. (Москва 2007, 4-е изд., 670с.) [стр. 237-256]

  3. Экономика черной металлургии CCCР. Н. П. Банный. (Москва 1978) [стр. 266-291]

  4. http://buyactions.ru/economika_predpriyatiya/186-sushhnost-i-formy-koncentracii-i.html

Дәріс №11

Шаруашылықтың нарықтық әдістеріне көшу

Дәріс мақсаты: Нарыққа өту жағдайында экономиканы басқарудың қиыншылықтарын зерттеу. Стратегиялық және индикативтік жобалау негіздерін, әртүрлі жеке меншік түріндегі кәсіпорынның үйлесімділігін қарастыру. Орташа және кіші кәсіпорындардың перспективаларын зерттеу,себебі ол жұмыссыздық жағдайын шешудің негізгі формасы.

Дәріс жоспары:

1. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын

2. Нарық түсінігі және көптүрлілігі

3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі

4. Экономиканы мемлекеттік басқарудың тәсілдері мен формалары

Кілт сөздер: Нарық, экономика, басқару, стратегия, кәсіпорын, жеке меншік, перспективалар, қарым - қатынастар.

1.Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын

Жоспарлы экономика шартында кәсіпорынның негізгі мақсаты жылдық жоспардан шыққан белгілі номенклатуралы және ассортиментті өнімді шығарумен қорытындыланады.Яғни ол жоспар өз кезегінде 5 жылдық жоспардан пайда болған.белгілі номенклатуралы және ассортиментті шығару болып табылады. Сол жоспарға сай кәсіпорынға қажетті ресурстар және нақты жеткізушілер, сонымен қатар өнімді тұтынушылар көрсетілген, яғни кәсіпорын жылына қандай ресурстарды алатынын және қандай кәсіпорыннан алу керектігін алдын – ала біліп отырады.Сонымен қатар өнімін қайда және қандай бағамен жіберілетінін біліп отырады.

Ресейлік кәсіпорындардың нарықтық қатынасқа ауысуына орай жағдай түбегейлі өзгерді.Кәсіпорындар тіпті басқа сұлба бойынша жұмыс жасауға мәжбүр болды.Бұл сұлбада басты болып сатып алушының сұранысы есептелінді, яғни өз өнімін сату мүмкіндігі. Ол үшін нарықтың шамасын, сатып алушының сұранысын, нарықтың сыйымдылығын, әлеуетті бәсекелестің өнімінің сапасын және де нарықтық қатынасқа байланысты басқа да сұрақтарды игеру қажет.

Нарықтық экономиканың көбіне маңызды мінездемесі болып табылады: өндіріс құралдарына және ресурстарға жеке меншік, жеке шешеім қабылдау еркіндігі, бәсекелестік, пайда табу көздемесі, сонымен қатар нарықтық ұсыныстар мен нарықтық сұраныстардың шарттарымен анықталатын бағалар.

Нарықтық экономиканың жұмыс жасау механизмін келесі жағдаймен сипаттауға болады.

Қоғамның басты экономикалық бірлігі (жеке тұлғалар, фирмалар, мемлекеттік мекемелер) экономикалық ресурстардың жеке меншігі сияқты әсер етеді. Ресурстар нарығы арқылы олар фирмаларға өндіріс құралдарын жеткізеді.Ресурстар нарығында өндірушілер сұраныс жағында орналасады және олар өндіріс ресурстарын иеленушілерге төлеу қажет. Ол төлеулер өндіруші – фирмалар үшін шығын болып қарастырылады, ал ресурстар жеткізушілерге пайда болып келеді және шағым, еңбек ақысы, дивиденттер, т.б формада қабылданады. Яғни, өндіруші фирмалардың еңбек жемісі – өндірушілер ұсыныс жағынан әсер ететін өнім нарығында тұтынушылармен ұсынылады, ал тұтынушылар – сұраныс жағынан әсер етеді.Тұтынушылар ресурстарды жеткізу кезінде алынған кірістерді қолданады, олар сатып алынған тауарлар мен қызметтер түрінде болады.Ол төлеулер тұтынушыларға шығын ретінде қарастырылса, ал өндірушілер үшін түсім болып келеді.Яғни, нарықтық жүйенің мінездемесі ретінде тұтынушылар мен өндірушілердің сату – сатып алу бойынша шешім қабылдау еркіндігі, өз еркімен нарықта таңдалған бизнес жүргізуін айтуға болады, ал мұнда принцип жеке экономикалық қызығушылықты көтеру болып келеді, оның нәтижесінде бәрінен бірінші жалпы қоғамның қызығушылығы қанағаттандырылады.

Көптеген отандық кәсіпорындар түрлі себептерге байланысты бұл сұлбамен жұмыс жасауға дайын болмады ( СССР-ң құлауы өндірістік және бірлесу байланыстарының бұзылуына; басқа да көптеген отандық кәсіпорын өнімдерінің бәсекелессіздік қабілетіне әкеледі ).

Дегенмен Ресейдегі өтпелі кезең тек қана жағымсыз зардаптармен сипатталған жоқ, оның кей оң жағдайлары да болды:

1) Көптеген кәсіпорындар нарыққа икемделіп, расында да сатып алушыларды қанағаттандыратын өнімді шығаруды бастады;

2) Көптеген кәсіпорындар өндіріс шығынының төмендеуі және өнімнің қалыптасуы, оның сапасының инфляция құлдырау шартында жақсаруы – қаржылай сәттілікті қамтамасыз етудің бірден бір дұрыс шешімі екенін түсінді.

3) Нарық жағдайындағы кәсіпорынмен тиімді басқаруға қабілетті, әртүрлі бағыттағы мамандардың санын көбейту және т.б

Ресейде нақты нарықтық экономикаға көшу үшін белгілі жағдайлар қалыптасқан.