Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.лекции с планом.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
392.43 Кб
Скачать
  1. Өндірісті мамандандыру

Өндірісте еңбек жеке және бірлік болып бөлінеді. Еңбекті бөлу негізінде дара салалар топтпстырылады. Мысалы, қара металлургия, көмір өнеркәсібі, машина жасау және т.б. жеке бөлу негізінде, сонымен қатар, өнеркәсіптер мен комбинаттар құралады.

Еңбекті бөлу оның жеке түрлерінің дифференциалдандыруға, ал экономикалық тиімді мөлшер негізінде шоғырландыру операциялар мен прогресстердің массалық қайталануын, яғни массалы немесе мамандандырылған өндірісті өамтамасыз етеді. Осылайша, мамандандыру бұл бір жағынан еңбектің жалпы бөлінуінің нәтижесі, екінші жағынан біртекті өндірістің шоғырлануының нәтижесі болып табылады. Сәйкесінше, мамандандыру екі қарама-қарсы процесс дифференциалдау мен шоғырландырудың диалектикалық бірігуі болып табылады.

Өнеркәсіптік жағдайда өндірісті мамандандыру үш бағытта жүргізіледі: заттық, бұйымдық және технологиялық.

Заттық мамандандыру - ақырғы тұтыну өнімнің жеке түрлерінің өндірісін шоғырландыру.

Бұйымдық – бұл белгілі бұйымдар мен агрегаттарды, дайындамалар мен жартылай фабрикаттарды шоғырландыру, сонымен қатар, жеке технологиялық процестерді орындау.

Қосымша өндіріс пен сала аралық өндіріс мамандандырылуын бөлген жөн. Қосымша өндірісті мамандандыруға мысал: жөндеу закыттары (фирмалар), ал салааралық өндіріске – жалпы машина жасауға арналған өндіріс жатады.

3. Өндірісті кооперациялау

Кооперация дегеніміз өнеркәсіптің соңғы өнімді бірлесіп өндіруге арналған өнеркісіптік байланыстар.

Кооперация процесстері бұл – кешендеуші жартылай фабрикаттарды жеткізу және белгілі өндірістің қажеттілігіне арналған жұмыстарды орындау, берілген өнім түрінің тұтынушылары мен жеткізушінің байланысы.

Салалық қағида бойынша кооперациялау сала ішіндегі, ал территория бойынша – аудан ішінде және аудан аралық болып бөлінеді.

Кооперациялау машина жасауда, тамақ, жеңіл, ағаш өңдеу неркәсібінде кеңінен қолданылады.

Мамандандыру мен кооперациялаудың экономикалық тиімділігі – ұйымдастыру жоспарлық шаралармен өндірістік техникалық дәрежесін өсіру нәтижесі.

Мамандандыру мен кооперациялаудың экономикалық тиімділігі факторлар қатарымен анықталынады:

  • мамандандыру үзіліссіз өндірістік үрдіске жағдай жасайды. Өнімнің барлық өндірісі кіші операцияларға бөлінеді.

  • мамандандыру бар жабдықты толық пайдалануға мүмкіндік береді.

  • мамандандыру мен кооперациялау негізінде жеткізуші мен тұтынушы арасында берік байланыстар туындайды.

4. Өндірісті араластыру

Араластыру – өндірісті қоғамдандырудың бір түрі, бір өнеркәсіп комбинат шегінде әр түрлі бір өндіріс немесе бірнеше сала өнеркәсібінің өзара байланысқан технологиялық үйлесімділікке негізделген.

Араластыру белгілері: әртекті өнеркәсіпті біріктіру, олардың арасындағы пропорциялық, осы өндірістер арасындағы техникалық-экономикалық бірлік, өндірістік бірлік.

Араластыру дамуының алғышарты болып: өндірісті шоғырландыру және мамандандыру, ғылым мен техниканың дамуының жоғарғы деңгейі саналады.

Өндіріс мінездемесіне, технологиясы мен біріктірілуіне тәуелді шикізат пен материалды өңдеудің жеке сатыларының өндірістік процесінде араластыру үш негізгі формада жүргізіледі:

  • шикізатты дайын өнім алғанша сатылы өңдеу;

  • басқа өнім түрлерін алу үшін өндіріс қалдықтарын пайдалану;

  • Шикізатты кешенді өңдеу.

Сонымен қатар тік, көлденең және аралас араластыру түрлері бар.

Кәсіпорын саласындағы араластыру дәрежесі өнімнің меншікті салмағымен, шығарылған өнімнің жалпы көлемімен, аралас өндірістегі жұмысшылар санымен, негізгі қорлар құнымен, аралас өндірісте өңделетін шикізат саны және құнымен тағы сол сияқты факторлармен анықталынады.

Араластырудың дамуы тірі еңбекті тиімді пайдалануға, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде өнімнің өзіндік құнын төмендетеді.

Глоссарий:

Араластыру – бір кәсіпорын ішінде әртекті бір өндірістің немесе бірнеше өнеркәсіп салаларын технологиялық үйлестіру.

Кәсіпорындарды ірілендіру – өндірісті ірі өнеркәсіпте шоғырландыру еңбек жабдығының ғылыми-техникалық прогресімен (машина, агрегат, аппараттардың бірлік қуатының өсуімен, басқару техникасын жетілдірумен және т.б.) шығарылатын өнім клемінің өсірілуімен анықталынады.

Мамандандыру – өз кезегінде массалы және ірі сериялы болып табылатын біртекті өндірісті шоғырландыру.

Кооперациялау – белгілі өнімді бірге өндіруге қатысатын өнеркәсіптер арасындағы тікелей байланыстар.

Заттық мамандандыру - ақырғы тұтыну өнімнің жеке түрлерінің өндірісін шоғырландыру.

Бұйымдық мамандандыру – бұл белгілі бұйымдар мен агрегаттарды, дайындамалар мен жартылай фабрикаттарды шоғырландыру, сонымен қатар, жеке технологиялық процестерді орындау.

Кооперация процесстері бұл – кешендеуші жартылай фабрикаттарды жеткізу және белгілі өндірістің қажеттілігіне арналған жұмыстарды орындау, берілген өнім түрінің тұтынушылары мен жеткізушінің байланысы.

Мамандандыру мен кооперациялаудың экономикалық тиімділігі – ұйымдастыру жоспарлық шаралармен өндірістік техникалық дәрежесін өсіру нәтижесі.