Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.лекции с планом.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
392.43 Кб
Скачать

Ғылыми-техникалық прогрестің

ТИІМДІЛІГІ

Ғылыми-техникалық прогрестің тиімділігі дегеніміз, ғылыми-техникалық іс-әрекеттің нәтижесі. Ол - салыстырмалы өлшем бірлік үлестерімен немесе пайыз бойынша белгіленеді және шығындардың нәтижелілігін көрсетеді. Тиімділік теориясында ғылыми-техникалық прогрестің әсерін таза өнімнің көлемімен салыстыруға болады.

Салалар мен кәсіпорындар деңгейінде әсер ретінде таза өнім немесе таза өнімнің бір бөлігі - пайда алынады. Сонымен бірге әсерге - нақты еңбек шығындарын азайту, материал ресурстары мен күрделі қаржылардың шығындарын азайту жатады.

Ғылыми-техникалық прогрестің шыгындарына - ресурстардың әсеріне жету үшін жұмсалған шығындардың барлық жиынтығы кіреді. Ұлттық экономика масштабында шыгындарга - күрделі қаржылардың жиынтығы, айналым қорлары және нақты еңбек (еңбекақы) жатады. Салалар, кәсіпорындар үшін шығындар өзіндік кұн немесе өндірістік қорлар қолданылады.

Тиімділіктің бірнеше түрлері бар:

Ғылыми-техникалық прогрестің халық шаруашылығындағы тиімділігі – халық шаруашылығындағы әсердің шығындарға қатанасын сипаттайды және оның атқарымдық қызметін көрсететін көрсеткіштер арқылы өлшенеді.

Ғылыми-техникалық прогрестің шаруашылық есеп тиімділігі - шығындарды салалар, кәспорындар бойынша сипаттайды, халық шаруашылық жүйесінің барлык звеноларының іс-әрекетін бағалайтын көрсеткіштер аркылы есептеледі, әсер дегеніміз таза өнім немесе пайда, ал шығын дегеніміз өндірістік қорлардың құны немесе өзіндік құн. Шаруашылық есеп тиімділігінің кең тараған түрі өндіріс рентабельділігі.

«Ғылыми-техникалық прогрестің толық тиімділігі -шаруашылық және әлеуметгік іс-әрекеттің толық әсерін көрсетеді, мысалы: ұлттық табыстың немесе пайданың толык көлемінің, осы әсерді шығаруға кеткен шығындардың жалпы санына қатынасы.

Ғылыми-техникалық прогрестің өсімділік тиімділігі -әсердің өсімін шығындардың өсіміне бөлу арқылы анықталады,

Ғылыми-техникалык прогрестің салыстырмалы тиімділігі бойынша әсер мен шығындарды есептеу үшін салыстырмалы варианттардың көрсеткіштері алынады. Әсер ретінде бұл жерде көбінесе, бір вариантгы келесі бір вариантпен салыстырғандағы өзіндік кұннын төмендеуі нәтижесінде болған пайда алынады; ал, шығын ретінде - таңдап алынған ең жақсы вариант бойынша өзіндік құнды төмендетуге жұмсалған қосымша күрделі қаржылар алынады.

Ғылыми-техникалық прогрестің абсолюттік тиімділігі - халық шаруашылық немесе шаруашылық - есептің ең соңғы әсерінің салыстырмалы тиімділік бойынша таңдап алынған вариантты іске асыруға кеткен шығындарға қатынасын көрсетеді.

Тиімділікті есептеудің реті:

• әрбір вариант бойынша есептеуге қажетті көрсеткіштерді анықтау;

• варианттарды салыстырмалы түрге келтіру;

• келтірілген шығындардың ең аз мөлшері бойынша немесе салыстырмалы тиімділіктің ең көп мөлшері бойынша анықталған, ең тиімдірек вариантты анықтау;

• таңдап алыңған вариантты көрсеткіштері бойынша бағалау.

Ғылыми-техникалық прогрестің жалпы шараларына -енбек құралдарымен (машиналар мен жабдықтар, ғимараттар, құралдар т.б.), еңбек заттарының (шикізат, материал, отын, энергия) жаңа түрлерін шығарып қолдану, қайта құру және жаңғырту, сонымен бірге өндірісті, енбекті басқаруды ұйымдастырудың әдістерін жетілдіру жатады.

Ғылыми-техникалық прогрестің шараларының экономикалық әсері төмендегі формула бойынша анықталады:

(11.1)

мұндағы: Эт - ессптеу кезеңіндегі ғылыми-техникалық прогресс шараларының экономикалық әсері;

Рт - есептеу кезеніндегі ғылыми-техникалық прогресс шаралары нәтижелерінің құңдық бағасы; Шт - есептеу кезеңіндегі ғылыми-техникалық прогресс шараларына кеткен шығындардың құндық бағасы;

Есептеу кезеңіндегі нәтижелердің құндык бағасы мына формула бойынша анықталады:

(11.2)

мұндағы: Рт- есептеу кезеңінің;

і - жылындағы нәтижелердің құндық бағасы;

аі- келтірілген шығындардың коэффициенті. Ғылыми-техникалық прогресс шараларын іске асырудың шығындары мына формула бойынша анықталады:

мұндағы: - есептеу кезеңіндегі өнімді шығаруға кеткен шығындар; - есептеу кезеңіндегі өнімді қолдануға кеткен шығындар.