Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.лекции с планом.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
392.43 Кб
Скачать

Пайда түрлері

Бухгалтерлік және таза экономикалық пайда болып екіге бөлінеді. Экономикалық пайда дегеніміз – жалпы түсім мен сыртқы және ішкі шығыстардың арасындағы айырмашылық.

Ішкі шығыстарға кәсіпкердің қалыпты пайдасы да жатқызылады (кәсіпкердің қалыпты пайдасы дегеніміз – кәсіпкерлік дарындылықты бекітуге қажет ең аз төлем)

Бухгалтерлік есептеулер негізінде анықталған пайда дегеніміз – сыртқы шығыстар мен қызметтің түрлерінен түсетін табыстар арасындағы айырмашылық.

Қазіргі уақытта бухгалтерлік есептеуде пайданың бес түрін (кезеңін) ажыратады: жалпы пайда, сатудан түскен пайда (шығын), салық салуға дейінгі пайда (шығын), қалыпты қызмет пайдасы (шығын), таза пайда (есептік кезеңге үлестірілмеген пайда).

Жалпы пайда тауарлар, өнімдер, қызметтерден түсетін түсімдер мен сатылған тауарлар, өнімдер, қызметтердің өзіндік құны арасындағы айырмашылықпен анықталады. Тауарлар, өнімдер, қызметтерді сатудан түскен түсімдер деп қызметтердің қарапайым түрлерінен түсетін табыстарды айтады. Жалпы пайданы мына формула бойынша анықталады:

мұндағы ВР – сатудан түсетін түсім; С – сатылған тауарлар, өнімдер, қызметтер өзіндік құны.

Сатылымнан түсетін пайда (шығын) басқару және коммерциялық шығыстарды ескерілмеген жалпы пайда түрінде келтіріледі:

мұндағы Ру – басқаруға жұмсалған шығын; Рк– коммерциялық шығындар.

Салынатын салықтар пайдасы (шығындар) - операциялық және сатылмаған болып ажыратылатын табыстар мен шығындар ескерілген сатылымнан түсетін пайда:

бұнда Содр – операциялық табыстар мен шығындар; Свдр – сатылмаған табыстар мен шығындар.

Операциялық табыстарға ұйым активтерін уақытша пайдалануға байланысты төлемдер, патенттерден түсетін төлемдер, т.б. жатады.

Операциялық шығындар – дегеніміз ұйым активтерін уақытша пайдаланғаны үшін төленететін шығындар, патенттерге төлеуге кететін шығындар, басқа ұйымдардың жарлықтық капиталдарын пайдалану шығындары, несиелерге кететін шығындар, т.б.

Сатылмаған шығындар келісім-шарттар ережесін орындамаған үшін төленетін шығындар, т.б. жатады. Сурет 20. Табыстар көрсеткіштерінің байланысы

Қарапайым қызметтен түсетін пайда салық салынатын пайда және осыған ұқсас міндетті төлемдерден алынуы мүмкін:

мұндағы Н – салық суммасы.

Таза пайда – қарапайым қызметтен төтенше табыстар мен шығындарды ескере отырып түсетін табыстар. (20-сурет):

Мұндағы Чдр – төтенше табыстар мен шығындар.

Төтенше табытар деп шаруашылық қызметтерде болатын төтенше жағдайлар нәтижесінде келіп түсетін қаржыны айтамыз (апаттық жағдайлар, өрттер, жол апаттары, т.б.). Оларға сақтандыру өтемдері, материалдық құндылықтардың бағасы, т.б.

Табыс табудың негізгі көздері. Оны ұлғайту жолдары және факторлары.

Көптеген кәсіпорындардың негізгі табыс көзі болып оның өндірістік және кәсіпкерлік қызметі болып табылады. Оны тиімді пайдалану үшін нарық конъюктурасын анықтап, оған бейімдей білу қажет. Табыс көлемі кәсіпорынның өнімді шығаруда дұрыс мамандану таңдауына (жоғары тұрақты сұранысқа ие өнімдерді таңдау); өз өнімдерін сату және қызмет көрсету бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз етуге (баға, тауар жеткізу мерзімі, сатып алушыларға қызмет көрсету); өндіріс көлеміне (өндіріс көлемі неғұрлым жоғары болса, табыс көлемі де соғырлұм жоғары боады); өндірістің шығысы азаюына байланысты.

Табыстың жинақталуы көзі ретінде өндірістік және кәсіпкерлік қызметтен басқа белгілі бір өнімді шығаруда монопольдік жағдайы немесе өнімнің жеке даралығы болуы да мүмкін. Бұл табыс көзі технологиялардың тұрақты жетілдіру, шығарылатын өнімдердің жаңартылу, оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуіне негізделген.

Табыстың өзгеруіне мынадай екі фактор әсер етеді: сыртқы және ішкі. Сыртқы факторларға табиғат жағдайлары, транспорттық жағдайлар, социалдық-экономикалық жағдайлар, сыртқы экономикалық байланыстардың даму жағдайлары, өндірістік ресурстар бағалары, т.б. жатады.

Ішкі факторларға негізгі факторлар (сатылым көлемі, өнімнің өзіндік құны, өнім құрылымы мен шығындар, өнім бағасы); шаруашылық қызмет тәртіптерін бұзуға байланысты негізгі емес факторлар (бағаның дұрыс қойылмауы, айыппұлдар мен экономикалық санкцияларға әкеп соғатын еңбек шарттарының бұзылуы, т.б.). табыстарды ұлғайту жолдарын таңдаған кезде ішкі факторларға сүйенген жөн. Кәсіпорынның табысын ұлғайту өнімнің шығарылуын ұлғайту, өнімнің сапасын жақсарту, артық жабдықтар мен мүлікті сату немесе жалға беру, өнімнің өзіндік құныны азайту, сатылымның нарығын кеңейту арқылы жүзеге асады.