Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.лекции с планом.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
392.43 Кб
Скачать

Өнімнің өзіндік қүнының құрылымы.

Өзіндік қүнның қүрылымы жүзеге асырылатын технологиялық процестердің ерекшеліктеріне, негізгі қорлардың қүрылысына жэне технологиялық деңгейіне, шикізат, материал, отын, энергияның бағасына мен сипатына және басқа да факторларға байланысты.

Өндірістік процестер элементтерінің әртүрлі қатынасы - қолданылатын еңбек заттары, еңбек қүралдары және жүмысшы күштері, яғни, тірі еңбектің шығыны қай салаға жататынын корсетеді:

  • материал сыйымды;

  • отын сыйымды;

  • қор сыйымды;

  • энергия сыйымды;

  • еңбек сыйымды.

Материал сыйымдылар - өнімнің өзіндік қүнында, ондағы оның үлкен бөлігін шикізатқа және материалға кеткен шығындар алады (металлургия, машина жасау, химия өнеркәсібі).

Отын сыйымдылар - бүл түрі бойынша жылу электр станцияларындағы жылу жэне электр энергия өндірістері саналады.

Кор сыйымдылар - негізгі бөлігін салалардағы қолданылуы және қүрылысы жағынан қиын материалдар қүрайды.

Өзіндік құнды төмендету жолдары мен факторлары.

Өзіндік қүнның төмендеуі өндірістегі қосымша пайданың негізгі көзі болып табылады.

Өзіндік құнның деңгейі мен құрылымына келесі факторлар эсер етеді: ішкі өндірістік, өндірістік емес жэне табиғи. Ішкі өндірістік:

  1. Еңбек өнімділігінің деңгейі;

  2. Өндірістің заттық элементтерін қолдану деңгейі - еңбек заттары мен құралдарын.

  3. Еңбек процесін ұйымдастыру мен бақылау ұйымдық деңгейі;

  4. Өнімнің сапасы. Өндірістік емес:

1. Салалы нормативтер мен іс қағаздарының өзгеруі. Табиғи:

    1. Оның шикізат жэне отынды базасының ерекшеліктері - шикізат, отынды базалар, қосалқылар жэне т.б. алу орыны.

    2. Өнеркәсіптің географикалық орналасуы оның өндірістік жэне шикізатты қатынасына байланысты.

Металллургиялық өнімнің өзіндік құнының негізгі төмендету жолдары келесідей:

  • шикізатты, отынды, энергияны, сменді қондырғыларды және құрал-жабдықтарды қолдануды жақсарту, яғни, олардың шығындарының нақты нормасының томендеуі;

  • металлургиялық агрегаттардың жэне т.б. қондырғылардың өндіріс қуаттылығын қолдануды жақсарту;

  • өнімнің сапасын жоғарылату;

  • Қайтарма қалдықтарын жэне қосалқы өнімдерді қолдануды жақсарту;

  • өндірісті ұйымдастыруды жэне оны бақылауды жетілдіру.

Қара металлургияда шикізатқа, материалдарға, отынға және энергияға кеткен шығындар 70% құрайды.

Қара металлургия өнімінің өзіндік қүнының деңгейі.

Қара металлургия өнімінің өзіндік құнының деңгейінің шамасы бөлек өнеркәсіп өндірісінің жағдайларына жэне басқа да факторларға байланысты. Өнімнің өзіндік құнына көп әсерін техника деңгейі жэне технология жетістігі, металлургиялық өндіріс концентрациясының дәрежесі тигізеді, яғни, өнеркэсіп масштабы жэне негізгі металлургиялық агрегаттардың қуаттылығы - домналы, конвертерлі, прокатты стандар жэне т.б.

Негізгі және қосымша әдебиеттер:

1. Розов В.Е. «Экономика предприятия»

Москва 2001-568с.

2. Кантора Е.Л.«Экономика предприятия»

Алматы, Изд. «Санат», 2003-206с.

3. Хрипач В.Я, Суша Г.З.«Экономика предприятия»

Москва, Изд. «Инфра-М» 2000-27с.

4. Лифшиц А.Г. «Себестоимость стали и пути ее снижения»

Москва, «Металлургия» 1974 г.

Дәріс 7