Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.лекции с планом.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
392.43 Кб
Скачать

шДәріс 1

Металлургиялық кешеннің жалпы сипаттамасы және оның ұлттық экономикадағы орны

Дәріс мақсаты: металлургияның технико-экономикалық ерекшеліктерін, қазіргі жағдайы мен келешегін зерттеу.

Дәріс жоспары

  1. Металлургияның маңызды технико-экономикалық ерекшеліктері

  2. Қазақстандағы металлургия. Инновациялық дамуының жағдайы мен келешегі.

  3. ГМК өндірістік қалдықтарын қайта өңдеу және жою.

  4. Металдар мен оны өндіріс технологиялары негізіндегі жаңа материалдар.

Кілт сөздер: металлургия, өндіріс, даму, экономика, шикізат, өндіру, инновации, технология.

Қазақстан Республикасы, өзінің тау-кен-металлургиялық өндірісі дамуының қысқа мерзіміне (70-80 жыл) қарамастан, бүгінгі күнде әлемдегі жетекші орындарға ие (кесте 3). Еліміз тау-кен өндірісімен айналысатын әлемдегі жетекші 15 елдер қатарына жатады, ал өндірілетін минералды шикізат түрлерінің саны бойынша бірінші ондыққа кіреді (кесте 4).

Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі 110 элементтің 99-ы Қазақстанның жер қойнауында табылған, 70-і барланған, 60-тан астамы қолданылуда. Табиғи ресурстардың көптеген түрлері бойынша Республика әлемдегі алдынғы қатарлы орындарға ие. Мысалы, Қазақстан мырыш пен бариттің барланған қорлары бойынша әлемдегі бірінші орынға ие, күміс, қорғасын, вольфрам мен хром қорлары бойынша екінші орынға, мыс, марганец пен флюорит бойынша үшінші орынға ие, алтын қорлары бойынша бірінші ондыққа кіреді. Біздің елімізде әлемдегі темір қорларының шамамен 8%-ы және уран қорлырының 20%-ы орналасқан.

Әлемнің көптеген елдерінде өнеркәсіп индустриалдық ядро ролін атқарып, оған іргелес секторлардың, бүкіл экономиканың, ғылым мен инновациялық іс-әрекеттердің дамуына себепші болады. Алайда 90-шы жылдары республикамыздың өнерәсібі тұрақсыз дамып келді. Мысалы, осы кезеңнің бірінші жартысында өтпелі кезенге тән себесптермен (шаруашылық байланыстардың үзілуі, қаржылық дағдарыс және т.б.) өндіріс көлемдері үнемі азайып келді. Ал 90-шы жылдардың екінші жартысында еліміздің өнеркәсібі, соның ішінде металлургия өнеркәсібі де, тез қарқынмен дами бастады. Қазіргі уақытта елімізде көптеген жаңа металлургиялық кәсіпорындар іске қосылып, жалпы ішкі өнімнің 30%-нан астамы өнеркәсіптік секторда өндіріледі.

Тау-кен-металлургиялық (ТКМК) кешен республика өнеркәсібі негізгі салаларының бірі болып саналады. Осы саланың өнімдері – қара және түсті металдар - әлемдік нарықта тұрақы сұранысқа ие. Жоғарыда айтылғандай соңғы жылдары ТКМК дамуының тұрақтануын атап кетуге болады, бұл әлемдік нарықтағы конъюктураның елеулі жақсаруымен байланысты. Мысалы, 1998-2003 жылдары металдық кендердің өндіру көлемдері республикамызда 3,4 есе, соның ішінде темір кендері 3 есе және түсті металдар кендері 3,7 есе артты.

Экономикалық және құқықтық реформалар нәтижесінде отандық тау-кен-металлургиялық кешенде жекешелендіру үрдісі толығымен аяқталды. «Казцинк» ААҚ, «Казахмыс» корпорациясы» АҚ, «Соколов-Сарыбай тау-кен-өндірістік бірлестігі» АҚ, «Mittal Steel Теміртау» АҚ, «Казхром» трансұлттық компаниясы» АҚ, «Қазатомпром» АҚ сияқты ірі компаниялар тау-кен-байыту және металлургиялық кәсіпорындарын біріккен технологиялық кешендерге біріктірілді. Жалпы бұл үрдіс бүкіл әлемдегі ТКМК-дерге тән құбылыс. Жетекші металлургиялық кәсіпорындар кен өндіруші кәсіпорындарымен бірігіп интеграцияланған ірі компаниялар түзуде. Осы үрдістердің нәтижесінде Республикамыз қара және түсті маталдардың әлемдік нарықтарының ірі қатысушысына айналды.

Кесте 3 – Пайдалы қазбалар өндіру көлемдері бойынша әлемдегі тау-кен өндірісіндегі елдердің орны (2004 жылғы мәліметтер бойынша)

Ел

Өндірілетін шикізат көлемі, мың т

Газ өндіру көлемі,

млн. м3

Өндірілетін пайдалы қазбалар түрлерінің саны

мұнай мен газды есеп-темегенде

мұнай мен газды есеп-тегенде

1

Қытай

2236853

2411853

39600

45

2

АҚШ

1141009

1468109

530000

36

3

Австралия

580188

605734

35225

36

4

Үндістан

509035

546535

23200

33

5

Ресей

366023

786023

540000

45

6

Онтүстік Африка

276179

276179

-

34

7

Германия

243072

243072

20405

16

8

Бразилия

196154

270654

14000

36

9

Польша

167702

168502

5000

18

10

Индонезия

132356

181228

55105

15

11

Канада

130889

278000

184100

32

12

Украина

118363

122363

18700

15

13

Қазақстан

110054

167154

14900

27

49

Өзбекстан

5033,5

11633,5

45500

9

54

Белоруссия

3988,3

5792,4

245

2

75

Қырғызстан

695,3

764,3

28

5

88

Тәжікістан

354,4

368,4

30

8

93

Латвия

266,2

266,2

-

1

108

Армения

142,6

142,6

-

10

124

Грузия

57,7

155,3

-

5

125

Молдавия

55,0

55,0

-

1

131

Азербайджан

32,1

15580,9

4995

4

139

Түркменстан

9,9

10709,9

54

4

158

Эстония

-

11328,0

-

0

162

Литва

-

360,0

-

0

Барылығы

7126891

10895883

2599888

54

Кесте 4 – Қазақстанда өндірілетін минералды шикізат түрлері

(2004 жылғы мәліметтер бойынша)

Атауы

Өлшем бірлігі

Көлемі

Әлемдегі үлесі,%

Елдер саны

Орны

Қара металдар

1

Темір

мын. т

13000

1,81

50

11

2

Марганец

мын. т

1300,0

9,23

22

6

3

Хром

мын. т

1018,8

17,94

22

2

4

Ванадий

т

1000,0

2,79

5

5

Түсті металдар

5

Мыс

мын. т

473,1

3,21

49

10

6

Мырыш

мын. т

286,3

2,95

42

9

7

Қорғасын

мын. т

45,5

1,42

39

10

8

Бокситтер

мын. т

1386,0

0,99

25

12

9

Титан

мын. т

12,0

0,23

15

15

10

Молибден

т

650,0

0,40

13

11

11

Вольфрам

т

120,0

0,16

15

12

12

Кобальт

т

300,0

0,93

13

11

13

Висмут

т

90,0

1,85

10

6

14

Кадмий

т

300,0

2,19

22

11

15

Мышьяк

т

1200,0

3,43

11

6

Асыл металдар

16

Күміс

т

892,0

4,62

58

9

17

Алтын

т

22,4

0,93

86

19

Өндірістік минералдар

18

Асбест

мын. т

291,0

12,11

16

3

19

Күміс

мын. т

200,0

0,47

51

20

20

Бариттер

мын. т

250,0

3,30

45

6

21

Бор

мын. т

30,0

0,76

9

7

22

Фосфаттар

мын. т

280,0

0,35

37

17

23

Балқығыш шпат

мын. т

73,0

1,40

28

12

Минералды отын

24

Уран

т

3143,0

7,11

21

6

25

Мұнай

млн. т

57100,0

1,53

92

18

26

Көмір

мын. т

87500,0

1,86

62

9

27

Табиғи газ

млн. м3

14900,0

0,57

86

29

28

Лигнит

мын. т

3900,0

0,43

34

23

Қазақстан Республикасы тау-кен-металлургиялық кешені дамуының басым бағыттары

Қазақстандық тау-кен-металлургиялық кешенінің басты ерекшелігі – бұл өндірілген өнімдердің толықтай дерлік экспорталуы және өндірістің толықтай дерлік шетелдік инвесторлар қолында жинақталуы. Қазақстан (сонымен қатар Қытай және т.б. елдер) металлургиясының үлгісі қомақты шетелдік инвестициялар тек инвестор бақылауына толығымен өткен кәсіпорындарға ғана келетінің тағы бір дәлелдеді.

Республикамыздың тау-кен-металлургиялық кешенінің әрі қарай дамуы әлемдік металл нарығына елеулі әсер етуі мүкін, ал Қазақстан халықаралық деңгейде алдыңғы қатарлы позицияларға ие болады. Қазақстан тау-кен-металлургиялық кешені дамуына бағытталған мемлекеттік саясаттың басымды бағыттарының қатарына мыналар жатады:

• шикізат базасының дамуы мен жаңа кен орындарының игерілуі;

• металлургиялық шикізатты өндіру мен дайындау пәрменділігін арттыру;

• жаңа өндіріс орындарын ашу арқылы өндіру көлемдерін арттыру;

• ішкі және сыртқы нарық талаптарын қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті өнімдерді шығару;

• табиғи қорларды үнемдеу мен экологиялық қауіпсіздік мақсаттарын шешу үшін принципиалды жаңа технологиялық үрдістерді еңгізу;

• сұрыпты илек, әр-түрлі құбырлар, болаттың легірленген және сапалы маркаларын және т.б. Қазақстанда бұрын-соңды шығарылмаған өнім түрлерін өндіру;

• 4-ші және 5-ші өңдеу өнімдері өндірісін арттыру арқылы еліміздің экспорттық потенциалын кеңейту;

• өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатымен инновациялық және ғылыми сыйымды технологияларды енгізу және модернизация;

• сала дамуының инновациялық жолы, ғылымды дамыту мен жоғары білікті кадрларды дайындау.