Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция по ТТ ПФ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать

5 Ферросиликомарганец электротермиясы

Ферросиликомарганецті рафинадталған ферромарганец пен металдық марганец өндірісінде жартылай өнім ретінде (CMн25, CMн22), сонымен қатар болат балқытуда легірлеуші қоспа және эффективті кешенді қышқылсыздандырғыш (СМн17) ретінде қолданылады. Силикомарганец маркаларының белгіленуі мен химиялық құрамы 7.10 кестеде келтірілген.

Украина мен Грузияда силикомарганецті балқытқанда марганец шикізаты ретінде марганецті кен мен фасфорсыз марганецті қож қоспасы қолданылады. Шикіқұрамда қожды қолдану кендер құрамында фасфор мөлшерінің жоғары болуымен түсіндіріледі.

Қазахстанда силикомарганец Ақсу ферроқорту зауытында (Тұр, Шығыс Қамыс, Үшқатын III) және (Бұғаш), «Химпром» АҚ-да (Тараз қ.) балқытылады. Шикіқұрам материалдары ретінде марганец концентраттарының қоспасы, кварцит, доломит, Қытай коксы, Екібастұз көмірі және арнайы кокс қолданылады.

Силикомарганец үздіксіз көімтегітермиялық әдіспен балқытады. Ферросиликомарганецті көміртегітермиялық әдіспен балқыту технологиясы марганец пен кремнийдің шикіқұрам материалдарынан тотықсыздандырғыш көміртегісімен тотықсыздануына негізделген. Силикомарганец құрамында көміртегі мөлшері кремний концентрациясына тәуелді: кремний неғұрлым көп болса, соғұрлым көміртегі төмен болады.

Кесте 10 – ГОСТ 4756-91 бойынша ферросиликомарганецтің химиялық құрамы

Марка

Si

Mn

C

P

S

А

Б

артық

кем

MнC25

>25

60

0,5

0,05

0,25

0,02

MнC22

20-25

65

1,0

0,10

0,35

0,02

MнC17

15-20

65

2,5

0,10

0,60

0,02

MнC12

10-15

65

3,5

0,10

0,60

0,02

Кесте 11 – ГОСТ 4756-91 бойынша ферросиликомарганецтің химиялық құрамы

Марка

Si

Mn

C

P

S

кем

FeMnSi12

10-15

60-75

3,5

0,35

0,03

FeMnSi18

FeMnSi18LP

15-20

60-75

2,5

0,35

0,15

0,03

FeMnSi22HP

FeMnSi22MP

FeMnSi22LP

20-25

60-75

1,6

0,30

0,15

0,10

0,03

FeMnSi23HP

FeMnSi23MP

FeMnSi23LP

20-25

65-75

1,0

0,30

0,15

0,10

0,03

FeMnSi28

FeMnSi28LP

25-30

65-75

0,5

0,20

0,10

0,03

FeMnSi30HP

FeMnSi30LP

FeMnSi30ЕLP

28-35

57-67

0,1

0,20

0,10

0,05

0,03

Силикомарганецтің түзілу үрдісі келесі сатылардан құралады:

1) үрдіс басында марганецтің жоғарғы оксидтері MnO2, Mn2O3 және Mn3O4 CO-ның қатысумен MnO-ға дейін тотықсызданады;

2) MnO тура тотықсыздану реакциясы бойынша карбидке дейін тотықсызданады

MnO + (1+х)C→MnCx + CO

3) жоғары тампературалар аймағында кремнезем тотықсызданады. Кремний негізінен кремнеземге қанаққан қож балқамасы мен көміртекті тотықсыздандырғыш фазалар бөліну бетінде

(SiO2) + 2C = [Si]Mn,Fe+2CO

қатты көміртегімен, сонымен қатар, пештің жоғарғы горизонттарында түзілген металл тамшыларында еріген көміртегімен тотықсызданады

[MnCx] + (SiO2) = [MnSiCx-2] + 2{CO}.

Ферросиликомарганецті балқыту барысында қож құрамынан бір уақытта MnO негізді оксид пен SiO2 қышқылды оксидті тотықсыздандыру қажет болғандықтан, бұл үрдіс өте күрделі болып саналады. Сондықтан кремний мен марганецтің мүмкіндігінше көп түсімін қамтамасыз ететін қождың оңтайлы негізділігін тандау маңызды роль атқарады.

Қож негізділігі жоғары болғанда марганецтің түсімі жоғары, ал кремнийдің түсімі төмендейді, ал негізділік төмен болғанда керісінше кремнийдің түсімі жоғары, ал марганецтің түсімі төмендейді.

Кесте 12 – Ферросиликомарганецті балқытудың техника-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Ақсу

Никополь

Шекіқұрам материалдарының меншікті шығыны, кг/т

Марганец концентраты (48%)

1748

1843

Әктас

-

100

Кварцит

150

285

Доломит

100

-

Тотықсыздандырғыштар барлығы

590

415

Кокс

192

415

Арнайы кокс

140

-

Екібастұз көмірі

550

-

Электродтық масса

38

28,5

Эл. энергияның меншікті шығыны, кВт·сағ/т

4700

4191

Марганец түсімі, %

Кремнийдің түсімі, %

80,4

59,6

75,3

50

Қож құрамы,%

MnO

11-14

16-20

CaO

8-11

12-13

SiO2

40-44

40-47

Al2O3

19-22

5-7

MgO

4-5

2,9-3,1

CaO+MgO/SiO2

0,3-0,35

0,3-0,4

Mеталл құрамы, %

Mn

66-70

70-75

Si

17-19

17-18

P

0,13-0,17

0,2-0,6

Қазақстандық жоғары кремнеземді кендерден ферросиликомарганецті балқатқанда CaO+MgO/SiO2=0,30-0,35 негізділігі оңтайлы деп саналады. Қождың құрамын оқтайландыру үшін оның құрамына MgO (доломит түрінде) және Al2O3 (Екібастұз, Бөрілі жоғары күлді көмірлері түрінде) еңгізіледі. Олар қождың электр кедергісін жоғарылатып, тотықсыздану үрдістерінің толық жүруін қамтамасыз ететін жылудың көп мөлшерде бөлінуіне ықпал етеді. Сонымен қатар, олар MnO және SiO2 оксидтерінің белсенділігін арттырып, тотықсыздану үрдістеріне оң ықпал етеді. Нәтижесінде марганец түсімі 80%-ға, ал кремний түсімі 60%-ға жетеді.

Ферросиликомарганецті балқытудың техника-экономикалық көрсеткіштері 7.12 кестеде келтірілген.