Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sandardy_1187_b_1257_lingishtigine_berilegn_esepter (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
335.38 Кб
Скачать

Газет бетін анықтау

1. Бір газет парағында 4 бет болады. Өткенде газеттің бір парағында 6 – шы және 19 – шы беттерінің болғанын көрдім. Газетте неше бет бар?

A) 17 B) 20 C) 24 D) 15 E) 19

2. Газеттің екі бетінің сол жағында 4 – бет, оң жағында 9 – бет деп жазылған. Газет неше беттен тұратын болғаны?

A) 14 B) 16 C) 15 D) 13 E) 12

Қатар:

1. Сахнаға олимпиада жүлдегерлерін сапқа тұрғызды. Мектеп директоры оларды құттықтап тұрып, жүлдегерлердің ішіндегі ең үздігі Дидардың оң жақтан санағанда бесінші тұрғанын байқады. Ал математика пәнінің мұғалімі Дидардың сол жақтан санағанда тоғызыншы тұрғанын назар аударды. Сахнада қанша оқушы тұрған?

A) 13 B) 14 C) 5 D) 9 E) 12

2. Оқушылар жол бойына араларын бірдей етіп, 37 түп ағаш отырғызды. Ең шеткі екі ағаштың арасы 198 м. Жол бойындағы он бесінші ағаш тоғызыншы ағаштан неше метр қашықтықта отырғызылған?

A) 32 м B) 31 м C) 34 м D) 33 м E) 30 м

3. Марат машиналарды бояғанда келесі ретпек бояды: көк, жасыл, қызыл, қара және сары. Онда 29-шы машинаның түсін анықтаңыз.

A) сары B) көк C) қызыл D) қара E) жасыл

4. Қашықтыққа жүгіру жарысына 11 бала қатысты. Талғаттың алдында мәреге жеткендер саны Талғаттан кейін мәреге жеткендер санынан 4 есе кем. Талғат мәреге нешінші болып жетті?

A) Бесінші B) Бірінші C) Екінші D) Үшінші E) Төртінші

5. Жол бойына бірдей 70м қашықтықта 35 баған орнатылған. 11 – ші баған мен 20-шы бағанның арақашықтығы.

A) 700 м B) 580 м C) 630 м D) 720 м E) 560 м

Жиын

1. Сыныптағы оқушылардың 18-і араб, 16-сы түрік тілін үйренеді. Осы оқушылардың 7-і араб және түрік тілін бірге үйренеді. Сыныптағы барлық оқушылар санын табыңыз.

A) 30 B) 26 C) 32 D) 28 E) 27

2. Бір аптада дүкеннен 19 адам телевизор сатып алды, 18 адам мұздатқыш сатып алды. Олардың 9-ы мұздатқыш та, телевизор да сатып алды. Неше адам телевизор ғана сатып алды? Неше адам мұздатқыш қана сатып алды?

A) 10 және 9 B) 11 және 5 C) 13 және 7 D) 13 және 6 E) 8 және 15

3. Мекеме қызметкерлерінің 24-і ағылшын тілін, 15-і неміс тілін және 14-і француз тілін біледі. Олардың алтауы ағылшын және неміс тілдерін, бесеуі ағылшын және француз тілдерін, төртеуі неміс және француз тілдерін, ал үшеуі үш тілдіде біледі. Мекемедегі кез-келген қызметкер қандай да бір шетел тілін біледі. Мекемеде барлығы неше қызметкер екенін анықтаңыз?

A)33 B)41 C)36 D)30 E)45

4. Қонақтардың 16 – сы қымыз, 19 – ы шұбат, 14 – і айран ішті. 7 қонақ қымыз да, шұбат та, 4 қонақ қымыз да, айран да ішті, 6 кісі шұбат та, айран да ішті. Ал 2 қонақ қымыз да, шұбат та, айран да ішті. Әрбір қонақ аталған үш сусынның кемінде біреуін ішті. Қонақтар санын табыңыз.

A) 31 B) 30 C) 34 D) 38 E) 32

5. Сыныпта 35 бала бар. Олардың 20 – ы вокалға, 15 – і биге және 7 екі үйірмеге де қатысады. Бұл сыныпта осы екі үйірмеге де қатыспайтын бала саны қанша?

A) 7 B) 3 C) 6 D) 5 E) 4

6. Суретші Сарсенбаев бір айда 42 сурет салды. Олардың 17-сінде орман, 29 - ында өзен, ал 13- інде орман да, өзен де салынған. Қалған суреттерде түсініксіз бейнелер бар. Қанша түсініксіз сурет бар?

A) 9 B) 12 C) 29 D) 13 E) 25

7. Қонақтардың 16 – сы қымыз, 19 – ы шұбат, 14 – і айран ішті. 7 қонақ қымыз да, шұбат та, 4 қонақ қымыз да, айран да ішті, 6 кісі шұбат та, айран да ішті. Ал 2 қонақ қымыз да, шұбат та, айран да ішті. Әрбір қонақ аталған үш сусынның кемінде біреуін ішті. Тек қана шұбат ішкен қонақтар санын табыңыз.

A) 8 B) 7 C) 6 D) 9 E) 10

8. Сыныпта 27 бала бар. Олардың 12-сі вокалға, 19-ы биге қатысады және 5 бала екі үйірмеге де барады. Бұл сыныпта осы екі үйірмеге де қатыспайтын бала саны қанша?

A) 6 B) 1 C) 4 D) 5 E) 3

9. Бір топтағы туристердің 10-ы қазақ тілін біледі, 8-і орыс тілін біледі, олардың үшеуі қазақ тілін де, орыс тілін де біледі. Топтағы туристердің санын анықтаңыз.

A) 18 B) 17 C) 16 D) 15 E) 13

10. Бір топтағы туристердің 12-сі қазақ тілін біледі, 10-ы орыс тілін біледі, олардың үшеуі қазақ тілін де, орыс тілін де біледі. Топтағы туристердің санын анықтаңыз.

A) 18 B) 17 C) 16 D) 15 E) 19

11. Бір топтағы туристердің 12-сі қазақ тілін біледі, 10-ы орыс тілін біледі, олардың төртеуі қазақ тілін де, орыс тілін де біледі. Топтағы туристердің санын анықтаңыз.

A) 18 B) 17 C) 16 D) 15 E) 13

12. 50 адамнан құралған команданың 38-інің шашы қара түсті, 27-сінің көзі қара, ал 23-інің көзі де, шашы да қара. Бұл командадағы көзі де, шашы да қара емес адам саны:

A) 6 B) 8 C) 7 D) 9 E) 10

13. Демалыс Паркіндегі жарыстарға 30 бала қатысты, оның 15-і «жылжымалы көпір» жарысына, ал 20 бала арқан үстінде жүгіріп жарысты. Қанша бала екі жарысқа да қатысты?

A) 25 B) 15 C) 30 D) 10 E) 5

14. «Мисс Мысық-2013» конкурсына 66 мысық қатысты. Конкурстың бірінші турында олардың 21-і тышқан ұстай алмай, жарыстан шығып қалды. Қалған мысықтардың дәл 27-сі шұбар, ал 32-сінің бір құлағы қара екені белгілі. Бір құлағы қара шұбар мысықтардың бәрі конкурстың финалына өтті. Ең кемінде неше мысық финалға өтті?

A) 5 B) 7 C) 13 D) 14 E) 27

15. Бір қалаға 100 турист келді. Олардың 10-ы неміс тілін де, француз тілін де білмейді. 75 адам неміс тілін біледі. 83 адам француз тілін біледі. Неше турист осы екі тілдің екеуін де білетінін анықтаңыз.

A) 78 B) 80 C) 68 D) 72 E) 90

16. Жиналысқа 29 академик қатысты, олардың 12-сі сақалды, ал 18-і мұртты. Үш академиктің сақалы да, мұрты да жоқ. Қанша академиктің сақалы және мұрты бар?

A) 4 B) 5 C) 6 D) 11 E) 16

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]