- •Сандардың бөлінгіштігіне берілегн есептер
- •Санның бөлігі
- •Пайызға байланысты есептер
- •Жаңа логикалық амал
- •Отбасына байланысты есептер
- •Цифрлар саны
- •Бірлескен жұмысқа байланысты есептер
- •Автобустар саны
- •Теңдеулер жүйесін құруға берілген есептер
- •Теңдеулер жүйесін құруға берілген есептер(орташа)
- •Теңдеулер жүйесін құруға берілген есептер(ыдыс аяқ)
- •Теңдеулер жүйесін құруға берілген есептер(қосу)
- •Теңдеулер құруға берілегн есептер(оңай)
- •Теңдеулер құруға берілегн есептер(күрделі)
- •Әріптерді салыстыру
- •Формуламен шығатын есеп
- •Ықтималдықтар теориясы
- •Логарифм
- •Теңсіздіктер
- •Сандардың қосындысын табу
- •Түзулердің арақашықтығын табу
- •Тиімді тәсілмен есептеу
- •Қызықты логика
- •Кестелі Логика
- •Арифметикалық орта
- •Жылдамдыққа байланысты есептер
- •Қара, Жара
- •Есептеңіз
- •Кубтың боялған жағын табу
- •Санның соңғы цифрын анықтау
- •Адам жасына байланысты есептер
- •Үшбұрышқа байланысты есептер
- •Дәрежеге байланысты есептер
- •Комбинаторика
- •Ең кем дегенде
- •Газет бетін анықтау
- •Заңдылық(сурет)
- •Заңдылық
- •Тұжырым
- •Функция
- •Торғайлар
- •Цифрлардың айырымы мен қосындысына берілген есептер
Санның соңғы цифрын анықтау
1. (7890 + 0,40)2017 өрнегінің мәні қандай цифрмен аяқталады?
A) 1 B) 0 C) 9 D) 7 E) 3
Адам жасына байланысты есептер
1. Гүлдананың осыдан үш жылдан кейінгі жасы осыдан үш жыл бұрынғы жасынан үш есе артық болады. Гүлдананың қазіргі жасын табыңыз.
A) 8 B) 10 C) 9 D) 4 E) 6
2. Ұлы 7 жаста, әкесі 31 жаста. Неше жылдан соң әкесінің жасы ұлының жасынан үш есе артық болатынын анықтаңыз
A) 7 B) 4 C) 5 D) 6 E) 3
3. 13 жылдан кейін 4 баланың жасының қосындысы 97 болады. 7 жылдан кейін балалардың жасының қосындысы неше болады?
A) 77 B) 84 C) 97 D) 73 E) 90
4. Ағасы Әлішерден 3 жас үлкен, інісі Әлішерден 3 жас кіші, кіші інісі Әлішерден 3 есе кіші, әкесі Әлішерден 3 есе үлкен. Барлығының жастарының қосындысы 133 – ке тең. Әлішердің жасын анықтаңыз.
A) 14 B) 12 C) 18 D) 21 E) 16
5. Отбасында төрт бала бар. Олар 3 жаста, 5 жаста, 9 жаста және 15 жаста. Меруерттің жасы Еңліктің жасына еселік сан. Арай мен Еңліктің жастарының ең кіші ортақ еселігі Сағидың жасына тең. Кім неше жаста?
A) Меруерт – 9 жаста, Еңлік – 5 жаста, Арай – 3 жаста, Сағи – 15 жаста
B) Меруерт – 9 жаста, Еңлік – 3 жаста, Арай – 15 жаста, Сағи – 5 жаста
C) Меруерт – 9 жаста, Еңлік – 3 жаста, Арай – 5 жаста, Сағи – 15 жаста
D) Меруерт – 15 жаста, Еңлік – 5 жаста, Арай – 3 жаста, Сағи – 9 жаста
E) Меруерт – 3 жаста, Еңлік – 9 жаста, Арай – 5 жаста, Сағи – 15 жаста
6. Марат, Қанат, Жанат, Болат және Самат бір сыныпта оқиды. Олардың туған күндері: 17 мамыр, 23 мамыр, 17 маусым, 3 қараша және 3 желтоқсан. Қанат пен Самат әртүрлі айларда туған, бірақ туған күңдері бірдей. Ал Қанат пен Жанаттың туған күндері бір айда. Мараттың туған күні қыс айында. Болаттың туған күнін анықтаңыз.
A) 3 қараша B) 3 желтоқсан C) 17 мамыр D) 17 маусым E) 23 мамыр
7. Жанардың және оның жанұясындағы 4 адамның жастарының қосындысы 3 жылдан кейін 154 болады. 6 жылдан кейін олардың жастарының қосыңдысы қанша болады?
A) 139 B) 160 C) 159 D) 169 E) 140
8. Қазір әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады?
A) 16 B) 20 C) 22 D) 14 E) 12
9. Марат пен әкесінің туған күні бір күнге түседі. Қазір Марат әкесінен 7 есе кіші. Ал 5 жылдан кейін әкесі Мараттан 4 есе үлкен болады. Марат қазір неше жаста?
A) 8 B) 7 C) 6 D) 5 E) 4
10. Егер 2 жыл бұрын ағасы қарындасынан 2 есе, ал 8 жыл бұрын 5 есе үлкен болса, қазір ағасы неше жаста?
A) 21 B) 18 C) 13 D) 28 E) 16
11. Алмаш жұмысқа жаңадан келген әріптесінен оның жасын сұрады. Сонда ол әріптесі былай жауап берді: менің 4 жылдан кейінгі жасымды 4 еселеп, содан соң 4 жыл бұрынғы жасымды 4 еселеңіз. Соңында алғашқы көбейтіндіден соңғы көбейтіндіні шегеріңіз деген. Жаңа әріптесінің жасы нешеде еді?
A) 28 B) 30 C) 34 D) 32 E) 26
12. Шешесі 42-жасқа келгенде үлкен қызы 19, ортаншысы 11, кенжесіне 2 жас толды. Қанша уақыттан кейін шешесінің жасы үш қызының жасының қосындысына тең болады?
A) 7 B) 9 C) 8 D) 5 E) 6
13. Егер әкесі 46 жаста, ұлы 16 жаста болса, қанша жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болатынын табыңыз.
14. Әкесі 38 жаста, ал ұлы 14 жаста. 6 жыл бұрын әкесінің жасы баласының жасынан қанша есе артық болған?
A) 3 есе B) 2 есе C) 6 есе D) 8 есе E) 4 есе
15. Егер 2 жыл бұрын ағасы қарындасынан 2 есе, ал 8 жыл бұрын 5 есе үлкен болса, қазір ағасы неше жаста?
A) 18 B) 28 C) 13 D) 16 E) 21
16. Ағасы Әлішерден 3 жас үлкен, інісі Әлішерден 3 жас кіші, кіші інісі Әлішерден 3 есе кіші, әкесі Әлішерден 3 есе үлкен. Барлығының жастарының қосындысы 76 – ға тең. Әлішердің жасын анықтаңыз.
A) 15 жаста B) 20 жаста C) 12 жаста D) 6 жаста E) 18 жаста
17. Жанұяда үш адам бар: әкесі, анасы және ұлы. Қазіргі уақытта олардың жас мөлшерінің қосындысы 74 жыл, ал 10 жыл бұрын әкесі мен анасының жастарының 47-ге тең болған. Егер анасы ұлынан 28 жасқа үлкен болса, қазіргі уақытта анасы неше жаста болғаны?
A) 31 B) 35 C) 34 D) 33 E) 32
18. Әкесі 55 жаста, ал ұлы 15 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы ұлының жасынан 3 есе үлкен болады?
A) 4 B) 8 C) 6 D) 7 E) 5
19. Егер әкесінің жасы баласының жасынан 8 есе үлкен, 4 жыл өткен соң олардың жастарының қосындысы 44-ке тең болса, әкесі мен баласы қазір нешеде?
A) 32; 4 B) 48; 6 C) 33; 11 D) 32; 10 E) 56; 7
20. Ұлы 10 жаста, ал әкесі 58 жаста. Неше жылдан кейін ұлының жасы әкесінің жасынан 4 есе кіші болады?
A) 6 B) 5 C) 8 D) 7 E) 4
21. Әкесі 31 жаста, мен 8 жаста болдым, ал қазір әкемнің жасы менің жасымнан екі есе үлкен. Қазір мен неше жастамын?
A) 15 жаста B) 17 жаста C) 19 жаста D) 21 жаста E) 23 жаста
22. Баланың үш еселенген қазіргі жасынан оның алты жыл бұрынғы жасын төрт еселеп шегерсек, баланың қазіргі жасы шығады. Бала қазір неше жаста?
A) 18 жаста B) 10 жаста C) 12 жаста D) 16 жаста E) 15 жаста
23. Ағасы Әлішерден 3 жас үлкен, інісі Әлішерден 3 жас кіші, кіші інісі Әлішерден 3 есе кіші, әкесі Әлішерден 3 есе үлкен. Барлығының жастарының қосындысы 114 – ка тең. Әлішердің жасын анықтаңыз.
A) 18 жаста B) 20 жаста C) 12 жаста D) 16 жаста E) 15 жаста
24. Жанұяда 9 бала, олардың жастарының қосындысы 117. Егер олардың әрбір 3 жылда туылғандары белгілі болса, ең кіші баланың жасын анықтаңыз.
A) 2 B) 3 C) 5 D) 4 E) 1
25. Жанұяда 3 бала. Ортаншысы кішісінен 3 жасқа үлкен, ал үлкені кішісінен 5 жасқа үлкен. Әр баланың жасы жай сан болса, ең үлкені қанша жаста?
A) 9 B) 5 C) 7 D) 13 E) 11
26. Мұрат анасы екеуі туған күндерін бір күнде тойлайды. Бүгін анасының жасы ұлының жасынан 11 есе үлкен. Бірақ 6 жыл өткен соң, анасының жасы одан 5 есе үлкен болады. Ал 16 жылдан кейін 3 есе үлкен болады. Бүгіннен бастап 36 жыл өткенде, анасының жасы одан 2 есе үлкен болады. Бүгін Мұрат нешеге толып жатыр?
A) 5 B) 1 C) 3 D) 2 E) 4
