Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
атарылан іс-шаралар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
31 Кб
Скачать
☆

10. Маңызды мақала қолдау тапты.

Осындай шара Жаңатас қаласындағы алпауыт кәсіпорындардың бірі "Еврохим" ЖШС бастауыш партия ұйымында да көрініс тапты. Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылауға және түсіндіруге бағытталған отырыс өтті.

Отырысты "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Құлыбеков жүргізіп отырды. Жиын барысында жоғарыда аталған мәселелер бойынша спикерлік пул мүшелері, партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері Т.Оразбаев және Л.Мырзабеков хабарлама жасады.

11. Табысты ұлттың болашағы жарқын.

Аудандық партияның ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапхананың оқу залында Рухани жаңғыру мақалсының бір тамағында табыстылық ұлттың болашағы жарқын етеді, ол үшін білім мен біліктілікті қажет етеді деген мағынаны ұстанған кездесу өтті. Онда несие алу және қайтару жұмыстарының жайын түсіндіру бойынша банк қызметкерлерінің қоғамдық ұйым өкілдері қатысып, кездесуді партия аудандық филиалының консультанты М.Прімбек жүргізіп отырды. Кездесуге "Халық банкі" АҚ-ның аудандық бөлімшесі мен "Саудакент-несие" ЖШС-нің қызметкерлері қатысып, қаржы ұйымдары тарапынан несиелеудің жолдары мен оны қайтару туралы кеңінен түсіндіру жұмысын жүргізді.

Қалған мақалалардың авторы: Дариха Пазылбекқызы, «Сарысу»