3. Рухани шара
Елбасы мақаласындағы рухани жаңғыру бағдарламасының ақпараттық толқын мәселесі де осыны меңзейді. Білім мен ілімді, жетістік пен болашақты қалыптастырып, еңбек пен ерен ерлікті паш ету баспасөз құралдарының еншісінде. Ал тарихты жазып кейінгі ұрпаққа дейін жеткізетін біздің баспасөз құралдарымыз Осындай билік пен бұқара арасын жалғап көпір бола білген, 80 жылдық тарихы бар аудандық төл басылым «Сарысу» газетінің бұл тұрғыда аудан төңірегінде атқарар рөлі орасан. Осындай мақсатта Саудакент ауылдық кітапханасының оқу залында «Газет –менің жан серігім» атты ақпарат рухани шара өтті.
Аталмыш шарада кітапханашы Б.Сәтиева газет туралы, соның ішінде биыл 80 жылдығын атап өткен аудандық «Сарысу» газетінің тарихы жайлы мағлұмат берді. Содан соң кітапханашы Г.Пашанова, спорт мектебінің қызметкері М.Амреева сөз сөйлеп, баспасөз құралдарының күнделікті қажеттіліктері жайлы өз ойларын ортаға салды. Кітапханашы Б.Сәтиева «Газет –менің жан серігім» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Кітапхана меңгерушісі А.Абдралина өз сөзінде болашақта ақпарат жеткізудің одан да жаңа, көбірек түрі пайда болуы мүмкін және де пайда болады деп қорытындылады.
4. Есіктен есікке
Әр заманның ұрпаққа қояр өз талабы, өз міндеті бар. Ел мәдениетінің, мемлекеттің жүйелі түрде дамуы ұрпақтың уақыт талабына икемделуінсіз жүзеге асқан емес. Ұлттың тарихи санасының қалыптасу негіздерінің өзінде уақыт талабына бейімделу, мәдени ортаны қалыптастыруға деген ұмтылысы жатыр.
Елбасы саясатын насихаттау жолында қашанда белсенді, алдыңғы шепте тұратын аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалында көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Бір апта көлемінде әртүрлы бағыттағы «Рухани жаңғыру» мақаласының бағдарламалары аясында мазмұнды істерді жүзеге асыруда. Күні кеше ғана «Есіктен есікке» акциясы аясында Жолдаудың, Елбасы мақаласының басымдықтарын түсіндіру мақсатында партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі Г.Мороздың тұрғындармен кездесуі өтті.
Осындай шара "Нұр Отан" партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері Л.Мырзабеков және М.Әбішевтің де қатысуымен өтті. "Есіктен есікке" акциясы аясында өз сайлаушылармен кездесіп, елдің ертеңіне нақты жол сілтейтін мақаланың келешек үшін жасалынып отырған үлкен мүмкіндік екендігін айтты.
5. Көшпелі қабылдау
"Нұр Отан" партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері Елбасының Рухани жаңғыру ұлттық болмыстың негізінде мемлекет өмірінде қалыптасатын интеллектуадық өріс деп қабылдады. Ол жеке адамды, ұрпақты, ұлтты, халықты табиғаттан, өзінің төл болмысынан ажыратып алып кетпейді, керісінше өз болмысының әлеуметтік рухани негіздерін сақтай отырып оны нығайтуға, қорғауға, сақтап қалуға ықпал ететін ұғым, ұлттық деңгей, бір ұрпақтың мемлекеттің тархы мен болашағы алдында жасайтын, қол жеткізетін жетістігі екендігін тұрғындар арасында жеткізіп, насихаттау адан әкімі, аудандық партияның төрағасы Балабек Нарбаевтың да басты мақсаты.
Осыған орай «Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Құлыбеков пен партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Т.Оразбаев Арыстанды ауылындағы Арыстанды орта мектебінің спорт залының құрылысымен танысып, мердігер "Нұрбек" ЖШС-нің өкілдерімен кездесті. Кездесуде Қ.Құлыбеков Елбасы мақаласынан туындайтын туған жер бағдарламасына тоқталды. Туған жерге деген махаббат, сүйіспеншілік, ауылды көркейту жолындағы атқрылып жатқан жұмыстардың барлығы патриоттық. Сондықтан ел еретңі үшін ауыл болсын қала болсын өркендету шаралары қарқынды жүзеге асуы керек екендігін айтты.
***
Депутаттық фракция мүшесі М.Әбішев "Байқадам" БПҰ-да рухани жаңғыру бағдарламасы мен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында аылдықтармен жүздесті. Сондай-ақ, Б.Дондаұлы және Н.Романовтар да «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» партиялық жобасы аясында және мақала басымдықтарын түсіндіру және өзге де сұрақтар бойынша көшпелі қабылдаулар өткізді.
