Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
атарылан іс-шаралар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
30.6 Кб
Скачать

6. Оқу жылына дайындық

Елбасы өзінің «Рухани Жаңғыру» атты мақаласында халықтың әлееті мен экономикалық жағдайын, елдің бірлігі мен ұлттың ұлыстығын сақтайтын жобаларға арнайы тоқталып өткен. Соның ішінде білім саласына ерекше мән берген. «Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.»,-деп айқын жол көрсетіп, нақты мақсатқа жетелейді. Шындығында оқу мен білімге құштарлық бала жастан қалыптасуы керек. Ол үшін білім ошақтарының ахалы мен балалардың ертеңіне барлық жағдайлар жасалынуда.

Осы мақсатта "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандағы мектептер мен арнаулы орта білім беретін колледждерінің жаңа 2017-2018 оқу жылына дайындық барысы зерделенді. Зерделеу барысында анықталған кемшіліктер бойынша жауапты тұлғаларға ескертпелер жасалды.

7. Зерделеу жұмыстары жүргізілді

Аптаның екінші күні "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру » мақаласын және партияның "Кедергісіз келешек" жобасы аясында аудандағы білім беру нысандарының мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бейімделуіне зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу барысында аудан көлемінде атқарылып жатқан игі істердің куәсі болдық. Еліне ерекше қамқорлық көрсету нағыз ер азаматтың міндеті. Олай болса аудандықтардың болашағы жарқын болары анық.

8. Негізгі бағыт

Осы аптада «Нұр Отан"партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен партияның аудандық филиалы мен "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалының бірлескен шарасы болып өтті. "Қаратау" бастауыш партия ұйымында өткен жиынды партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Құлыбеков ашып жүргізіп отырды. Онда Елбасының биылғы Қазақстан халқына арналған "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауы мен "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласының негізгі бағыттарын түсіндіріп өтті. Мұнан кейін сөз кезегін алған "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалының жетекші маманы Е.Кирсанова және маманы А.Құлмаханбетов еліміздің зейнетақы жүйесіне енгізілетін өзгерістер туралы кеңінен баяндады.

9. Ортақ ұстаным

"Нұр Отан" партиясы Сарысу аудандық филиалында аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімінің аппараты, аудандық жобалық офис жетекшісі Д.Асанова азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында Динара Асанова : - Рухани жаңғыру идеясы ата мекенмен ұлттың бір болуын, үнемі ұрпақ пен туған жердің байланысуын, адам мен табиғаттың тұтастығын негіздейді. Рухани жаңғырудың негізінде жеке адамның, халықтың тұлғаға айналатындығын ата бабаларымыз жете түсінген. Батырлықтың, шешендіктің, тума талант иесі болып ұлт өнерінің тарихта терең арнасын қалдырудың өзі қазақ баласының тарихтағы жасампаздық рухының биіктігін көрсетеді. Яғни ақпараттың сүйемелдеуінсіз тарихымызды тереңнен қозғап, халыққа жария ете алмасымыз анық. Рухани жаңғыру шыныменде ұлттың, елдің болмысына тән құбылыс және халыққа ортақ ұғым, ортақ ұстаным, тарихи қажеттілік екеніне тоқталды.

Аудан тұрғындары да осы мақалаға байланысты ойларымен бөлісіп, көкейлерінде жүрген сауалдарына тиісті жауаптар алды.