1. Рухани жаңғыру эмблеммасы
Жастарымыздың санасы сергек, рухы биік.
Елбасының бағдарламалық мақаласы — халықтың, қазақтың үлкен, ұлы мәселесі. Сондықтан бұл мақала санасы сергек, болашақты ойлайтын азаматтардың барлығына өте түсінікті деп ойлаймын. Онда халыққа барлық мәселелер өте нақты түрде айтылған. Елбасы өз мақаласында бүгінге дейін елімізде саяси реформа, экономикалық даму мен өркендеу мәселесі айтылғанын, ендігі уақытта солардың негізгі ұстыны — рух мәселесін көтеру керектігін айтады. Дүниеде көптеген ұлттар осындай ұстынның жоқтығынан, әркімнің жетегінде кетудің кесірінен, болмаса адами, пенделік адасудан келіп жердің бетінде жойылып, тек аттары қалғанын тарихтан білеміз. Не болмаса, олардың бөлшек-бөлшек болып бөлінгенін де білеміз. Бұл бағдарлама біздің халқымызға керек, бұл — рухани дамуымыздың бағдарламасы. Осы орайда аудан әкімдігінде «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында аудандық жобалау офисі құрылып, Елбасы мақаласы аясында кеңінен жұмыстар жүргізуде.
Соның бірі жуырда «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жұлдыз» сауықтыру лагерінде өткен «Көңілді старт» эстафеталық ойындары.
Шарада «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры М.Бегеев ашып, сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыс 6 номинация бойынша өткізіліп, оған 5 команда қатысты. Нәтижесінде «Тәлімгерлер» командасы «Жүйрік» команда номинациясы, «4 топ» командасы «Үздік» команда номинацияларын жеңіп алса, «3 топ» командалары І-орынды иеленсе, «2 топ» командасы ІІ-орынды қанжығасына байлады. Ал, ІІІ-орынды «1 топ» командасы қанағат тұтты. Сонымен қатар, М.Мурсалимов, А.Үмбет, А.Айтбековтар үздік ойын көрсетті.
Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар табысталды.
Іс-шара соңы 300-ге жуық жастардың флеш-моб биімен аяқтады.
Сәулет Есқараев, «Сарысу»
2. Жүз жаңа есім эмблемма
«Қазақстандағы 100 жаңа есім » жобасының маңызы зор
Қазақстан Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру » мақаласындағы «Қазақстандағы 100 жаңа есім » жобасы жайында тұжырымдалған тарауының маңызы ерекше. Осы орайда дүйсенбі күні «Тілдерді оқыту орталығы» Сарысу аудандық бөлімшесінің меңгерушісі Гүлзат Сәрсенбиеваның ұйымдастыруымен аудандық орталықтандырылған кітапхананың оқу залында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғ.Рыспанов аталмыш шарада сөз сөйлеп:- «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты айрықша бағдарламалық мақаласы – біздің қоғамдық өміріміздегі айрықша құбылыс деп бағалаймын. Президентіміз үшінші жаңғыру үдерістерінің мақсаттары мен міндеттерін көрегендікпен нақтылай отырып, енді рухани жаңғырудың Жолдауы іспетті дүниесін жариялап, сәулесі бар саналарды дүр сілкіндіріп отыр.Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озық жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс,-деді.
Содан соң Елбасы мақаласына байланысты слайд арқылы насихат жұмыстарын жүргізген «Тілдерді оқыту орталығы» Сарысу аудандық бөлімшесінің меңгерушісі Гүлзат Сәрсенбиеваның баяндамасы тыңдалды.
Баяндамашы: - Мемлекет басшысы мұнымен қоса ғасырлар қойнауында қалып, жылдар өте саяси себептермен де сергелдеңге түскен «қазақ әліпбиінің» тағдырын да назардан тыс қалдырған жоқ. Елбасы бұл мәселені бірнеше жылдан бері көтеріп келе жатқанын білеміз. Десек те, мақаладан латын қарпіне көшетін кездің келгенін оқығанымызда қатты қуандық. Тіпті, биылғы жылдан бастап қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керектігі айтылып, Үкіметтің іске кірісетінін де тілге тиек етіліпті. Нәтижесінде 2025 жылға қарай латын әліпбиіне толықтай көшу жоспары да жарияланған. Осындай құптарлық істі жасотандықтармен қоса біздің барша замандастарымыз, қатарластарымыз, жалпы жастар қауымы қолдайды деп ойлаймыз.
Сонымен қатар, Елбасының Тәуелсіздік жылдарында өз ақылымен, еңбегімен, білімімен, дарынымен оза шапқан азаматтардың «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асыру идеясымен де танысып шықтық. Жасампаздықтың жарқын жылдарында жақсылықтың жанынан табылған жандардың бұл жинағы жастарға да үлгілі жоба болары ақиқат,-дей келе жүз жаңа есім жобасының маңыздылығына тоқталды. Жиналған қызметкерлер мен тыңдаушылар өз ойларын білдірді.
