- •1.Қақтығысты шешу жолдары қандай болатындығын түсіндіріңіз?
- •2.Науқастың әлеуметтік реабилитациясының маңызын қалай түсіндіресіз?
- •3.Науқасқа көмектесуде дәрігердің коммуникативтік дағдыларының ерекшеліктерін атаңыз?
- •4.Психологиялық қорқыныштары бар науқастармен сұхбаттасу?
- •5.Науқастардың әлеуметтік реабилитациясымен әлеуметтік көмегіне әсер етуші факторлар қандай болатындығын сипаттаңыз?
- •6.Тәжірибелі дәрігердің жас әріптестерімен қарым-қатынасын атаңыз?
- •7.Реабилитацияның негізгі принциптері қандай болатындығын сипаттаңыз?
- •8.Реабилитацияның ұғымына не кіреді?
- •9.Реабилитацияның қанша түрі бар?
- •10.Дәрігердің коммуникативтік компетенциясының басты мақсаты неде?
- •11.Науқасты қанағаттандыруға кері әсер ететін кедергісін анықтаңыз?
- •13.Күрделі науқастарды қабылдау ерекшеліктері?
- •14. Дәрігердің коммуникативтік компетенциясының басты мақсатын қалай жүзеге асыруға болады?
- •15.Науқастың қанағаттануын қалай түсіндіресіз?
- •16.Науқастың қанағаттануына кері әсер ететін кедергісін анықтаңыз?
- •17.Науқастың наразылығын тудыратын қандай себептер?
- •18.Өлімнің этикалық аспектісін қалай сақтауға болады?
- •19.Қайғылы жағдайда туыстарына хабардар ету ерекшеліктері қандай?
- •20.Реанимация шараларының этикалық мәселелерді шешу ерекшеліктері қандай?
- •21.«Зиян келтірме»- деген сөзді кім айтқан және толық сипттаңыз?
- •22.Дәрігердің моральды және кәсіптік міндеттері қандай?
- •24.Науқастың құқығы?
- •25.Науқас дәрігерден не күтеді?
- •26.Науқасқа диагнозын және болжамын айту?
- •27.Қайғылы жағдайда кімдерге қалай хабарлауға болады?
- •28.Патологиялық қорқыныштары бар науқастармен сұхбаттасу?
- •29.Паллиативті медицинаның мақсаттары қандай болатындығын сипаттаңыз?
- •30.Паллиативті көмектің критерийлері қандай болатындығын түсіндіріңіз?
- •2.Дәрігердің кәсіби және жеке жетістіктерге жетуге әсер етуші факторлар?
- •3.Дəрігер тұлғасына не əсер етеді?
- •4.Дәрігерде қандай қасиеттер болуы керек?
- •5.Дәрігерде қандай моральді принциптері болуы керек?
- •6.Созылмалы ауруы бар науқастарды ақпараттармен қамтамасыз етуді қалай жүргізесіз?
- •9. Тәжірбиелі дәрігердің жас әріптестерімен қарым-қатынасына сипаттама беріңіз?
- •10.Қанағаттандыру ұғымына сипаттама беріңіз?
- •11. Инфаркт миокардымен ауырған науқастардың әлеуметтік реабилитациясы?
- •12. Денсаулық мектебін қалай ұйымдастырасыз?
- •14 Орта және кіші медицина қызметкерлердің мотивациясы ретінде тиімді коммуникация тәсілдерін қолданудың негізгі принциптері қандай
- •Жаңадан шыққан қызметті көрсету және нарыққа енгізу.
- •Өсу кезеңі.
- •Ұлғаю кезеңі.
- •Төмендеу кезеңі.
- •15.Ятрогения дәрігерлік қателіктер?
11. Инфаркт миокардымен ауырған науқастардың әлеуметтік реабилитациясы?
Науқастың ауруға деген психологиялық реакциясының құралуында «әлеуметтік беделділік» деген фактор орын алады, яғни оған және оның ауруына қоршаған әлеуметтік топтың қатынасы. Әрбір елде немесе мәдениетінде сырқатқа өзінеше қараған. Тарихи жазбаларда Ежелгі Спартада сұлу дені сау денеге қатты көңіл бөлгендіктен, қариялар мен науқастарды биік жартастан теңізге лақтырғандығы жайындағы мәліметтер кездеседі. Ортаңғы ғасырлы Еуропада психикалық науқастардан «жын» иелерін қуу мақсатында, оларды отқа жағып өртеген. Қазіргі уақытта ауруға деген қатынасты екі бағытқа: «беделді» қоғамда айтуға болатын және «беделсіз» қоғамда жасыруға тырысатын деп бөледі. «Беделді» ауруларға, мысалы, жүректің ишемиялық ауруын, әсіресе миокард инфарктісін жатқызады. Бұлар адамның әлеуметтік статусын жоғарлатады, яғни олардың жауапкершілік, еңбексүйгіштік, міндеттілік сияқты психологиялық қасиеттерін күшейтіп көрсетеді, осыған орай оларға сыйлаушылық, қамқорлық көрсетіледі.
12. Денсаулық мектебін қалай ұйымдастырасыз?
Денсаулық мектебі- пациенттер мен тұрғындарға топтық ықпал жасаудың ауру қауіп қатерінің мінез-құлықтық факторлары дамуының алдын алу бойынша білімділік, ақпараттылық жіне практикалық дағдылар деңгейін арттыруға бағытталған әдіс- тәсілдердің қйымдастырылған жиынтығы.
Ұйымдастыру кезеңі. Пациентермен танысу.
Пациентердің тобын (6-8адам) столдың басына, немесе, жарты шеңбер құрып отырғызады және бір бірімен таныстырады. Ең бірінші сабақ жүргізетін әдіскер өзін таныстырады. Содан кейін, әр пациент төмендегі жоспармен өздерін таныстырады, аты
( топта оны қалай атауға болады), жасы, ауырғанына қанша уақыт болғандығы, бұрын бауыр ауруы бойынша денсаулық мектебінде оқыды ма, жұмыс істей ме, немесе оқу оқи ма, диета ұстай ма, зиянды әдеттері бар ма, мөлшерленген тұлғалық жүктемелер жасай ма, жоқ па, қандай дәрілерді қолданады(таблетка, инъекция), емге қаннағаттана ма,қандай қиыншылықтар бар? Осындай сұрақтар қойылған анкетаны, ауру мектепке жазылуға келгенде толтыруын сұрауға болады. Олардағы ақпараттар топты құруға көмектеседі және ауруларға өзін алғашқы таныстыруын жеңілдетеді. Егер сабақта аурудың туысы қатысып отырса, ол аурудың проблемасын айтады. Өзін алғашқы таныстыру үшін әр ауруға 3 минуттан аспайтын уақыт беріледі.
Топтың жұмысы жемісті болуы үшін әдіскер алдын ала плакатқа, немесе дискіге жазылып дайындалған «топтағы жұмыс ережесімен» таныстырады және олардың жұмыс барысындағы маңызымен түсіндіреді.
Сабақтан қалмау
Кешікпеу
Жарысып немесе бөгде сөздерді сөйлемеу
Тілектестік қарым қатынас білдіру
Топтың жұмысына белсенді түрде араласу
Өз ойың ашық айту, «мен» деген сөзді пайдаланып пікірін дұрыс деп түсіндіру.
Бұл тізімге аурулардың ұсынған бірнеше ұсыныстарын қосуға болады. Содан кейін ұйымдастыру ақпаратын хабарлайды, сабақ кестесі және жоспары, керекті құрал жабдықтар және т.б.
13. Орта және кіші медицина қызметкерлрінің қарым- қатынасының этикалық аспектісін қалай қалыптастыруға болады?
Дәрігер өз міндетін атқару барсында, басқада адамдармен түрлі қарым- қатынас, баайланыс, сұхбат ( коммуникация( жасауға мәжбір- оның ішінде – науқаспен, оның туған – туысымен , әріптестерімен басқада медициналық қызметкерлермен.Дәрігер жұмысының нәтижелігі мен деңгей дәрежесі ,оның білімділігі мен біліктілігіне ғана емес, қарым-қатынас дағдыларына да байланысты7Дәрігердің сыпайылығы, шынайылығы, адалдығы, әділеттілігі, жанкештілігі, сонымен қатар коммуникативті компетенттілігінің жоғары дәрежеде болуы көптеген жетістіктерге қол жеткізуіне оң әсерін тигізеді. Дәрігердің коммуникативті компетенттілігі профессиональді маңызды қасиет. Мейірбике жұмыс міндеті бойынша санитаркамен қоян-қолтық байлаыста болады. Науқасты күту , бөлмеде тазалық және манитарлық режимін сақтау , ауруға тулет жүргізу және т.б жұмыстар санитарканың режиміне жатады. Бұл жұмысты мейірбике үнемі қадағалап бақылайды. Сондықтан, мейірбике мен санитарка арасындағы қатынас тиісті дәрежеде болуы, ауруды емдеу ісіне оңды ықпал жасайды. Керісінше олардың жұмыс бабы бойынша қатынасуы үлгісіз болса, емдеудің тиімділігі де жоққа шығуы да мүмкін. Науқас күтіменде орта және кіші медицина қызметкерлерінің үлесі орасан үлкен. Әсіресе, ота жасалған науқастарға, дәрігерді еңбегін зая кетпес үшін, науқасқа жақсы күтім керек, ол күтімді орта және кіші медицина қызметкерлерінің арқасында жүзеге асырылады. Сондықтан, дәрігер мен орта және кіші медицина қызметкерлерінің арасында түсіністік болу керек. Арада түсіністік болмаса немесе оған қауіп төнсе, онда медициналық көмектің сапасы заңды турде төмендейді.
