- •1.Қақтығысты шешу жолдары қандай болатындығын түсіндіріңіз?
- •2.Науқастың әлеуметтік реабилитациясының маңызын қалай түсіндіресіз?
- •3.Науқасқа көмектесуде дәрігердің коммуникативтік дағдыларының ерекшеліктерін атаңыз?
- •4.Психологиялық қорқыныштары бар науқастармен сұхбаттасу?
- •5.Науқастардың әлеуметтік реабилитациясымен әлеуметтік көмегіне әсер етуші факторлар қандай болатындығын сипаттаңыз?
- •6.Тәжірибелі дәрігердің жас әріптестерімен қарым-қатынасын атаңыз?
- •7.Реабилитацияның негізгі принциптері қандай болатындығын сипаттаңыз?
- •8.Реабилитацияның ұғымына не кіреді?
- •9.Реабилитацияның қанша түрі бар?
- •10.Дәрігердің коммуникативтік компетенциясының басты мақсаты неде?
- •11.Науқасты қанағаттандыруға кері әсер ететін кедергісін анықтаңыз?
- •13.Күрделі науқастарды қабылдау ерекшеліктері?
- •14. Дәрігердің коммуникативтік компетенциясының басты мақсатын қалай жүзеге асыруға болады?
- •15.Науқастың қанағаттануын қалай түсіндіресіз?
- •16.Науқастың қанағаттануына кері әсер ететін кедергісін анықтаңыз?
- •17.Науқастың наразылығын тудыратын қандай себептер?
- •18.Өлімнің этикалық аспектісін қалай сақтауға болады?
- •19.Қайғылы жағдайда туыстарына хабардар ету ерекшеліктері қандай?
- •20.Реанимация шараларының этикалық мәселелерді шешу ерекшеліктері қандай?
- •21.«Зиян келтірме»- деген сөзді кім айтқан және толық сипттаңыз?
- •22.Дәрігердің моральды және кәсіптік міндеттері қандай?
- •24.Науқастың құқығы?
- •25.Науқас дәрігерден не күтеді?
- •26.Науқасқа диагнозын және болжамын айту?
- •27.Қайғылы жағдайда кімдерге қалай хабарлауға болады?
- •28.Патологиялық қорқыныштары бар науқастармен сұхбаттасу?
- •29.Паллиативті медицинаның мақсаттары қандай болатындығын сипаттаңыз?
- •30.Паллиативті көмектің критерийлері қандай болатындығын түсіндіріңіз?
- •2.Дәрігердің кәсіби және жеке жетістіктерге жетуге әсер етуші факторлар?
- •3.Дəрігер тұлғасына не əсер етеді?
- •4.Дәрігерде қандай қасиеттер болуы керек?
- •5.Дәрігерде қандай моральді принциптері болуы керек?
- •6.Созылмалы ауруы бар науқастарды ақпараттармен қамтамасыз етуді қалай жүргізесіз?
- •9. Тәжірбиелі дәрігердің жас әріптестерімен қарым-қатынасына сипаттама беріңіз?
- •10.Қанағаттандыру ұғымына сипаттама беріңіз?
- •11. Инфаркт миокардымен ауырған науқастардың әлеуметтік реабилитациясы?
- •12. Денсаулық мектебін қалай ұйымдастырасыз?
- •14 Орта және кіші медицина қызметкерлердің мотивациясы ретінде тиімді коммуникация тәсілдерін қолданудың негізгі принциптері қандай
- •Жаңадан шыққан қызметті көрсету және нарыққа енгізу.
- •Өсу кезеңі.
- •Ұлғаю кезеңі.
- •Төмендеу кезеңі.
- •15.Ятрогения дәрігерлік қателіктер?
І-деңгей
16. Ятрогения ұғымына сипаттама беріңіз?
Ятрогения (Iatrogenia - дәрігер әрекеті, себебі) - Дәрігердің байқамай айтқан сөзімен немесе іс-ірекетімен байланысты. Ятрогендік аурулар (грекше iatros дәрігер +gennao шығару, құрастыру; ятрогеннің синонимы) – медициналық қызметкерлердің деонтологиялық қателіктерінің қате, байқамай сөйлеуінің нәтижесінде пайда болатын психогендік бұзылыстар. Алайда медицина әдістері барынша агрессивті бола бастады, сол себепті тіпті дұрыс медициналық әрекеттердің жағымсыз салдары жиірек туындай түсті. Сондықтан ятрогендік зақымдануды – медициналық әрекет шақырған организм қызметінің немесе құрылымының арнайы емес немесе болуы әбден мүмкін зақымдануы деп анықтауға болады.Профессор С.Я.Долецкий ятрогенияның классификациясын ұсынды:
Қарым-қатынас,алиментарлық,манипуляциялық,наркозды,хирургиялық,сәулелік деп 6 типке болді.ятрогендік аурулар думацы дәрігер мінезіне және науқастың тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты.Науқастардың көбісі тек аурудан емес сонымен қоса жүретін үрей,қорқыныш,емнің натижесіне сенбегендіктен осыдан туындау мүмкін.Ятрогения туындауы тек медициналық қызметкерлеге ғана байланысты емес оған қоса науқастардың ем алу барысында озіндік іс әрекетінін дұрыс болуы және т.б.
Р.А.Лурия ятрогения екіге бөлді:
Науқастың ешқандай патологиялық ауытқуы жоқ бірақ та науқас дәрігердің сөзін дурыс түсінбеуінен өзін аурумын деп санап психологиялық жағдайын ушықтырады
Екінші тип
Дәрігердің дұрыс емес немесе артық сөздерінен науқастың жағдайы төмендеп кетеді
Осылайша ятрогения ұғымын көптеген классификацияға бөлуге болады.
17. Ятрогенияны болдырмау жолдары қандай болатындығын түсіндіріңіз?
Мәселенің күрделілігін азайту;
Ақпаратты өңдеу процесін хаттамалар мен көмекші құралдарды қолдану арқылы жеделдету;
Қажетті кезінде көрсеткіштерді автоматты түрде өңдеуді қолдану;
Ингаляциялық анестетиктерді енгізу кезіндегідей қысымдау шараларын қолдану;
Емдеуді ауыстырудың салдарынан болған қосымша залалдарды азайту, әсіресе, жаңа техникалар мен әдістер бірінші рет қолданылғанда
18. Дәрігердің кәсіптік деформациясының пайда болуына әкелетін негізгі сыртқы факторын атап көрсетіңіз?
Кәсіптік деформация дегеніміз- дәрігердің психологиялық болмысына мамандығының жасайтын әсері. Кәсіптік деформация адаммен адам қарым-қатынас жасайтын қызметтерге тән. Кәсіптік деформация,кәсіби адаптацияға байланысты, яғни дәрігер аурудың қиналуына үйреніп, бейімделу негізінде пайда болады. Әрине, дәрігерге змоционалдық қарсы тұру қабілеті де керек, бірақта ол мамандықтың оңды қасиеттерін, этика нормалары негіздерін мұқият сақтауы қажет. Кәсіби деформацияның себептері, яғни оған әкелетін стрессогенді факторлар: эмоционалды күю синдромы, моббинг, субъективті моббинг, кәсіби өшу синдромы, қажу, жұмыс қарбаластығы және қақтығыстар, жұмыстың бірқалыптылығы және т.б. себептерден пайда болуы мүмкін. Осы аталған факторларға: Жағымсыз алаңда жұмыс істеу, Эмоционалды күю синдромы, Жұмыс қарбаластығы және қақтығыстар
19.Дәрігердің кәсіптік деформациясының пайда болуына әкелетін негізгі ішкі факторды атап көрсетіңіз?
Дәрігердің кәсіптік деформациясының пайда болуына әкелетін негізгі ішкі факторлар:
Тұлғаның кәсіби деформациясы – бұл кәсіпқой маман иесінің жұмысының әсерінен тұлғаның мінез-құлқының өзгеруі.
Кәсіби деформацияның себептері, яғни оған әкелетін стрессогенді факторлар: эмоционалды күю синдромы, моббинг, субъективті моббинг, кәсіби өшу синдромы, қажу, жұмыс қарбаластығы және қақтығыстар, жұмыстың бірқалыптылығы және т.б. себептерден пайда болуы мүмкін. Осы аталған факторларға қысқаша тоқталып кетсек:
Жағымсыз алаңда жұмыс істеу – кез келген мамандықта жағымсыз материалмен жұмыс істеуге тура келеді, осы жағдайда жағымсыз эмоциялар пайда болады. Өз кезегінде олар жинақталып, кәсіби деформацияға әкеледі.
Эмоционалды күю синдромы — бұл когнитивтi және физикалық энергияның бiртiндеп жоғалтуын, жұмыстың орындауымен зерделi жүдеу, физикалық қажу, жеке аластатушылық және қанағаттанудын төмен деңгейін көрсететiн процесс.
Жұмыс қарбаластығы және қақтығыстар – әріптестер арасында түсініспеушілік, олардың тым сынағыштығы. Дәрігер тәжірибесінде әріптестерімен кейбір жағдайда келіспеушіліктер, түсініспеушіліктер болып тұрады.
Моббинг – психология ғылымында жаңа терминдердің бірі болып табылады, ол жұмыста қыспаққа алуы және қудалауды қайғыру күйімен сипатталады.
Субъективті моббинг – тұлғаның жұмысқа бейімделуінің деструктивті формасы. Тексеріс, эмтихан, комиссия және т.б. себептерден қобалжу болып табылады.
Өзінің денсаулығына қауіп төндіру – вирустармен жұмыс кезінде инфекция жұқтырып алу, психикасы бұзылған науқастармен жұмыс кезінде, жедел жәржем көлігінде жарақаттану қаупі.
Ургентті аддикция – өзі байқамай, мiндеттемелердiң орындалмайтын санымен жүктеу.
Экстремалды жағдайлар – дәрігерлер жұмыс барысында тез әрі жауапты шешімдер қабылдауы қажет.
Аса жоғары жауапкершілік – жасалынған жұмыс туралы есеп беру, уақытысында және ұқыпты протокол толтыру, ауру тарихын толтыру және т.б.
Дәрiгердiң жұмысы адам өміріне байланысты болғандықтан жеке де, кәсiби де өте қызу шығынды, тұрақты жетiлдiруді талап етедi.
төмендей береді;
20. Дәрігерлік қателерді төмендету жолдарын атап беріңіз?
Заңгер И.Ф.Крылов төмендегідей дәрігер қателіктерін топқа жіктейді: Диагностикалық, ауруды танымау не қате тану Техникалық,медициналық техниканы дұрыс пайдаланбау,сәйкес емес медикаменттер мен диагностикалық құралдарды қолдану. Деонтологиялық қателіктердің салдарынан болатын ятрогенді аурулар болады. Біздің ойымызша ятрогения емдеу мекемелерінің жұмысындағы өте маңызды ақау. Ол медициналық қызметкерлердің жоғары кәсіби дәрежесінің жетіспегендігін, ұжымдағы тәрбиелік шаралардың әлсіздігін көрсетеді. Халыққа медициналық көмек көрсетудің сапасы мен уақтылылығын жетілдіру үшін аурулардың диагностикасы мен емделуі, соның ішінде емдеудің амбулаториялық деңгейіндегі емделуі хаттамалары әзірленіп, бекітілді. Ортақ дәрігерлік практика енгізу мақсатында 2006 жылғы №124 «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы» бұйрық бекітіліп, ҚР Әділет министрлігінде тіркелген. Осы бұйрықпен сол сияқты АМСК ұйымдарының үлгі штаттары мен штаттық нормативтері бекітілген. Денсаулық сақтау министрлігі, жергілікті органдар және денсаулық сақтау ұйымдары әлеуметтік маңызды және айналаға қауіп төндіретін аурулармен күрес жөніндегі мақсатты жүргізуде.
Дәрігердің кәсіптік бейімделуіне сипаттама беріңіз?
Кәсіптік деформация дегеніміз- дәрігердің психологиялық болмысына мамандығының жасайтын әсері. Кәсіптік деформация адаммен адам қарым-қатынас жасайтын қызметтерге тән. Кәсіптік деформация,кәсіби адаптацияға байланысты, яғни дәрігер аурудың қиналуына үйреніп, бейімделу негізінде пайда болады. Әрине, дәрігерге змоционалдық қарсы тұру қабілеті де керек, бірақта ол мамандықтың оңды қасиеттерін, этика нормалары негіздерін мұқият сақтауы қажет.
Дәрігер өз шешімдері мен әрекеттеріне толық міндетті және науқастарға көрсетілген жәрдемнің түрлеріне толық жауапты болады. Науқастарға көрсетілген жәрдемнің сапасы ешқашан да оның білімі мен біліктілігінен жоғары болмайтынын есінде сақтап, дәрігер міндетті түрде және үнемі кәсіби дәрежесін жетілдіруі керек. Дәрігер өз әрекетін іске асыруда медицина ілімінің соңғы жетістіктерін қолдануы қажет. Кәсіби шешім қабылдауында, материалдық пайда табу жағы, дәрігерді қиянатқа итермелемеуі кажет. Дәрі шығару фирмаларының препараттарын тағайындау үшін, дәрігер олардың сыйлықтарын алуға дағдыланбауы жөн. Дәрілерді тағайындаған кезде, дәрігер тек науқастың кұкығын сақтап, меди-циналық көрсеткіштерін басшылық етеді. Соғыс және бейбітшілік жағдайында, медициналық жәрдемді қажет етуші адамдарға, олардың жасына, жынысына, ултына, дініне, әлеуметтік жағдайына, саяси көзқарасына, азаматтылығына және басқадай медициналық емес жағдайына, сонымен қатар, материалдық жағдайына байланысты көмек беріледі.
Емделудің кезеңдеріне қарай, дәрігер мен науқастың қарым-қатынасы дәрігерге түрлі міндет артады. Мысалы, 1-ші сатысында бір-бірін түсініп, ем мақсатына келісім жасалады. Екінші сатыда - коммуникативтік жүйесі қүрастырылып, әрқайсысының реттік ролі және емдеуге әрекеттесіп қатынасу дәрежесі анықталады. Үшінші кезеңде дәрігер белсенділігін тежейді, аурудың дербестігіне және тәуелсіздігіне мүмкіндік жасайды. Қарым-қатынас жасаудың қолайлы түріне, дәрігердің белсенді болып, директивті және директивті емес стильдің шегінен шықпауы жатады.
Медициналық интервьюдің мақсаты, функцияларына сипаттама беріңіз?
Мақсаты:
1. Науқастың жекеше психологиялық қасиеттерін біліп, бағалау.
2. Психологиялық ерекшеліктерін сапасын анықтау, олардың күшін, ауырлығын жіктеу.
3. Алынған мәліметті психологиялық феномендерге немесе психопатологиялық симптомдарға жатқызу.
Сонымен қатар сұхбаттың мақсатына адамның шағымдарын анықтау және оның тәртібін жүріс тұрысының ішкі себептерін ықпалдарын айқындау жатады.
Қақтығыс ұғымына сипаттама беріңіз?
Қақтығыс латын тілінен аударылғанда кезде қақтығыс деген мағынаны білдіреді. Бұл оппоненттердің немесе субъектілердің ара қатынасындағы қарама-қарсы бағытталған мақсаттардың қызығушылықтардың, позициялардың ойлардың немесе көзқарастарының қақтығысуы. Кез-келген конфликтінің негізінде қандай да бірсылтаудағы қарама-қарсы бағыты бар жағдай жатыр немесе мақсаттарымен тілектерінің және қызығушылықтарының сәйкес келмеуі. Қақтығыс қиын шешілетін шиеленістер, қарама-қарсы қызығушылықтар түйіскен кезде пайда болады. Конфликт-жеке адам, әлеуметтік топ, социум деңгейіндегі қарама-қарсылық күресінің бейнесі. Сондықтан, конфликт лидерлік қатынастардың нормасы деп айту дұрыс. Жалпы қақтығыс дегеніміз-адамдар арасында олардың белгілі бір ойларының, мақсаттарының, мүдделерінің, құндылықтарының және тағы басқа ерекшеліктерінің сәйкес келу, келмеуінен туатын жағдай. "Қақтығыс" ұғымы И.П.Павловтың ғылыми мектебінен келген "эксперименталды невроз", "қиын күй" деген терминдермен функционалды туыстықта жатыр.
Әрбір қақтығыста оның қатысушылары-конфликттантар болады. Оларда ерік, жігер, сана бар және өз әрекеттерінің мағынасын түсініп, оларға жауап бере алады. Әрбір қатысушы-субъект болып табылады, субъект бір немесе бірнеше адам болуы мүмкін. Қарсы субъекттер бір-біріне оппонент болады, олардан басқа да субъекттер болуы мүмкін. Бұлар бақылаушылар. Бақылаушылар екі жақ арасында бейбіт функцияны атқарады. Бірақ олар тез арада оппонент болып кетуі мүмкін. Қақтығыс даму үшін инцидент керек. Кейде ұзаққа созылған қақтығыс кезінде оны бөліп қарастыру қиынға соғады, өйткені көптеген толықтырушы мәнжайлар көбейіп кетеді. Сонымен қатар мәні жоқ қақтығыс та болады. Егер жағдай айқындалмаса, онда оппоненттер ерте әлде кеш бір-біріне зиян келтіреді.
Конфликттің пайда болуына әсер етуші факторлар қандай болатындығын сипаттаңыз?
Қақтығысудың үш сатысы:
1. Қақтығысқа дейін – қақтығысқа байланысты объект, оның барлық жағдайы мен мүмкіндіктерін бағалау, идинтификациялау.
2. Қақтығыстың өзі – инцидент; қарсы жақты немесе қарсыластың көзқарасын өзгертуге бағытталады.
3. Қақтығыстың шешімі – инциденттің шешілуі немесе бітуі.
Себебтері:
қарсы жақтардың барлық ресурстары айтылып біткен жағдайда.
үшінші жақтың пайда болуы.
қарсыласын жойған кезде.
Қақтығыспен жұмыс жасау.
қақтығысты диагностикалау- әр түрлі негіздер бойынша қақтығысты талқылау, қақтығыстың объектісін табу, қақтығысқа қатысушылардан басқа, оларға әсер етуші жақтар бар.
осы қақтығысты шешу жолдарын табу керек және нақты іс- шараларды жоспарлау керек.
осы қақтығысты шешуге бағытталған шараларды орындау.
Қақтығысты шешудің түрлері:
қақтығыстың қатысушылары бір- бірінің көзіне көрінбеуге тырысады.
«А» жағы жеңіп, «Б» жағы жеңіледі (жеңіс- жеңіліс ).
компромисс ( 50/50)
жеңді –жеңді ( кооперация стратегиясы).
25.Конфликтіні шешудің негізгі жолдары қандай болатындығын түсіндіріңіз?
Кикілжіңдерді шешудің маңызды түрі психологиялық ара түсу болып табылады. Психологиялық ара түсу нақты кикілжіңдерді шешуге, «бұзылған қатынастарды қалпына келтіруге және оны жаңа, одан да конструктивті түрде жалғастыруға» бағытталған психологиялық көмек ретінде көрініс береді. Интервенцияның бұл формасы қақтығыстармен жұмыс істеудің психологиялық жағын, жағдайлық ұстанымының мүмкіншілігіктерін және конфликтологияның келіссөз жүргізу тәжірибесі мен арбитраж жасауда жинақталған тәжірибені бойына жинаған. Жағдайлық ұстаным жағдайды тұтастай өзгерту мүмкіншілігін, оның базистік қасиеттерін модификациалаудың арқасында іске асыруды қарастырады, осының арқасында бұл жағдайға қатысушы субъектілердің мінез- құлқының трансформациясына алып келеді.
Психологиялық ара түсу процесі шекісуге қатысушылардың әрқайсысымен жеке жұмыс істеу кезеңдерінен тұрады. Ара түсушінің клиентпен контактіге түсуінің қажетті шарты, оның нейтралды позицияны сақтауы болып табылады
26.Медициналық интервьюдің принциптері, фазаларына сипаттама беріңіз?
Қатынасудың бірінші кезеңі - көзбен, қас-қабағын бақылап тұлға аралық жанасуға ену. Мұнда дәрігердің өзін-өзі дайындауы, науқастың жағдайы мен көңіл-күйін сезуі, өзін еркін сезінуі өте маңызды. Науқастың өзіне бейімдеу, сұхбаттың біркелкі басталуын қамтамасыз ету де маңызды болады. Бұл кезең психологиялық жанасуды бекітумен аяқталады.
Қатынасудыц екінші кезеңінде назарын тікелей науқастың дертіне аударып, әңгіменің тақырыбын анықтап, мотивациялық қазбалауға (зондажға) көшеді. Оның мақсаты - науқасты ашық пікірлесуге қызықтыра отырьп, тарту.
Келесі, үшінші кезеңде науқастьщ ойында әртүрлі күмәндік болған жағдайда, дәрігердің аргументті түрде оны өз пікіріне сендіруі.
Төртінші фазада, дәрігер мен науқас бір нәтижеге жетіп, оны бекітуі. Бұл арақатынастың ең бір күрделі ксзеңі. Егер қатынас ажыраса, жанасу да осымен аяқталады.
Дәрігер - науқас арақатынасының құралдары. Қатынас құрудың негізінде, ақпарат алмасу жатады. Бұл қарым-қатынастың ең маңызды жағы. Нәтижелі арақатынас құру үшін вербальды және вербальды емес құралдар қолданылады.
Сұхбаттасу үстінде дәрігердің дене қалпы (поза), оның толық назар аударып, тыңдауға әзірлігін калыптастыру керек. Дәрігер науқас адамның көзіне үнемі тесіле қарауға болмайтынын ескере отырьш, оған тек анда-санда ғана көз тастағаны дұрыс болады. Бағалаусыз тыңдау техникасы бойынша ең маңызды шарт - үндемеу, икемдеу, ымдап қолдау және қызыққанын білдіру. Сұхбат кезінде аурудың қобалжып қапалануы, келесі жайлар арқылы бейнеленеді: оның сөз ырғағының өзгеруі, паузалардың пайда болуы, мысқал сөздерді жиі қолдана бастауы. Психологиялық жайсыз жағдай болғанның маңызды белгісіне жағатыны - аурудың сұраққа жауап беруден кашуы немесе жалпы мағынасыз фразаларды қолдануы. Науқас адам дау, талас немесе басқадай психологиялық конфликт, шиеленіс болғанын жасыруға тырысады.
27.Медициналық ұжымда шиеленіс туындауына әсер ететін факторларды қалай алдын- алуға болады?
Адамдармен қарым-қатынас барысында жанжалдан қашқақтаудың көптеген ережелері бар. Олардың ішіндегілер: 1. Егер адамды өзіңнің жауыңа айналдырғың келмесе, оның ойлау қабілеті мен дарындылығына ешқашан күмән келтірме. 2. Адамда өзіне-өзі деген сенімін нығайту керек. 3. Адамдармен сөйлесу барысында қарама-қарсы пікірлеріңіз болған жағдайда, сөзді бұдан бастамаңыз. Адам қорғанысқа дайын болу мүмкін де, барлық қарсы сөздер агрессияның күшүюіне әкелуі мүмкін. Немесе адамның жақсы көңіл-күйін сіздің қарсы сұрақтарыңыз бұзып, конфликт туындауы мүмкін. 4. Адамды сендіруге ұмтыла отырып, оған өз пікірін айтуға мүмкіндік беру керек. Әрине, бұл үлкен шыдамдылықты талап етеді, бірақ өте эффективті. Бұл ережелер сәтті болу үшін, ол принципке айналуы керек. Кейде манипулятор-адамдар кездеседі. Олар саналы түрде манипуляцияны өз пайдасы үшін қолданды.
28. Қақтығыстың түрлері қандай болатындығын сипаттаңыз?
Тұлғааралық инновациялық қақтығыстар – бұл еңгізілген жаңалықтың қолдаушылары мен қарсыластары арасындағы қарсы әрекеттер, яғни қарсыластар мен қолдаушылар арасындағы ұнамсыз көңіл-күй, түсінісбеушілік.
Тұлғааралық инновациялық қақтығыс себептерін төмендегідей 5 топқа ажырату мүмкін:
Объективті себептер – жаңашылдар (новотарлар) мен ескішілдер (консерваторлар) мүдделері арасындағы табиғи қақтығыс, тартыс. Жаңалықты қолдаушылар мен қарсыластар әрқашан да болған, болады да, қазір де бар. Айтылған себеп олар арасындағы қақтығыстың негізгісі.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық себептері – бұл жаңалықты еңгізу, бағалау, жариялау, тарату барысында саяси, тұрмыстық, басқарушылық механизмінің жетілмегендігі, жетіспеушілігі.
Инновациялық себептер – еңгізілуге бағытталған жаңалықтың өзінде кездесетін, кемшіліктердің, олқылықтардың болуы. (жаңалық сипатында, мінездемесінде).
Тұлғалық себептер – инновациялық (жаңалық еңгізушілер) процесс қатысушыларының жеке-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты себептер. Яғни көптеген қызметкерлердің жаңалық, өзгерістерге деген ұнамсыз, жағымсыз пікір-көзқарасының болуы, қалыптасуы, кейбір психологтардың есептеуінше 50% дейін (Ю. Н. Мягков).
Ситуация, жағдаймен байланысты себептер – жаңалық еңгізумен байланысты сол нақты жаңалықтың әсерінен туатын ситуация.
Тұлғааралық инновациялық қақтығыстарды шешудің негізгі мәселелері, жолдары төмендегідей:
Әрқандай жаңалықты еңгізудің техникалық, технологиялық жақтары емес, социалдық, психологиялық процесс жағын есепке алу;
Жаңалықты қолдаушылар мен қарсыластар арасындағы ұнамсыз эмоция жағдай күшті болса, ол жаңалық тиімді болмағаны;
Жаңалық еңгізушілер консерваторларға (ескішілдер) қарағанда көбірек күйіп-піседі, ойланады, толғанады;
Еңгізілетін жаңалық қаншалықты тиімді болса, оны жақтаушылардың жеңісі орынды болады, қақтығыста олар жеңіске жете береді;
Жаңалық еңгізушілердің қатары (қолдаушылары) молайа берсе, қақтығыстар олардың пайдасына шешіле береді;
Ұжым мүшелері еңгізілетін жаңалық (оның мәні, мазмұны, ерекшеліктері) жөнінде толық мәлімет, деректерге ие болса, қақтығыстың шиеленісуі төмендей береді;
29. Қақтығыс неше сатыдан тұрады?
Қақтығыс 3 сатыдан тұрады:
Қақтығысқа дейін – қақтығысқа байланысты объект, оның барлық жағдайы мен мүмкіндіктерін бағалау, идинтификациялау.
Қақтығыстың өзі – инцидент; қарсы жақты немесе қарсыластың көзқарасын өзгертуге бағытталады.
Қақтығыстың шешімі – инциденттің шешілуі немесе бітуі.
30. Қақтығыстың жақтарына сипаттама беріңіз?
Оң:
Қақтығысқа қатысушы жақтардың позицияларын анық білу.
Қақтығысты шешудің жаңа жолдарын табу.
Әр жақтың шамасы мен күшін объективті түрде бағалау.
Теріс:
Ресурстарды жоғалту,( физикалық, эмоциалық,материальдық, уақытты жоғалту).
Деструкциялану.
Дамуына кедергі болады.
Бөліну.
Қақтығысты талдау:
Осы сұрақтағы өзіңнің жауапкершілігіңді көре аласың, өз мінез құлқына назар аудара аласың.
Альтернативті шешімдерді табуға көмектеседі.
Инновациалық жол табуға көмектеседі.
Топтың ішінде бірігуге көмектеседі.
Болашақ қақтығыстар кезінде дұрыс шешімді табу жолындағы жақсы тәжірибе мен дағдыларды қалыптастырады.
ІІ-деңгей
1.Қақтығысты шешу жолдары қандай болатындығын түсіндіріңіз?
Қақтығысты шешудің түрлері:
қақтығыстың қатысушылары бір- бірінің көзіне көрінбеуге тырысады.
«А» жағы жеңіп, «Б» жағы жеңіледі (жеңіс- жеңіліс ).
компромисс ( 50/50)
жеңді –жеңді ( кооперация стратегиясы).
2.Науқастың әлеуметтік реабилитациясының маңызын қалай түсіндіресіз?
Әлеуметтік реабилитация.
Әлеуметтік ( тұрмыстық ) реабилитация ең негізгі түрлердің бірі болып табылады, негізгі мақсаты науқастың өз –өзіне қызмет көрсете білуін үйрету. Медицина қызметкерлердің басты мақсаты, мүгедектерді белсенді өмір сүруіне көмектесетін тұрмысқа қажетті ең қарапайым құралдарды пайдалана алуына көмектесу. Медицина қызметкерлері мен бірге әлеуметтік қызметкерлерге науқастардың өз мамандықтарына қайта келуіне көмек көрсету керек.
3.Науқасқа көмектесуде дәрігердің коммуникативтік дағдыларының ерекшеліктерін атаңыз?
Реабилитация – бұл қоғамға қажет, функциональды, науқастар мен мүгедектерге, әлеумеметтік еңбекті қалпына келтіруіне бағытталған, мемлекеттік маңызы бар комплексті: қоғамдық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, кәсіптік, юристік, т.б. іс- шаралардың арқасында жүзеге асырылады.
4.Психологиялық қорқыныштары бар науқастармен сұхбаттасу?
5.Науқастардың әлеуметтік реабилитациясымен әлеуметтік көмегіне әсер етуші факторлар қандай болатындығын сипаттаңыз?
Әлеуметтік ( тұрмыстық ) реабилитация ең негізгі түрлердің бірі болып табылады, негізгі мақсаты науқастың өз –өзіне қызмет көрсете білуін үйрету. Медицина қызметкерлердің басты мақсаты, мүгедектерді белсенді өмір сүруіне көмектесетін тұрмысқа қажетті ең қарапайым құралдарды пайдалана алуына көмектесу. Медицина қызметкерлері мен бірге әлеуметтік қызметкерлерге науқастардың өз мамандықтарына қайта келуіне көмек көрсету керек.
6.Тәжірибелі дәрігердің жас әріптестерімен қарым-қатынасын атаңыз?
Жақсы қарым - қатынастың рақасында ұжымда жақсы психологиялық климат орнап, көңіл күйлері көтеріңкі болып, жұмысты жақсы орындауына көмек береді. Дәрігер ешқашан, өзінен жасы үлкен орта және кіші медицина қызметкерлеріне «сен» деп сөйлеуге болмайды, оларға құрметпен қарап, дұрыс сөйлей білу керек.
Дәрігер ұжымдағы көптеген мәселерді шешуде ақылға сүйеніп, түсіністікпен, кәсіби құрмет пен ізеттілік және кішіпейділік таныту аса маңызды.
Ұжымдағы бүкіл, орта және кіші медицина қызметкерлерінің атын білуіңіз керек. Олармен ресми емес сұхбат жүргізуге уақыт бөліп отырыңыз.
Басқа қызметкерлер сіздің клиникалық шешімдеріңізді жақсы түсінгенін, қосымша жағдайларды да жоспарлауды ескергеніңізге және тексеру мерзімін нақтылағаныңызға көзіңізді жеткізіңіз.
7.Реабилитацияның негізгі принциптері қандай болатындығын сипаттаңыз?
Реабилитацияның негізгі принциптері:
1. Реабилитациялық іс –шараларды ерте бастау керек, ол емдік шараларға қосымша жүргізуілуі керек.
2. Реабилитацияны үзбей жүргізу керек.
3. Реабилитациялық іс-шараларды комплексті түрде жүргізу керек.
4. Мүгедектердің реабилитациясына тек қана медицина қызметкерлері ғана емес, басқада мамандар көмектесуі керек: психолог, социолог, әлеуметтік қамтамасыз ету қызметкерлері, юристер, т.б. Осы мамандардың жұмыла қосылып жасаған еңбектерінің арқасында мүгедектерді қоғамға қайта келуіне, өз мүмкіндіктеріне сенуіне көмектеседі.
5. Реабилитациялық іс –шаралардың әр адамға арнайы жағдай жасалу керек. Әр мүгедек пен науқасқа жеке реабилитациялық іс –шараларды жүргізу керек, оның ауруының ағымына байланысты, мінезіне, өмір сүру жағдайына қарау керек.
6. Реабилитацияны науқастар мен мүгедектердің ортасында.
