Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
распеч диплом.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.54 Mб
Скачать

9.4. Кенді блок түбінен шығару

Кенді блок түбінен шығару кезіндегі шүңеттердің көлбеу бұрышы 60° және жоғры жағының диаметрі 6 - 12 м. Тазарту блогының барлық ауданынан кен түсіп тұру үшін, шүңеттер жоғары жағында өзара қиылысады. Орлардың көлденең қима пішіні төңкерілген трапеция болып келеді, ордың ұзындығы бойынша 5-8 метр болып келеді.

Орлар мен салыстырағанда, шүңеттерді үңгілеу көп еңбекті қажет етеді. Орларды орнықты кендерде, қуатты және орташа қуатты кен шоғырларда қолданады, ал шүңеттерді — қуаттылығы төмен немесе жеткілікті орнықты жыныстар болғанда қолданады.

Сурет 9.4.1 - шығару шүңеттері:

1-жеткізу қазбасы; 2- шүңет; 3 - шүңетпен жеткізу қазбасын қосатын – қума.

Кенді еріксіз қабатаралық құлату жүйесімен, кенді блок түбінен шығару.

Бұл жүйе Ресейдің қуатты кен орындарын жер асты әдісімен қазу барысында кеңінен таралған.

Кенді шығару тазартылыс блоктарының түбінен арнайы кен қазбалар арқылы жүзеге асады. Арнайы кен қазбалардан уатылған кен тазартылыс кеңістігінің барлық ауданынан жеткізу кен қазбаларына түседі. Содан кейін кенді механикалық жолмен жеткізіледі.

Ресейдегі кенді блоктың түбінен шығару тәжіриебесі

Біріккен «Кировский» кеніші. Мурманск обласы Кировск ауданы. Кировский кеніші Европадағы кенді жер асты әдісімен өндіруші кеніштердің ең ірілерінің қатарына жатады (10÷12 млн. т. жыл. және өнімділігін 15 млн. т. жыл. дейін өсіре алатын мүмкіндігі бар), оның құрамына екі кен орны кіреді: Кукисвумчоррское и Юкспорское,

Бүгінгі таңда жалпы өндірістік қоры 800 млн. т. аса апатит-нефелин кенін құрайды.

Кукисвумчорр и Юкспоркен орындары пласт тәрізді шоғыр болып табылады

Кен шоғырының құлау бойынша бұрышы 15 тен 50- қа дейін құрайды. Кен шоғырдың жалпы созылымы - 5,7 км болып табылады. Кукисвумчоррс кен орнындығы кен шоғырдың орташа қуаты 140 ÷ 150 метр, Юкспорского орнындығы кен денесінің орташа қуаты 70÷80 метр, М.М. Протодьяков бойынша кеннің мықтылық коэффиценті - 6÷9.

Кенорны қорын өндіру жерасты әдісімен орындалады және кенді еріксіз құлату технологиясы қолданылады. Қажетті жүйені таңдау ең алдымен кеннің төмен өзіндік құнына тікелей байланысты болды. Және оны өндіру шығыны аса жоғары өндіру тәсілдерін қолдануды қажет етпейді. Аталған технология бойнша қабат биіктігі 70 м-ды құрайды, және 5÷9 қабат аралыққа бөлінеді.

А-А

12 м

12 м

6

4

м

14

6 м

м

7

Б

м

Б

7

7 м

7 м

10 м

10 м

5 м

11,

2

Б-Б

1

6 м

м

м

6

12

А

3 А

5

64 м

Сурет 9.4.2 - шанақасты кеңістікті және жинақталған кенді (ПО «Апатит») миналық уату арқылы орындалатын қабаттық еріксіз құлату жүйесі: 1 - тілме кен қазбалар; 2 - жинақталған кен; 3 - миналық құдықтар; 4 - өрлеме; 5 - түйісім; 6 - жоғарғы деңгейжиек.

1958 жылдан бастап кеніште бірте-бірте терең ұңғымалармен уату арқылы еріксіз құлату жүйесі енгізілді. Тазартылыс жұмыстарының механизациялануы және қабаттардың биіктігін арттыру мен уатылатын кен массасының көлемін ұлғайту нәтижесінде өнімділік 3430 т/ауысым дейін өсті.

Сурет 9.4.3. - толықтай алу және түбінен алуға қолданылатын қабаттық ерісіз құлату (Кировскийкеніші): 1 - бұрғылау қияқаздары; 2 - байланыстырушы қияқаз; 3 – конвейерлік қияқаз; 4 - дірілқоректендіргіштерге арналған кен қазбалар; 5 - негізгі жүрістіктер.

Өндіру жұмыстарына дайындық мүмкін болатын кез - келген сұлба бойынша жүзеге асырылады (қияқаздар, қуақаздар, құрама). Қабат биіктігі орташа 70÷80 м болып келеді, бір мезгілде 150÷1000 мың т кенді уатады. Кенді блок түбінде орналасқан шүңет арқылы шығарады.

Апатито-нефелинді Хибинский кенорнының ерекше тау-кен шарттарында кенді алудың дүмдік шығарудағы қабаттық еріксіз құлату қолданылады. Дүмнен шығару тәсілі жеткізуші қуақаздар және қияқаздардың бір деңгейде орналасуына мүмкіндік береді. Ол динамикалық тау - кен қысымының пайда болуын төмендетеді және жұмыс қауіпсіздігін арттырады. Сонымен қатар, дайындық - тілме жұмыстарының көлемін айтарлықтай төмендетеді. Бұл, әрине, қабат аралық және қабаттық түбінен алудан қарағанда артықшылықтарға ие.

«Таштагольский» кеніші. Таштагольский кен орнындағы кенденелерінің горизонтальді қуаты 15÷20 бастап 40÷60 м дейінгі аралықта өзгереді.

Кен шоғырлануының бірігу үрдістері байқалады , құлау бойынша ұзындығы 1500 – 1700 м жоғары. Құлау бұрышы 70 бастап 90° дейін арадықта өзгереді.

Кен орнын жерасты өндіру дірілді қоректендіргіштерді қолданып қабаттық еріксіз құлату жүйесімен блок түбінен шығару тәсімі арқылы жүзеге асады. Бұл жүйенің жұмыс істеу қағидасы: кен денесі биіктігі 70 м қабаттарға бөлінеді, ал қабаттар ені 16 - 27 м блоктарға бөлінеді, ұзындығы кен денесінің қуатына тең болады. Кенді уату ұңғымалар жиынтығымен жүзеге асырылады.

35-40

70

15-20

15

27

~40

Сурет 9.4.4 - Таштаголь кенішіндегі кенді қабаттық еріксіз құлату жүйесімен блок түбінен шығару тәсімі.

ОАР кенді блок түбінен шығару тәжіриебесі

FINSCH » кеніші

«FINSCH » кеніші. 1990 жылдан бастап қазіргі күнге дейін алмаз өндіруші кеніш кимберлиттік түтікше түріндегі кен денесін жерасты әдісімен өндіруде. Ол планда ауданы 17,9 га болатын, дөңгелек пішінге ие. Құлау бұрышы 90о - қа жақын.

Сурет 9.4.5 - «FINSCH» кеніші, қорларды

аршу және өндіру сұлбасы.

4, 6 блоктарының жұмысы кенді блок түбінен шығарумен қабаттық өздігінен құлатуды қарастырады. Ашу деңгейжиегі негізгі өндіру деңгейжиегінен 20 м жоғары орналасқан. Блоктар негізі (деңгейжиек) жеткізу кен қазбаларының өлшемімен бірдей 4,5х4,5 м2 . шүңеттермен даярланады. Ашу деңгейжиегінің кен қазба өлшемдері біраз аз шамада және 4х4 м2 болып келеді.

5 блокты өндіруде кенді дүмнен шығаруды қабатаралық құлату жүйесімен іске асыру жоспарланған.

Сурет 9.4.6 - «Finsch» кенішіндегі кенді блок түбінен шығаратын

қабаттық өздігінен құлату жүйесі.

Блок қорларын алу ашу деңгейжиегінде пайда болатын, өздігінен құлату күмбезін жасаудан басталады. Ол үшін осы деңгейжиекте ұңғымалар бұрғыланады және жарылады. Кенді блоктан шығару жұмыстары басталғаннан кейін кен төбесі үнемі ұлғайып тұрады.

«FINSCH» кеніші әлем бойынша жерасты әдісімен өндіруші алдыңғы қатардағы кәсіпорындардың бірі болып табылады және алмаз өндіруші салада жеткізу деңгейжиегінде автоөзітүсіргіш және ПДМ қозғалысы толық автоматтандырылған алғашқы кәсіпорын.

Финч (Finsch) кимберлиттік түтікшесі Оңтүстік Африка Республикасы, Кимберлиден солтүстік – батысқа қарай 160 км қашықтықта орналасқан. Алмаз өндіруші компанияның өнімділігі 2014 жылы - жылына 4 млн каратқа және 2019 жылы 5 млн-нан жоғары шамаға өседі деп күтілуде.

Алмазды жыныстар ең алғаш реет 1961 жылы асбест кен орнында жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары барысында табылған.

Шикізат қоры.

Finsch классикалық кимберлитті алмазды түтікше болып табылады, бұл Оңтүстік Африкадағы ірілігі бойынша екінші кимберлиттік түтікше болып табылады. Аталған аймақтағы кенді жыныстарда құрамында доломит және ізбестас бар темір кені бар.

Finsch шахтасының қорлары ондағы өндіріс жұмыстарын алдағы 23 жыл бойы жүргізуге мүмкіндік береді. Ондағы - 105,5 млн тонна кеннің құрамында 45 млн. карат алмаз бар. (probable, indicated and inferred - ұйғарынды және ықтимал).

Өндірістік көрсеткіштер:

Алмаз шикізатының 2011 жылға қарағанда өндіру шамасы 1,3 млн караты құрайды.