- •9 « Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл » атты шахтаның қолданыстағы қазу жүйені жетілдіру.
- •9.1. Жалпы түсінік
- •9.2. «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл » атты шахтаның қолданыстағы қазу жүйені жетілдіру.
- •9.3. Қазу жүйелердің салыстырмалы бағалары және таңдау
- •9.4. Кенді блок түбінен шығару
- •9.5. Ұсыныс
- •10 Экономикалық бөлім
9 « Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл » атты шахтаның қолданыстағы қазу жүйені жетілдіру.
9.1. Жалпы түсінік
Қазу жүйе дегеніміз – тазарту блоктың түбінде даярлау-тілмеу және тазарту қазбаларды үңгілеу мен орналасу реттілігі, технология, механикаландыру және тазарта алудың өндірістік үрдістерін ұйымдастыру.
Барлық қазу жүйелер топтар бойынша жіктемеге біріктірілген. ТМД елдерінде ең белгілі - М.И. Агошковтың және В.Р. Именитовтың жіктемелері. Сонымен қатар Байқоныров.О.А қазу жүйесіде көп қолданысқа ие.
Қабаттық өздігінен құлата қазу жүйесінің мәні мынада, қабаттық тәсілмен дайындалған кен шоғырды алу блоктарына бөледі, барлық қабатты өзінің салмағы әсерінен құлату арқылы кен қорын шығарады, ал төбені басқару жанас жыныстарды өздігінен құлату арқылы жүзеге асырады.
Сурет 9.1.1 - Қабаттық өздігінен құлата қазу жүйесі
Қолдану шарты: Бұл қазу жүйесін кеннің құндылығы жоғары емес, тұрақсыз болғанда және қуатты, аса қуатты кен шоғырларын өндіруде қолданады.
Қазу жүйесінің шамашарттары: Кен шоғыр биіктігі 60м және ені 50-60м болатын алу блоктарына бөледі.
Даярлау-тілмелеу жұмыстары: Даярлау жұмыстары тасымалдау және желдеткіш қуақаздарын, тасымалдау деңгейжиегіндегі байланыстырушы қияқаздарды, материалды - жүрістік және желдеткіш өрлемелерді үңгілеуден тұрады. Тілмелеу тасымалдау қияқаздарынан деңгейжиек деңгейіне дейін кенқұдықты ысырмалаудан, ысырмамен жеткізудегі қуақаздардан, желдеткіш қияқаздан, түбінен шығару кен қазбаларынан (қума), өрлемелерден құралған бұрғылау кенүңгірлерінен, сонымен қатар кескіш кен қазбаларынан тұрады. Нәтижесінде кескіш кен қазбаларынан өтемдеуіш аймақ пайда болады.
Өндіру жүмыстары. Төменгі кен жыныстарды қысым мен ауырлық күш әсерінен өндірілген кеңістікті біртіндеп толтырып, өздігінен құлай бастайды. Кенді құлату тұрақты табиғи тепе-теңдік жиынтығы пайда болмайынша қарқынды орындалады. Сондықтан блок негізін кесіп алу арқылы мерзімді түрде осы жинақтың негізін кесіп алу жолымен бұзу қажет. Блокты кесіп алу бұрғы қуысынан бұрғыланған ұңғымаларды жарумен жүзеге асырылады. Құлатылған кенді кесілген аймақ пен ысырмалау деңгейжиегін байланыстыратын блок түбіндегі шығару кенқазбалар арқылы шығарады, содан соң ысырма қондырғылар арқылы блоктық кенқұдықтарға жеткізіледі.
Технико-экономикалық көрсеткіштер: кеннің жоғалымы 20-25%; кеннің құнсыздануы 25-30%; үңгубеттегі жұмыскердің еңбек өнімділігі 30-50 т/ауысым; дайындау-тілме кенқазбаларына шығын 1000 т кенге 8-10 м құрайды ; уатуға кететін ЖЗ меншікті шығыны 0,050-0,100 кг/т.
Артықшылығы: қазудың жоғары қарқындылығы және үлкен өнімділіктің даму мүмкіндігі; кесу кезінде мөлшерлі жұмыс ұйымдастыру қауіпсіздігі және кенді шығару дұрыс орындалуы; ЖЗ аз шығыны; бекіту материалдары және механикалық энергия.
Кемшіліктері: қолдану шарттарының шектеуі; жүйенің күрделілігі және тиімсіздігі; кеннің жоғары жоғалымы мен құнсызданнуы; даярлау-тілмелеу кен қазбаларының үлкен көлемі.
9.2. «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл » атты шахтаның қолданыстағы қазу жүйені жетілдіру.
Кеніштің қажет ең пәрменді қазу жүйесін сұрыптап, таңдап алу тау-кен өндірісінде ең маңызды іс болып саналады. «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл атты» кен орнының қазу жүйесін О.А. Байқоңыров әдісімен таңдаймыз.
Хромтау кеніштік тәжірбиесіне сүйене отырып, есеп шартында көрсетілген жаралым жағдайына лайық кенді қазып алу үшін қолдануға болады-ау деген қазу жүйелерін қабаттық өздігінен құлата қазу жүйесі, кенді және жанас жыныстарды қабатаралық өздігінен құлау қазу жүйесі т.б сарапқа салып көрлік. Хромтау кеніштерінде ұзақ жыл бойы пайдаланылған ашық кен кеңістікті тобына жататын діңгекті кенүңгірден кен қазу жүйелерінің түрлі нұсқалар және бүгінгі уақыт табысына сай туындаған қазу жүйелері қарастырылады.
Осы таңдап алған тәсілдерге салыстырмалы баға береміз. Қазіргі таңда « Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл » атты шахтаның қолданыстағы қазу жүйенсі шамашарттарға сай таңдалынып алынған, яғни қабатардың өздігінен құлау жүйесі.
Таңдап алынған қазу жүйенің сипаттамасы
Кенді және жанас жынысты өздігінен құлата қазу жүйесі қабаттық тәсілмен дайындалған кеншоғырды бөлек-бөлек алу блоктарына бөледі, барлық қабатты өзінің салмағы әсерінен құлату арқылы кен қорын шығарады, ал төбені басқару жанас жыныстарды өздігінен құлату арқылы жүзеге асырады.
Блоктың биіктігі қабаттың биіктігіне сәйкес келеді 60м, блоктың ұзындығы 50м, ені кеншоғырдың қалыңдығына сәйкес келеді 100м.
Тау-кен даярлау жұмыстарына тасымалдау және алу қуақаздарын, тасымалдау және желдеткіш қуақазды, тасымалдау қияқазды, жоғары жатқан деңгейжиекке желдеткіш және ысырмалық жеткізу қияқазының астына қуақаздарды үңгілеу жатады.
Тілме жұмыстарына - шығару кеңқазбаларының түбіне, қумаға кескіш кеңқазбасын үңгілеу жатады.
Блокты алу бұрғылау кеңқазбаларымен дайындалады. Блокты алу шүнеттелген қумада немесе қысылған ортада 10-15м биіктікте терең, тарамды ұңғымаларды жару нәтижесінде дайындалады. Шығару кен қазба яғни қума және шүңеттер кенді шығармай тұрып дайындалады. Жаппай жарылыстан кейін қумадан кенді жеткізу ысырмалау қуақазы арқылы жеткізу деңгейжиегінде 55 ЛС түрді ысырма ВГ-4,5 вагондарға тиеу арқылы жүзеге асады.
Кенді және жабын жыныстарды өздігінен құлату үрдісін басқару үшін желдеткіш деңгейжиектегі кеңқазбадан тарамды бақылау ұңғымалары бұрғыланады.
