- •Басқарушылық қызмет стилінің түсінігі, элементтері
- •Мемлекеттік басқарудағы ұйымдастырушылық пен жауапкершілік дәрежесі – оның тиімділігінің көрсеткіші
- •Басқарушылық қызметтің мәні, жалпы белгілері мен қағидалары
- •Басқарушылық қызмет стилінің мемлекеттік басқарудағы жауапкершілікпен өзара байланысы және оны жетілдіру қажеттілігі
- •Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру механизмі. Оны жүзеге асыруға қатысатын басқару органдары
- •Мемлекеттік шешімдердің түрлері мен нысандары
- •Басқарушылық шешімдерді жасақтаудың әдістемелік негіздері
ТГУ
Басқарушылық қызмет стилінің түсінігі, элементтері
Басқарушылық қызмет стилі дегеніміз – билік органдарының, қызметкерлерінің күнделікті қызметінде қолданатын әдіс-тәсілдер, құралдар жүйесі, бағынышты қызметкерлерге қатысты жүріс-тұрыс үлгісі. Оның қоғамның басқа салаларындағы қызмет стилінен ерекшеліктері мемлекеттік-биліктік өкілеттіліктерге сүйеніп, оны қолданумен байланысты болатын, нақтылай және толықтай нормативтік реттеліп отыратын, басқару әсерін қалыптастыруды және іске асыруды мақсат тұтатын басқару қызметкерлерінің әлеуметтік белсенділігімен айқындалады.
Мемлекеттік басқару стилі келесі элементтерден тұрады:
Мемлекеттік билік органдарының мақсаттық, функционалдық және ұйымдық сипаттамалары;
Басқару органдары қызметтерінің заңды түрде бекітілген және жүзеге асырылатын әдістері, процедуралары, нысандары;
Қызметкерлердің жалпы мәдени, кәсіби және жеке қабілет деңгейі.
Мемлекеттік басқарудағы демократия және бюрократия. "Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы" ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 11 қазандағы № 1287 Қаулысы
Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
Мемлекет түрі.
Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
Қоғамдық құрылымның мұраты.
Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституциябилік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.
Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық,әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.
Бюрократия (фр. bureau — кеңсе және грек. κράτος — үстемдігі, билік);
Бюрократия – вертикалды иерархияға негізделген және алдына қойылған міндеттерді неғұрлым тиімді тәсілмен шешуге арналған басқару жүйесі.
Бюрократизм – халықтан алшақтатылған аппарат билігі.
«Бюрократия» және «бюрократизм» терминдері тиімсіз, шамадан тыс ресми басқару жүйесін сипаттауда қолданылады.
Бюрократтардың басты ресурсы — билік және оны асыра пайдалану, лауазымнан пайда алу мүмкіндігі.
Бюрократияны анықтауға қатысты 4 тәсілдеме:
Әрекет ету формасы және биліктің сипаты;
Мемлекеттік және жеке секторда басқарушылық тиімділікті арттыруға мүмкіндік беретін ұйымның күрделі, иерархиялық құрылымы;
Үкіметтің саяси немесе сайлаулы құрылымына енбейтін және мемлекеттік машинаны күнделікті басқаруды жүзеге асыратын бөлігі;
Мемлекеттік шенеуніктер іс-әрекетін жағымсыз бағалау, юасқарушылық аппаратқа тән әлеуметтік ауру.
Бюрократияның белгілері.
1. Мамандану және еңбек бөлінісі. Әр қызметкер ұйымның өзге мүшелерінің өкілеттіктерін қайталай алмайтын белгілі міндеттер мен әрекет ету саласына ие.
2. Вертикалды иерархия: пирамида – көпшілік оның негізінде болады, ал қалғандары оның жоғарғы бөлігінде болады. Осы вертикальға енетін әр адам төменде тұрғандарды басқарады және жоғарыда тұрғандарға бағынады, соның негізінде ұйымның әр элементінің іс-әрекетін бақылау жүзеге асырылады.
3. Нақты ережелер. Ұйымның әр мүшесінің іс-әрекеті ережелерімен реттелген, олардың мақсаты – бұл басқару процесінің оңтайландырылуы.
4. Өзара қатынастардың тұлғасыздығы.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың Еуропалық Хартиясы бекіткен 1985 жылғы 15 қазандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды конституциялық-құқықтық реттеу үшін теориялық база муниципалдық демократия мен муниципалдық басқарудың көпшілік мойындаған құндылығы болып табылады және мыналарды белгілейді:
1) жергілікті өзін-өзі басқару кез келген демократиялық қатар негіздерінің бірін құрайды;
2) мемлекеттік басқаруға қатысуға азаматтардың құқығы тікелей жергілікті деңгейде ғана жүзеге асырылады;
3) нақты билік берілген жергілікті өзін-өзі басқару органдарының болуы тиімді және сонымен қатар азаматқа мейлінше жақын басқаруды қамтамасыз етеді;
4) демократиялық жолмен құрылатын жергілікті өзін-өзі басқару органдары өзінің құзыретіне, оны жүзеге асыру тәртібіне және осыған қажетті құралдарға қатысты кең автономияға ие болуы тиіс.
