Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OSKE.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
213.5 Кб
Скачать

«Первичная обработка раны. Наложение повязки». Жараны біріншілік өңдеу. Таңғыш салу».

Қадамдарды бағалау критерийлері

0-0,1

0,2-0,3

0,4-0,5

1

Қажетті құрал-жабдықтарды дайындау: стерильді қолғап;пинцет; дәке шары-5;стерильді дәке салфеткасы; «70%-ды спирт ерітіндісі», «5%-ды йодтың спирттік ерітіндісі»,«3%-ды сутегінің асқын тотығының ерітіндісі» жазылған флакондар;«Левомеколь», «Левомицетин майы» май салған сықпалары;кең таңғыш, ең жақсысы серпімдісі; жараға майды салуға арналған қалақша; жабыстырғыш; қолданылған материалдарға арналған лоток; қайшылар.

2

Стерильді қолғапты кию.

Стерильді қолғапты кию техникасы:

-Стерильді қорапшадан қолғапты алу, қорапшаны айналдыру;

-Оң жақ қолдың саусақтары қолғаптың қайырылған жеріне тимейтіндей, қолғаптың ішкі жағына тиетіндей етіп, қолғапты айналдыру;

-Оң жақ қолдың саусақтарын бүгіп, қолғапқа енгізу;

-Оң жақ қолдың саусақтары қолғаптың қайырылған жеріне тимейтіндей етіп саусақтарды жазу;

-Сол жақ қолға арналған қолғапты екінші қолмен алып, оң жақ қолдың екінші, үшінші және төртінші саусағымен қолғапты, саусақтар қолғаптың ішкі жағына тимейтіндей етіп ашады;

-Сол жақ қолдың саусақтарын бүгіп қолғапқа кигізеді;

-Қолғаптың қайырылған жерін әуелі сол жағын,кейін оң жағын жазады.

3

Жараны өңдеу.

Жараның айналасындағы теріні «70%-ды спирт ерітіндісі» немесе «5%-ды йодтың спирттік ерітіндісімен» өңдеңіз, ең болмағанда-«3%-ды сутегінің асқын тотығының ерітіндісіне» малынған стерильді дәке шарларымен, оларды әр қимылдан кейін ауыстыра отырып өңдеу.

Тампонды аз ластанған аумақтан көбірек ластанғанға және ортасынан сыртқа қарай жргізіп, басында құрғақ,кейін залалсыздандырғыштың ерітіндісімен суланған тампонмен(70%-ды спирт ерітіндісі), жара жиегін 5%-ды йод ерітіндісімен өңдеңіз.

4

Жараны малшылату.

Жараны антисептик ерітіндісімен стерильді дәке шарлары арқылы сулаңыз (мысалы, 3% сутегінің асқын тотығымен, фурацилин ертітіндісімен, бетадин және т.б).

Әр жолы барлық қолданылған құралдар мен материалдарды лотокка (залалсыздандыруға арналған ыдыс) салыңыз.

5

Антибактериальды майды және стерильді дәке салфеткаларын салу.

- жараға қалақша немесе дәрі-дәрмекпен суланған салфетка көмегімен антибактериальды майды («Левомеколь», «Левомицетин майы» және т.б) жағыңыз.

- стерильді дәке салфеткасын салыңыз.

6

Жараны жабу.

Жараны пинцет арқылы қабаты үштен аз емес стерильді салфеткамен жабыңыз.

7

Таңғыш салу.

Таңғышты салу техникасы:

-таңғыш ауырғандық тудырды ма жоқ па, бет әлпетінен білу үшін науқасқа қарсы отырыңыз.

-таңылатын дене бөлігін, таңғаннан кейін болатын қалыпқа орналастырыңыз.

- таңуды таңғыштың екі бірінші бекітетін айналымынан бастаңыз.

- төменнен жоғарыға таңу керек, және бір қолмен таңғыштың бас жағын айналдырып, ал екіншісімен-байламды ұстап, таңғыштың жолын түзеп отыру керек.

- таңғышты бір бағытта айналдырыңыз, таңғыштың әр айналымы алдыңғысын жартылай немесе енінің үштен екі бөлігін жабу керек.

8

Байламды бекіту және науқастың келесі жолын анықтау.

- таңғыштың соңын сау бөлікке немесе түйін науқасты мазаламайтындай жерге бекітіңіз. Немесе жабыстырғышпен бекітіңіз.

- зардап шегушіні жағдайының ауырлығына тәуелді стационарлы немесе амбулаторлы емдеуге бағыттау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]