Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

patan_limfa

.doc
Скачиваний:
52
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
117.76 Кб
Скачать

 

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

А)Лимфа түзілуінің бұзылуы, лимфедема, лимфостаз, лимфоррея.

III. Қорытынды

ІV. Пайдалынылған әдебиетер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Лимфа жүйесі - жүрек-қантамырлар жүйесінің бір бөлігі. Лимфа жүйесі арқылы ұлпалардан қантамырларға су, нәруыз, май, зат алмасу өнімдері қайта өтеді. Бұл жүйемен мөлдір, түссіз сұйыктық - лимфа ағады. Лимфа қанға ұксас болғанмен құрамында нәруыз өте аз және ондаэритроциттер болмайды. Лимфа тамырларының қантамырлардан айырмашылығы - лимфа тамырларымен сұйыктық тек бір бағыт бойынша жүрекке қарай ағады. Лимфа жүйесінде артерияларға ұксас тамырлар болмайды, тек лимфа қылтамырлары болады. Лимфа қылтамырлары ми, жұлын, шеміршек, қағанақ, көз бұршағынан басқа мүшелердің бәрін торлап жатады.

   Лимфа — мөлдір, сарғыш түсті  сұйық. Оның құрамында белоктар  және белокқа жатпайтын азотты  қосылыстар, глюкоза, минералды заттар, гормондар, ферменттер, дәрмеңдәрілер  және антиденелер кездеседі. Лимфада  эритроциттер мен тромбоциттер  болмайды, лимфоциттер кездеседі.  Фибриногеннің болуымен байланысты  лимфаға құю қасиеті тән. Дегенмен, әр түрлі мүшелерден ағып шыққан  лимфа құрамы олардың физиологиялық  күйіне байланысты өзгеріп отырады.

  Лимфа айналымының бұзылуы оның жеткіліксіздігімен бейнеленіп,бірнеше формада көрініс бере алады. Лимфа жүйесінің қызметі- қан мен тін аралығындағы метоболизмнің тепе-теңдігін қамтамасыз ету және тіндерден су менжоғары молекулалы заттарды(белоктарды,эмульсияға айналған липидтерді т.б)сіңіріп,дренаждау(шығару). Оның дренаждық қызметі түрлі себептерден зақымдалуы мүмкін.

  Лимфа айналымының бұзылуына  лимфа жеткілікссіздігі себеп  болады.Ол механикалық, динамикалық,  резорбциялық жеткіліксіздік болып  бөлінеді.

Механикалық жеткіліксіздік лимфа ағысына кедергі жасап,оны іркілтетін факторлардың әсерінен дамиды.Оларға лимфа тамырларының қысылуы мен бітелуі,лимфа түйіндерінің,мысалы,рак клеткаларымен блокадасы,көкірек өзегі мен лимфа түйіндерін экстрипациялау,лимфа тамырлары қақпақшаларының жеткіліксіздігі жатады.

Динамикалық жеткіліксіздік капилярдағы фильтрацияның үдеуінен пайда болады.Бұның салдарынан лимфа тамырлары  сусіңділік сұйықтарын  интерстицийден шығарып үлгере алмайды.

Резорбциялық жеткіліксіздік тіндер белоктарыңың биохимиялық дисперциялық қасиеттері өгеріп немесе лимфа капилярларының өткізгіштігі бәсеңдеп,тіндердегі сұйықтықтардың іркілуінен өрістейді.

Лимфаның  іркілуі мен лимфа тамырларының кеңеюі лимфа ағысы бұзылуының бастапқы көріністері болып табылады.Олар лимфаны алып кететін тамырлардың  басым көпшілігінде кедергі пайда  болғанда дамиды.Онда капилляр мен  тамырды лимфа кернеп,олар жұқарып,кеңейген қуыстарға айналады(лимфангиэктазия).Лимфа  алып келетін тамырлардың біразы шодырая кеңейеді(лимфа тамырларының варикозды кеңеюі).

Лимфалардың тіндерде жиналып  қалуынан, тін ісініп лимфедема (гр.oidao ісінемін) дамиды.

  Лимфадема екі түрге  бөлінеді:

  • Туа пайда болған немесе біріншілік. Ол бала туылған сәттен бастап лимфа түйіндерінің және тамырларының жетіспеушілігімен көрінеді. Ісіну ерте жаста байқалады және ол жоғарғы және төменгі ағзаларды зақымдайды.

  • Жүре пайда болған немесе екіншілік. Бұл кезде лимфа жүйесінің зақымдалуына  инфекция факторлары, жарақат алға жағдайлар және т.б себеп болады.Лимфодеманың бұл түрі әлдеқайда көп кездеседі.

    Бұдан басқада лимфа айналымы бұзылғанда дамитын патология ол-лимфостаз.Ол жүре пайда болған немесе туа пайда болған болуы мүмкін. Лимфостаз -лимфа капиллярларынан бастап, шеткері лимфа жүйесінде лимфа ағысының бұзылуымен сипатталады. Ол тұрақты,  яғни өмірбақилық болады.Лимфостазда лимфедема сияқты аята дамиды.

   Ал  лимфа ағысының бұзылуынан  лимфалардың  дененің жоғарғы  бөлігінде немесе белгілі бір  ағза қуысында жиналып, ісінуін лимфорея деп атайды. Лимфорея ұзақ уақытқа созылатын болса организмнің сұйықтықты,электролиттер, ақуыздар мен майды яғни өмір сүруде маңызды заттарды жоғалтады. Лимфедемадан дамыған лимфаның стазының салдарынан лимфа тамырларында белок коагулянттары (тромбтары) түзіліп, сонымен қатар лимфа капиллярлары мен тамырларының өткізгіштігі артып, тіпті ол жыртылып, лимфаррея (лимфаррагия) байқалуы мүмкін.

   Лимфаррея лимфа қоршаған ортаға  ағатын лимфаррея және лимфа  тіндері мен іш қуыстарына  құйылатын-ішкі  лимфаррагияға жіктеледі.  Хилездік асцит пен хилоторакс  ішкі лимфарреяға байланысты.

 Хилездік асцит ішкі қуысының органдарында лимфаның асқынған веналық іркілуден немесе ішек пен шажырқайдың лимфа тамырларының зақымдалуынан іш қуысына хилездік сұйықтық (құрамында майы көп лимфа)жиналуы. Хилездік сұйықтық сүт тәрізді, ақ түсті.

Қорытынды.

 Лимфа (лат. lympha) — жартылай мөлдір сарғыш түсті сұйықтық, ол ұлпа сұйықтығынан бөлініп шығарылады. Лимфа жасушааралық кеңістікте басталады да лимфа тамырлары бойынша ағады. Құрамына қарай лимфа қан плазмасына ұқсас болады, бірақ онда белоктар аз болады. Лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып екі үлкен лимфа тармағын құрайды, олар үлкен веналарға құйылады.

Лимфа — кұрамында бірсыпыра белок пен торша бар, жабысқак, түссіз сұйықтық. Лимфа жүйесінен қанға көкірек өзегі арқылы келіп түседі. Лимфа лимфоциттердің қайта айналы- мына, біріншілік және екіншілік иммундық жауаптардың дамуына қатысады.

Лимфалардың тіндерде жиналып  қалуынан, тін ісініп лимфедема (гр.oidao ісінемін) дамиды Лимфедема көбінесе қол мен аяқ тіндерінің байқалады.      Лимфа жолдары бітеліп лимфа ағымы бұзылуы салдарынан тіндерде ісіну дамиды. Бұдан басқада лимфа айналымы бұзылғанда дамитын патология ол-лимфостаз.

Лимфостаз -лимфа капиллярларынан бастап, шеткері  лимфа жүйесінде  лимфа ағысының бұзылуымен сипатталады. Ол тұрақты,  яғни өмірбақилық болады.Лимфостазда  лимфедема сияқты аята дамиды.

Ал  лимфа ағысының бұзылуынан  лимфалардың  дененің жоғарғы бөлігінде немесе белгілі бір ағза қуысында жиналып, ісінуін лимфорея деп атайды. Лимфорея ұзақ уақытқа созылатын болса организмнің сұйықтықты,электролиттер, ақуыздар мен майды яғни өмір сүруде маңызды заттарды жоғалтады. Лимфедемадан дамыған лимфаның стазының салдарынан лимфа тамырларында белок коагулянттары (тромбтары) түзіліп, сонымен қатар лимфа капиллярлары мен тамырларының өткізгіштігі артып, тіпті ол жыртылып, лимфаррея (лимфаррагия) байқалуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ж.Ахметов  “Патологиялық анатомия”

2.Струков “Патологическая анатомия”

3.Интернет желісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]