Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

patan_srs

.doc
Скачиваний:
58
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
65.54 Кб
Скачать

Жоспар:

I.Кіріспе

Нуклеопротеид дегеніміз не?

II.Негізгі бөлім

а)Нуклеопротеид алмасуының бұзылуы:

б)Подагра.

с)Несеп- тас ауруы

д)Несепқышқыл инфаркт.

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Нуклеопротеидтер — нуклеин қышкылдарының белоктармен қосылуынан пайда болатын күрделі құрамалар. Құрамына кіретін нуклеин қышқылының түріне байланысты нуклеопротеидтер дезоксирибонуклеопротеидтер (ДНП) және рибонуклеопротеидтер (РНП) болып бөлінеді. ДНП барлық торшалар ядроларының, митохондрийларының құрамына кіреді,сперматозоидтардың басынан табылады. РНП рибосомалардың, информасомалардың және вирустардың кұрамына кіреді. ДНП белоктары гистондар мен протаминдерден тұрады да, ДНҚ қос оралымы арасындағы саңылауларға орналасып, құрылымды бекіндіреді және негіздік қасиетін бақылайды. РНП құрамында бір немесе бірнеше молекула РНП және бірнеше кейде ондаган белок болады. Белоктар әрі кұрлыс заттарының ролін атқарады, әрі РНП құруға катынасады.

Нуклеопротеидтердің алмасуының бұзылуы.Нуклеопротеидтың ыдырау нәтижесінде несеп қышқылы түзіліп, ол несеп жолдарымен сыртқа шығарылады. Нуклеопротеидтар алмасуының бұзылғанда несеп қышқылы көп мөлшерде түзіліп, оның тұздары ағзаларға шөгіп қалады.

Подагра (грек. podagra — аяқ үшін қақпан) — организмде зат алмасу процесінің бұзылуынан қанда несеп қышқылының артуы мен оның тұздарының буындарда, дене мүшелерінің басқа тіндерінде жиналуынан пайда болатын созылмалы ауру.

Подаграның дамуына жиналған урат(несеп қышқылының тұздары) түйіршіктерін организмнен шығаратын әр түрлі ферменттер қызметінің бұзылуы, сондай-ақ ет және майлы тағамдарды, бұршақты көп пайдалану, ішімдікті мөлшерден көп ішу,аз

қозғалу себепші болады.

Подаграның тұқым қуалайтын түрлері де бар. Подаграмен әдетте 40 жастан асқан ер адамдар жиі ауырады.

Аурудың белгісі бір немесе бірнеше буындардың қабынуынан (артрит) аяқ астынан, негізінен түнде басталады. Ең алдымен аяқтың бармағы (әдетте бас бармағы) зақымданады

Зақымданған буын ісініп, терісі қызарады, дене қызуы 38 — 40oС-қа көтеріліп, қалтырайды. Дерттің қозуы бірнеше күнге созылады. Ұстаманың қайталауы жиілей берсе, ауру созылмалы түріне ауысады. Бұл кезде тері астына жиналған урат түйіршіктері түйін-түйін болып, негізінен шынтақ және тізе буындарынан бұлтиып білінеді. Урат түйіршіктерінің бүйрек тіндерінде жиналуы да жиі байқалады. Бұл өте қауіпті, себебі, несеп шығару жолдарында тас жиналу процесі жылдамдайды.

Емі:ауырғанды басатын дәрі-дәрмек қабылдау, сұйық тағам және минералды су ішіп, курортта арнайы ем қабылдау. Сондай-ақ дәрігердің нұсқауымен физиотераПодагра ем, массаж жасалады.

Несептас ауруы (уролитиаз) — көп тараған кеселдердің бірі. Ертедегі Мысырда, біздің дәуірімізге дейінгі 3,5-4 мың жыл бұрын өмір сүрген адам мумиясынан бүйрек тасы табылған. Несеп тасы ауруы урологиялық аурулардың ішіндегі бүйрек пен несеп жүйесінің қабыну ауруларынан кейінгі екінші орында тұр. Экологиялық және әлеуметтік өзгерістерге байланысты біздің елімізде бұл аурудың таралу ерекшелігін зерттеу, көбею себептерін анықтау, диагностикасын және емдеу тәсілдерін жетілдіру, аурудың метафилактикасы мен профилактикасы қазіргі таңдағы маңызды мәселелердің бірі. Өйткені несеп тасы ауруының өсуі жылдан жылға артып барады, ол урологиялық стационардағы науқастардың 30-40 пайызын құрайды және негізінен осы аурулардың 65-70 пайызы еңбекке жарамды 30-50 жас аралығында кездеседі. 

Оның маңыздылығы тұрғысында медициналық-әлеуметтік мәліметте мәнді болып табылады, яғни несеп тасы ауруын емдеу кезінде нефрэктомияға қажеттілік  (бүйректі алып тастау) 10-11 пайыз жағдайында пайда болады, ал операциядан кейінгі өлім 1,5 пайызға жетеді. Алғашқы мүгедектік құрылымында урологиялық аурулардың ішінде несептас сырқаты 14 пайызды құрайды. Одан өзге заманауи тексеріс әдістерінің және жедел емдеудің қымбатқа түсуі, қайта қалпына келу мерзімінің ұзақтығы, науқастардың еңбекке жарамсыздығы, аурудың  рецидивті (қайталама) өтуі 35–38 пайыз, метафилактиканың тиімділігінің жеткіліксіздігі сияқты жағдайлар мәселені одан сайын күрделендіре түседі.

Несеп тасы ауруының пайда болуындағы іштен әсер ету факторларының арасында гиперпаратиреоидизмді, яғни  қалқанша безі функциясының күшеюін алдыңғы орындардың біріне қоюға болады. Бұл бездің гормоны-паратгормон кальций алмасуында екі жақты мәнге ие. Бір жағынан ол фосфордың зәрмен шығуын ұлғайтып, кейін қанға сіңуін (реабсорбция) азайтады, екінші жағынан кальцийдің сүйектен шығуын күшейтеді. Несеп тасы ауруларының пайда болуында мынадай жергілікті эндогендік факторлар жетекші роль атқарады: несеп пассажының бұзылуына алып келетін туа пайда болған аномалиялар (бүйрек дистопиясы, таға тәрізді бүйрек, гидронефроз, тостағанша-астау сегментінің  стенозы, несеп ағардың тарылуы) және пиелонефрит. Несеп тасы ауруларының дамуында зат алмасуының іштен туа бұзылуы — энзимопатия (тубулопатия) — белгілі бір ферменттің жетіспеуі немесе болмауы салдарынан нефронның проксимальды және дистальды бөлігінің зақымдануы маңызды роль атқарады.

Ең жиі кездесетін белгісі және ауыры — бүйрек шаншуы. Шаншу кенеттен бел тұсында басталып, тастың орналасу жеріне байланысты қабырға астына, мықын, шап аймағына, сыртқы жыныс мүшелеріне, санның ішкі бетіне таралуы мүмкін. Кейде зәр шығару мен ауырсыну үрпі каналының бойында күштірек болады, бұл несеп жолының төменгі бөлігінің кедергіленгенін көрсетеді. Кей жағдайларда бүйрек шаншуы кезінде дененің температурасы көтерілсе, ол рефлюкске (зәрдің кері шабуына) байланысты бүйректің екінші реттегі қабынуына байланысты болады. Науқастардың кейбіреулерінде бүйректің шаншуы жоғарыда айтылғандай әдеттегідей болмайды (атипиялық ағым), оны жедел аппендициттен, холециститтен, асқазан мен ұлтабардың ойық жарасынан, ішектің кенет бітеліп қалуынан, жедел панкреатиттен және жатырдан тыс жүктіліктен айыруға тура келеді. Бүйрек шаншуының күштілігі соншалықты, сырқат адамның мазасы кетеді, шаншу жанға батып, өте қатты қиналады, тіпті айқайлауы да мүмкін. Дер кезінде көмек көрсетілмесе есінен танып қалуы  жағдайлары да кездеседі. Бүйрек шаншуының тағы бір белгісі — зәр түсінің өзгеруі, қызаруы, зәрде қанның болуы. Тағы бір белгі, ол дизурия — зәр шығарудың бұзылысы, оның бірі — зәр шығарудың жиілеуі (поллакиурия). Поллакиурия тек күндіз және қозғалған кезде болып, түнде және бүйрек шаншуы кезінде байқалмаса, ол қуық тасының белгісі. Несеп тасы ауруының ең айқын белгісі — зәрмен бірге тас шығуы.

Қазіргі таңда зәртас ауруы кездесу жиілігі бойынша бүйрек пен зәршығару жолдарының арнайы емес қабыну ауруларынан кейін екінші орында тұр. Нефролитиаздың және олардың асқынуларын 3 жасқа дейінгі балаларда зерттеу нәтижелері бойынша көпшілік жағдайда (71%) әртүрлі соматикалық патологиялар жалпы клиникалық симптомдар мен синдромдар көрініснде байқалады. Уролитиаз калькулезды пиелонефритпен қосарлана жүреді, және ауыр түрлері әрбір екінші балада тіркеледі (49,3%). Қазірге дейін тастың пайда болуының нақты патогенез концепциясы жоқ. Зәртас ауыруын бүкіл организмде немесе зәршығару жүйесі дәрежесінде туа пайда болған немесе жүре пайда болған күрделі физико-химиялық үрдістермен сипатталатын полиэтиологиялық ауру болып табылады. Сөзсіз, әрине бұл мультифакторлы ауру және оның негізінде генотип пен қоршаған ортаның әсері жатыр.

Несеп қышқыл әсерінен пайда болған инфаркт жаңа туылған нәрестелерде, олар 2 тәуліктен көп өмір сүргенде кездеседі . Бүйрек  каналдары мен түтікшелерінде  несеп қышқылында амониимен натриидің  болуы. Бүйрек кесіндісінің көрінісінде  қызыл-сары жолақтар көрінеді.

Қорытынды..  

       Минералды зат алмасудың  бұзылуынан  туындайтын патологиялық процестер, минералдардың көбеюімен не азаюымен  және олардың тән емес жерге  шөгуімен, ұлпалардың әктенуімен, тастардың  пайда болуымен сипатталады. Нуклеопротеидтың ыдырау нәтижесінде несеп қышқылы түзіліп, ол несеп жолдарымен сыртқа шығарылады. Нуклеопротеидтар алмасуының бұзылғанда несеп қышқылы көп мөлшерде түзіліп, оның тұздары ағзаларға шөгіп қалады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. “Патологиялық  анатомия” А.И. Струков. В.В.Серов

  2. “Биохимия” Е.С.Северин

  3. “Патологиялық  анатомия” Ж.Б. Ахметов

4. Интернет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]