Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
OSKE.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
213.5 Кб
Скачать

«Неотложная помощь при анафилактическом шоке» Анафилактикалық шок кезінде көрсетілетін шұғыл көмек»

п/п

Қадамды бағалау критерийлері

0

-

0,1

0,2

-

0,3

0,4-0,5

1.

Науқасты Тренделенбург қалпында , аяқ жағын 20 градуспен көтеріп жатқызу. Негізгі гемодинамикалық көрсеткіштер бойынша науқастың жағдайын бағалау: АҚҚ-ы, ЖСЖ, ТАЖ, пульс.

2.

Қолын жуады және стерильді қолғапты киеді. 0,1% адреналин ерітіндісінің 0,5 мл т/а енгізу. Әсері болмаса АҚҚ-н бақылауымен адреналин ерітіндісін 5-10 минут сайын қайтадан енгізу. Факты бойынша АҚҚ-ы 90/60 мм.сын.бб деңгейге жетсе к/а адекватты енгізуді қамтамасыз етеді.

3.

Таза ауаны қаматамасыз ету(мүмкіндік болса оксигенотерапия арқылы адекватты респираторлы қолдау жасау).

4.

Енгізбестен бұрын дәрі-дәрмектерді тұтастығының бұзылысына, сәйкес жарамдылық мерзіміне, ерітіндінің және инфузионды жүйенің гомогенділігіне тексереді. Жүйені көктамырішілік тамшылатып енгізуге жинақтайды және инфузионды ерітінді 0,9% натрий хлорид ерітіндісінің 1000 мл к/а сорғалатып енгізеді.

5.

Шеткі катетер қаптамасының тұтастығын, сәйкес жарамдылық мерзімін тексереді. Көктамырішілік енгізуді қамтамасыз етеді, жүйені қосады, шеткі катетерді жабыстырғыш көмегімен бекітеді.

6.

3% преднизолон ерітіндісін (90-150 мг), димедрол 1% -1,0 мл инфузионды жүйе арқылы көктамырға егуді орындайды. Бронхообструктивті синдром сақталса 2,4% эуфиллин ерітіндісінің 10,0 мл-ін 0,9% натрий хлоридінің 10,0 мл изотониялық ерітіндісімен енгізеді.

7.

АҚҚ-ы 90/60 мм сын.бб төмен деңгейде сақталса, 10-15 минуттан кейін 1-4 мл/кг/мин есебімен жоғары молекулярлы коллойдты («Полиглюкин») ерітіндісін енгізеді.

8.

Шараны орындау кезінде науқаспен көру және вербальды қатынас орнату. ТАЖ, ЖСЖ, пульс,АҚҚ-ы деңгейі, тері жамылғысының түсінің өзгеруі, көрсеткіштері арқылы науқастың жағдайын үнемі бағалау қажет. Науқастың жолын анықтайды- жағдайының қалыпқа келу фактысы бойынша- стационарға жатқызу.

«Сердечно-легочная реанимация у взрослых» Ересектердегі жүрек - өкпелік реанимациясы»

Қадамдарды бағалау критерийлері

0-0,1

0,2-0,3

0,4-0,5

1

Клиникалық өлімнің белгілерін анықтау: есінің болмауы мен өз бетімен жүрек қызметінің және тыныс алудың болмауы.

Есінің жағдайын бағалау үшін: Санасының жағдайын бағалау үшін науқастың йығынан қағуға болады және/немесе оған айғайлау. Санасы болмаса көмекке шақыру, жедел медициналық көмек бригадасын шақыру, егер мүмкіндік болса деффибриляторға жіберу.

Ұйқы артериясында тамыр соғуын анықтау үшін:

-ұйқы артериясын сипап табу,оның соққысын анықтау.

Науқаста өз бетімен тыныс алуды анықтау келесі жолмен жасалады:

-кеуде қуысының қозғалысы барын көру арқылы бақылау;

- есту арқылы науқастың аузынан тыныс шуларын тыңдау;

- ұртымен дем шығарған ауаның қимылын сезу

2

Жүректің тікелей емес массажын жасауға науқасты дайындау:

-науқасты тегіс, қатты жерге жатқызу;

-зардап шегушіні киімнен мойынын және кеудесін босату;

-дұрыс орналасуды таңдау: қолды кеуде клеткасына қою – алақанның проксимальды бөлігі төстің төменгі үштен бірінде.

3

Жүректің тікелей емес массажының жүргізілуі.

Жүректің тікелей емес массажы келесідегідей жүргізіледі: минутына 100-ден кем емес жылдамдықтағы компрессиямен (120-дан кем емес), яғни 18 секундта 30 компрессия және ересектерде 5 см-ден терең емес компрессиямен,алақанды кеудеден алмай,компрессия арасында аздаған үзіліс жасаумен, кеуде клеткасына дұрысталуға мүмкіндік беріп, тез және күшпен басу. Қолдар шынтақ буынында жазылған

4

Ауыз қуысын қарау/тазарту және Сафардың үштік әдісін өткізу.

- Тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету үшін ауыз қуысын қарау керек, қажет болса тазартып, алынып-салынатын протездерді алу керек.

- Сафардың үштік әдісін өткізу үшін қажет:басын шалқайтып(егер мойынның жарақатын жоққа шығарсаңыз), төменгі жақты алға шығарып, ауызын ашу.

5

Өкпенің жасанды желдетілуін жасау.

Өкпенің жасанды желдетілуі (интубациясыз)«ауыздан ауызға» әдісімен немесе бет маскасы және Амбу қапшығының көмегімен жүргізіледі. Қауіпсіздік шарасын ,тазалықты сақтау үшін ӨЖЖ «ауыздан ауызға» әдісін ылғалданған салфетка немесе таңғыштың бөлігі арқылы жасау керек.

-зардап шегушінің маңдайына қойылған бір қолмен басын артқа қарай шалқайтып, мойынның астына және шүйдеге қойылған басқа қолмен бір мезетте оны демейді;

-маңдайға қойылған қолдың саусақтарымен ауа сыртқа шықпас үшін мұрнын жабыңыз;

-өзіңіздің ауызыңызбен зардап шегушінің ауызына толық,тығыз жанасыңыз, оның тыныс жолына тыныс шығарыңыз (тиімді бақылау критерийі —кеуде клеткасының көлемі ұлғаяды);

-зардап шегушіден алшақтаңыз, науқаста баяу сыртқа шығару орын алады.

-кеуде клеткасы түскенде екінші жасанды тыныс алу жасаңыз.

Тыныс алу циклдері арасы 1 минутына 8-10-нан жиі емес, (1тыныс циклі 4-5 есептеуге). Шығаратын ауа көлемі қалыпты көлемнен шамамен 50% жоғары болуы керек.

-егер реаниматор жеке әрекет жасаса, ӨЖЖ ырғағына кеуде қуысының компрессия жиілігі қатынасы 30:2 болуы керек(1 цикл ЖӨР)

6

Жүрек-өкпе реанимациясының бірінші кезеңін орындау.

ЖӨР 1 кезеңі 5 циклдан тұрады және 2 минуттан көп емес уақытта орындалады.

7

Стоп-талдау өткізу.

10 секунд бойы ұйқы артериясында тамыр соғысын анықтау, ырғақты бағалау.

8

Науқастың жүру жолын анықтау.

Қанайналымы жақсарғанда науқастың жүру жолын анықтау (кардиохирургиялық клиникасы), және науқасты апара жатқаны туралы ауруханаға хабарлау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]