- •Неотложная помощь при окс Жедел коронарлы синдромда көрсетілетін шұғыл көмек (жкс)»
- •«Диагностика острого коронарного синдрома (окс)» Жедел коронарлы синдромның диагностикасы (жкс)»
- •«Сердечно-легочная реанимации у детей раннего возраста» Ерте жастағы балалардағы жүрек - өкпелік реанимациясы»
- •«Неотложная помощь при анафилактическом шоке» Анафилактикалық шок кезінде көрсетілетін шұғыл көмек»
- •«Сердечно-легочная реанимация у взрослых» Ересектердегі жүрек - өкпелік реанимациясы»
- •«Первичная обработка раны. Наложение повязки». Жараны біріншілік өңдеу. Таңғыш салу».
- •Отоскопия
- •«Прием физиологических родов» Физиологиялық босануды жүргізу.
- •«Промывание желудка при отравлении». Улану кезінде асқазанды шаю»
КОНИКОТОМИЯ Тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету(коникотомия)»
№ |
Қадамдарды бағалау критерийлері |
0- 0,1 |
0,2-0,3 |
0,4- 0,5 |
|
1 |
Қажетті құрал-жабдықтарды әзірлеу. Қажетті құрал-жабдықтарды әзірлеңіз: Бір рет қолданатын қолғап;70%спирттік ерітінді; Труссо кеңейткіші; трахеостомиялық канюля (коникотомиялық түтік); скальпель; қайшы; пайдаланылған материал үшін пластикалық пакет; бинт (орташа); медициналық мақта ; лейкопластырь; фонендоскоп. Стерильденген қолғапты кию. Стерильді қолғапты кию техникасы: -Стерильді қорапшадан қолғапты алу, қорапшаны айналдыру; -Оң жақ қолдың саусақтары қолғаптың қайырылған жеріне тимейтіндей, қолғаптың ішкі жағына тиетіндей етіп, қолғапты айналдыру; -Оң жақ қолдың саусақтарын бүгіп, қолғапқа енгізу; -Оң жақ қолдың саусақтары қолғаптың қайырылған жеріне тимейтіндей етіп саусақтарды жазу; -Сол жақ қолға арналған қолғапты екінші қолмен алып, оң жақ қолдың екінші, үшінші және төртінші саусағымен қолғапты, саусақтар қолғаптың ішкі жағына тимейтіндей етіп ашады; -Сол жақ қолдың саусақтарын бүгіп қолғапқа кигізеді; -Қолғаптың қайырылған жерін әуелі сол жағын,кейін оң жағын жазады. |
|
|
|
|
2 |
Науқасты манипуляция өткізуге дайындау Науқасты көлденең жатқызу, қолтығы астына валик қою,басын артқа қарай мүмкіндігінше шалқайту. Мойынның алдыңғы беткейін өңдеу. Мойынның алдыңғы беткейін 70% спирт ерітіндісімен өңдеңіз. |
|
|
|
|
3 |
Коникалық байламды сипап қарау Тері тілігін жасауға қажетті қалқанша және сақинасы тәрізді шеміршек арасындағы коникалық байламды-мембрананы сипап қараңыз.Ол үшін қалқанша шеміршегін(ер адамдарда «адамово алмасы» немесе жұтқыншақ) табыңыз және ортаңғы сызық бойымен жылжыңыз.Келесі шығыңқы жер- неке сақинасы түріндегі жүзік тәрізді шеміршек. |
|
|
|
|
4 |
Скалпельмен тері және тері асты май клетчаткасына тілік жасау. Трахеяның артқы қабырғасын тесіп алмас үшін бір қолдың саусағымен скалпельден екі см жоғары ұстап, мойынның ортаңғы сызығымен тері және тері асты май клетчаткасына көлденең тілік (1 см)жасаңыз. |
|
|
|
|
5 |
Қалқанша және жүзік тәрізді шеміршек арасындағы, коникалық байламмен жабылған тереңдікті сипап қарап, оны скальпелдің ұшымен тіліп жіберіңіз. |
|
|
|
|
6 |
Труссо кеңейткіші арқылы жарақаттың жиектерін ашыңыз. - Трахеостомикалық канюланы енгізіңіз. -Канюланың жағдайын анықтаңыз. Манипуляцияның дұрыс жүргізілуі канюланың тұрақты орналасуы анықтайды. |
|
|
|
|
7 |
Өкпенің желдетілуінің дұрыстығын бағалаңыз. Манипуляцияның дұрыс жүргізілуі демалған кезде канюла арқылы кірген және шыққан ауаның ысқырған дыбысы арқылы және муляжда «қуыс орынды сезу» арқылы анықтайды. |
|
|
|
|
8 |
Канюланы бекітіңіз Асептикалық таңғышты салыңыз |
|
|
|
|
Неотложная помощь при окс Жедел коронарлы синдромда көрсетілетін шұғыл көмек (жкс)»
№ п/п |
Қадамды бағалау критерийлері |
0 - 0,1 |
0,2 - 0,3 |
0,4-0,5 |
1. |
Жедел коронарлы синдроммен сырқаттанатын науқасқа ЭКГ тағайындаңыз. Жедел коронарлы синдроммен сырқаттанатын науқаспен әңгімелесу арқылы түсінік жұмысын жүргізу. - Емделушінің көзқарасын ескере отырып, ортақ мәмілеге келу. |
|
|
|
2. |
Жоспарлауды жүргізіңіз: шешімді бірге қабылдау. Не істейтініңізді, мүмкін болатын асқынуларды түсіндіріңіз. |
|
|
|
3. |
Аспаптық тексеру әдісінің қорытындысын интерпретациялау. -емделушіге құрал-жабдықтармен және зертханалық зерттеу әдістерімен жүргізілетін интерпретацияның мәліметтерін түсіндіру; -әңгімелесу барысындағы сұрақтарды анықтау және жауап беру. |
|
|
|
4. |
Науқасқа шұғыл терапевтік манипуляциялар мақсатын және орындалу қажеттілігін түсіндіру керек. |
|
|
|
5. |
Жедел коронарлы синдромды басу мақсатында дәрілік заттарды таңдау. Жедел коронарлық синдромды басу мақсатында төмендегі дәрі-дәрмектерді тағайындау 1.Аспирин - 100-300 мг мөлшерінде шайнап, сумен ішу; 2.Нитроглицерин 0,0005 тілдің астына әрбір 10 мин сайын АҚҚ –н 3 рет бақылауымен. |
|
|
|
6. |
Шағымдары және обьективті клиникалық мәліметтердің жиынтығымен, орындалған терапевтік манипуляциялар тиімділігін бағалау. |
|
|
|
7. |
Науқастың келесі жолын анықтау. -Егерде Сіз үйде немесе көшеде болсаңыз телефон арқылы, болмаса басқалардан жедел жәрдем бригадасы көмегін шақыруын сұраңыз; -Егер Сіз жедел жәрдем бригадасының мүшесі болсаңыз, Стацинардың қабылдау бөлмесіне науқасты алып келе жатқаныңыз туралы телефон арқылы хабарлаңыз; |
|
|
|
8. |
Жылы лебізді және байсалды үнмен науқаспен қоштасты. |
|
|
|
«Диагностика острого коронарного синдрома (окс)» Жедел коронарлы синдромның диагностикасы (жкс)»
№ |
Қадамды бағалау критерийлері |
0- 0,1 |
0,2- 0,3 |
0,4- 0,5 |
1 |
Науқаспен бірінші қарым-қатынас орнату және себепті анықтап кеңес беру. Науқаспен танысты. Өзін таныстырды және науқастың аты-жөнін, тегін ,жасын сұрады. Шараны өткізу барысында науқасты аты-жөні және тегімен атау. |
|
|
|
2 |
Өмір анамнезін нақтылады және науқаспен байланыс орнатты. Науқастың мәселесін зерттеу(шағымдарын). Өмір анамнезін нақтылаңыз: -Басқа да созылмалы аурулар; -Зиянды әдеттер; -Жұмыс сипаты. Науқаспен байланыс орнатыңыз -Сәйкесінше вербальды емес мінез-құлықты қолданыңыз. -Түсінуді дамыту. -Науқасты кірістіру. |
|
|
|
3 |
Ауырғандық сипатын, орнын, ұзақтығын, таралуын нақтылады. Ол үшін келесідегідей, мысалға сұрақтар: -Қай жеріңіз ауырады?(төс арты, кеуде қуысының сол жағында). Науқас тән ымдар–Левин симптомын көрсетуі мүмкін:төс бойымен галстук тартқандай түйілген жұдырық); -Қалай ауырсынады? (ауырғандық сипаты: күйдіріп, басып, қысып); -Ауырғандық немен шақырылды?(физикалық жүктемемен , сирек – стресспен); -Таралуы (солға және жоғарыға); -Ауырғандық немен бірге жүреді, тағы қандай симптомдар мазалайды? (салқын жабысқақ тер, өлім қорқынышы, ауа жетіспеу сезімі, кейде жүрек соғуы); -Қанша уақытқа созылады және ұқсас жағдай бұрын болды ма? (15 минут); Немен басылады? (тыныштықта немесе нитроглицериннің 2-3 таблеткасын қабылдағаннан кейін басыла ма, бірақ толығымен жойылмайды). |
|
|
|
4 |
Ишемияның нашарлауына әсер еткен факторлардың айқындылығын бағалау-гипертония, жүрек жеткіліксіздігі , аритмиялар |
|
|
|
5 |
Артериальды қан қысымын өлшеу. -Йық артериясында АҚҚ-ын науқас арқасына жатқан күйінде немесе қолайлы қалыпта отырғанда анықталады. -Манжета йыққа жүрек деңгейінде орналастырылады, оның төменгі жиегі шынтақ бүгілуінен 2 см жоғары болады. -Кейін қысымды біртіндеп төмендетеді (2 мм с.б.б./сек жылдамдықпен),және фонендоскоп көмегімен жүрек тондарын дәл сол қолдың йық артериясында тындайды. -Жүректің бірінші естілген тоны систолалық АҚҚ-ы болып табылады. -Жүрек тондары естілмейтін қысым диастолалық АҚҚ-ы деп аталады. |
|
|
|
6 |
Артериальды пульсті өлшеу. -Артериальды пульсті ірі артерияда науқас отырған күйінде немесе бос жатқанда анықтайды (жиі білектің төменгі үштен бірінде қолдың бас бармағы жағынан шыбық-білезік буыны алдында орналасқан шыбық артериясы). -Науқастың білезігін оң қолмен шыбық-білезік буыны аймағында бос ұсталады. -Бас бармақ шынтақ жағынан орналасады, қалған төртеуі – шыбық артериясында. Қалыптыда жұмсақ, жұқа, тегіс және саусақ астында пульсацияланатын серпімді түтік сезіледі. - Пульстің негізгі қасиеті бағаланады: жиілігі, ырғақтылығы, керілуі (басылуға тамырдың қарсылығы), биіктігі және толымы. |
|
|
|
7 |
Жүрек аускультациясын өткізу. Жүрек аускультациясының реттілігі келесідегідей: -Жүрек ұшында – қос жармалы қақпашаның тыңдау нүктесі. -Төстің оң жағында II қабырғааралықта-қолқа қақпашасын тыңдау нүктесі. -Төстің сол жағында II қабырғааралықта-өкпе артериясын тыңдау нүктесі. -Төстің емізікше тәрізді өсіндісінің негізінде – үшжармалы қақпақшаның тыңдау нүктесі. -IV қабырғааралықта – Боткина-Эрба нүктесі – қолқа қақпақшасының қосымша тыңдау нүктесі. |
|
|
|
8 |
ЭКГ тағайындау.. Науқаспен әңгімелесу арқылы түсінік жұмысын жүргізу. ЭКГ нәтижесін интерпретациялау. ЭКГ зерттеуін тағайындау. Науқаспен түсіндіру әңгімесін жүргізіңіз. - Қажетті мәліметтердің түрі мен санын ұсыныңыз. - Дұрыс қабылдау мен түсінуге жағдай жасаңыз. - Не істеп жатқаныңызды түсіндіріңіз,мүмкін болатын асқынуларды ескертіңіз. |
|
|
|
