Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аңыздар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
444.42 Кб
Скачать

Қорытынды

Қазіргі ақпараттандыру заманында халқымыздың ұлттық дүниетанымының мол мұрасын толық зерттемей, оны жүйелі түрде ұрпақ санасына сіңірмей, жан-жақты жетілген ұлтжанды, отансүйгіш ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес. Әр адамның ұлттық құндылықтарды меңгеруі, тіпті адамның дүниемен байланысы, оны тануы нақты бір ұлттық жағдайда қалыптасады, яғни ұлттық белгілері болады. Бұл орайда мынадай үлкен мәселеге көңіл бөлу қажет. Егер жас ұрпақ бойында өзінің тіліне, ұлттық салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне деген сүйіспеншілік болмаса, онда оларды жалпыадамзаттық мәселелер де толғандырмайды.

Белгілі ғалым С.Қалиевтің пікірінше, «ұлттық мәдени ерекшеліктердің шартты белгілері ұлттық сезім, салт-дәстүрлер және ұлттық мінез болып табылады. Оның пайымдауынша, ұлттық сезім дегеніміз – адамдардың туған жерге, өскен елге, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүрлерге деген сүйіспеншілікті білдіруі. Ұлттық сезім адамның жеке басының қанағаттану, шаттану, ой-қиял сезімінің сыртқа шыққан көрінісі» [18, 51].

Егер жас ұрпақ бойында өзінің тіліне, ұлттық салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне деген сүйіспеншілік болмаса, онда оларды жалпыадамзаттық мәселелер де толғандырмайды. Ауыз әдебиеті үлгілері мен салт-дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың тәрбиелік мәні және құндылығы – олардың халық жанына жақындығында. Сондықтан, бастауыш сыныптарда ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту және ұлттық тәрбие беруде оқушыларға кәсіби маңызды теориялық білімді, тәжірибелік іскерліктер мен дағдыларды қалыптастырудың жүйелілігі мен тұтастығы қамтамасыз ету керек.

Аңыз-әңгімелерді оқыту әдістемесінің оқушыларды тәрбиелеудегі мүмкіндіктерін саралай отырып, біз өз зерттеуімізде төмендегідей қорытындыға келдік:

- халық ауыз әдебиеті жанрларының түрлері мен мән-мағынасын ашу арқылы оның бастауыш сынып оқушыларына ұлтжандылық тәрбие берудегі анықталған мүмкіндіктері;

- оқу үрдісі, аудиториядан тыс жұмыстар және педагогикалық іс-тәжірибені ұштастыру арқылы жасалынған бастауыш сынып оқушыларын аңыз-әңгімелер негізінде тәрбиелеудің әдістемесі.

Негізінен жан-жақты жетілген жеке тұлғаны қалыптастырудың алғашқы іргетасы бастауыш мектепте қаланатыны белгілі. Сол себепті бастауыш мектеп қазіргі заман талабына сәйкес, бәсекеге қабылетті жас жеткіншекті жан-жақты оқытып, тәрбиелеп шығаруы қажет. Соған орай ұстаздық тәрбиенің міндеті – оқыту мен тәрбиелеу арқылы енді-енді бүршік жара бастаған балалар бойындағы дүниетанымдық қабылетін, адамгершілік сезімдерін негізге ала отырып, мәдени мінез-құлықтың қарапайым моральдық нормалары мен қағидаларын қазақ ауыз әдебиеті арқылы үйрету. Себебі, бастауыш мектеп жасындағы баланың дүниетанымдық қабылеті, адамгершілік сезімдері тез, қауырт дамиды, қоршаған орта, әлеуметтік қоғам туралы ой-пікірлері мен тұжырымдары, алғашқы ұғымдары осы мектеп қабырғасында қалыптасады, соған сәйкес мінез-құлықтары көріне бастайды, күнделікті өмірден, ересектердің іс-әрекетінен дүние тануға байланысты түйін түйеді. Олар баланың санасында өзіндік із қалдырады. Сол себепті аталмыш тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда қазақ ауыз әдебиетінің маңыздылығы зор екені байқалады. Ол дүниені, өмірді, адамдарды, олардың түрлі қадыр-қасиеттерін, еңбек түрлерін танып-білудің құралы болып табылады. Ауыз әдебиеті жас жеткіншектердің рухани-мәдени дүниесін, мінез-құлқын, өзара қарым-қатынастарын бейнелі түрде көрсетіп, баланың қабылдауын, қиялын, ақыл-ойын жетілдіреді. Өйткені ауыз әдебиетінде, жалпы көркем әдебиетте айналадағы шындық дүние, табиғат, қоғамдық өмір, әлеуметтік қоғам, адамдар арасындағы қарым-қатынастар нанымды, жан-жақты суреттеледі [19].

Қорыта келгенде, халық ауыз әдебиеті баланың дүниетанымын қалыптастыруда таптырмас құрал болып табылады. Балаларға арналған ауыз әдебиеті үлгілері оқушылардың рухани байлығын толықтыруға ықпал етіп, ұлт мәдениетіне, салт-дәстүріне деген үлкен құрмет сезімін, Отанға, табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастырады, айналадағы және қоршаған ортадағы әдемілікті, болмысты тануға дағдыландырады.

Халқымыздың ұлттық мәдени мұралары - халық ауыз әдебиеті үлгілерінде, оның ішінде аңыз-әңгімелерде балаға рухани азық беріп, жалпы адамзаттық құндылықтарды түсінуге, қоршаған ортаны тануға қатысты мәселелер кең қамтылған. Ұрпақ тәрбиесіне тереңірек үңіліп, отбасы, мектеп болып біріге отырып, ата-баба дәстүрлері негізінде тәрбиелеу жұмыстарын жүргізсек, келешектің шын жанашыры, елдің арқа сүйер азаматтарын тәрбиелеп шығарымыз сөзсіз. Осы орайда, аңыз-әңгімелердің тәрбиелік мәні зор, оны керек жерде, бір-бірімен байланыстыра отырып, әрқашан пайдаланып отыру қажет деген ойдамыз.