- •1 Аңыз-әңгімелерді оқыту әдістемесі
- •1.1 Бастауыш сыныптардағы аңыздарды оқытудың ерекшеліктері
- •1.2 Аңыздардың тақырыптық ерекшеліктері
- •2 Аңыздарды оқытудың тәрбиелік мәні
- •2.1 Алдаркөсе аңыздары арқылы тапқырлыққа тәрбиелеу
- •1. Психологиялық дайындық.
- •«Т» кестесі
- •2.2 Жиренше аңыздары арқылы шешендікті үйрету
- •2.3 Асан қайғы аңыздары арқылы кемеңгерлікке баулу
- •2.4 Әбу Насыр әл-Фараби аңыздары негізінде даналыққа тәрбиелеу
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Психологиялық дайындық.
(Компьютерден түрлі дыбыстар (жаңбыр, құстар үні, сәби күлкісі) шығару арқылы оқушылардың психологиясын дайындау).
Балалар не естідіңдер?
Қандай көңіл-күйде болдыңдар?
2. «Қойшы бай» мултьфильмінен үзінді көрсету.
- Енді, әрі қарай осы көңіл-күймен экранға назар аударайық.
- Теледидардан не көрдік?
- Мултьфильм кім туралы болды?
- Ол кім?
3. «Ассоциация». Алдаркөсе сараңдықтың ғана емес, елді қорқытатын шайтанның да сазайын тарттырады. Түлен мен Құланды құр сүлдері қалғанша мініп, ақымақ етуі оны зымиян күштерден де ақылы артық екенін көрсетеді. Шайтан секілді сырт күштерді жеңу адамның, соның ішінде алдардың қолынан келеді деген халық сенімін танимыз.
- Енді сол Алдекеңнің өлеңін еске түсірейік.
Мен Алдармын, Алдармын.
Бәріңді де алдармын...
- Осы өлең жолдарында ол өзін Алдармын деп атаған. Сонда оның «көсесі» қайда?
- «Көсе» сөзі неліктен қосылды деп ойлайсыңдар?
Мұғалімнің қосымша түсініктемесі. Алдаркөсе – көшпелі халықтың ерекше ұнатқан кейіпкері. Алдар - өте қу, айлакер адам. Оңын асқан бай Шығайбайды әбден алдап, асын қулықпен жеп, кетерінде қызын алып кетуі сияқты оқиға желісіндегі әрекеттері арқылы халықтың тілегін көреміз.
ІІ. Мағынаны тану
Алдаркөсе туралы білімімізді шыңдау үшін оқулығымызды ашайық.
Мәтінді оқу.
Мәтінді тізбектей оқу.
Мәтіннің мағынасын түсіндіру.
Алдаркөсе үш сомға қойды қалай сатып алда деп ойлайсың? Түсіндір.
Оның Шығайбайды алдағанына қалай қарайсың?
Топтық жұмыс.
1-топ: Алдаркөсе мен Шығайбайды салыстыр.
2-топ. Алдаркөсе мен Қожанасырды салыстыр.
3-топ. Алдаркөсе туралы қандай әңгімелер білесің?
ІІІ. Ойтолғаныс.
Енді осы Қожанасыр мен Алдаркөседен нені өзімізге қабылдауға болады, ал нені қабылдамауға болады деп есептейсіңдер?
Топтық жұмыс (Бір-бір сөйлеммен өз ойларын жеткізеді).
«Т» кестесі
Қабылдаймын
Қожанасыр оғаш қылық көрсетсе де, оның астарында үлкен тәрбие жатыр. Мысалы, кітап ескірмейді, оның сырты жыртылады, ал ішкі ақыл сөзі ескірмейді, - дейді.
Алдардың сараңдыққа қарсы шығуы, кедейлерді қорғауы.
Жалпы, Қожанасыр мен Алдардың сөз тапқыштығы, тез ойлау тапқырлығын қабылдаймын |
Қабылдамаймын
Қожанасырдың алаңғасарлы-ғын, қиялға берілгіштігін, шектен тыс армандауын, аңғал мінезін қабылдамаймын.
Алдардың ұрлық жасауы, алдауы, қулық іс-әрекетін, өтірік айтуын қабылдамаймын. |
Пікірталас.
- Қалай ойлайсыңдар, Алдаркөсе мен Қожанасыр өмірде болған ба? Неліктен?
- Аңыз деген сөзге анықтама бере аласың ба?
Кейіпкерлері тарихта болды деген дерек бар немесе айтушылары өмір сүрді деп сендіре айтатын, жырмен, қарасөзбен айтылатын әңгіме түрін аңыз әңгіме дейміз.
Алдаркөсеге ұқсағың келе ме?
Қазіргі Алдаркөселер қандай?
Бүгінгі сабаққа сай бейне жасап көр.
ІҮ. Қорытынды.
Бағалау.
- Мен Алдармын, Алдармын,
Сақалымды талдармын.
Сақал түгіл мұрт та жоқ,
Шайтанды да алдадым - деп, Тазша баланың қырық өтірігіндей зуылдататын Алдар көсенің де өтірігіне сан жетпес.
- Сусыз жерде өсемін,
Сондықтан да Көсемін - деп Алдакең әнін жалғай береді.
Иә, сол Көсе халық ауыз әдебиеті мамандарының анықтауы бойынша ертегінің емес, аңыздың кейіпкері. Ертегіден гөрі шындық өмірге жақын келетін аңыздар бойынша оның өзінің жеке тұрақты шеберханасы болған. Бай-бағландарды алдап, жинаған дүниесін жоқ-жітіктерге үлестіріп отырған деседі. Яғни, оның алдауында үлкен мән бар.
Алдардың визуалды бейнесі біздің санамызға Шәкен Аймановтың «Алдар Көсе» фильмі арқылы бекіді. Оқушыларға Алдаркөсе аңыздарын оқыту арқылы оның ерекшелігін, алдауының нақты себебін, түп-төркінін түсіндіруге тырысамыз, яғни халықтың шарасы құрып, амалы таусылғанда жәрдем сұрап Алдарға жүгінген. Сонда Алдаркөсе кедейдің ақысын алып, зорлықшыл зұлымдардың жазасын орынды ісі мен тапқыр сөзі арқылы беріп отырған.
