Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аңыздар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
444.42 Кб
Скачать

2.2 Жиренше аңыздары арқылы шешендікті үйрету

Жиренше шешен — Қазақ хандығын құрған Жәнібек ханның (ХҮ-ХҮІ ғ.ғ.) ақыл-парасатымен, тапқырлығымен аты аңызға айналған ділмәр шешені. Аңыз-әңгімелердің дерегі бойынша ол тарихта болған, әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген кісі, бірақ тарихи шығармаларда Жәнібек ханның төңірегінде ондай адам болды деген дерек кездеспейді. Халық аңыздары бойынша, Жиренше шешен кедей адам болған. Ол дербес Қазақ хандығын құруда ханға көмектескен, оған пайдалы кеңестер айтып, халық бұқарасының атынан сөйлеген. Оның атынан айтылып, халық жадында сақталған аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздер көп. Олардың көпшілігі ХҮ-ХҮІ ғасырлардан басталатын халық шығармасына немесе әлденеше адамның, бірнеше буынның өңдеп, өзгертуінен өткен ортақ мұраға айналып кеткен. Жиренше шешен туралы аңыздарда оның әйелі Қарашаш та ақылды әрі тапқыр жан ретінде суреттеледі. Басқа түркі тілдес халықтар ауыз әдебиетінде де Жиренше шешен туралы ертегі, аңыз, әңгімелер кездеседі. Мысалы, қарақалпақта Жиренше шешен, қырғыздарда Жээренче чээчэн, түрікменде ақылды да тапқыр, әділ Ийкренче туралы аңыздар бар.

Жиренше шешен туралы әңгімелерді, негізінен, үш салаға бөлуге болады. Біріншісінде ол Жәнібек ханның уәзірі, ақылшысы, досы ретінде бейнеленеді, екіншісінде ханның кемшіліктерін бетіне айтып, ақыл-парасатымен өзін оған мойындата білген әділ адам ретінде суреттелсе, үшіншісінде оның өз әйелі Қарашашпен және басқа да қарапайым халық бұқарасы өкілдерімен қарым-қатынасы көрсетілген. [2]. Жиренше шешен жөнінде өзге халықтардың шығармаларында да сөз болады. Түркі-Моңғол, Үнді-Еуропа халықтарының біразының ауыз әдебиетінде де ол туралы әңгіме бар. Қазақ ауыз әдебиетінде бар Жиренше шешен жайындағы аңыз әңгімелердің кейбір нұсқалары негізгі кейіпкердің атымен, мысалы, қарақалпақ (Жиренше), қырғыз (Жээренче чээчен), түрікмен (Йикренче) ауыз әдебиетіне ауысқаны байқалады. Жиренше шешен туралы ертегілер, әңгімелер қазақ ауыз әдебиетінде шамамен XV ғасырдан басталады. Онда шешендік сөздің үлгілерімен қатар, тұрмыс-салт ертегілері де бар.

Жиренше шешен атымен байланысты әңгімелердің ішінде ең көп тарағаны — оның көркіне ақылы сай, дана қыз Қарашашқа үйленгені. Жалпы зерттеулер Жиренше шешеннің атына қатысты аңыз әңгімелерді үш топқа бөледі. Біріншісі—Жиренше шешенді Жәнібек ханның ақылшысы, әрі досы етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда Қазақ хандығын құрысуға белсене қатысқан Жәнібек ханға деген ел ілтипатының әсері айқын аңғарылады. Екіншісі — Жиренше шешенді әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресуші етіп көрсететін әңгімелер. Мұнда ол ханды әшкерелеуші, ханның зорлығына өзінің ақыл- парасатын қарсы қоюшы, тапқыр ақыл иесі ретінде бейнеленеді. Үшіншісі — Жиренше шешеннің көпшілік арасындағы күнделікті қақтығыстарда айтатын тапқыр әзіл-қалжың сөздері. Осы шығармалардың арқасында Жиренше есімі ұмыт болмай ғасырдан-ғасыр асып, бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр. [3].

Жиренше шешен қазақтың дәстүрлі ауыз әдебиеті арқылы халық арасына атақ-даңқы кеңінен жайылған айтулы тұлға. Оның туған жылын, қайсы атадан шыққанын, өмір жолдарын дәл тауып айту мүмкін емес. Өйткені Жиренше шешен халық ауыз әдебиетіндегі Алдаркөсе, Қожанасыр тәрізді аңызға айналып кеткен фольклорлық бейне. Аңыз бойынша ол Әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген. Жиренше шешен сол Әз Жәнібектің сарай биі, шешені болғанға ұқсайды. Өйткені халық аузында да, тарихи шежірелерде де екеуінің есімі қатар аталып отырады.

Әз Жәнібектің шамамен 1406-1473 жылдар аралығында өмір сүргені аян. Бір аңызда аң аулап серуен құрып жүрген Жәнібек жігіт кезінде 7-8 жасар шамасындағы аққұбаша жетім балаға кездесіп, танысады. Оны үйіне әкеліп, жуындырып өзіне серік етіп алады. Аққұбаша бала өсе келе сол Әз Жәнібек ханның сарай би-шешені боп кетеді. Сонда Жиренше шешен де Жәнібекпен қатарлас, замандас болып шықпай ма?

Ал, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік Баяны» (1996) Жиреншенің даналық шешен сөздерінен басталады.

Ал, Жиренше шешен жөнінде Қазыбек бек Тауасарұлы «Түп-тұқианнан өзіме шейін» дейтін 1993 жылы «Жалын» баспасынан шыққан (баспаға әзірлеген жазушы Балғабек Қыдырбекұлы) кітабында былай жазады: «Бір жетім баланы, Қарабай қолбала етіп алыпты, - дейді Сенкібай шал, Сеңкібай Төкеңе төрт-бес атадан қосылатын кісі. Төкең сұрастыра келе, қыз кәдімгі Жиренше шешеннің шөбелегі болып шығады. Қыз «Менің әкем Бәкір, оның әкесі Тілеубай, оның әкесі Атай, оның әкесі Шақ, оның әкесі Жиренше» - деп сайрайды» [4]. Бұл Жиреншенің өзінен бергі үрім-бұтағы. Ал, шешеннің өзінен арғы ата-бабалары әлі беймәлім.

Жиренше шешен жөнінде Қазақ Совет Энциклопедиясында былай жазылған: «Жиренше шешен қазақ ауыз әдебиетіндегі кейіпкер, ақыл-парасаттың, тапқырлықтың символы. Қазақ аңыздары бойынша Жиренше шешен тарихта болған. Жәнібек («Әз Жәнібек») ханның тұсында өмір сүрген кісі. Алайда тарихта Жиренше шешен туралы нақты деректер аз. Ол жөніндегі шығармалардың дені көп халыққа ортақ сюжеттерге негіз болған. Қазақтан өзге түркі, монгол және үнді-еуропа халықтарының фольклорында Жиренше шешен туралы шығармалар кездеседі. Қазақ фольклорында Жиренше шешен жайлы ертегі, аңыз, әңгіме, анекдоттар бір топ...» [5].

Ғалым М.Ғабдуллиннің «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» атты еңбегінде Жиренше туралы былай делінген: «Халықтың тарихында еңбекші бұқараның ортасынан шығып, адал ниет, шын көңілмен халқына қызмет еткен талай ер азаматтар, қол бастаған батырлар, сөз бастағаншешендер болып өткен. Соның бірі – Жиренше шешен.

Жиреншенің қай кезде өмір сүрген адам екенін айту қиын. Оның аты, ісі тек халықтың аңыз-әңгімелерінде ғана сақталған. Сол аңыздардың айтуынша, ол еңбекші халықтан шыққан адам, оның «сауып ішерге малы жоқ, төсегі – тулақ, үйі – қара лашық болған». Ол өзінің өршіл өнері, тапқырлығы мен шешендігі арқасында елдің ер-азаматы атанған.

Жиренше жайындағы аңыз-әңгімелер оның ақылын, тапқыр-шешендігін, ел дауын екі ауыз сөзбен бітірген, тоқсан ауыз сөзден тобықтай түйін жасаған адам екендігін көрсетуге құрылады. Сондықтан да оны халық аңыздары ел басқарған ханмен қатар қояды.

Жиренше мен Қарашашқа арналған аңыз-әңгімелердің қайсысы болса да мағынасы терең, мәні зор қысқа сюжеттерге құрылады. Әңгімені әріден бастамай, нақтылы тартысқа, тапқырлаққа құрады. Дәлелін келтіріп, қорытындысын бірден шығарады және оқиғаны ұзақ-сонарға салып баяндамай, барар жерін нақ айтады. Бұл оның өзіне тән ерекшелігі болып табылады» [7].

Бастауыш сынып оқушыларына Жиренше туралы берілген аңыз-әңгімелерді оқытуда осы ерекшеліктері балаларға үйретуге тырысамыз, яғни аңыздар арқылы халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін бойларына сіңіріп, ұлттық рухта тәрбиелеуге ат салысамыз.

Жиренше шешен тақырыбына сай жасалған сабақ жоспарын ұсынамыз.

Сабақ тақырыбы: «Бала Жиренше»

(2-сынып материалдары бойынша)

Сабақтың мақсаты: Бала Жиреншенің тапқырлығы жайында түсінік беру.

Білімділігі: қазақ халқының ұлттық дәстүріне байланысты түсініктерін молайту, сын тұрғысынан ойланту арқылы меңгерту.

Дамытушылығы: оқушылардың ақыл-ойын, ұшқыр қиялын дамыту, логикалық ойын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өз ойын еркін жеткізе білуге, өзгелердің ой-пікірін тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: рөлдік ойын, топтық сабақ

Сабақтың типі: оқушы білімін бақылау, бағалау

Сабақтың әдісі: Болжау әдісі, Кубизм әдісі, Блумның сұрақ қою әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, плакаттар, суреттер, оқулық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Балалармен сәлемдесіп, түгелдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылардың назарын өзіме аудару үшін Қожанасыр атамыздың сенімді серігі есектің даусын үнтаспадан тыңдатамын.

  • Балалар, ненің даусын естідіңдер?

  • Қожанасыр атаның есегінің даусы.

- Балалар, мен өткен сабақта Қожанасыр туралы әңгіме айтып бергенмін. Мына суреттер қайсысына жатады? Әбден мұқият қарап алыңдар.

Суреттер бойынша оқушылар әңгіме құрастырады.

Негізгі бөлім.

Болжау әдісі:

Оқушыларды бөліп отырғызамыз. Тақтаға тапқыр, шешен, бала, қонақ, түйе деген сөздерді жазып қоямыз. Бұл сөздер мәтінге байланысты алынады.

Тақырыпты тақтаға жазып, болжау әдісі бойынша Жиренше кім? Ол туралы не білесіңдер? деп сұрай отырып, білетін ақпараттарын қағазға жаздыртамын (2 минут).

Жазып болған соң, топтарды бағалау үшін дөңгелекше пайдаланамын. 8-9-10 дөңгелекше жинаған оқушыға «5» деген баға, 6-7 дөңгелекше жинаған оқушығы «4» деген баға, 4-5 дөңгелекше жинаған оқушыға «3» деген баға қоятынымды ескертемін.

Әр топ тақтадағы сөздерден қалағанын алады.

І топтама сол сөзге байланысты мақал айту.

1-бала: Көп жасаған білмейді,

Көп оқыған біледі

2-бала: Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала.

3-бала. Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің.

4-бала. Қонақ келсе, құт келер.

5-бала. Шешен адам сөз бастар.

Мәтінді көзбен оқу. Түсінгендерін 1-2 сөйлемнен айтып шығады. Мұғалім мәтінді оқып беріп, қиын сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Көз жазып қап. Түйеңді тұсап қойсаң болмай ма?

Түйемнің тұсауы өліп қалып еді.

Жиренше шешен туралы әңгімелермен таныстырамын. Өз салт-дәстүрімізді, шешендерді, билерді, хандарды, батырларды танып білсін деп оқулығымызға осындай тақырыптарды енгізіп отыр.

Ой ашар (Сергіту сәті)

Мағынаны ажырату мақсатында ролге бөліп оқытамын.

І топ автор сөзін оқиды.

ІІ топ. Ханның сөзін оқиды.

ІІІ топ баланың сөзін оқиды.

ІҮ топ мазмұнын айтады

Ү топ мазмұнын айтады.

Кубизм әдісі бойынша әр топқа тапсырмалар беремін.

І топқа суреттеу.

ІІ топқа баяндау.

ІІІ топқа сипаттау.

ІҮ топқа салыстыру.

Ү топқа қолдану.

Қорытындылау.

Қорытындылау мақсатында Блумның сұрақ қою өлшемін пайдаландым. 3 деңгейге бөлдім.

Төменгі деңгей: Әңгіме не жайлы болды?

Орта деңгей: Бұл әңгіменің ең қызықты жері қайсы?

Жоғары деңгей: Бұл әңгімеге қосатын қандай ойыңыз бар?

Үйге тапсырма беріледі.

Бағалау. Әр топтағы оқушыға алдарындағы дөңгелекшенің санымен баға қойылады.