Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аңыздар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
444.42 Кб
Скачать

2 Аңыздарды оқытудың тәрбиелік мәні

2.1 Алдаркөсе аңыздары арқылы тапқырлыққа тәрбиелеу

Қазақ арасында туған аңыз-әңгімелердің бірсыпыпасы Алдаркөсе жайында айтылады. Бұлардың бірінде ол халықтың ақылды-айлалы ұлы, тапқырлығына қулығы сай ер көңілді, өжет жігіт болып суреттеледі.

Алдаркөсеге байланысты аңыз-әңгімелер тек қазақта емес, ағайындас қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түркімен елдерінде де бар. Осы елдерде айтылатын аңыздардың бәрінде Алдаркөсе халық ұлы, көпшілік атынан күреске шыққан, қанаушы тап адамдарымен алысып өткен адам бейнесінде болып келеді.

Қазақтың аңыз-әңгімелеріндегі Алдаркөсе де сондай ер жігіт. Қазақ аңыздарының қайсысы болса да оқиғаны күлдіргі халге, өткір мысқыл, ащы әжуаға құрады, олардың бәріне Алдаркөсе халық өкілі ретінде белсене араласып жүреді. Халықтың әңгіме-аңыздарының сүйікті кейіпкері болған Алдаркөсе топас ханды, сараң байды, елді жегідей жеп жүрген саудагерді, әр түрлі діндар адамдарды мазақтап, күлкі етеді, олардың жағымсыз қылықтарын жұрт алдында жиренішті етіп көрсетеді. Осыған сәйкес аңыз-әңгімелерде халықтық тұрғыдан оның жағымды образы жасалады; Алдаркөсені халың көпшілік ортасынан шыққан және сол көпшіліктің мүддесі үшін күрескен адам ретінде бейнелейді.

Алдаркөсе жайында қазақ арасында айтылатын аңыз-әңгімелердің тақырыбы, мазмұны әр алуан болып келеді. Соның бәрі халық тарапынан айтылады. Мұны біз «Алдаркөсе мен Алаша хан», «Алдаркөсе мен шық бермес Шығайбай», «Алдаркөсе мен саудагер», т.б. аңыз-ертегілерден көреміз. Осы аңыздарда аталатын хан, бай, саудагерлерді Алдаркөсе өзінің тапқырлығы, ақыл-айласы арқасында алдап соғады, ел алдында мазақ, күлкі етеді. Оларды Алдаркөсе қара басының пайдасын көздеп алдамайды, халықтың намысын қорғау үшін, кедейлерді қанап келген қанаушылардан кек қайыру үшін алдайды.

Алдаркөсе жайында қазақ арасында шығарылып, көпке тараған аңыз-әңгіменің күрделісі – «Алдаркөсе мен шық бермес Шығайбай». Бұл аңыз да сараң, қалтырауық, пейілі тар байлар жөнінде халықтың сыны, көзқарасы қандай екенін айқындайды және де Шығайбай аңыз-әңгіменің жекелеп алған жексұрын кейіпкері ғана емес, ол сонымен қатар, өзі секілді ішетін асқа, киетін киімге жарымаған, сілкіп саларға сырмағы жоқ, сараң байлардың кескін-келбеті, олардың өрісі тар, өресі аласа ой-жүйесін көрсетеді.

Ертедегі надан байлардың өкілі ретінде алынған Шығайбайда, ең иалдымен адамгершілік қасиет жоқ. ол малмен өріп, малмен жусаған тірі жан. Оның адам деген аты болмаса, сол атқа сәйкес сәні де, салты да жоқ; бар арманы: «Ішпей, жемей байысам екен».

Өзінің сараңдығы, пейілінің тарлығы, қалтырауық қасиетімен елге жеккөрінішті болған Шығайбайды халық аңызы Алдаркөсе арқылы одан әрі масқаралай түседі. Шығайбайдың қандай жан екенін ел әңгімесінен естіп белген Алдаркөсе енді оған өзі аттанады. Ол осыдан былайғы әңгімелерге араласа отырып, Шығайбай жайында ел арасында айтылып жүрген сөздерді растап шығушы ғана емес, сараң байдың адамгершілік қасиеттен айрылып қалғандығын айғақтаушы да болады.

Шығайбайға келген Алдаркөсе жабықтан қараса, байдың өзі қазы тіліп, бәйбішенің нан илеп жатқанын, қызы тырнаның жүнін жұлып, тоқалы бас үйтіп отырғанын көреді. «Осыдан дәм татпасам, Алдар атым құрысын» деп ол үйге кіріп келгенде, үй иелері қолдарындағы нәрселерін астарына тыға қояды. Келген адамға сыр білдірмеуге тырысқан сараң бай, «қулығымды асырам» деген оймен әңгімеге кіріседі. Алдардан не көрдің, не білдің деп сұрайды. «Естіген - өтірік, көрген – шындық», - деп Алдар, жаңа ғана өзінің көргендерін тұспалдап әңгімелейді, жолда үлкен сары жыланмен соғысқанын айтады. «Осы айтқандарым өтірік болса, байдың астындағы қазыдай тілінейін, бәйбішенің нанындай иленейін, тырнадай жұлынайын, бастай үйітілейін», - дейді.

Осыдан былайғы әңгімелер шық бермес Шығайбайдың сараңдығын аша түсуге құрылады да, өрістей, оөрлей береді. Алдардан қулығын асырмақ болған Шығайбай әр түрлі әрекеттер де жасайды. Бірақ олары өз сорына құрылған тұзақ болып шығады, ет орнына сірі жейді, атынан және қойнына тыққан наны мен айранынан, қызынан айрылады. Дүниеқоңыз, сараң байды Алдаркөсе осылай алдап соғады. Шығайбай жұрт алдында мазақ-күлкі болып қалады, оны алдаған Алдаркөсені халық өзінің аңыз-әңгімелеріне қосып ардақтай түседі.

Алдаркөсе елді жегідей жеп жүрген саудагерлерді мазақ, күлкі етіп жүреді. Олардың да сорақы қылықтарын масқаралайды. Мәселен, бір саудагер өзінің барлық байлығын бәйгеге тігіп, жұрт алдында Алдарға былай дейді. «Екеуміз бәйгі тігіп алдасайық. Егер алдасаң, менің бәйгіге тіккен барлық байлығымды ұтқаның, алдай алмасаң ұтылғаның. Бірақ сен мені алдай алмайсың, мен алдатпаймын», - дейді. Сонда Алдаркөсе: «Рас, мен сені бүгін алдай алмаймын, алдауыш таяғым үйде қалыпты. Оны барып әкелетін көлігім жоқ», - депті «Менің жорғама мін де, алдауыш таяғыңды алып кел», - деп саудагер атын береді. Алдаркөсе саудагердің атына мініп олай бір, былай бір шауып өтеді де, қайтып келіп: «Алдады деген, міне, осы», -дейді. Менменсіген саудагер ұтылып, жұрт алдында күлкі, мазақ болады.

Дін иелері халықты ығыстырып, надандық пен қараңғылықтың торында ұстау үшін әртүрлі діни үгіт-әңгімелер таратқан болатын. Неше түрлі жын-пері, шайтандарды айта отырып, солар арқылы адам баласын қорқыту және олардан құтылу үшін дінге мүлгу керектігін ескертетін. Дін иелері айтатын осы ұғымдарды Алдаркөсе бекерге шығарады. Мұны «Алдаркөсенің шайтанды алдауы» деген аңыздан көреміз.

Алдаркөсенің халық ұлы, көпшілік мүддесін көздеген адам екендігін қанаушылар да білген. Олар ел алдында Алдаркөсенің абырайын түсіру, халыққа жеккөрінішті адам етіп көрсету жайын да қарастырған. Осы ретте «Алдаркөсе мен қойшы», «Алдаркөсе мен егінші» дейтін әңгімелер туған. Бұл аңыз-әңгімелер халыққа жат, қанаушы тап тудырғын шығармалар еді. Сондықтан да олар халық арасына көптен жайылып кете де қойған жоқ.

Сонымен халықтың Алдаркөсе жайындағы аңыз-әңгімелері, таптық, қоғамдық қарым-қатынастарды, халыққа жат, жексұрын қылықтарды сынап-мінеу, әжуа-күлкі етуге құрылады. Қарапайым халық арасынан шыққан айлакер, ақылы сергек, мысқылшы Алдаркөсе арқылы халық әңгімелері ханды, байды саудагерді, тағы басқаларды жағымсыз түрде бейнеледі.

Бастауыш сынып оқулықтарында берілген Алдаркөсе туралы аңыз-әңгімелерді балаларға оқыту арқылы оларды адамгершілікке, адалдыққа, біреудің мүлкі мен құқына қол сұқпауға, тапқырлыққа және әділеттілікке тәрбиелейміз. Балаларға жас кезінен бастап, өмірде қулық пен сұмдықтың болатындығын, білім мен ақылдан кенде қалған адамның әрдайым сондай сұмдардың алдауына түсіп қалатындығын ескертеміз. Алдаркөсе мысалдары арқылы күлдіре отырып, шынайы өмір болмыстарынан сабақ береміз. Ертегіден гөрі аңыз-әңгімелердің шындыққа жақындығы – балаларға оңай түсіндіруге және олардың тез қабылдауына ықпал етеді. Бастауыш сынып оқулықтарында аңыз-әңгімелердің мол берілуі сол себептен деп ойлаймыз.

Іс-тәжірибе барысында дипломдық жоба тақырыбына сай көптеген сабақ жоспарлары жасалынды. Аңыз-әңгімелер бастауыш мектептің барлық сыныптарында болғандықтан берілген барлық материалдарды қамтып, сабақ жоспарларын салыстырмалы түрде құрастыруға тырыстым. Яғни, әр аңыз кейіпкеріне белгілі бір сыныпқа арналған сабақ жоспарлары жасалды. Тақырыпқа сай мысылдар келтіріп өтсек:

Сабақ тақырыбы: «Алдаркөсенің алдауы»

(2-сынып материалдары бойынша)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Аты аңызға айналған Алдаркөсе туралы аңыз-әңгімелермен таныстыру. Қызыққа толы оқиғаларын оқып, бас кейіпкерлерді салыстыра отырып, сараңдық пен жомарттықтың ара жігін ажырата білуге жол салу.

Дамытушылығы: Аңыз кейіпкерлеріне сипаттама беру арқылы оның неліктен аңыз кейіпкеріне айналғанын дәлелдеу. Көркем әдеби тілде сөйлей білу қабылеттерін дамыта түсу.

Тәрбиелігі: Ұрлық, алдау, өтірік айту, сараңдық, қулық сияқты жаман әдеттерден бойын аулақ ұстау керектігін жете түсіндіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: «Ассоциация», «Дөңгелек үстел», «Венн диаграммасы», «Т кестесі», Топтық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Алдаркөсе туралы кітаптар, суреттер, «Қойшы бай» мултьфильм дискісі, интерактивті тақта.

І. Қызығушылықты ояту.