Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аңыздар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
444.42 Кб
Скачать

1.2 Аңыздардың тақырыптық ерекшеліктері

Бастауыш сынып оқулықтарында аңыз-әңгімелердің өлеңмен жазылған түрлерінен гөрі, қара сөзбен жазылған түрлері көбірек кездеседі. Қай жанрда жазылған аңыз-әңгіме болмасын, балалар оны ерекше қызығушылықпен оқиды. Балаларды тартатын – аңыздардағы кейіпкерлердің күлкілі оқиғалары, бас кейіпкерлердің басынан кешкен небір қызықты істері, батырлығы, жүректілігі сияқты қасиеттері. Оқиға қызығымен кететін балаларға аңыз-әңгімелер арқылы қандай білім беруге болады, икем-дағдысына қандай талаптар қою керек? Міне, бұл мәселелер әр мұғалімді толғантуы, ойландыруы тиіс. Аңыздарды оқытуда ең басты мына мәселелерге көңіл бөлу керек:

- Аңыздардың жанрлық ерекшелігін таныту, яғни әдеби-теориялық ұғымдар беру;

- Сюжет пен композициясындағы жымдастық, тұтастық, өзіндік ерекшеліктерді білдіру;

- Тіл құрылысы ұйқаспен, тақпақпен келуі, баяндау, суреттеу, портреттеу шеберлігі, бейнелі сөздердің мол келуі, оқиғаларының қызықтығы, жатықтығы. Аңыз-әңгімелердің бай тілі – халқымыздың ғасырдан-ғасырға келе жатқан байырғы, тарихи тілі екендігі.

- Аңыздар негізінде халқымыздың асыл арманы, ұшқыр қиялы, адамгершілік ой-пікірі, адамдық биік мінез-құлқының, тыныс-тіршілігінің айнымай көрінуі.

Қай аңызды алсақ та, халық арманына, тілегіне сай, тек жақсылықпен, бақытқа жетумен аяқталады.

Аңы-әңгімелерді оқытуда қандай әдіс-тәсілдер, оқу түрлері, сабақ типтері тиімді саналады?

Ең алдымен оқушыларға аңыз-әңгімелерді оқыту, мазмұнын толық меңгерту мәселесін ойластыру керек. Мазмұнын меңгерте отырып, оның негізіндегі идея, айтайын деген терең ой туралы сөз қозғау. Мазмұнын меңгертуде мәнерлеп оқу, әңгімелеу, баяндау, мазмұны тұтас сақталынған толық жоспар, эпизодтарға бөлу, әр эпизодқа ат қою, сұрақтар, тапсырмалар жүйесін ойластыру, оқушылардың қабылеті, икем-дағдысын арттыруға байланысты жұмыс түрлерін жүргізу, соның ішінде өтілгелі отырған аңыздарға сәйкес әңгімелер құрастыруға, пікір айта білу, өз беттерімен талдауға дағдыландыру, мәтінге жуық мазмұндату, басты оқиғаларды ғана қамтып, мазмұндату мәселесін ойластыру. Аңыз-әңгімелерді оқыту жолдарын «Тамақтың иісі мен ақшаның сылдыры» аңызы (3-сынып) арқылы қарастырайық.

Аңыздың мазмұнын толық меңгерту, мәтінді оқыту мақсатындағы, әрі мұның оқушылар оқығалы отырған тұңғыш көлемді аңыз-әңгіме (1-2-сыныптарда көлемі қысқа аңыздар берілген болатын) екенін ескеріп, мұғалім оны бөлімдерге бөліп, көрнекі етіп жазып қояды. Оқу, талдау барысында сол бөліктерге оқушыларға ат қойғызады.

Аңызды мынадай бөлімдерге бөлуге болады:

І. Қожанасырдың асханаға келуі, кедейге араша түсуі.

ІІ. Қожанасырдың асхана иесінің уәжі мен кедейдің мұңын тыңдауы.

ІІІ. Қожанасырдың іс-әрекеті (бақыр тиындарды сылдырлатуы).

ІҮ. Қожаның тапқыр шешімі (байды сөзбен жеңіп, кедейді жөніне жіберуі).

«Сонда Қожанасыр тұрып:

- Байеке, әділдікке көшелік. Дұрысында ол сіздің тамағыңызды жеген жоқ. Иісін ғана иіскеді ғой. Ал, сіз оның ақшасының сылдарын тыңдадыңыз. Сондықтан сіздің артық кеткен борышыңыз жоқ кедейдің мойынында. Тамағыңыздың исі ақшаның сылдырымен төленді, - дейді.

Бай сөзден жеңіліп, аңырып қала берді. Кедей бейшара Қожанасырға риза болып, қайта-қайта қолын алды да, өз жөніне жүре берді» деп аяқталады.

Аңызды оқу барысында мұғалім: «Балалар, қазір мына бөлімді оқимыз, онда қандай оқиғалар болады екен, кәне, тыңдап отырайық!» - деп, олардың назарын үнемі негізгі бөлімдерге аударып отыру керек. Бөлімді оқып болған соң, сұрақтар арқылы қолма-қол мазмұндатудың маңызы зор болмақ.

Сұрақтар: Мысалы, 1-2-бөлімдерге:

  1. Аңыз-әңгіме қандай сөздермен басталады?

  2. Асхананың иесі бейшара кедейді не үшін сабап жатыр?

  3. Кедейдің асхана иесіне не үшін ақша төлеуі керек болды?

  4. Кедей не деп мұңын шақты?

Мазмұндап болған соң бөлімдерге тақырып қою жұмысын жүргізу керек. Онда да балалардың өз пікіріне жол ашқан жөн. Балалармен бірге отырып, «Қожанасыр және кедей» деген тақырып қоюға болады. Мұғалім бөлімге тақырып қоюдың негізгі шарттарын балаларға түсіндіреді, яғни тақырып сол бөлімнің ең басты, негізгі оқиғасы айналасында қоойылатынын ескертеді.

Аңыз мәтінін оқу да бірнеше әдіс-тәсілмен жүргізіледі. Мұғалім өзі мәнерлеп оқып, балаларды да қатыстырып отыруы қажет. Бүкіл сынып болып кезектесе оқуға немесе жекелеген балаларға оқытуға да болады. Соңғысында балалар мәтінде үнемі іштей ілесе оқып отырады, мәнерлеп оқуға дағдыланады, мұғаліммен бірге бәрі де мәтінмен жұмыла жұмыс істейді. Сондай-ақ, бөлімдер бойынша кезектесе оқудың да тиімділігі бар (тақтадағы көрнекілікті негізге алып). Аңыз мазмұнын меңгерту кезеңінде қызықты бөлімдерінен инсцинировка көрсетуге болады (үйірме мүшелерінің көмегі, сыныптың қабылетті оқушыларымен). Онда кездесетін көнерген сөздерге түсінік беріп, сөздік жұмысын жүргізу – басты тәсілдердің бірі.

Содан кейін аңыз мәтінін мазмұндату жұмыстары басталады. Мазмұндату да бірнеше әдіс-тәсілдермен жүргізіледі. Мысалы:

а) мәтінге жуық толық мазмұндату;

ә) бөлімдеріне байланысты басты оқиғаларын теріп мазмұндату;

б) өздеріне ұнаған оқиғаларды ғана мазмұндату;

в) мұғалім сұрағына жауап- мазмұндау. Мазмұнын толық меңгерткеннен кейін аңыз-әңгімеге әдеби талдау жүргізіледі. Әдеби талдауды түсіндірмелі әдіс, проблемалық баяндау, сұрақ-жауап, тәжірибелік тапсырмалар (проблемалық сипаттардағы сұрақ, тапсырмалар берудің тиімділігі зор), әңгімелесу, пікірлесу, т.б. әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың өзін қатыстыра отырып жүргізген дұрыс.

Оқушыларға қойылатын сұрақтар проблемалық сипатта (іздендіру әдісінің элементтері бар) болуы керек, себебі ол оқушылардың ойлау белсенділіктерін арттырады, білімді өз ынталарымен алуға жағдай жасайды.

Әдеби талдауды төмендегі үлгіден көруге болады.

1-Кесте. Мұғалім баяндауының үлгі-жоспары. Әдіс- тәсілдер.

Жоспар:

Әдіс-тәсілдер

- Аңыз – ауыз әдебиетінің бір саласы. Өзіндік ерекшеліктері.

- «Тамақтың иісі мен ақшаның сылдыры» аңызы, оның шындық болмысты суреттеуі.

- Аңыз негізінде жатқан басты мәселелер

- Басты кейіпкерлер. Қожанасыр бейнесі. Қожанасырға мінездеме.

- Бейшара кедей.

- Байға мінездеме.

- Тамақтың иісі мен ақшаның сылдыры туралы.

- Аңыздың көркем тілі, халықтың тілі, құрылысы, маңызы.

Әңгімелеу, баяндау.

Баяндау, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс (кейбір іс-әрекеттерді балаға тапқызу).

Сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелесу.

Сұрақ-жауап, иллюстрациялар. Оқулық-пен жұмыс. Мұғалім баяндауы. Оқушы-ның ауызша суреттеуі.

Сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелесу. Салыстырмалы мінездеме.

Оқулықпен жұмыс, оқушы әңгімесі.

Тәжірибелік жұмыс, баяндау, сұрақ-жауап.

Сұрақтар, тапсырмалар (сыныпта, үй тапсырмасында) қолданылады.

1. «Тамақтың иісі мен ақшаның сылдыры» әңгімесі неге аңыз-әңгімеге жатады?

2. Аңыз арқылы халық нені айтпақ болған?

3. Халық арманын қай жерден көруге болады?

4. Өзіңе Қожанасыр ұнай ма? Әсіресе, қандай мінездері, іс-әрекеттері ұнайды?

5. Қожанасыр арқылы халық нені армандағын, соны айтуға тырыс.

6. Қалай ойлайсың, бақыр теңгелер болмаса, Қожанасыр кедейді құтқара алар ма еді?

7. Кедейдің іс-әрекеті арқылы халық не айтпақшы болған?

8. Кедей мен байға салыстырмалы мінездеме бер, өзіңше қайсысы өте ұнамсыз, әділетсіз?

9. Кедейдің аңыздағы орны туралы әңгімеле. Қалай ойлайсың егер ол Қожанасырға кезікпесе, аңыз дәл қазіргідей қызықты болар ма еді?

10. Аңызды өзің ары қарай қалай жалғар едің?

11. Қожанасырға ұқсағыларың келе ме? Келсе, әсіресе, қай қасиетіне ұқсағың келеді?

12. Аңыздан ұйқасты сөз тіркестерін тап. Өзіңе ұнаған жақсы сөз болса, дәптеріңе жазып ал.

3-сынып оқулығында бірнеше аңыз-әңгімелер берілген. Оларды оқып, талдап болған соң, қорытынды сабақ ретінде салыстыру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Бұндай жұмыс оқушылардың аңыз-әңгімелерді жанрлық жағынан бір-бірінен ажырата білулерін, ортақ, ұқсас мәселелерін, үндестіктерін, өзіндік ерекшеліктерді тереңірек түсінуге көмегін тигізеді. Мұндай сабақты «Аңыздарда қонақта» (сабақ үлгісін композициялық сабақ ретінде алуға болады), «Аңыз кейіпкерлері сыр шертеді» деген тақырыптармен өткізуге болады. Бірнеше аңыздардан шағын көріністер көрсету (оқушылар өзі дайындайды), аңызды аңыз айтушыға бастату (оның рөлінде де оқушылар болады), аңыздар бойынша суреттер салғызып (қабылеттеріне қарай), сабақта оны пайдалану балалардың әдебиетті сүю, халық туындыларына деген құрметін, қызығушылығын арттырады.