- •Тау жыныстарын айналмалы бұрғылау қалай іске асырылады?
- •Таужыныстарын соққылап бұрғылау қалай іске асырылады?
- •Тау жыныстарын соққылап-бұрып бұрғылау.
- •Тау жыныстарын соқпа-айналымды бұрғылау.
- •Жарылғыш зат дегеніміз не?
- •Жарылыс реакциясының өту түрі.
- •Өнеркәсіптік жз-тар қандай қоспалардан тұрады?
- •Жарылыстың қандай түрлері болады?
- •Химиялық жарылыс д/з не?
- •Жз құрамдарына қоспалар қандай мақсатта қосылады?
- •Жз сипаттамаларын бағалау үшін қандай сынақ әдістері қолданылады?
- •Жарылғыш заттардың бризанттылығын анықтау.
- •Жарылғыш заттардың жұмыс істеуге қабілеттілігін анықтау.
- •Жз сезімталдығын анықтау.
- •Жарылғыш заттардың сапасын тексеру әдістері.
- •Құрғақ ұнтақталған жарылғыш заттар.
- •Құрамында суы бар жарылғыш заттар.
- •Жз оқтамдарын от арқылы қоздыру әдісінің ерекшеліктері.
- •От арқылы қоздыру әдісіндегі қолданылатын құралдар
- •Жарылғыш зат оқтамын электрлі-отты қоздыру әдісі.
- •Электрлі қоздыру әдісінің тиімділігі.
- •Электрлі қоздыру желісін жалғау әдістері.
- •Жз оқтамын дүмпіткіш пілте арқылы қоздыру әдісі.
- •Жарылғыш зат оқтамдары қандай белгілермен топталады?
- •Жарылыстан пайда болатын ұра көлемін қалай анықтауға болады?
- •Табан бойынша кедергі сызығы д/з не және оны қалай анықтайды?
- •Үйлер мен ғимараттарға байланысты зақымдану дәрежесі қалай белгіленеді?
- •Шпурлық оқтам д/з не, қолданылу орны.
- •Ұңғымалық оқтамды ашық кен жұмыстарында қолдану технологиясы.
- •Камералық оқтамдарды жербеті жағдайында қолдану әдісі.
- •Карьерлердегі ұңғымаларды қандай техникалармен оқтауға болады?
- •Камералық оқтамды дайындау үшін камераның көлемін қалай анықтайды?
- •Ұңғымаларды бос ауа аралықтарын қалдырып оқтаудың тиімділігі.
- •Ұңғымалар арақашықтығын қалай анықтайды?
- •Жерасты қазбаларының забойларында шпурлар қалай орналасады?
- •Шпурлардың тереңдігі қандай жағдайларға байланысты анықталады?
- •Бір аттыруға қолданылатын жз көлемі қалай анықталады?
- •Жарылғыш заттың меншікті шығыны д/з не?
- •Шпурларды пайдалану коэф?
- •Забойды қопаруға қолданылатын шпурлар саны қалай анықталады?
- •Электрлі қол бұрғыларының жұмыс принципі және қолданылатын орны.
- •Оттегілік баланс д/з не?
- •Оттегілік баланстың қандай түрлері болады?
- •Оттегілік балансты анықтауда аммиакты селитра қалай қолданылады?
- •Жарылыстан пайда болатын газдар қалай анықталады?
- •Нөлдік оттегілік баланс д/з не?
- •Жз жарылысынан пайда болатын газ көлемі қалай анықталады?
- •Жз жарылысынан пайда болатын қысымды қалай анықтауға болады?
- •Дүмпіткіш капсюль д/з не?
- •Отпілтенің құрылысы.
- •Тұтандырғыш түтік д/з не және ол қалай жасалады?
- •Электрлі-отты қоздыру жабдығы қалай жасалады?
- •Электрлі дүмпіткіш д/з не?
- •Лезде атылатын электрлі дүмпіткіштердің құрылысы.
- •Кідіріп атылатын электрлі дүмпіткіштердің ерекшеліктері.
- •Электрлі дүмпіткіштерге ток беретін құралдар.
- •Дүмпіткіш пілте құрылысы және қолданылатын орны.
- •Дүмпіткіш пілте аттыру желісін жалғау әдісі.
- •Жз оқтамын соққы толқынды қоздыру әдісі.
- •Соққы толқынды қоздыру әдісінің ерекшеліктері.
Жарылғыш зат дегеніміз не?
Жарылғыш зат – сыртқы импульс әсерінен (қызу, үйкеліс, соққы, т.б.) жарылатын химиялық немесе механикалық қоспалар. Оларда қоршаған ортаны қопарып жарылыс жасайтын жылу және газ бөлінетін жылдам реакция жүреді.
ЖЗ жарылысы кезінде қуат химиялық реакцияның әсерінен, яғни сутегінің суға, көміртегінің көмірқышқыл газына айналуынан пайда болады. ЖЗ жарылған кезде жанғыш элементтер оттегімен қосылады да, тотықтану реакциясы жүреді. Өндірісте қолданылатын жарылғыш заттар қатты заттар немесе қатты зат пен сұйық заттың қосындысынан тұрады..
Дүмпу жылдамдығының өте жоғары болуына байланысты, оқтам аймағында бастапқы уақытта өте жоғары қысым (1000 МПа) таралады. Ол оқтамға жақын орналасқан жерде күшті жарылыс жасауға себепкер болады әрі жарылыстан өте күшті дыбыс шығады.
Сонымен, жарылғыш зат жарылысының ерекшеліктеріне: химиялық реакциясының өте жылдам таралуы, реакцияның экзотермиялылығы, қуатының жоғарылығы, жарылыс қысымы мен толқындардың таралуы жатады.
Жарылыс реакциясының өту түрі.
Аммиакты селитраның жарылыс реакциясы: NH4NO3→2H2O+N2+0,5O2+1,4кВт
Жарылғыш заттардың жарылысы химиялық тұрғыдан бастапқы заттың газ тәрізді затқа қайтымсыз айналу реакциясы болып табылады. Бұл реакцияның бағыты мен соңғы өнімнің құрамы жарылыстың негізгі параметрлерін, яғни оның жылуын, температурасын, қысымын, дүмпу жылдамдығын, т.б-ды анықтайды. Сонымен қатар, жарылыс өнімінің улылық әсері де онымен байланысты, себебі жарылыстан пайда болатын кейбір газдар (көміртек тотығы, азот тотығы, күкіртті қоспалар және т.б.) адам денсаулығына зиян. Бұл өз кезегінде жерасты жағдайындағы жұмыстарда, яғни қазбалардағы ауа желдеткіштер көмегімен жасанды жолмен тазаланатын жағдайда үлкен мәнге ие. Сондықтан жерасты жағдайларында қолданылатын жарылғыш заттарға жоғары талаптар қойылады.
Жарылыс реакциясының бағыты химиялық термодинамиканың негізгі заңдылықтарына сүйенеді. Себебі жарылғыш заттардың жарылысын бірбағытты – қайтымсыз реакция ретінде қарастыруға болады, олай болса, реакциялық зат алмасу уақытында жоғары жылу бөлінеді.
Өнеркәсіптік жз-тар қандай қоспалардан тұрады?
Аммиакты, натриий, нитроглецирин, оқдәрі (порох)
Өнеркәсіптік ЖЗ дайындау және қолдану кезінде қауіпсіз, техникалық және экономикалық жағынан тиімді, ұзақ уақыт сақтаған кезде өздерінің қасиеттерін жоймайтын қоспалар қолданылады.
Физикалық күйіне байланысты ЖЗ:
- қатты қоспалармен (гексоген, тротил, аммиакты селитра+тротил, т.б.);
- сұйық және қатты заттардың қоспалары (аммиакты селитра+жанармай, сұйық нитроэфир+аммиакты селитра, сұйық оттегі+қатты жанғыш зат, т.б.);
- аммиакты және натрийлі селитраның ерітіндісі мен жанғыш зат қоспасы, және бризантты жарылғыш заттардың қоспалары;
- газ қоспалары (метан+ауа, ацетилен+оттегі, т.б.);
- газбен бірге қатты немесе сұйық зат қоспалары (көмір немесе ағаш ұнтағы, ауамен қосылған бензин, т.б.);
- сұйық заттар (нитроглицерин, нитрогликоль);
- сұйық зат қоспалары (тетранитрометан+бензол, азоттың төрт тотығы+керосин, т.б.) болуы мүмкін.
Жоғарыда келтірілген өнеркәсіптік жарылғыш зат қоспаларының өндірісте ең көп қолданылатындары бірінші үш топ. Соның ішінде қатты заттар мен сұйық қоспалардан жасалған жарылғыш заттар кең қолданысқа ие.
