Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен разрушение билет-1.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186 Кб
Скачать
  1. Тұтандырғыш түтік д/з не және ол қалай жасалады?

Отпілте мен дүмпіткіш капсюль қосындысын – тұтандырғыш түтік деп атайды. Тұтандырғыш түтікті жарылғыш зат сақталатын қоймалардың жанындағы арнаулы бөлмеде жасайды. Бұл жұмыс жұмсақ материалмен жабылған столда орындалуы керек. Дүмпіткіш капсюльдердің ішіне отпілте кигізіліп мықтап бекітіледі.

Тұтандырғыш жарылғыш материалдарды дайындайтын ғимараттың ішінде арнайы бөлмеде, жерасты қоймаларында арнайы камераларда жарушылар дайындайды. Жару жұмыстарының ұзақтығы алты айдан аспайтын болса, кәсіпорын жетекшісінің рұқсатымен тұтандырғыш және бақылау түтіктерін жеке жасақталған бөлмелерде, палаткаларда, шатырлар астында немесе ашық ауада жасауға болады.

Тұтандырғыш және бақылау түтіктерін дайындау кезінде жарушының столында 100 дүмпіткіш капсюль және отпілте кесінділерінен артық зат болмауы керек.

Дайын болған тұтандыру түтіктерін ұзындығы бойынша сорттап және дөңгелетіп орап шетке алып қою керек. Тұтандырғыш түтіктерді дайындамас бұрын дүмпіткіш капсюльді сырттай тексеріп алған жөн. Егер дүмпіткіш капсюль гильзасына қоқыстар жабысқан болса, онда оны құралдың көмегінсіз ақырындап алып тастауға болады.

  1. Электрлі-отты қоздыру жабдығы қалай жасалады?

Көлбеу бұрышы 30 гралус жоғары тік жəне көлбеу қазбаларда жəне жарушыларға қауіпсіз жерге шығу қиын болған кезде электрлі-от арқылы аттыру əдісі қолданылады.

Электрлі-от арқылы аттыру əдісі электрлі жəне отты аттыру əдісінің қосындысы, яғни жалғанған отпілтелерді бір жерге жиналып оған электрлі тұтандырғыш жалғанады.

Жарушылар қауіпсіз жерге шығып аттыру машинкасы арқылы ток жіберіп, электрлі тұтандырғышты жағады, соның атылысынан отпілтелер тұтанып барып оқтамдарды жарады.

  1. Электрлі дүмпіткіш д/з не?

  2. Лезде атылатын электрлі дүмпіткіштердің құрылысы.

  3. Кідіріп атылатын электрлі дүмпіткіштердің ерекшеліктері.

Электрдүмпіткіш д/з – электртұтандырғыш орналасқан дүмпіткіш капсюль. Электрдүмпіткіштер ішінде орналасқан қоздырғыш ЖЗ-тың түріне байланысты (күркірек сынапты тетрилді және азидті-тетрилді), жарылу уақытына байланысты (лезде, қысқа кідірісті және кідірісті) арналу мақсатына байланысты (жалпы мақсатта, сейсмикалық барлау үшін, мұнай ұңғымаларын торпедалайтын), қолдану жағдайы бойынша (сақтандырылмайтын және сақтандырғыш), адасқан токпен жарылуға бейімділігі бойынша (нормальды, төмендетілген және жарылуға бейімділігі өте төмен) болып бөледі.

Лезде атылатын электрдүмпіткіштердің: суға төзімді ЭД-8-Э, ЭД-8-Ж, сейсмикалық ЭДС, сақтандырғыш ЭД-8-ПМ, адасқан және статикалық токтарға қарсы тұра алатын ЭД-18Т термикалық тұрақты ТЭД-200, жоғары вольтты ЭДВ, т.б. маркалары шығарылады.

Электрдүмпіткіштерді аттыруға электр тогы қолданылады. Сымдарға электр тогын жіберген кезде жіңішке көпір қызады да, тұтандырғыш құрамды жандырады. Бұдан кейін пайда болған жалын мен ұшқындар чашечканың қуысынан өтіп, бірінші қоздырғышты (инициаторды) аттырады. Одан кейін екінші қоздырғыш атылады да, негізгі ЖЗ оқтамының атылысы басталады.

Лезде атылатын электрдүмпіткіштер ток жіберілісімен, тоқтаусыз атылады. Сәл кідіріп атылатын электрдүмпіткіштердің (ЭДКЗ) жылдам атылатын электрдүмпіткіштерден негізгі айырмашылығы – мұнда электртұтандырғыш пен бірінші қоздырғыш арасына кідіргіш (замедлитель) салынады. Кідіргіш құрамы (жанатын заттар) қорғасындық суриктен, силикокальцийден, болмаса ферросилицийден тұрады. Бұл дүмпіткіштердің де тұтандырғыш құрамасы қос қабат болады. Бұл электродүмпіткіштердің кешеңдеу мөлшері (милисекунд есебімен): 25; 35; 50; 75; 100; 150; 250.

Кідіріп атылатын электрдүмпіткіштердің (ЭДЗД) сәл кідіріп атылатын электрдүмпіткіштерден айырмашылығы – кідіргіш құрамында болады. Мұнда кідіргіш ретінде қорғасынды сурик, хромдық қышқыл тұздары және форросилиций қолданылады. Кідіріп атылатын электрдүмпіткіштердің кешігу мөлшері (секунд есебімен): 0,5; 0,75; 1,0; 1,5; 2,0; 4,0; 6,0; 8,0; 10. Электрдүмпіткіштерді, забойда орналасқан оқтамдарды ретімен аттыру үшін кідіріп жарылатындай етіп жасайды.

Жоғарыда келтірілген электрдүмпіткіштерді температура 400С аспайтын кезде қолдануға болады. Жоғары температура болған кезде термотұрақты электрдүмпіткіштері қолданылады.