- •Тау жыныстарын айналмалы бұрғылау қалай іске асырылады?
- •Таужыныстарын соққылап бұрғылау қалай іске асырылады?
- •Тау жыныстарын соққылап-бұрып бұрғылау.
- •Тау жыныстарын соқпа-айналымды бұрғылау.
- •Жарылғыш зат дегеніміз не?
- •Жарылыс реакциясының өту түрі.
- •Өнеркәсіптік жз-тар қандай қоспалардан тұрады?
- •Жарылыстың қандай түрлері болады?
- •Химиялық жарылыс д/з не?
- •Жз құрамдарына қоспалар қандай мақсатта қосылады?
- •Жз сипаттамаларын бағалау үшін қандай сынақ әдістері қолданылады?
- •Жарылғыш заттардың бризанттылығын анықтау.
- •Жарылғыш заттардың жұмыс істеуге қабілеттілігін анықтау.
- •Жз сезімталдығын анықтау.
- •Жарылғыш заттардың сапасын тексеру әдістері.
- •Құрғақ ұнтақталған жарылғыш заттар.
- •Құрамында суы бар жарылғыш заттар.
- •Жз оқтамдарын от арқылы қоздыру әдісінің ерекшеліктері.
- •От арқылы қоздыру әдісіндегі қолданылатын құралдар
- •Жарылғыш зат оқтамын электрлі-отты қоздыру әдісі.
- •Электрлі қоздыру әдісінің тиімділігі.
- •Электрлі қоздыру желісін жалғау әдістері.
- •Жз оқтамын дүмпіткіш пілте арқылы қоздыру әдісі.
- •Жарылғыш зат оқтамдары қандай белгілермен топталады?
- •Жарылыстан пайда болатын ұра көлемін қалай анықтауға болады?
- •Табан бойынша кедергі сызығы д/з не және оны қалай анықтайды?
- •Үйлер мен ғимараттарға байланысты зақымдану дәрежесі қалай белгіленеді?
- •Шпурлық оқтам д/з не, қолданылу орны.
- •Ұңғымалық оқтамды ашық кен жұмыстарында қолдану технологиясы.
- •Камералық оқтамдарды жербеті жағдайында қолдану әдісі.
- •Карьерлердегі ұңғымаларды қандай техникалармен оқтауға болады?
- •Камералық оқтамды дайындау үшін камераның көлемін қалай анықтайды?
- •Ұңғымаларды бос ауа аралықтарын қалдырып оқтаудың тиімділігі.
- •Ұңғымалар арақашықтығын қалай анықтайды?
- •Жерасты қазбаларының забойларында шпурлар қалай орналасады?
- •Шпурлардың тереңдігі қандай жағдайларға байланысты анықталады?
- •Бір аттыруға қолданылатын жз көлемі қалай анықталады?
- •Жарылғыш заттың меншікті шығыны д/з не?
- •Шпурларды пайдалану коэф?
- •Забойды қопаруға қолданылатын шпурлар саны қалай анықталады?
- •Электрлі қол бұрғыларының жұмыс принципі және қолданылатын орны.
- •Оттегілік баланс д/з не?
- •Оттегілік баланстың қандай түрлері болады?
- •Оттегілік балансты анықтауда аммиакты селитра қалай қолданылады?
- •Жарылыстан пайда болатын газдар қалай анықталады?
- •Нөлдік оттегілік баланс д/з не?
- •Жз жарылысынан пайда болатын газ көлемі қалай анықталады?
- •Жз жарылысынан пайда болатын қысымды қалай анықтауға болады?
- •Дүмпіткіш капсюль д/з не?
- •Отпілтенің құрылысы.
- •Тұтандырғыш түтік д/з не және ол қалай жасалады?
- •Электрлі-отты қоздыру жабдығы қалай жасалады?
- •Электрлі дүмпіткіш д/з не?
- •Лезде атылатын электрлі дүмпіткіштердің құрылысы.
- •Кідіріп атылатын электрлі дүмпіткіштердің ерекшеліктері.
- •Электрлі дүмпіткіштерге ток беретін құралдар.
- •Дүмпіткіш пілте құрылысы және қолданылатын орны.
- •Дүмпіткіш пілте аттыру желісін жалғау әдісі.
- •Жз оқтамын соққы толқынды қоздыру әдісі.
- •Соққы толқынды қоздыру әдісінің ерекшеліктері.
Жз жарылысынан пайда болатын қысымды қалай анықтауға болады?
Жарылыс кезінде оқтам камерасында пайда болатын газ қысымын Бойль-Мариотт пен Гей-Люсак біріккен заңдары және Ван дер Ваальс түзетуінің теңдеуімен анықтауға болады:
,
Па; (2.54)
Р0 = 1,01·105 Па – температура 00С кездегі атмосфералық қысым;
V0 – қысым Р0 және температура 00С кездегі жарылыс газдарының көлемі, м3;
Т – жарылыс температурасы, К;
V – оқтам камерасының көлемі, м3;
α – жарылыс газдарының коволюмі (молекулалар көлемі). Жарылғыш заттарды оқтау тығыздығы 0,5÷1,0 т/м3 болғанда, α=0,001·V0, ал оқтау тығыздығы одан жоғары болса, α=0,0006·V0 тең болады.
Дүмпіткіш капсюль д/з не?
Дүмпіткіш капсюль – диаметрі 6–7 мм және ұзындығы 47–51 мм, ішіне бастапқы және екінші реттік қоздырғыш ЖЗ салынған цилиндрлі гильза. Қоздыру әсерін күшейту үшін дүмпіткіш капсюльдің түбінде кумулятивті ойықша болады.
Дүмпіткіш гильзасына бірінші, екінші реттік ЖЗ тығыздалып салынып, содан кейін ортасы тесік металл чашкаға орналасқан бірінші реттік ЖЗ салынады. Дүмпіткіш капсюль ішіне салынатын ЖЗ, оның 2/3 бөлігін алады. Ал 1/3 бөлігі отпілтені енгізіп бекітуге арналған. Чашкадағы тесіктің диаметрі 2–2,5 мм болады. Ол отпілте арқылы жанып келген оттың бастапқы қоздырғышқа әсер етуіне арналады. ЖЗ-тың тесіктен төгілуін болдырмау үшін оны жылдам жанғыш жібек тормен жауып қояды. Дүмпіткіш капсюльдер үйкеліске, соққыға және отпен атылуға бейім, сондықтан онымен жұмыс істеген кезде өте сақ болу керек.
Тау-кен өнеркәсібінде қолданылатын дүмпіткіш капсюльдер жарылғыш зат құрамына байланысты күркіреуік сынапты-тетрилді және азидті-тетрилді болып бөлінеді.
Отпілтенің құрылысы.
Отпілте дүмпіткіш капсюль ішіне орналасқан қоздырғыш ЖЗ-қа от беруге арналған. Ол өзегіне түтінді оқ-дәрі тығыздалып салынып, бағыттауыш жіп орналастырылған және мақта жібі қабатымен оралып, сырты оқшауланып жасалады. Отпілтенің сыртқы диаметрі 5,5 мм. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары бойынша ұзындығы 0,6 м отпілте 60–69 с жануы керек.
Отпілтелердің: асфальттанған ОША (құрғақ және ылғал забойларға арналған), полиэтилен қапты ОШЭ және пластикатты ОШП (сулы забойларға арналған) түрлері шығарылады.
Отпілтені жандыратын жабдықтар. Бірнеше оқтамдарды отпен қоздырған кезде кесінделген отпілтені немесе арнайы оқшандарды қолданып, от беруге болады. Бір оқтамды аттырғанда, отпілтеге сіріңкемен от беруге болады.
Жандырғыш бықсу пілтесі калийлі селитра ерітіндісі сіңірілген диаметрі 6–8 мм мақта жібінен тұрады. Ол сіріңкемен жақсы тұтанады, отпілтеге жақсы от береді және 10 мм/мин жылдамдықпен бықсиды. Отпілте кесіндісімен от берген кезде, басында оған қисық кесінділер жасайды. Оны жаққан кезде кесінділерден ұшқын шығады және ол пілтені жақсы тұтандырады.
Жандырғыш – оқшандар топталған отпілтені бір мезгілде жандыруға арналған құрал. Ол түбініне оқ-дәрі жандырғышының құрамы салынған, қағаздан жасалған стакан. Яғни, отпілте тобын қағаз стаканға орналастырып, шпагат жібімен жақсылап буады. Сонымен бірге, оқшанға қысқа отпілте кесіндісін орналастырады. Сол кесіндіге от берген кезде стакан түбіндегі оқ-дәрі жанып, соның әсерінен барлық отпілтелер тұтанады. Мұндай оқшан көмегімен 10–38 отпілте кесіндісін бір уақытта тұтандыруға болады.
