Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен разрушение билет-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186.48 Кб
Скачать
  1. Үйлер мен ғимараттарға байланысты зақымдану дәрежесі қалай белгіленеді?

Жеке орналасқан үйлер мен басқа да екінші дəрежелі ғимараттар, қозғалысы көп емес көлік жəне теміржолдары, ерекше мықты ғимараттар (болат жəне темірбетон көпірлері, коперлары, элеваторлар, т.б.) жəне биік жағаларда орналасқан нысандар үшін қауіпсіз арақашықтықты анықтау үшін төртінші дəрежелі зақымдануды қабылдау керек;

- электрөткізгіш желілеріне дейінгі арақашықтықтарды анықтағанда, кесектердің ұшу радиусінің мəніне байланысты қабылдаған жөн. Себебі, электр желілері ауалы соққы толқынына тұрақты ғимарат болып есептеледі;

- бірінші жəне екінші зақымдану дəрежесі кезіндегі опырылған қоймалар, сыртқы оқтам ретінде қарастырылады. Есептеу кезінде зақымдану дəрежесі екіден жоғары опырылған қоймаларды, тереңге орналастырылған оқтамға теңестіріп қабылдауға болады.Сондықтан, оларды ғимараттың күйіне байланысты таңдау керек. Яғни, ғимарат қаншама мықты болған сайын, коэффициенттің аз мəнін қабылдап отыру керек;

- қауіпсіз арақашықтықты есептеу кезінде ЖЗ қасиеті ескерілмейді.

Егер қарастырылып отырған нысан ауа арқылы берілетін соққы толқынының жолында орналасқан қорғанның (қалың орманның шетінде немесе таудың етегінде) сырт жағында орналасса, келтірілген формулалар арқылы анықталған қауіпсіз арақашықтықтың мəндерін кемітуге болады, бірақ ол 2 еседен аспауы керек.

  1. Шпурлық оқтам д/з не, қолданылу орны.

Шпурлық оқтам әдiсi – тау-кен қазбаларын қазғанда, қалыңдығы шағын (10 м-ден аспайтын) кендердi қопарып алуға қолданылады. Шпурлық оқтам әдiсiнiң артықшылығы мыналар: таужыныстары жақсы ұсақталады; әртүрлi жағдайда (өте тар жерлерде де) қолдануға болады; жеңiл бұрғылау машиналары пайдаланылады. Бұл әдiстiң кемшiлiгi мыналар: бұрғылау және аттыру жұмыстарының мөлшерi көбiрек; перфоратормен бұрғылағанда шаң көп бөлінеді.

Шпур дегеніміз – цилиндр тәрізді ұзындығы 5 м аспайтын, диаметрі 75 мм артық емес тау массивін қопару үшін массивтің ішіне ЖЗ орналастыруға арналып жасалатын қуыс.

Шпурлық оқтам әдісі механикаланбаған кіші карьерлерде ғана қолданылады. Карьерлерде шпурлық оқтамдар көмегімен аттыру әдісін қопару жұмыстарының көлемі аз, пайдалы қазбалар қабатының қалыңдығы үлкен емес болғанда, құрылысқа қолданылатын тастардың ірі блоктарын өндіргенде, өлшемі үлкен таужынысы кесектерін ұсақтауға қолданады. Бұл әдісте таужынысының кертпешінде диаметрі 32–70 мм және тереңдігі 3–5 м болатын шпурларды тік, көлбеу және жазық бағыттарда қол перфораторларының көмегімен бұрғылайды.

Таужыныстарын карьер кертпешінен жақсы жұлып қопару үшін шпурларды кертпеш биіктігінен 10–15% асыра бұрғылайды. Егер кертпеш табанында тұрақсыз бос таужыныстары шоғырланған болса, шпурларды кертпеш биіктігінің мөлшерімен теңдей етіп бұрғылауға болады. Ал кертпеш табанында саз топырақты таужыныстар шоғырланған болса, шпурларды сол қабатқа 15–20 см жеткізбей бұрғылайды.

Қатарда орналасатын шпурлардың арақашықтығын, бірінші атылатын оқтамдар, кідіріп атылатын оқтамдарды зақымдап кетпейтіндей етіп қабылдау қажет.