Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен разрушение билет-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186.48 Кб
Скачать
  1. Тау жыныстарын айналмалы бұрғылау қалай іске асырылады?

Механикалық бұрғылау әдістері айналмалы және соққылы болып бөлінеді.

Айналмалы бұрғылау кезінде аспап өз осьінде айналады және оның осьі шпур немесе ұңғыма осьімен сәйкес келіп, бір уақытта забойға аздаған күшпен итеріп отырады. Соның әсерінен таужыныстары қопарылып, оның қалдықтары шпур ішінен бұрғы қалақтары көмегімен сумен жуыла отырып немесе ауа үрлеу арқылы сыртқа шығарылады.

Айналмалы бұрғылау әдісі диаметрі 50 мм дейін, тереңдігі 5 м шпурларды бұрғылау үшін бекемдік коэффициенті f≤6 таужыныстарында қолданылады.

Айналмалы бұрғылау машиналары бос таужыныстарында соққылау машиналарына қарағанда аз дыбыс шығарып, жоғары өнімділік көрсетеді және шаңдану дәрежесі де төмен болады. Тұтынатын қуаты бойынша олар пневматикалық, электрлі және гидравликалық, ал қуаты мен орнату әдісі бойынша – қолдық және ұстынды (колонкалық) болып бөлінеді.

Қолдық бұрғылар диаметрі 50 мм және тереңдігі 4 м дейінгі шпурларды орнықсыз бос таужыныстарында, осьтік күштемесі 30 кг дейінгі кезде қолданылады. Массасы 100-120 кг ұстынды (колонкалық) бұрғылар диаметрі 40 мм, тереңдігі 5 м дейінгі шпурларды бекемдік коэффициенті 6-7 таужыныстарында бұрғылағанда қолданылады.

Шпурларды айналмалы бұрғылау әдісінде бұрғының таужынысына енуі үшін күштеме сырттан беріледі. Бұрғы сырттан берілген күш арқылы таужынысына еніп, қозғалтқыштың көмегімен айналған кезде оларды мүжіп қопарып отырады. Сондықтан бұл әдісті қатты таужыныстарында қолданған тиімсіз.

  1. Таужыныстарын соққылап бұрғылау қалай іске асырылады?

Соққылап бұрғылау кезінде соққы бөлшегінің көмегімен аспап забойға соққы жасап, жүзінің жұмысы арқасында таужыныстарын қопарады. Әрбір соққыдан кейін бұрғы аспабы сәл бұрыш жасап айналады. Соққылы бұрғылаудың өзі бірнеше түрлерге бөлінеді: Соққылап-бұрып бұрғылау; Соқпа-айналымды бұрғылау; Айналсоқ бұрғылау; Шарқашаулармен бұрғылау.

Шпурларды соққылы бұрғылау пневматикалық бұрғылау балғаларымен іске асырылады. Олардың массалары жеңіл, сыртқы өлшемдері ықшам және қызметі қарапайым болып келеді, кез келген бекемдіктегі таужыныстарын тиімді бұрғылай алады. Уатқыш балғалары қолдық, телескопты және ұстындық (колонкалық) болып бөлінеді.

Бұрғылау кезінде цилиндрдегі соққы поршені алға және артқа қозғалыс жасайды. Поршень алға жылжығанда, яғни жұмысшы жүріс жасағанда бұрғы ұстағышта орналасқан бұрғының артынан соққы жасайды. Поршень артқа қайтып бос жүріс жасаған кезде, бұрандалы өзек көмегімен сәл бұрылып отырады. Поршеннің бұрылысынан муфта арқылы байланысқан бұрғы аспабы да айналады. Поршеньге қозғалыс беретін сығылған ауа соққы балғасының қақпағы арқылы ауа бөлгішке келіп түседі.

  1. Тау жыныстарын соққылап-бұрып бұрғылау.

Қатты таужынысы массивтерін жарылыс күшімен қопару үшін оның ішіне шпур немесе ұңғыма бұрғылайды. Сол жасанды теспелерге ЖЗ оқтамдары салынып белгіленген тәртіппен, талап етілетін нәтижені алу үшін аттырылады. Бұрғылау процесі забойдағы таужыныстарын бұрғылау аспабымен қопару мен оны шпур немесе ұңғымадан шығарып тазалаудан тұрады.

Шпурлар мен ұңғымаларды бұрғылау үшін әртүрлі бұрғылар мен балғалар, бұрғылау арбалары, бұрғылау станоктары мен қондырғылары қолданылады. Кез келген бұрғылау әдісі: жұмысты бастау үшін бұрғылау қондырғысын дайындау; ұңғымаларды бұрғылау және тазалау, т.б. сияқты негізгі операцияларды орындаумен байланысты.

Механикалық бұрғылау әдістері айналмалы және соққылы болып бөлінеді.

Соққылап-бұрып бұрғылауда аспап соққы арасында балғаға орнатылған бұрғыш қондырғы көмегімен бұрылып отырады. Ал арқанды-соққылы бұрғылау кезінде қашау арқанды құлып және арқанның серпінді қасиетінің арқасында бұрылып отырады.