- •1. Хх ғасыр басындағы Қзақастанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы: нарықтық қарым-қатынастардың қалыптасуы
- •2. Хх ғ. Басындағы ұлт зиялыларының қалыптасуы
- •3. Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс және Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы. Қарқаралы петициясы
- •4. Жадидизм және оның көрнекті өкілдері (хх ғ. Бас кезі).
- •5. Ұлт зиялылыры және олардың XX ғ. Басындағы қоғамдық-саяси, мәдени қызметі (ә.Бөкейханов, а.Байтұрсынов, м.Дулатов, м.Тынышпаев).
- •6. Қазақ зиялыларының Қазақ саяси элитасының (ш.Құдайбердіұлы, ж.Көпеев, м.Дулатов, м.Тынышпаев, с.Асфендияров және т.Б.) қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеуі.
- •Әбубәкір Диваевтың зерттеулері
- •7. Хх ғ. Басындағы қазақ баспасөзі (Айқап журналы, Қазақ газеті).
- •8. Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914-1918 жж.). Столыпин аграрлық реформасы және Қазақстандағы жер мәселесі.
- •9. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс: себептері, барысы, тарихи маңызы.
- •10. 1917 Ж. Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісі және Қазақстанның саяси дамуы.
- •11. Алаш партиясы және оның бағдарламасы.
- •12. 1917 Жылғы «Қазан төңкерісі» кеңес өкіметінің билікке келуі және «Алашордаға» қарсы күресі.
- •13. Алаш автономиялық республикасының құрылуы және оның қызметі.
- •14. Түркістан автономиясы (Қоқан Автономиясы) және біртұтас Түркістан идеясы. М.Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі.
- •Мұстафа Шоқай Балалық шағы
- •Мемлекеттік Думада жұмыс істеуі
- •Мұсылмандарының IV төтенше құрылтайына қатысуы
- •Түркістан үкіметінің мүшелері
- •Түркістан автономиясының үкімет басшысына сайлануы
- •Ел тәуелсіздігі жолындағы күрескен алаш азаматы - м.Шоқай
- •Өмірінің соңғы жылдары
- •15. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.). «Әскери коммунизм саясаты».
- •Әскери коммунизм саясаты
- •16. Қазақ акср-ның құрылуы (1920 ж.).
- •17. Жаңа экономикалық саясат және жер-су реформасы, оның салдары.
- •18. Ф.И.Голощекиннің Қазақстанда билікке келуі. «Кіші Қазан» идеясы және оның мәні.
- •19. Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргіннің басталуы (1927-28 жж.).
- •20. Қазақстандағы ұжымдастыру және оның салдары.
- •21. Қазақстандағы индустрияландыру: қорытындысы мен салдары.
- •22. Социалистік «мәдени төңкеріс» және оның салдары (1920-930жж.).
- •23. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер (1929-1931 жж.).
- •24. Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары (1937-38 жж.).
- •25. Ғылым мен мәдениеттің дамуы (хХғ. 20-40 жж.).
- •26. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдандағы Қазақстандықтардың ерен ерліктері. Қазақстандықтардың партизандық және Қарсыласу қозғалысына қатысуы.
- •27. Қазақстан – майдан арсеналы.
- •28. 1920-1940 Жж. Қазақстан тарихының зерттелуі.
- •29. «Түркістан легионы» және м.Шоқай.
- •30. Ұос жылдарында халықтарды Қазақстанға жаппай депортациялау науқаны және оның салдары.
- •31. С.Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •32. Қ.И. Сәтпаев – ғылым Академиясының тұңғыш президенті.
- •33. Соғыстан кейінгі жылдардағы республиканың қоғамдық-саяси өмірі. (1946-1954жж.).
- •34. Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы саяси және экономикалық өмірдегі құбылыстар.
- •35. Тың және тыңайған жерлерді игеру және оның салдары.
- •36. Ж.А.Тәшеновтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •37. Б.Момышұлы – дара тұлға.
- •38. Қазақстанның 1960-1980жж. Экономикалық дамуы.
- •39. Қазақстанның тоқырау жылдарындағы қоғамдық-саяси өмірі (1970-1980жж).
- •40. Хх ғасырдың іі жартысындағы мәдени даму.
- •41. Қайта құру және Қазақстанның қоғамдық-саяси өмipi.
- •42. Алматыдағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері.
- •43. Д.А. Қонаевтың өмірі мен қоғамдық –саяси қызметі.
- •44. Қазақстанның тәуелсіздік алу қарсаңындағы саяси өмірі (1985-1991жж.). Қр «Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның қабылдануы.
- •Ксро-ның сыртқы саясаты
- •45. Ксро-ның ыдырауы және тмд-ның құрылуы.
- •46. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық – саяси өмірі (1991-2000 жж.).
- •47. Президент институты – тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа құрылым.
- •48. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қабылдануы.
- •49. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 ж.).
- •50. Қазақстанның қазіргі кезеңдегі экологиялық ахуалы.
- •51. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызы.
- •52. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан - 2030 Жолдауы (1997 ж). Қазақстанның даму стратегиясы.
- •53. Астана – қр жаңа Ордасы: тарихы мен бүгіні.
- •54. Тәуелсіз Қазақстан – халықаралық аренада.
- •55.Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы кезеңіндегі экономикадағы қиындықтар (1991-2000 жж.).
- •56. «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты қр Президенті-Елбасы н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
- •57. Қазақстанның әлемдік экономикалық байланыстар жүйесінен орын алуы.
- •58. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында» атты еңбектеріндегі ұлттық тарихты зерделеу.
- •59. Әлеуметтік саясаттағы бағдарламалар мен реформалар (қр Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы 2008 ж. 6 ақпан).
- •60. Қазіргі кездегі білім беру жүйесін модернизациялау.
- •61. «Интеллектуальдық ұлт - 2020» Президенттік бағдарламасы және оның маңызы.
- •62. Қазақстан Республикасындағы этнодемографиялық және миграциялық үдерістер (хх ғасырдың соңы – хх ғасырдың басы).
- •63. Тәуелсіздіктен кейінгі жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар.
- •64. Қр парламентаризмнің қалыптасуы және дамуы.
- •65. Қазақстан Түркі әлемінің көшбасшысы: түрксой және басқа халықаралық Түркі ұйымдары.
- •66. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайының тарихи маңызы.
- •67. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы және оның ұлттық сананы қалыптастырудағы маңызы.
- •68. Қазіргі кездегі Қазақстандағы діни ахуал.
- •69. Қазақстан және Еуразия экономикалық одағы.
- •70. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаттары мен міндеттері.
- •71. Қазіргі кездегі Қазақстанның экономикалық дамуы: жаңа инвестициялар мен бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі.
- •72. ҚазКср-дің және қр Тіл туралы заңының қабылдануы.
- •73. Қазақстанның Ұлт Бірлігі Доктринасы.
- •74. С.Сейфуллиннің қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылығы.
- •75. Қр жастар саясаты және тарихпен тәрбиелеу шаралары
- •76. Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі мәдени үдерістер
- •77. Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы
- •78. Салауатты өмір салты – ұлт болашағын қалыптастырудың негізі
- •79.Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық және дінаралық қатынастардағы үйлесімділік
- •80. Қазақстан Республикасының бітімгершілік миссиясы
- •81. Н.Назарбаевтың «Әлем.Ххі ғасыр» манифесінің негізгі қағидалары.
- •82. «Қазақ хандығының 550 жылдығының» аталып өтуінің тарихи маңызы.
- •83. Мәңгілік ел ұлттық идеясының мәні мен маңызы
- •84. Қазақстан Халық Ассамблеясы : мәні мен маңызы
- •85. Қазақсттанның еқыұ-на төрағалығы және оның маңызы
- •86. Экспо-2017 халықаралық көрмесін өткізудің Қазақстан үшін маңызы
- •88. Т.Әубәкіров және Қазақстанның ғарышқа жол ашуы.
- •89. Қазақстанның қазіргі кездегі ұлт зиялылары және ұлттық идея (м.Шаханов, о.Сүлейменов, т.Б.).
- •90. Н.Ә.Назарбаев - қр Тұңғыш Президенті.
88. Т.Әубәкіров және Қазақстанның ғарышқа жол ашуы.
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-ші Май ауылында дүниеге келді. Ол кез соғыс жаңа бітіп, батырлықты, ерлікті уағыздаған уақыт болатын. Әкесі Оңғарбай мен шешесі Қамия көзге көрініп, көз жұмған 9 ұлдан кейінгі перзентіне «енді осы жаманымыз аман болсыншы» деген ниетпен азан шақырып, Тоқтар есімін беріпті.
Ата-анасы ерте дүние салды. Кішкентайынан ата-анасынан айырылғаннан ба, Тоқтар бұйығы, оқшау өсті. Ол апасы Бикен мен жездесі Нығметтің тәрбиесінде болды.
1962-65жж. Теміртау құйма механикалық зауытында токарь болды. Есімі облыстық Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін бітірген (1969ж). 1969-75жж. Кеңес Одағы әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилия командирінің орынбасары. Мәскеу ұшқыш сынақшылар мектебін (1976ж.), Мәскеу авиация институтын бітірген (1979ж.). Мәскеудегі А.И.Микоян атындағы Тәжірибелік-конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшы. Т.Әубәкіров 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет әуеде қонбай ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы Солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады. 1989 жылы 1-ші болып авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2-ші сәуірде Кеңес Одағының Ғарышкерлер дайындау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозольдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспанды астрофизикалық бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті. Әубәкіров 1991 жылдың 10 қазанында Жерге оралды. Т.Әубәкіров Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты. Ол 1992-93 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-ші орынбасары. 1993-94 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Аэроғарыштық агенттігінің бас директоры, Ғылым және жаңа технолгия министрінің орынбасары, 1994-95 жж. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауыпсіздіқ комитетінің төрағасы болды. 1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
Тоқтар Әубәкіров нақ 45 жасында ғарышкер атанды… Ал, Кеңес Одағының батыры деген жоғарғы атақты 1988 жылы алды. Онда оған бұл биік мәртебе, зор қуаныш дыбыстан да шапшаң ұшатын, мүлде жаңадан жасалған, әлі сынақтан жөнді өтпеген, тағдыры беймәлім «МиГ» ұшақтарын сынауды және оларды кеме палубасына қондырып, одан ұшып шығуды қамтамасыз еткені үшін беріліп еді. А.И.Микоян атындағы авиаконструкторлар бюросының бір құжатында бұрынғы Одақтың 26 сынақшы-ұшқышы болғандардың ішіне Қазақстаннан жалғыз Тоқтар Әубәкіров қана ілігіпті. Солардың 9-і сынақ кезінде апатқа ұшырап, қаза тапқан. Ал, қалғандары батыр атағына ие болған. Тоқтар солардың бірі болыпты.
1965 жылы Қарағанды облыстық комсомол комитетінің жолдамасымен РСФСР-дың Краснодар өлкесіндегі Армавир қаласындағы ұшқыштар даярлайтын жоғары әскери училищеге жол тартқан. Бұдан кейінгі өсу, ержету кезінде зеңгір аспанда «МиГ»ұшағымен мінсіз ұшу, жаппай тұрмай жаттығу, тәжірибе жинақтау міндеті едәуір уақытын алған. 1976 жылы А.И.Микоян атындағы авиаконструкторлар бюросына қызметке қабылданып, ғұмырының ең қиын сәттерін бастан кешірді. Бұл тұста Тоқтар үшін өмір мен өлім ылғи қатар беттесіп отырыпты.
Байқоңырдан 1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Гагарин Юрий Алексеевич "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды. Байқоңыр одан кейін де ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, "Салют", "Мир" орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған "Протон", "Зонд", "Прогноз", байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған "Молния", "Экран", "Горизонт", "Радуга", "Метеор", т.б. ЖЖС-тері ұшырылды. Айды, Марсты және Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ-лар да Байқоңырдан аттандырылды. 1991 ж. 2 қазанда тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіров"Союз Т-13" ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А. Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998) болды. Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Олардың арасыңда Байқоңыр ғарыш алаңының қызметкерлері Қ. Тоқмұхамедов, Б. Межіғұлов, Т. Уәшев, К.Әбілғазин, полковник Ә. Исмаилов, М. Құлымгереев, Қ. Нұрмағамбетов, С. Мұхаметқалиев, Б. Ешімов, Қ. Нұрмұқанов, Р. Құлмырзаев, М. Мұқанов, т.б. болды.Қазақстан азаматы, ұшқыш-сынақшы, майор М.З. Рафиков алғашқы ғарышкерлер тобында Ю.А. Гагаринмен бірге дайындықтан өтті. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж. Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993 ж. Ресей Федерациясына 20 жылға берілді. Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары байқалды. Байқоңыр кешенінен Қазақстан Республикасы аумағына жылына 30 — 35 мың т. улы заттар таралады.Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды,Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтірді.
