- •1. Хх ғасыр басындағы Қзақастанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы: нарықтық қарым-қатынастардың қалыптасуы
- •2. Хх ғ. Басындағы ұлт зиялыларының қалыптасуы
- •3. Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс және Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы. Қарқаралы петициясы
- •4. Жадидизм және оның көрнекті өкілдері (хх ғ. Бас кезі).
- •5. Ұлт зиялылыры және олардың XX ғ. Басындағы қоғамдық-саяси, мәдени қызметі (ә.Бөкейханов, а.Байтұрсынов, м.Дулатов, м.Тынышпаев).
- •6. Қазақ зиялыларының Қазақ саяси элитасының (ш.Құдайбердіұлы, ж.Көпеев, м.Дулатов, м.Тынышпаев, с.Асфендияров және т.Б.) қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеуі.
- •Әбубәкір Диваевтың зерттеулері
- •7. Хх ғ. Басындағы қазақ баспасөзі (Айқап журналы, Қазақ газеті).
- •8. Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914-1918 жж.). Столыпин аграрлық реформасы және Қазақстандағы жер мәселесі.
- •9. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс: себептері, барысы, тарихи маңызы.
- •10. 1917 Ж. Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісі және Қазақстанның саяси дамуы.
- •11. Алаш партиясы және оның бағдарламасы.
- •12. 1917 Жылғы «Қазан төңкерісі» кеңес өкіметінің билікке келуі және «Алашордаға» қарсы күресі.
- •13. Алаш автономиялық республикасының құрылуы және оның қызметі.
- •14. Түркістан автономиясы (Қоқан Автономиясы) және біртұтас Түркістан идеясы. М.Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі.
- •Мұстафа Шоқай Балалық шағы
- •Мемлекеттік Думада жұмыс істеуі
- •Мұсылмандарының IV төтенше құрылтайына қатысуы
- •Түркістан үкіметінің мүшелері
- •Түркістан автономиясының үкімет басшысына сайлануы
- •Ел тәуелсіздігі жолындағы күрескен алаш азаматы - м.Шоқай
- •Өмірінің соңғы жылдары
- •15. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.). «Әскери коммунизм саясаты».
- •Әскери коммунизм саясаты
- •16. Қазақ акср-ның құрылуы (1920 ж.).
- •17. Жаңа экономикалық саясат және жер-су реформасы, оның салдары.
- •18. Ф.И.Голощекиннің Қазақстанда билікке келуі. «Кіші Қазан» идеясы және оның мәні.
- •19. Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргіннің басталуы (1927-28 жж.).
- •20. Қазақстандағы ұжымдастыру және оның салдары.
- •21. Қазақстандағы индустрияландыру: қорытындысы мен салдары.
- •22. Социалистік «мәдени төңкеріс» және оның салдары (1920-930жж.).
- •23. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер (1929-1931 жж.).
- •24. Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары (1937-38 жж.).
- •25. Ғылым мен мәдениеттің дамуы (хХғ. 20-40 жж.).
- •26. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдандағы Қазақстандықтардың ерен ерліктері. Қазақстандықтардың партизандық және Қарсыласу қозғалысына қатысуы.
- •27. Қазақстан – майдан арсеналы.
- •28. 1920-1940 Жж. Қазақстан тарихының зерттелуі.
- •29. «Түркістан легионы» және м.Шоқай.
- •30. Ұос жылдарында халықтарды Қазақстанға жаппай депортациялау науқаны және оның салдары.
- •31. С.Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •32. Қ.И. Сәтпаев – ғылым Академиясының тұңғыш президенті.
- •33. Соғыстан кейінгі жылдардағы республиканың қоғамдық-саяси өмірі. (1946-1954жж.).
- •34. Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы саяси және экономикалық өмірдегі құбылыстар.
- •35. Тың және тыңайған жерлерді игеру және оның салдары.
- •36. Ж.А.Тәшеновтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •37. Б.Момышұлы – дара тұлға.
- •38. Қазақстанның 1960-1980жж. Экономикалық дамуы.
- •39. Қазақстанның тоқырау жылдарындағы қоғамдық-саяси өмірі (1970-1980жж).
- •40. Хх ғасырдың іі жартысындағы мәдени даму.
- •41. Қайта құру және Қазақстанның қоғамдық-саяси өмipi.
- •42. Алматыдағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері.
- •43. Д.А. Қонаевтың өмірі мен қоғамдық –саяси қызметі.
- •44. Қазақстанның тәуелсіздік алу қарсаңындағы саяси өмірі (1985-1991жж.). Қр «Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның қабылдануы.
- •Ксро-ның сыртқы саясаты
- •45. Ксро-ның ыдырауы және тмд-ның құрылуы.
- •46. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық – саяси өмірі (1991-2000 жж.).
- •47. Президент институты – тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа құрылым.
- •48. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қабылдануы.
- •49. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 ж.).
- •50. Қазақстанның қазіргі кезеңдегі экологиялық ахуалы.
- •51. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызы.
- •52. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан - 2030 Жолдауы (1997 ж). Қазақстанның даму стратегиясы.
- •53. Астана – қр жаңа Ордасы: тарихы мен бүгіні.
- •54. Тәуелсіз Қазақстан – халықаралық аренада.
- •55.Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы кезеңіндегі экономикадағы қиындықтар (1991-2000 жж.).
- •56. «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты қр Президенті-Елбасы н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
- •57. Қазақстанның әлемдік экономикалық байланыстар жүйесінен орын алуы.
- •58. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында» атты еңбектеріндегі ұлттық тарихты зерделеу.
- •59. Әлеуметтік саясаттағы бағдарламалар мен реформалар (қр Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы 2008 ж. 6 ақпан).
- •60. Қазіргі кездегі білім беру жүйесін модернизациялау.
- •61. «Интеллектуальдық ұлт - 2020» Президенттік бағдарламасы және оның маңызы.
- •62. Қазақстан Республикасындағы этнодемографиялық және миграциялық үдерістер (хх ғасырдың соңы – хх ғасырдың басы).
- •63. Тәуелсіздіктен кейінгі жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар.
- •64. Қр парламентаризмнің қалыптасуы және дамуы.
- •65. Қазақстан Түркі әлемінің көшбасшысы: түрксой және басқа халықаралық Түркі ұйымдары.
- •66. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайының тарихи маңызы.
- •67. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы және оның ұлттық сананы қалыптастырудағы маңызы.
- •68. Қазіргі кездегі Қазақстандағы діни ахуал.
- •69. Қазақстан және Еуразия экономикалық одағы.
- •70. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаттары мен міндеттері.
- •71. Қазіргі кездегі Қазақстанның экономикалық дамуы: жаңа инвестициялар мен бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі.
- •72. ҚазКср-дің және қр Тіл туралы заңының қабылдануы.
- •73. Қазақстанның Ұлт Бірлігі Доктринасы.
- •74. С.Сейфуллиннің қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылығы.
- •75. Қр жастар саясаты және тарихпен тәрбиелеу шаралары
- •76. Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі мәдени үдерістер
- •77. Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы
- •78. Салауатты өмір салты – ұлт болашағын қалыптастырудың негізі
- •79.Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық және дінаралық қатынастардағы үйлесімділік
- •80. Қазақстан Республикасының бітімгершілік миссиясы
- •81. Н.Назарбаевтың «Әлем.Ххі ғасыр» манифесінің негізгі қағидалары.
- •82. «Қазақ хандығының 550 жылдығының» аталып өтуінің тарихи маңызы.
- •83. Мәңгілік ел ұлттық идеясының мәні мен маңызы
- •84. Қазақстан Халық Ассамблеясы : мәні мен маңызы
- •85. Қазақсттанның еқыұ-на төрағалығы және оның маңызы
- •86. Экспо-2017 халықаралық көрмесін өткізудің Қазақстан үшін маңызы
- •88. Т.Әубәкіров және Қазақстанның ғарышқа жол ашуы.
- •89. Қазақстанның қазіргі кездегі ұлт зиялылары және ұлттық идея (м.Шаханов, о.Сүлейменов, т.Б.).
- •90. Н.Ә.Назарбаев - қр Тұңғыш Президенті.
23. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер (1929-1931 жж.).
Қазақстандагы өкімет орындарының саясатына деген наразылықтың алгашқы белгілері 1928 жылы жүргізілген тәркілеу кезінде пайда болды. Алайда жаппай ұжымдастыру науқаны басталысымен бірқатар аудандарда негізгі қозғаушы күштері кедей және орташа шаруалар болған көтерілістер бұрқ ете түсті. Көтерілісшілер кеңес және партия мекемелерін талқандап, кұжаттарды өртеді. Алайда көтерілісшілердің нашар қарулануы мен олардың ұйымдаспағаны көтерілістердің жеңіліске ұшырауына әкеп соқты. Мемлекеттің күш қолдану саясаты шаруалардың табанды карсылығына кездесті.
Көптеген аудандарда сотсыз, тергеусіз ату жүзеге асырылды. ОГПУ қызметкерлері мен жергілікті кеңес және партия кызметкерлері тұткындалғандарды кіттті калибрлі винтовкалармен, бытыралы мылтықтармен атып, аяусыз қорлады. Бұл фактілер Қазакстандағы Кеңес өкіметінің 20-30-жылдардағы қылмыстарын ең қорқынышты, адамзатқа қарсы жасалған қылмыстармен қатар қоюға болатынын дәлелдеді. Бүтіндей алғанда қазақтардың жалпы санының кемуіне себепші болған «Кіші Қазан» ұжымдастыру саясатын геноцид деп есептеуге болады. Онымен бір мезгілде билік органдары казақтардан «босаған» жерлерге КСРО- ның басқа аймақтарынан қуғын-сүргінге ұшыраған, мал-мүлкінен айырылған кулактарды әкеле бастады.
Жаппай бой көрсету тұрғындардың ұжымдастыру саясатына қарсы жауабы болды. Басшылыктың пікірінше Қазақстанда болып өткен көтерілістер таптық күрестің шиеленісуінің салдары, өз қызметін баяғыда тоқтатқан «Алаш» партиясы әрекетінің нәтижесі болды.
1929-1931 жылдарғы халыктың барлық бой көрсетулері жеңіліске ұшырады. Мұның басты себебі көтерілісішлердін, нашар қарулануы мен жеткілікті ұйымдаспағандығында еді. Көтеріліс козғалысының төмендеуіне 1930-1931 жылдардағы аштық та аз рөл атқарған жоқ. Әлсіреп, қалжыраған, аштыққа ұшыраған көшпелілер өз мүдделерін қолдарына қару алып қорғай алмады. Наразылықтың негізгі формасы - Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аудару болды.
Созақ көтерілісі. Келесі 1930 жылдың көктемінде Қазақстандағы көтерілісшілер қозғалысы күшейе түсті. Қазақстанның оңтустігіндегі Созақ ауданында ірі бой көрсету болып өтті. Оның басталуына ауданда мал-мүлкінен айырылған кулактар мен олардың туыстары үшін бірнеше тұтқындар лагерінің ашылуы мен мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Ораза айында діни әдет-ғүрыптарды орындағандарға өкімет орындарының айып салуы сылтау болды. Бұл 30-жылдардың басындағы неғұрлым ірі көтерілістердің бірі. Көтеріліске 5 мыңдай адам қатынасты. Сол уақыттағы деректер бойынша бұл окиғалар «Кеңес өкіметіне қарсы контрреволюциялық қарулы көтеріліс» ретінде сипатталды. Кейінірек Т. Рысқұловтың И. Сталинге жазған хатында атап көрсетілгеніндей, күштеп ұжымдастыру дәстүрлі көшпелі коғамның бірқатар ережелерін бұзумен қатар жүргізілді (қазақтарды ит терісі мен жылқы күйрығын тапсыруға мәжбүр етті). Өмір салтын бұлайша қорлау коғамдық наразылық пен қарсылықтың өсуіне әкеп сокты.
Ақпан айында Созактың тәңірегіне 400-дей адам жиналды. Болыс қызметін атқарушы С. Шолаков хан болып сайланды, ол өз басшылығымен көтерілісшілердің алғашқы отрядтарын құрды. Созақ көтерілісі Сырдың бойындағы Түркістаннан Жаңақорғанға дейінгі аумақты қамтыды. Көтерілісті басу үшінТашкенттен жалпы саны 225 адам болған бірнеше әскерилендірілген топ жіберілді. Жазалаушы отрядтың қатары жуырдағы елді мекендердегі коммунарлар отрядымен толықты.
Көтерілісшілер мен ОГПУ отрядтарының арасындағы алғашқы қақтығыс 1930 жылы 12 ақпанда Созақтың жанында болды. Бұл шайқас қай жактың болса да айқын басымдылығымен аяқталған жоқ. Көтерілісшілер қару-жарақтарының нашарлығына байланысты шегінуге мәжбүр болды. Бірнеше топқа бөлінген көтерілісшілердің бір тобы Ташкент бағытына, басқасы Шолаққорған арқылы Шуға беттеді. Жазалау операцияларын Қазақстан ОГПУ-дің басшысы Ольшанскийдің өзі басқарды. Оның нұскауы бойынша коммунарлар отряды Созақ көтерілісіне қатысы жөнінде сол күдік тудырған жазықсыз адамдарды сотсыз, тергеусіз атты. Көтерілісшілер сол жылдың көктемінде талқандалды. Көтеріліске қатысушыларды құғындау 1938 жылға шейін жалғасты.
Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда округтеріндегі көтерілістер. Неғұрлым табанды әрі ұзаққа созылған көтеріліс Ақтөбе, Қостанай және Қызылордаокругтарының көлемді аумағын қамтыды. Қысқа мерзім ішінде хан болып сайланған А. Қанаев, Ж. Бәйімбетов, М. Саматов, И. Сатыбалдин т. б. басқарған 6 көтерілісшілер отряды құрылды. Кетерілісшілердің негізгі күштері Қостанай округінің Жетіғара ауданының оңтүстігінде орналасты. Көтеріліс басталғаннан партизан соғысының сипатын алып, жазалаушылардың шешуші соққы жасауына мүмкіндік бермеді. Халық қозғалысын басу үшін бұл аймаққа 8-атты әскер дивизиясының бөлімдері, ОПТУ отрядтары, милиция, коммунистік отрядтар жіберілді. Кетерілісші сарбаздар барлық жерде ауылдық кеңестерді талқандап, құжаттарды жойды, астық дайындауға бөгет жасады, колхоздарды таратты. Әр түрлі аудандардың көтерілісшілері біртіндеп Ырғыз кентінің жанына шоғырлана бастады. Жазалаушылар оларды тоқтатпақ болғанымен, айтарлықтай табысқа жете алмады. Ірі шайқастар 14 және 15 наурыз күндері етіп, кетерілісшілер ыдырады. Алайда куғыннан қашып құтылып, қайтадан күш жинап біріге алды.
Қарақүмға Ө. Жангелдин бастаған үкімет комиссиясы келді. Сарбаздар жағынан келіссөздерді Ж. Бәйімбетов, Д. Қараев пен А. Әйменовтер жүргізді. Олар мынадай талаптар ұсынды: орташалардан заңсыз төркіленген малды қайтару; ұждан бостандығы, мешіттерді қайтару және дінге сенушілерді істеріне өкіметтің араласпауы; төркілеуге тыйым салатын декрет жариялау, оны өкімет орындарының мүлтіксіз орындауы; күштеп ұжымдастыруды тоқтату; ауылдағы «тап күресін» жасанды шиеленістіруді тоқтату; ауыл ішіндегі барлық мәселелерді «өкілетті өкілдер» емес, жалпы жиналыстың шешуі; салық мөлшерін малдың санына қарай белгілеу; малшылардан астық салығын алу ісін тоқтату; көтерілісші ауылдардан Қарақұмда ерекше әкімшілік аудан құру. Осы шарттар орындалған жағдайда көтерілісшілер қаруларын тастауға келісімін берді. 30 сәуірде сарбаздар қаруларын өткізе бастады. Өкімет орындары өз уәделерінде тұрмады. Барлық көтерілісшілер қаруларын тастаған соң, ОГПУ органдары көтерілістің жетекшілері мен белсенді қатысушыларын тұтқындай бастады. Ауылдар жаппай ұжымдастыру науқаны қызу жүріп жатқан бұрынғы орындарына қайтарылды.
Өкімет орындарының саясатына наразылық Шығыс Қазақстанда да қарулы көтеріліске ұласты. 1930 жылы 20 ақпанда Өскеменмен Зыряновск аудандарының бесселосының шаруалары көтерілді. Кетерілісішлер «Кеңес өкіметі жойылсын, ерікті еңбек жасасын!» деген ұран кетерді. Бірнеше күннің ішінде көтерілісшілерге көршілес селолар да қосылды. Екі күннен соң ОГПУ бөлімдері жіберіліп, шаруаларды ауылдан қуып шықты. Көтеріліс басшысы тұтқындалды, көтерілісшілердің қалған бөлігі тауға кетіп, Қытайға өтуге әрекеттенді. 1930 жылы көктемде «Кіші Қазан» саясаты мен ұжымдастыру саясатына қарсы бой көрсетулер Қаратал ауданында да орын алды. Мұнда көтеріліс басып- жаншылған соң қазақтар Қытайға жаппай қоныс аудара бастады.
Көтерілісшілерге қарсы қатаң жазалау шаралары. 1931 - 1932 жылдары аштықтан аман қалған халықтың жартысы, яғни 1 млн 30 мың адам көшіп кетті. Олардың тек 414 мыңы ғана қайтып оралды, 616 мыңы қайтқан жоқ, 200 мыңы Қытай, Моңғолия, Ауғанстан, Иран мен Түркияға кетті.
ОГПУ-дің деректері бойынша 1929 жылы Қазақстанда жалпы саны 350 адам болған 31 көтерілісшілер отряды, 1930 - 1932 жылдары көтерілісшілер 2 мыңга, 1932 - 1933 жылдары - 3,2 мың адамға жеткен. Сонымен қатар бұл кезеңде селолар мен ауылдарда жалпы саны 10 мың адам болған 2 мың «дұшпан топтар» анықталып, 10,4 мың «зиянкестер» тұтқындалды.
Голощекиннің Сталинге 1931 жылы желтоқсанда жазған хатында Қазақстан аумағындағы 15 ең ірі көтеріліс туралы айтылды.
Республикада осы уақыт ішінде кейбір жерлерде карулы көтерілістер сипатына ие болған, 80 мыңдай адам катынасқан шаруа- лардың 400-дей бой көрсетулері болып өтті. Осы толкулардың нәтижесінде 1931 жылдың езінде ғана Қазакстанды 281 мыңнан ас- там шаруа шаруашылыктары тастап кетіп, 5 мыңнан астам көтерілісшілер Кеңес өкіметіне карсы шыкканы үшін сотталып, ГУЛАГ лагерьлерінде болды, олардың 883-і атылды.
