Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих гос.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
692.63 Кб
Скачать

85. Қазақсттанның еқыұ-на төрағалығы және оның маңызы

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) (ағылш. Organization for Security and Co-operation in Europe) — саяси диалог үшін арналған халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты — жетілдірілген басқару мен демократиялық үрдіс негізіндегі аймақтық тыныштық пен қауіпсіздік. 3500 астам қызметкерлерінің басым бөлігі жерлердегі істермен айналысып, ал оның 10 %-ға жуығы бас пәтерде отырады. Қазақстан бұл ұйымға 1992 ж. қаңтардың 30-ы мүше болып Хелсинкидегі Соңғы Актіне шілденің 8-де қол қойды. 2009 жылы осы Ұйымды басқару үшін ниет еткен Қазақстан негізінен тек екі ел — АҚШ пен Құрама Патшалық қарсылығына тап болды. Осы елдердің ойынша Қазақстан адам құқығын, демократиялық құндылықтарды қорғау жөнінде әлі де көп еңбек ету керектігі айтылған. Қазақстан кандидатурысын ТМД елдерімен қатар Батыс Еуропа елдерінің көбісі (ГерманияИталия, Нидерланд және Франция) қолдауда. Қарашаның 2930 МадридтеЕҚЫҰ мүше-елдердің сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 15-ші отырысында компромисс ретінде Қазақстан ТМД елдерінің ішінде алғашқысы болып ЕҚЫҰ төрағалығына 2009-да емес, 2010 жылы ие болатындығы хақында шешім қабылданды.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің тәжірибелерін бөлісу мақсатымен, оның негізгі принциптерін басшылыққа алуға міндеттеме қабылдап, екі жақты тығыз байланыс орнатты. Хельсинкиде өткен Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымға қатысушы елдердің жоғары дәрежедегі кездесуінде бұл ұйымға жаңадан қосылған елдерге жан-жақты көмек көрсетуге арналған бағдарлама қабылданды. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымына қатысушы елдер мемлекет және үкімет басшыларының жоғары дәрежедегі басқосуларына (1994 жылы Будапештте, 1996 жылы Лиссабонда өткен) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, Лиссабон саммитінің пленарлық мәжілісіне төрағалық етті. 

Экономистердің айтуы бойынша осынау халықаралық беделді Ұйымға төраға болу Қазақстанның экономикасын дамыта түсуге қосымша серпін береді. Аймақтардың экономикасын арттыруға бағытталған түрлі үдерістің бағдарламаларымыздың іске асуына, тезірек алға жүруіне бұл мұрындық болатыны да анық. Сондай-ақ оның құрылымдық сапасын жақсартуға, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, экономикалық әлеуетімізді әртараптандыруға қосымша күш берері сөзсіз.

Төрағалық Қазақстанға да көп нәрсе береді.

Біріншіден, Қазақстан дамыған, өркениетті, демократиялық, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам болу үшін алдына жаңа мақсаттар қойып, өте жоғары міндеттеме қабылдайды, оны жүзеге асыру жолында тер төгеді.

Екіншіден, Қазақстан әлеуметтік, саяси дамудың жаңа сатысына көтеріледі.

Үшіншіден, Қазақстан Еуропа елдерімен тығыз қарым-қатынастың жаңа сапалық сатысына көшеді.

Төртіншіден, дүниежүзілік қоғамдастық Қазақстанды тануын тереңдетеді, елімізге сенім деңгейі артып, достарымыз көбейеді.

Бесіншіден, Қазақстанның халықаралық беделі арта түседі. Яғни беделі бар елге әрқашанда сыйласымдылық ілтипаты білдіріледі. Беделі бар елдің аты жүреді, сөзі өтеді.