- •1. Хх ғасыр басындағы Қзақастанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы: нарықтық қарым-қатынастардың қалыптасуы
- •2. Хх ғ. Басындағы ұлт зиялыларының қалыптасуы
- •3. Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс және Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы. Қарқаралы петициясы
- •4. Жадидизм және оның көрнекті өкілдері (хх ғ. Бас кезі).
- •5. Ұлт зиялылыры және олардың XX ғ. Басындағы қоғамдық-саяси, мәдени қызметі (ә.Бөкейханов, а.Байтұрсынов, м.Дулатов, м.Тынышпаев).
- •6. Қазақ зиялыларының Қазақ саяси элитасының (ш.Құдайбердіұлы, ж.Көпеев, м.Дулатов, м.Тынышпаев, с.Асфендияров және т.Б.) қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеуі.
- •Әбубәкір Диваевтың зерттеулері
- •7. Хх ғ. Басындағы қазақ баспасөзі (Айқап журналы, Қазақ газеті).
- •8. Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914-1918 жж.). Столыпин аграрлық реформасы және Қазақстандағы жер мәселесі.
- •9. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс: себептері, барысы, тарихи маңызы.
- •10. 1917 Ж. Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісі және Қазақстанның саяси дамуы.
- •11. Алаш партиясы және оның бағдарламасы.
- •12. 1917 Жылғы «Қазан төңкерісі» кеңес өкіметінің билікке келуі және «Алашордаға» қарсы күресі.
- •13. Алаш автономиялық республикасының құрылуы және оның қызметі.
- •14. Түркістан автономиясы (Қоқан Автономиясы) және біртұтас Түркістан идеясы. М.Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі.
- •Мұстафа Шоқай Балалық шағы
- •Мемлекеттік Думада жұмыс істеуі
- •Мұсылмандарының IV төтенше құрылтайына қатысуы
- •Түркістан үкіметінің мүшелері
- •Түркістан автономиясының үкімет басшысына сайлануы
- •Ел тәуелсіздігі жолындағы күрескен алаш азаматы - м.Шоқай
- •Өмірінің соңғы жылдары
- •15. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.). «Әскери коммунизм саясаты».
- •Әскери коммунизм саясаты
- •16. Қазақ акср-ның құрылуы (1920 ж.).
- •17. Жаңа экономикалық саясат және жер-су реформасы, оның салдары.
- •18. Ф.И.Голощекиннің Қазақстанда билікке келуі. «Кіші Қазан» идеясы және оның мәні.
- •19. Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргіннің басталуы (1927-28 жж.).
- •20. Қазақстандағы ұжымдастыру және оның салдары.
- •21. Қазақстандағы индустрияландыру: қорытындысы мен салдары.
- •22. Социалистік «мәдени төңкеріс» және оның салдары (1920-930жж.).
- •23. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер (1929-1931 жж.).
- •24. Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары (1937-38 жж.).
- •25. Ғылым мен мәдениеттің дамуы (хХғ. 20-40 жж.).
- •26. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдандағы Қазақстандықтардың ерен ерліктері. Қазақстандықтардың партизандық және Қарсыласу қозғалысына қатысуы.
- •27. Қазақстан – майдан арсеналы.
- •28. 1920-1940 Жж. Қазақстан тарихының зерттелуі.
- •29. «Түркістан легионы» және м.Шоқай.
- •30. Ұос жылдарында халықтарды Қазақстанға жаппай депортациялау науқаны және оның салдары.
- •31. С.Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •32. Қ.И. Сәтпаев – ғылым Академиясының тұңғыш президенті.
- •33. Соғыстан кейінгі жылдардағы республиканың қоғамдық-саяси өмірі. (1946-1954жж.).
- •34. Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы саяси және экономикалық өмірдегі құбылыстар.
- •35. Тың және тыңайған жерлерді игеру және оның салдары.
- •36. Ж.А.Тәшеновтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •37. Б.Момышұлы – дара тұлға.
- •38. Қазақстанның 1960-1980жж. Экономикалық дамуы.
- •39. Қазақстанның тоқырау жылдарындағы қоғамдық-саяси өмірі (1970-1980жж).
- •40. Хх ғасырдың іі жартысындағы мәдени даму.
- •41. Қайта құру және Қазақстанның қоғамдық-саяси өмipi.
- •42. Алматыдағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері.
- •43. Д.А. Қонаевтың өмірі мен қоғамдық –саяси қызметі.
- •44. Қазақстанның тәуелсіздік алу қарсаңындағы саяси өмірі (1985-1991жж.). Қр «Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның қабылдануы.
- •Ксро-ның сыртқы саясаты
- •45. Ксро-ның ыдырауы және тмд-ның құрылуы.
- •46. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық – саяси өмірі (1991-2000 жж.).
- •47. Президент институты – тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа құрылым.
- •48. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қабылдануы.
- •49. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 ж.).
- •50. Қазақстанның қазіргі кезеңдегі экологиялық ахуалы.
- •51. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызы.
- •52. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан - 2030 Жолдауы (1997 ж). Қазақстанның даму стратегиясы.
- •53. Астана – қр жаңа Ордасы: тарихы мен бүгіні.
- •54. Тәуелсіз Қазақстан – халықаралық аренада.
- •55.Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы кезеңіндегі экономикадағы қиындықтар (1991-2000 жж.).
- •56. «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты қр Президенті-Елбасы н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
- •57. Қазақстанның әлемдік экономикалық байланыстар жүйесінен орын алуы.
- •58. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында» атты еңбектеріндегі ұлттық тарихты зерделеу.
- •59. Әлеуметтік саясаттағы бағдарламалар мен реформалар (қр Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы 2008 ж. 6 ақпан).
- •60. Қазіргі кездегі білім беру жүйесін модернизациялау.
- •61. «Интеллектуальдық ұлт - 2020» Президенттік бағдарламасы және оның маңызы.
- •62. Қазақстан Республикасындағы этнодемографиялық және миграциялық үдерістер (хх ғасырдың соңы – хх ғасырдың басы).
- •63. Тәуелсіздіктен кейінгі жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар.
- •64. Қр парламентаризмнің қалыптасуы және дамуы.
- •65. Қазақстан Түркі әлемінің көшбасшысы: түрксой және басқа халықаралық Түркі ұйымдары.
- •66. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайының тарихи маңызы.
- •67. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы және оның ұлттық сананы қалыптастырудағы маңызы.
- •68. Қазіргі кездегі Қазақстандағы діни ахуал.
- •69. Қазақстан және Еуразия экономикалық одағы.
- •70. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаттары мен міндеттері.
- •71. Қазіргі кездегі Қазақстанның экономикалық дамуы: жаңа инвестициялар мен бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі.
- •72. ҚазКср-дің және қр Тіл туралы заңының қабылдануы.
- •73. Қазақстанның Ұлт Бірлігі Доктринасы.
- •74. С.Сейфуллиннің қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылығы.
- •75. Қр жастар саясаты және тарихпен тәрбиелеу шаралары
- •76. Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі мәдени үдерістер
- •77. Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы
- •78. Салауатты өмір салты – ұлт болашағын қалыптастырудың негізі
- •79.Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық және дінаралық қатынастардағы үйлесімділік
- •80. Қазақстан Республикасының бітімгершілік миссиясы
- •81. Н.Назарбаевтың «Әлем.Ххі ғасыр» манифесінің негізгі қағидалары.
- •82. «Қазақ хандығының 550 жылдығының» аталып өтуінің тарихи маңызы.
- •83. Мәңгілік ел ұлттық идеясының мәні мен маңызы
- •84. Қазақстан Халық Ассамблеясы : мәні мен маңызы
- •85. Қазақсттанның еқыұ-на төрағалығы және оның маңызы
- •86. Экспо-2017 халықаралық көрмесін өткізудің Қазақстан үшін маңызы
- •88. Т.Әубәкіров және Қазақстанның ғарышқа жол ашуы.
- •89. Қазақстанның қазіргі кездегі ұлт зиялылары және ұлттық идея (м.Шаханов, о.Сүлейменов, т.Б.).
- •90. Н.Ә.Назарбаев - қр Тұңғыш Президенті.
Әбубәкір Диваевтың зерттеулері
Қазақ тарихы мен этнографиясын зерттеуші ғалымдардың бірі Әбубәкір Диваев (1856—1933) болды. Ол Орынбор қаласында дүниеге келген, башқұрт болатын. Орынбор кадет корпусында оқып жүріп, қазақ халқының тарихы мен этнографиясына қызығушылық танытады, XIX ғасырдың 80-жылдарының аяқ кезінде отставкаға шыққан ол өз өмірін қазақ халқының тарихы мен этнографиясын зерттеу ісіне арнайды. Ол әуесқой археологтардың Түркістан үйірмесінің, сондай-ақ Орыс географиялық қоғамының мүшесі болды. 1917 жылға дейін Ә. Диваев 100-ден астам тарихи-этнографиялық еңбек жариялады. Ғалым Қазақстанның ежелгі тарихын жазу кезінде фольклорлық материалды пайдаланудың маңызды екенін атап көрсетті. Ол қазақтардың «Тазша бала», «Жалмауыз кемпір» ертегілерін жазып алды. Сондай-ақ «Қырғыздардың ауру-сырқаулары мен оларды емдеу тәсілдері», «Аспан денелері қырғыздардың көзқарасы бойынша» деген мақалалар да жариялады. Ә. Диваев орыс ғалымдарымен қосылып, қазақтың 4000-ға жуық мақал-мәтелін жинады.
Шәкәрім – тарихшы. Абайдың ақыл-кеңесімен ақын шежіре жазды. Шығыс, Батыс классиктерінің шығармашылығын жете танып, мұсылмандық ілім-білімді де еркін меңгерген. Түркі халықтарының тарихын терең білетін, діни, тарихи тақырыптарға «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханылар шежіресі», «Үш анық» еңбектер жазған ғұлама ғалым. Шежіре кітабының кіріспесінде Шаһкәрім былай дейді: «Қазақтың түпкі атасының жайын білмек болып, көп уақыттан бері сол туралы естіген-білгенімді жазып алып, әр түрлі жұрттың шежіре кітаптарын оқыдым» дейді.Оқыған кітаптары түрік-араб шежірелері: Табари. Түрік, араб шежірелері: «Тарих ғумуми», «Тарих ғұсмани», Нәжип Ғасымбектің «Түрік тарихы», Әбілғазы Баһадүр ханның жазған «Шежіре түрік», Ж.Баласағұнның «Құтадғу білік», Радловтың «Ұйғыр туралы шежіресі», Аристовтың «Түрік нәсілі туралы» шежіресі, «Орхон жазбалары» және әр түрлі кітаптардан алынған сөздер. Орыс-тарихшы ғалымдарынан: Березин, Левшин, Сапсский, Маевскийлерді оқыды. Шаһкәрім осылай шығыс және орыс ғалымдарының еңбектерін оқып, қазақ халқының аңыз-әңгімелерін зерттеп, ондағы уақиғаларды тарихи шығармалармен салыстыра отырып барып өз еңбегінде пайдаланды. Сөйтіп, Шәкәрім он тоғыз жасынан бастап, қазақ шежіресін жазуға кірісті. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» осындай ізденістерден кейін 1911 жылы Орынборда шықты. Мұнда тарих, әдебиет, тіл және этнография жайында, тарихи тұлғалар туралы және басқа да әлеуметтік-тарихи мағлұматтар мол. Сонымен, шежіре Шәкәрімнің тұңғыш жарық көрген салиқалы еңбегі. Бұл шығарма қазақ халқының тарихын дұрыс баяндау және қазақтың түп атасын анықтап беру мәселесінде ешқашан тарихи мән-мағынасын жоймайтын құнды мұра болып қалды. «Шәкәрімнің басқа шығармаларын түсіну үшін ең алдымен шежірені оқу керек» дейді ғалым Қайым Мұхамедханұлы.
АСФЕНДИЯРОВ
С.Ж. Асфендияров кең ауқымды білімі мен тарихи-әдістемелік зерттеулерін ұштастыра отырып келесі еңбектерін жазды: - ”История Казахстана с древнейших времен”. - ”Прошлое Казахстана в источниках и материалах”. - «Национально-освободительное восстание 1916 года в Казахстане» монография. 1935-1936 жж. С.Асфендияров профессор П.А. Кунтемен бірлесіп «Прошлое Казахстана» атты екі томдық дереккөздер жинағын жарыққа шығарды. Орта мектепке арналған «Қазақстан тарихының очерктері» жарық көрді. С.Ж. Асфендияровтың география саласына қосқан үлесі де зор. Ұлы географиялық ашылулар кезінде басқа әлеммен байлыныссыз болған Орта Азия жерлерінің Атлант мұхитына шығатын құрлық жолдарының ашылуына өз үлесін қосты. Географиялық зерттеулерді оқып біле отырып көшпенділер тұрақтануға көшпейінше, отырықшы мемлекеттерге тәуелді болатындығын айтап кеткен болатын. 1937 жылы С.Ж Асфендияров заңсыз түрде қуғынға ұшырап ақталмаған күйде атылып кетті. 1989 жылы Қазақ ССР министрлер кеңесі С.Ж Асфендияровтың мемлекеттің, қоғамның, педогогика және денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесін ескере отырып оның ақталып шығуына атсалысып, өзі негізін қалаған Алматы мемлекеттік медицина университетіне атын беруді ұйғарды. Сонымен қатар, ұлы қоғам қайраткерінің құрметіне ескерткіш тас қойылды.
Дулатұлының Абайға арналған алғашқы қысқа ғана мақаласы татардың «Уақыт» газетінде 1908 жылы жарияланған. Ақынның ой-өрісі, білім деңгейі, туған жері, шыққан ортасы айтылып, әдеби мұрасына жалпылама баға беріліп, оның орыс әдебиетімен, әсіресе Лермонтовпен үндестігі ескертілді. 1914 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай» мақаласы ақынның опат болғанына он жыл толуына орай арналып жазылған. Мұнда әдебиеттің, оның көрнекті өкілдерінің халық тарихында алатын орны айрықша бағаланады. Абайдың қадірін білмеу, оны елеп ескермеу ұлттың үлкен кемшілігі ретінде аталады, әдебиет елдің жаны деп көрсетіледі. Абайдың ғұмыр жолын қысқаша баяндап, түңғыш кітабының шығу тарихы, оған Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы және ақын балалары мен інілерінің қатысуы, Семейде Нәзипа Құлжанова өткізген әдеби кеш туралы сөз болады. Ең құнарлы ой -
Абай қазақтың жаңа әдебиетінің басы, негізін салушы деген тұжырым, алғашқы жарық жұлдыз деген балама. Орыстың бірінші жазушысы Ломоносов деп санап, Абайдың өз халқының тарихындағы орны онымен қатарлас
деген салыстырма жасайды.[1] Абай шығармаларын жариялау, насихаттау, оның есімін мәңгі есте қалдыру үшін мұражайлар салдыру керектігін толғана сөз етеді.
Абайдың қазақ халқы тарихындағы мәртебелі орнын басқа елдер әдебиетімен сабақтастықта алып қарап, дәл тауып, дұрыс бағалап берген Дулатұлының келешек заманда ұлы ақынның атақ-абыройы, мерей-даңқы өсіп, жаңа буынмен емірене табысатынын ерекше әулиелікпен көре білген. Дөрекі социологиялық, таптық, атеистік көзқарас, дүниетаным тұрғысына түскен кезде зерттеушілер абайтануда толып жатқан солақайлыққа, сан-алуан қателікке ұрынғаны белгілі. Ал Кәкітай Ысқақов, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы Абайдың шығармаларын тануда ұлттық, халықтық, эстетикалық таза талғаммен ешқашан мәнін жоймайтын бағалы байламдар жасай алды. Абай шығармаларындағы сарын-әуезді, ой-пікірді, идея-нысананы алаш азаматтары терең сезіп, тебірене насихаттай білген. Әдебиеттің барлық жанрында бірдей қалам тартқан қаламгер, қоғамдық-әлеуметтік іске жанын салып араласқан қайраткер Міржақып Дулатұлының өмірлік мақсатының биік нысанасы, тапжылмас темірқазығы - біркүндік даңқ, өтпелі дәулет, баянсыз шен емес, туған халқының бостандығы, өзін-өзі билеуі, отарлық езгіден құтылуы, ол қуғын-сүргін керіп, түрмелер азабын тартып жүрген азапты күндерінің өзінде де, ақтық демі біткенше бүл жолдан тайған жоқ. Қазақ жұртының бүгінгі, болашақ буындарына алаш деп ұран салып, келешек үшін арыстанша алысқан Міржақып Дулатұлымен бауырындай етіп табыстыратын, айналып келгенде, осы мәңгілік жасайтын асыл қасиеттер.[2] [3][4]
ТЫНЫШБАЕВ
Тынышбаев Орыс географиялық қоғамының Түркістан бөлімінің, Қазақстанды зерттеу қоғамының, «Талап» ұйымының мүшесі болды. Мұхамеджан «Түркістан ұлттық бірлігі» ұйымының қызметіне де белсене ат салысты. Тынышбаев халқымыздың тарихының күрделі, бұрын зерттелмеген кезеңдеріне арнап, дерек көздері бай, ғылыми тұрғыдан негізделген ірі еңбектер жазды. Оның тарихты тарең түсіне білгендігі, зерттеушілігі, қазақ халқының өміріне, кейінгі тағдырына әсер еткен ірі оқиғаларды түпқазық етіп алып, жүйелі түрде қарастыруынан байқалады. Бұл пікірге Тынышбаев еңбектеріндегі «Қырғыз-қазақ руларының шежіресі», «Қырғыз-қазақтың шығу тегі», «Қазақ этнонимі туралы», «Алтын Орданың күйреуі және Қазақ хандығының құрылу тарихы», «Ақтабан шұбырынды» секілді, әр тақырыптағы еңбектері дәлел бола алады. Қазақ тарихының көңе дәуірі, орта ғасырлар кезеңі, жаңа заманы ретінде жеке қарастыратын күрделі мәселелерді кеңінен қамтуға талпынынысы, М.Тынышбаевтың өзіндік қалыптасқан ғылыми көзқарасы бар екендігін аңғартады. Тынышбаев еңбектері ұлттық мүдде тұрғысында жазылуымен ерекшеленеді. Ол қандай да бір халықтың тарихын жазу үшін сол ұлттың тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін жетік меңгеру керек деген принципті берік ұстанды және бұл принципті өзге зерттеушілердің де ұстануын талап етті. 1924-1925 жылдары Орыс Географиялық Қоғамының Түркістан бөлімінде жасалған баяндама негізінде Мұхамеджан «Қырғыз-Қазақ халқының тарихына материалдар», оған қосымша ретінде «Қырғыз-Қазақтар XVII және XVIII ғасырларда» деген еңбектері жарық көрді. Оларда М.Тынышбаев қазақ шежіре деректерін орыс, шығыс, қытай деректерімен салыстыра отырып қарастырады. Ол өзі пайдаланған дерекемелерге сыни көзқараспен қарады және оларды ауызша тарихи мәліметтермен үнемі салыстырып отырды. Тынышбаев қырғыз-қазақ халқының тарихы жөнінде айта келе, көп зерттеушілердің ішінде Вельяминов-Зернов пен Левшиннің зерттеулерінің ғана мағналы екендігін атап көрсетіп, қалғандарының олардан құр көшіріп қана қойғандығын айтады. «Авторлар - дейді, М.Тынышбаев-қырғыздар туралы әр түрлі деректерден «қазақ» деген сөзді ғана іздестіріп, олар әр қилы кезеңде әр түрлі түркі-моңғол тайпалары қосылған негізгі тайпа деп есептеді; солай дей отыра оның ешқайсысыда қазіргі кезеңде бұрыңғы «қазақтардың ұрпақтары қай қырғыз рулары болатынын анықтау мәселесімен айналысқан жоқ». Сондықтан да қазақ халқының әрбір руының шығу, даму тарихын жете білуді талап етеді. «Қазақ халқының әрбір руынын генеалогиясын алдын-ала зерттемей, сондай-ақ, оның қай кезде кіммен қақтығысқанын анықтап алмай, қазақ халқының тарихи тағдырының жалпы бітімін елестету мүмкін емес»- деп ол әрбір рудың генеалогиясына хронологиялық ретпен қысқаша түрде тоқталып өтеді. (Төлбасиева С. Мұхамеджан Тынышбаев – қазақ шежіресін зерттеуші.// Қазақ тарихы.- 2004.- №1.- 84 б). Осындай еңбектерінің нәтижесінде инженер М.Тынышбаев тарихшы, өлкетанушы ретінде де көрінеді. Негізі сол заманда ел басқарған Алаш азаматтарының көпшілігіне тән қасиет – әмбебаптық болып табылады. Олар қоғамдық қызметімен қатар қазақ халқының өткен тарихының сан алуан саласына үңіліп, зерттеп, шығармашылық қызметін де қатар ұстанады. Солардын бірі де, бірегейі де-Мұхамеджан Тынышбаев. ХХ ғасырдың басындағы аласапыран заманға қарамастан М.Тынышбаев ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе береді. Мұхамеджан 1920 жылы қазақ өлкесін зерттеу қоғамын құрушылардың бірі болып «Сана» журналының шығуына атсалысады. Осы журнал бетінде қазақ халқының қамын жеген, мүддесін көздеген зиялы қауымның шығармашылық еңбектері жарық көре бастайды. Солардың қатарында 1923 жылғы 1-ші санында М.Тынышбаевтың «Түрік-моңғол тарихы» деген еңбегі жарық көреді. Онда ХІІ ғасырдағы моңғол шапқыншылығына дейінгі қазақ тайпаларының географиялық орналасуы, құрылымы, өзіне тән қоғамдық мәдени дамуы туралы терең мәлімет береді.
