Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тарих гос.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
692.63 Кб
Скачать

14. Түркістан автономиясы (Қоқан Автономиясы) және біртұтас Түркістан идеясы. М.Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі.

Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.

Кеңестер билік басына келіп, әр халықтың өз тағдырын өзі шешетіні жөнінде насихат жұмыстарын жүргізген кездерінде М. Шоқай бастамасымен 28 қараша 1917 жылы Түркістан автономиясы құрылып, Түркістан автономиясының уақытша үкіметі жасақталған болатын және Бас министр болып М. Тынышбаев бекітіліп, ол отставкаға кеткен соң М. Шоқай осы орынға келген еді. Алайда 1918 жылдың қаңтарында Ташкендегі жұмысшы­солдат депутаттарының үкіметі автономияны құлатып, М. Шоқай шет елге эмиграцияға кетті және өз өмірінің соңына дейін Түркістанның кеңестік кезеңдегі ауыр халін батыс жұртына әшкерелеп, түптің­түбінде кеңестік жүйе жасанды жолмен бөлшектеген Түркістан халқы бірігіп, бір үлкен ту астына жиналатынына сеніп өтті. Бұл турасында «М. Шоқай Орталық Азия кеңістігінде ұлттық­территориялық межелеу негізінде бірнеше кеңестік республикалардың өмірге келгендігін құптаған жоқ. Ол большевиктер бұл өлкеде «бөліп тастап, билей бер!» саясатын ұстанып отыр деп түсінді. Ал пайда болған республикаларды «ұлттық» емес, «ұлыстық» республикалар ретінде қабылдады» деген пікірді алдыға тартуға болады [Шоқай М. Таңдамалы. ­ Алматы: Қайнар, 1998. – Т.1. ­ 21 б.]. Бұл пікірдің ақиқаттылығын нақтылай түсу үшін оның «Большевиктер атамекеніміз Түркістан есімін де өзгертпек болады. Халқымыздың өзінің тарихи аты «түрік» деген атпен аталуына тыйым салып, ұлыстар мен руларға бөлшектеп тастауды көздейді» деген пікірін де келтіре кету артық болмас [Шоқай М. Таңдамалы. ­ Алматы: Қайнар, 1998. – Т.1. ­ 187 б.].

Кеңестік идеология түрікшілдікке де, Түркістан идеясына да қырын қарап, ортақ интернационалдық бағытты алғашқы кезден бастап­ақ насихаттауға тырысты. Алайда коммунистердің ішінде де түрікшілдікті жақтаушылар болды. «Тұтас Түркістан мемлекетін құру жолында күрес жүргізген коммунистік тұғырнамадағы коммунистердің ішінен Т. Рысқұлов пен М.Х. Сұлтан­Ғалиевті бөліп көрсетуге болады. Мысалы, жергілікті халықтардың құқын қорғау жолында Түркістан Коммунистік партиясы Орталық комитеті жанынан Мұсылман Бюросын құрған Т. Рысқұлов тобы алғашында РКП(б) ОК­нің ұлт саясатына зор сенім білдірген болатын. Олар жергілікті орыс коммунистерінің шовинистік пиғылына қарсы күресе отырып, РКП(б) ОК­нен қолдау табуға тырысты. Мұсбюро 1919 жылдың күзінде Түркістанда саяси жеңіске жетіп, барлық билік салаларын түрік өкілдері қолға ала бастады. Мұнан қауіптенген РКП(б) ОК 1919 жылы 8­қазанда В.И. Ленин қол қойған қаулыға сәйкес Түріккомиссияны жасақтап, оны Мұсбюроға қарсы аттандырды. Т. Рысқұлов пен Мұсбюроның басқа да жетекшілері алғашында Түріккомиссияға зор сенім білдіре, үміт арта қарады. Бірақ, көп ұзамай, Түріккомиссияның пиғылын анық сезінген Т. Рысқұлов басқарған Мұсбюро өзінің әрекетін тактикалық жағынан өзгерте бастады. РКП(б) ОК һәм Түріккомиссияның шовинистік пиғылы мен отарлық саясатына қарсы қорғаныстық идеология ретінде түрікшілдік бағыт, яғни тұтас Түркістан идеясы таңдап алынды. Оны жүзеге асырудың жолы ретінде төмендегідей екі бағыт белгіленді: 1) Түркістанда өмір сүріп жатқан халықтарды «түрік» идеясына біріктіру арқылы республиканы құқықтық жағынан түрік халықтарының республикасына айналдыру; 2) Республиканы мекендеуші түрік тілдес халықтардың жеке­жеке ұлттық республикаларын құра отырып, оларды түрік конфедерациясына біріктіру» [Шілдебай С.Қ. 20 ғасырдың 1­ші жартысындағы Қазақстанның ұлт­азаттық қозғалысындағы түрікшілдіктің орны мен маңызы (тарихи талдау): тарих ғыл. канд. … автореф. – Алматы, 2001. – 21 б.]. Кейіннен негізін қалаушылары Сталиндік қуғын­сүргінге ұшырап, халық жадынан өшірілген түрікшілдік және Түркістан идеялары коммунистердің тырысуы арқасында тарих сахнасынан өшірілді.

Әйтсе де Кеңес өкіметінің күні таяп, әлсіреген кезеңдерде түрік идеясы, Түркістан жайлы ой­пікірлер қайта бой көтере бастады. Оның ең алғаш жарыққа шығып, жария түрде насихатталуы ССРО­да мекен ететін шығыс халықтарының құрылтайында орын алған еді. 1990 жылдың 27­30 қыркүйегінде Мәскеу қаласында өткен бұл құрылтайға Хакасияның, Якутияның, Әзірбайжанның, Татарстанның, Қазақстанның, Тәжікстанның, Өзбекстанның, Башқұртстан, Гагауз республикасының, Чечен­Ингушетия, Қырғызстан, Қырым татарларының, ноғайлардың, РСФСР­дың Орынбор, Омбы, Пенза, Горький облыстарының қоғамдық ұйымдары мен саяси партияларының өкілдері қатысты. Аталмыш басқосуда Шығыс халықтарының Ассамблеясы құрылып оған қосалқы сегіз төраға сайланды және оның бірі ССРО халық депутаты, ақын О. Сүлейменов болды. Ал үйлестіру кеңесіне Азат ұйымының қосалқы төрағасы С. Ақатаев сайланды. Ал Азат қозғалысы осы Ассамблеяға мүше болып кірді [Бабалықов Ж. ССРО­ны мекен ететін шығыс халықтарының құрылтайы // Азат. – 1990. – қараша (№2). – 7 б.]. Бұл басқосуда алғаш рет түркі тілдес халықтар өздеріне жасалған зорлық зомбылықтар жайлы ашық айтып, сол кездегі мемлекет басындағы отырған тұлғаларға шешілуі тиіс мәселелер жөнінде Үндеулер жолдап, өз талаптарын қойған еді. Осылайша кеңестік режимнен ауыр соққы алған түркі жұртшылығы өз жоғын жоқтай бастаған шақта Түркістан идеясының да қайтадан көтерілуі заңды құбылыс болатын. Түркістан ұлттық мүдденің бір бөлігі болғандықтан, Азат белсенділері өздері құрылған кезден­ақ Түркістан мәселесін алға қоя білді. Дегенмен, нақ сол кезеңдегі қоғамдық пікірдің ұлтшылдарға қарсы бағытталуы, қозғалыс мұраттарына әсіре ұлтшыл деп айып тағылуы Түркістан идеясын ашық түрде батыл алға тартуға кедергі болғаны түсінікті де. Тіпті алғашқы 1990 жылдың 31 маусым­1шілде аралығында өткен құрылтайда Азаттың экологиялық апат аймағында қалған қарақалпақ бауырларды Қазақстан жеріне уақытша қоныстандыру жайында мәселе көтеруі [Қазақстанның азаматтық Азат қозғалысының низамы. Жоба // Ақатай С. жеке мұрағаты. – Алматы, 1990. ­ 2 б.] сол кездегі Компартия тарапынан үлкен сынға ұшырағаны мәлім. Тіпті Азаттың бұл идеясы сталиндік халықтарды қоныстандыруымен салыстырылған болатын [Горький вкус сладкого слова «свобода» // Вечерняя Алма­Ата. ­1990. ­ 8 сентября. – 2 б.]. Десек те қазақтың дербес мемлекетінің тәуелсіздігінің баянды болуын «Түркістан Одағынан» көрген Азаттықтар өздерінің бағдарламасында «Орта Азия республикалары, сондай­ақ Россия ортақ нарыққа біріктірілсін, басқа мемлекеттермен өзара тиімді байланыс шарттары жасалсын» деген талапты енгізген болатын [Дәрімбет Б. Азат қозғалысы. ­ Алматы: Өркениет, 2001. ­ 85 б.]. Бұл жерде мән беретін мәселе Азаттың Қазақ мемлекеті үшін ең басты әріптес Орта Азия республикалары содан кейін ғана Ресей бола алатындығын нақтылауы. Бұл өз кезегінде Қазақ мемлекетінің бауырлас Қырғыз, Өзбек, Түрікмен және Тәжік мемлекеттерімен тығыз интерграцияға түсе отырып Ресеймен және өзге мемлекеттермен достық қарым­ қатынас орнатуы қажеттігін алға тарту еді. Осы мақсатта Азат аталған Орта Азиялық республикалардың демократиялық күштерімен тізе қосып біршама жұмыстар атқарған да болатын. 1991 жылдың наурызында Орта Азиядағы демократиялық бағыттағы саяси қозғалыстар мен партиялар бірігіп Орта Азия демократиялық Конгресін құрды. Оның құрамына Азат, Желтоқсан, Алашпен бірге Өзбекстандық Бірлік қозғалысы, Тәжікстанның Демократиялық партиясы, қырғыздың Асаба партиясы мен Демократиялық қимыл қозғалысы, түрікменнің Ауызбірлік қозғалысы кірді [Дәрімбет Б. Азат қозғалысы. ­ Алматы: Өркениет, 2001. ­ 49 б.]. 1991 жылдың 25­26 мамыр күндері Бішкекте өткен Демократиялық Конгресс Құрылтайының екінші мәжілісінде оның құрамына Орта Азия мен Қазақстаннан 13 саяси партия, қозғалыстар мен ұйымдар құрылтайшы болып енді. Осы жолы Конгресс арнайы мәлімдеме қабылдап, Орта Азия мен Қазақстан Республикалары Демократиялық Конгресінің жалпы ережелерін бекітті. Мәлімдемеде конфедерация негізінде егеменді мемлекеттердің ерікті ынтымақтастығын құру. Мемлекеттердің саяси одағының тұғырын нығайту үшін өзара тиімді экономикалық шартқа қол қоюға ықпал ету сияқты келелі міндеттерді құрылтай қатысушылары өз мойындарына алады [Орта Азия мен Қазақстан Республикалары Демократиялық Конгресінің жалпы ережелері // Азат. ­ 1991. – маусым (№8). – 2 б.].

Жалпы түркі тілдес халықтар арасындағы алауыздық пен араздықтың болмауын көздеген Азат қайраткерлері халықтар арасындағы достастықтың дәнекері болуды көздеді, болуы мүмкін қайшылықтардың орын алмауын көкседі. Соның бір мысалы ретінде С. Ақатайдың «Өзбекстандық қазақ­түркі халқына үндеуін» атап өтуге болады. Аталмыш үндеуде қазақ пен өзбектің түбі бір туыс екендігі еске алынып, қалыптасып отырған саяси ахуал сарапқа салына отырып, олардың арасында қақтығыстың болмауына екі жақтың да атсалысуы қажеттігі көтеріліп, «Қазақ бауырларым! Өзбек достарыңа, көршілеріңе, тамыр­таныстарыңа сырт бермей, жақынырақ түсінісіп, тіл табысыңыздар. Өзара түсінісу негізінде болашақ «Түркістан Одағының» шаңырағын көтеруге атсалысалық. Егер Өзбекстан мен Қазақстан дербес те тәуелсіз мемлекеттер бола алмаса, Түркістан Одағын да құру мүмкін емес, өзара түсінісу де мүмкін емес» деген ақыл­ парасатқа толы тілектер айтылды [Ақатай С. Өзбекстандық қазақ­түркі халқына үндеуі // Азат. – 1991. ­ мамыр (№7). – 2 б.]. Азаттықтар кішігірім дау­дамай мен өкпе назға мән бермей ұлы мақсаттар жолында халықты жұмыла күресуге шақырды.

Тұлғалар. Алаш арыстары. Мұндай жандар туралы Елбасы Н.Назарбаев: “Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай да қиын-қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім жұртының азаматы болып қала бермек. Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген”, дейді. Сондай тұлғалардың бірі – Мұстафа Шоқай. Ол – Алаш қозғалысының төл перзенті, Алаш идеялары мен мұраттары аясында қанаттанған, қазақ, өзбек және басқа да түркі халықтарының ұлттық бостандығы үшін күресінің стратегиясы мен тактикасын айқындаған қайраткер. 1910 жылы Санкт-Петербург университетіне оқуға түскен күнінен бастап М.Шоқай дүниетанымының қалыптасуы, бір жағынан, түркішілдік-мұсылмандық қозғалыстың (С.Жантөрин), екінші жағынан “батысшылдар” демократиялық-либералдық қозғалысының, Ә.Бөкейханов ықпалымен өтеді.

1914 жылдың көктемінде Мұстафа Петербургте оқып жүрген түркі жастарының патша өкіметінің ислам діні жөніндегі саясатына байланысты баспасөз бетінде жарияланған үндеуіне қатысады. Оған сол кезде империя астанасындағы 31 өзбек, татар, башқұрт, қазақ студенттері қол қояды. Мұның өзі Мұстафаның саяси қозғалысқа біржолата тартылуының, ұлттық мүдде жолындағы күрескерлер қатарынан берік орын алғандығын көрсетеді. Түркі халықтары тарапынан сөйлейтін бүркеншік діни құрылымдар мен басылымдарды ұйымдастыру арқылы патша өкі­метінің ұлт-азаттық қозғалысын іштен бүлдіруге бағытталған арандатушылық саясатының қауіптілігін жете түсінуі, ол жөнінде өз пікірін ашық білдіруі, М.Шоқайдың саяси ұйымының қалыптасып, шыңдала түскендігінің куәсі еді.