- •1. Хх ғасыр басындағы Қзақастанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы: нарықтық қарым-қатынастардың қалыптасуы
- •2. Хх ғ. Басындағы ұлт зиялыларының қалыптасуы
- •3. Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс және Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайы. Қарқаралы петициясы
- •4. Жадидизм және оның көрнекті өкілдері (хх ғ. Бас кезі).
- •5. Ұлт зиялылыры және олардың XX ғ. Басындағы қоғамдық-саяси, мәдени қызметі (ә.Бөкейханов, а.Байтұрсынов, м.Дулатов, м.Тынышпаев).
- •6. Қазақ зиялыларының Қазақ саяси элитасының (ш.Құдайбердіұлы, ж.Көпеев, м.Дулатов, м.Тынышпаев, с.Асфендияров және т.Б.) қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеуі.
- •Әбубәкір Диваевтың зерттеулері
- •7. Хх ғ. Басындағы қазақ баспасөзі (Айқап журналы, Қазақ газеті).
- •8. Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914-1918 жж.). Столыпин аграрлық реформасы және Қазақстандағы жер мәселесі.
- •9. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс: себептері, барысы, тарихи маңызы.
- •10. 1917 Ж. Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісі және Қазақстанның саяси дамуы.
- •11. Алаш партиясы және оның бағдарламасы.
- •12. 1917 Жылғы «Қазан төңкерісі» кеңес өкіметінің билікке келуі және «Алашордаға» қарсы күресі.
- •13. Алаш автономиялық республикасының құрылуы және оның қызметі.
- •14. Түркістан автономиясы (Қоқан Автономиясы) және біртұтас Түркістан идеясы. М.Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметі.
- •Мұстафа Шоқай Балалық шағы
- •Мемлекеттік Думада жұмыс істеуі
- •Мұсылмандарының IV төтенше құрылтайына қатысуы
- •Түркістан үкіметінің мүшелері
- •Түркістан автономиясының үкімет басшысына сайлануы
- •Ел тәуелсіздігі жолындағы күрескен алаш азаматы - м.Шоқай
- •Өмірінің соңғы жылдары
- •15. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.). «Әскери коммунизм саясаты».
- •Әскери коммунизм саясаты
- •16. Қазақ акср-ның құрылуы (1920 ж.).
- •17. Жаңа экономикалық саясат және жер-су реформасы, оның салдары.
- •18. Ф.И.Голощекиннің Қазақстанда билікке келуі. «Кіші Қазан» идеясы және оның мәні.
- •19. Алаш зиялыларына қарсы қуғын-сүргіннің басталуы (1927-28 жж.).
- •20. Қазақстандағы ұжымдастыру және оның салдары.
- •21. Қазақстандағы индустрияландыру: қорытындысы мен салдары.
- •22. Социалистік «мәдени төңкеріс» және оның салдары (1920-930жж.).
- •23. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер (1929-1931 жж.).
- •24. Сталиндік «үлкен» қуғын-сүргін, оның ауқымы мен ауыр салдарлары (1937-38 жж.).
- •25. Ғылым мен мәдениеттің дамуы (хХғ. 20-40 жж.).
- •26. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдандағы Қазақстандықтардың ерен ерліктері. Қазақстандықтардың партизандық және Қарсыласу қозғалысына қатысуы.
- •27. Қазақстан – майдан арсеналы.
- •28. 1920-1940 Жж. Қазақстан тарихының зерттелуі.
- •29. «Түркістан легионы» және м.Шоқай.
- •30. Ұос жылдарында халықтарды Қазақстанға жаппай депортациялау науқаны және оның салдары.
- •31. С.Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •32. Қ.И. Сәтпаев – ғылым Академиясының тұңғыш президенті.
- •33. Соғыстан кейінгі жылдардағы республиканың қоғамдық-саяси өмірі. (1946-1954жж.).
- •34. Н.Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы саяси және экономикалық өмірдегі құбылыстар.
- •35. Тың және тыңайған жерлерді игеру және оның салдары.
- •36. Ж.А.Тәшеновтың қоғамдық-саяси қызметі.
- •37. Б.Момышұлы – дара тұлға.
- •38. Қазақстанның 1960-1980жж. Экономикалық дамуы.
- •39. Қазақстанның тоқырау жылдарындағы қоғамдық-саяси өмірі (1970-1980жж).
- •40. Хх ғасырдың іі жартысындағы мәдени даму.
- •41. Қайта құру және Қазақстанның қоғамдық-саяси өмipi.
- •42. Алматыдағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері.
- •43. Д.А. Қонаевтың өмірі мен қоғамдық –саяси қызметі.
- •44. Қазақстанның тәуелсіздік алу қарсаңындағы саяси өмірі (1985-1991жж.). Қр «Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңның қабылдануы.
- •Ксро-ның сыртқы саясаты
- •45. Ксро-ның ыдырауы және тмд-ның құрылуы.
- •46. Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық – саяси өмірі (1991-2000 жж.).
- •47. Президент институты – тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа құрылым.
- •48. Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің қабылдануы.
- •49. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 ж.).
- •50. Қазақстанның қазіргі кезеңдегі экологиялық ахуалы.
- •51. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызы.
- •52. Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан - 2030 Жолдауы (1997 ж). Қазақстанның даму стратегиясы.
- •53. Астана – қр жаңа Ордасы: тарихы мен бүгіні.
- •54. Тәуелсіз Қазақстан – халықаралық аренада.
- •55.Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы кезеңіндегі экономикадағы қиындықтар (1991-2000 жж.).
- •56. «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты қр Президенті-Елбасы н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
- •57. Қазақстанның әлемдік экономикалық байланыстар жүйесінен орын алуы.
- •58. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында» атты еңбектеріндегі ұлттық тарихты зерделеу.
- •59. Әлеуметтік саясаттағы бағдарламалар мен реформалар (қр Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы 2008 ж. 6 ақпан).
- •60. Қазіргі кездегі білім беру жүйесін модернизациялау.
- •61. «Интеллектуальдық ұлт - 2020» Президенттік бағдарламасы және оның маңызы.
- •62. Қазақстан Республикасындағы этнодемографиялық және миграциялық үдерістер (хх ғасырдың соңы – хх ғасырдың басы).
- •63. Тәуелсіздіктен кейінгі жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялар.
- •64. Қр парламентаризмнің қалыптасуы және дамуы.
- •65. Қазақстан Түркі әлемінің көшбасшысы: түрксой және басқа халықаралық Түркі ұйымдары.
- •66. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайының тарихи маңызы.
- •67. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы және оның ұлттық сананы қалыптастырудағы маңызы.
- •68. Қазіргі кездегі Қазақстандағы діни ахуал.
- •69. Қазақстан және Еуразия экономикалық одағы.
- •70. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаттары мен міндеттері.
- •71. Қазіргі кездегі Қазақстанның экономикалық дамуы: жаңа инвестициялар мен бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі.
- •72. ҚазКср-дің және қр Тіл туралы заңының қабылдануы.
- •73. Қазақстанның Ұлт Бірлігі Доктринасы.
- •74. С.Сейфуллиннің қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылығы.
- •75. Қр жастар саясаты және тарихпен тәрбиелеу шаралары
- •76. Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі мәдени үдерістер
- •77. Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы
- •78. Салауатты өмір салты – ұлт болашағын қалыптастырудың негізі
- •79.Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық және дінаралық қатынастардағы үйлесімділік
- •80. Қазақстан Республикасының бітімгершілік миссиясы
- •81. Н.Назарбаевтың «Әлем.Ххі ғасыр» манифесінің негізгі қағидалары.
- •82. «Қазақ хандығының 550 жылдығының» аталып өтуінің тарихи маңызы.
- •83. Мәңгілік ел ұлттық идеясының мәні мен маңызы
- •84. Қазақстан Халық Ассамблеясы : мәні мен маңызы
- •85. Қазақсттанның еқыұ-на төрағалығы және оның маңызы
- •86. Экспо-2017 халықаралық көрмесін өткізудің Қазақстан үшін маңызы
- •88. Т.Әубәкіров және Қазақстанның ғарышқа жол ашуы.
- •89. Қазақстанның қазіргі кездегі ұлт зиялылары және ұлттық идея (м.Шаханов, о.Сүлейменов, т.Б.).
- •90. Н.Ә.Назарбаев - қр Тұңғыш Президенті.
11. Алаш партиясы және оның бағдарламасы.
«Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов.
1917 жылғы қарашаның 21-інде 251 санында Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімдеріне сәйкес Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Елдес Ғұмаров, Е. Тұрмұхамедов, Ғ.Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов дайындаған партия бағдарламасының жобасы он баптан тұрады. Олардың ең маңыздылары мыналар: І. Мемлекеттік қалпы. Россия демократическая, федеративная республика болу. Демократия мағынасы мемлекетті жұрт билеуі. Федерация мағынасы – құрдас мемлекеттер. Федеративный республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болды. Әр мемлекет өз тізгінін өзі алып жүреді. Осы бапты қазіргі саяси терминдермен түсіндірсек, Алаш партиясы мемлкеттік құрылыс мәселесіне Россияның терезесі тең (құрдас) мемлекеттердің федеративтік одағы болуын, оған мүше болған әрбір субъект (құрдас мемлекеттер) өзінің егемендік құқы бар (іргесі бөлек) болуымен бірге жалпы федеративтік одақ мүдделерін қорғауда «ынтымағы бір» болуын талап етті. ІІ. Жергілікті бостандық. Қазақ жүрген облыстардың бәрі байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия федерациясының бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлес болу, реті келсе бірден-ақ өз алдына жеке болу. Алаш партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап жұрт тартқан айту жағына бастайды. Алаш партиясы бағдарламасының осы бабында екі түбірлі мақсат айқындалған: бірінші – Россия Федеративтік мемлекетінің құрамдас бөлігі болуға тиіс қазақ автономиясы бүкіл қазақ халқы мекендеген жерге иелік етеді және тең құқықты федерация мүшесі ретінде оған нұқсан келген жағдайда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болып бөлініп шығады. Екінші - өзінің нақтылы саяси қызметінде Алаш партиясы жалпы адамзаттық игіліктерді басшылыққа алып, әділдікке жақ, зорлыққа қарсы болады. ІІІ. Негізгі. Құқық. Россия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиналыс жасауға, қауым ашуға жария сөйлерге, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік: хұқмет қызметкерлері, иесінен рұқсатсыз һәм кім табалдырығын аттаушылық, сот сұрамай, билік айтылмай, тұтқын қылмаушылық, қылмысты болған адам судья бар жерде 24-сағат ішінде, судьясыз жерде бір жетіден қалмай судьяға тапсырылып жабу. Кісі хатын ашқанға айып, оқығанға жаза болу. IV. Дін ісі. Дін ісі мемлекет ісінен бөлек болады. Дін біткенге тең құқық. Дін жоюға ерік. Кіру-шығу жағына бостандық. Муфтилік қазақта өз алдына болады. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер молдада болу, жесір дауы сотта қаралады. V. Билік және сот. Әр жұртқа билік пен сот тұрмыс ыңғайына қарай болуы. Би және судья жергілікті жұрттың тілін білу керек. Аралас жерде соттың тергеу-тексеруі мен үкімі жергілікті жұрттың тілін білу керек. Аралас жерде соттың тергеуі – тексеруі мен үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылуы. Би мен судья орнынан тергеусіз түспеу. Билік және сот жүзінде жұрт біткен тең болады; құдайдан соңғы күшті би мен судья болып, кімде болса, олардың үкіметіне мойын ұсынады. Айтылған үкім тез орнына келуі керек. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен қаралады. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болады. Присяжный қазақтан алады. Қырдағы ауыл, болыс ішінде билік пен сот жұрт қалаған ереже жолымен атқарылады. VI. Ел қорғау. Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмауы тиіс. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету керек. Әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндеттерін қазақ атты милиция түрінде атқару. VII. Салық мәселесі. Салық мал-ауқат, табысқа қарай, байға-байша, кедейге-кедейше әділ жолмен таратылуы керек. VIII.Жұмысшылар. Жұмысшылар закон панасында болуы керек. Қазақ жерінде завод-фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. Алаш партиясы жұмысшылар турасында социал демократтардың меньшевик табының бағдарламасын жақтайды. IX.Ғылым-білім үйрету. Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық және ақылсыз болады. Жұртқа жалпы оқу жайылуы. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқуы; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуы; оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы; үкімет оқу ісіне кіріспеу; мұғалімдер, профессорлар өзара сайлау мен қойылуы, ел ішінде кітапханалар ашылуы керек. X. Жер мәселесі. Төтенше жиналыс негізгі заң жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілкті жұртқа берілсін деуі; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеуі, бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайтуы; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитеттер кесуі, сыбаға өлшеу – норма жерлердің топырағы мен шаруалық түріне қарай жасалуы; сыбағадан артылған жер земство қолында болуы тиіс; Артық тұрған жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға кесіліп берілуі. Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілуі жерді қазақ үйі басына иленбей ауыл-аймақ туысқан табына меншіктеп алу, өзара әділдік жолымен пайдалануы керек. Жер заңында жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалануы керек. Пайдасынан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені, астығы, байлығы қазынаныкі болып, билігі земство қолында болу. Аса зор ағаш, өзендер мемлекеттік болып, аз ағаш және көл байлықтары земство мүлкіне саналуы керек.
