Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практикум экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182.05 Кб
Скачать

39. Ауытқушылық мінез- құлық түсінігін сипаттаңыз

Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы. П.Смелзер: «девиантты мінез-құлық деп қоғамда қалыптасқан нормалар мен типтерге сай келмейтін іс-әрекеттерді түсіну қажет» деп жазған. Мінез-құлық психологиясының негізін салушылардың бірі Джон Уотсон (1931) мінез-құлық туралы мынандай пікір айтқан: «мінез-құлық — жұмыртқаның ұрықтануы кезінде пайда болатын жəне ағзаның дамыған сайын күрделенетін үздіксіз белсенділік ағыны».

В.Д.Менделевич кітабында мынандай анықтама береді: «Адамның девиантты мінез-құлқы қоғамда қабылданған нормаларға қарсы келетін жəне психикалық үрдістердің теңсіздігінде, бейімсіздікте, өзін-өзі актуальдендіру үрдісінің бұзылуы кезінде жəне өзінің мінез-құлқына эстетикалық жəне өнегелі қадағалаудан ауытқу кезінде пайда болатын қылық жүйесі немесе жеке қылық болып табылады».

Әлеуметтану ғылымында бұндай әрекеттерді «девиация» (ауытқу - отклонение) деп атайды. Ол кезегінде істелген іс – әрекеттің сипатына және қоғамға тигізген зиянына байланысты, бірнеше топқа жіктеледі: Девиантты, деликвентті және криминалды жүріс – тұрыс.

Девиантты жүріс – тұрыс - бұған қалыптан ауытқудың бір түрі ретінде әлеуметтік жүріс – тұрыс ережелерін бұзған балалар мен ересек адамдар, жастар мен жасөспірімдер және жеткіншектер тарапынан істелген тәртіпсіздіктерді жатқызады.

Делинквинтті жүріс – тұрыстың девиантты қылықтардан айырмашылығы – тәртіп бұзушылық әдетке айналып, үнемі қайталанып, тұрақты мінез – құлық стереотипіне айналуы және соған қарамастан қылмысқа тартуға не жазалауға істеген күнәсін дәлелдеуге факты жетпеуі, не болмаса жасының жетпеген жеткіншек балалар кіреді. Деликвинтті жүріс – тұрыс түрлерін төмендегідей топтастыруға болады:

- Белгілі бір тұлғаны кемсіту мақсатында істелген қаскүнемдік пен зорлық, қорлау, ұрып – соғу, кемсіту, өртеу, сындырып, бүлдіру.

- Жеке басының мүддесі ұсақ – түйек қылмыстар жасау, мысалы, ұрлық істеу, біреудің машинасын не басқадай дүниесін тартып алу , т.б.

- Наша секілді зиянды заттарды тарату және сату.

Криминалды жүріс – тұрысқа құқық бұзғандар жатқызылады. Қылмыстары девиантты немесе деликвинтті сипатта жіктелетін балаларды жас ерекшелігіне қарай заң бойынша жазалау қарастырылған.

Қоғамдық тәртіптің қалыбынан шығу, ауытқуына қарай төмендегідей сипаттамалар беруге болады:

- Қылмыс түрлері мен сипатына қарай;

- Деңгейі және көлеміне немесе масштабына қарай – жеке, ұйымдасқан топтық, көпшілік болып бөлінеді;

- Құрылымына қарай – әлеуметтік топ, балалар, жеткіншектер, қыздар, қылмыстық топтар;

- Қоршаған ортаға байланысты – отбасындағы келісе алмаушылықтан, зорлық пен жәбірлеу, ұрып – соғу немесе өз басына байланысты.

Девиациялық мінез – құлықтың қалыптасуы қоғамдық ортаның әсерін зерттеген фр. Психологы Э.Дюркгейм (1858 - 1917) «Анома» теориясын жасаған . Анома - мемлекеттің өз азаматтарының жүріс - тұрысын басқара алмай қалуын білдіреді. Анома сөзі грек тілінен аударғанда заңсыз қалыпсыз, басқарусыз деген мағынаны білдіреді. Бұл теория бойынша қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты фактор – ондағы адамдардың береке бірлігіне байланысты.

С.А.Белиева девиантты мінез-құлықтағы әлеуметтік ауытқуды былайша топтастырады:

а) пайдакүнемдік бағыттар: материалдық, қаржылық, мүліктік пайда табуға ұмтылумен байланысты заң бұзушылық, теіс қылық. Бұлар:ұрлық, тонау, алыпсатарлық, алаяқтық және т.б.;

ә) қастандық бағыттар: жеке тұлғаға қарсы бағытталған әрекеттер: тіл тигізу, бұзақылық, ұрып соғу, өлтіру, зорлау және т.б.;

б) әлеуметтік енжар түрлері:белсенді өмір салтынан қашқақтау, азаматтық міндеттерден бас тарту, жеке және әлеуметтік мәселелерді шешуге құлықсыз болу.

Абрумова А.Г., Жезлова Л.Я. девиантты мінез-құлық түрлерінің әлеуметтік психологиялық тәсілге негізделген тұжырымын ұсынады. Олар балалар мен жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлықтың негізгі төрт түрін бөліп көрсетеді:

1. Тәртіпке қарсы мінез-құлық;

2. Антиәлеуметтік (қоғамға қарсы);

3. Делинквентті (құқыққа қайшы келетін);

4. Прессивті мінез-құлық.

Девиантты мінез-құлықтың тәртіпке қарсы түріне оқу-тәрбиелеу мекемелерінде қалыптасқан режим мен тәртіпті бұзу жатады. Мысалы: сабақтан күнделікті қалу, оқу тапсырмаларын орындаудан бас тарту және т.б.

Антиәлеуметтік мінез-құлыққа мінез-құлықтың көпшілік мақұлдаған өнегелі нормаларын мойындамау мен орындамауға байланысты қылықтарды, оқу мен еңбек әрекеттерінен бас тартуды, кезбелікті, ерте жастан жыныстық қатынасқа түсуді, сексуалды ұстамсыздықты, ішімдік ішу, нашақорлық, улы заттарды қолдануды жатызуға болады.

«Делинквентті мінез-құлық» ұғымы кәмелетке толмағандар құқықты бұзу әрекеттерін жасаған кезде ғана қолданылады. Бұған-біреудің мүлкін қорқытып тартып алу, көліктерді ұрлау сынды заң бұзушы әрекеттер жатады. Бұндай жағдайда емдеу мен оңалту мақсатында дер кезінде диагностика жасау, сонымен қатар мінез-құлықтың бұзылуының ең ауыр формалары мен баланың жеке тұлғалық дезадаптациясының алдын алу қажет. Оларға әртүрлі этиологияның көптеген психикалық күйлері, есаландықтың және мінез акцентуациясының кейбір формалары, тұлғаның психогенді шартты патомінездік жауаптары жатады.

Психологияда «қиын» бала туралы бірыңғай түсінік, оның мінез-құлқына диагностика жасау мен түзетуге және тұлғалық дамытуға қатысты бірыңғай тәсіл жоқ. «Қиын жасөспірім» ұғымының өзі кең тараған әлеуметтік стереотип формасына ие болған. «Қиын» стереотипінде қоғамға қауіпті белгілі мінез-құлықтар бар және ол балалардың өздері де, ересектер де жете түсінетін толық анықталған типтік және әлеуметтік қасиеттер жиынтығын қамтиды.