- •Қарым-қатынас технологияларын білу,алға қойылған мақсатқа сәйкес мәлімет таңдау негіздерін сипаттаңыз
- •Бала тәрбиелеудегі отбасының ролін түсіндіріңіз
- •Тұлғаның дамуындағы тәрбиенің рөлін сипаттаңыз
- •Мінез-құлық ауытқушылығы бар балалармен әлеуметтік педагогтың жұмысын саралаңыз
- •36. Түзету жұмыстарын жүргізудегі тәрбие мамандарының өзара бірлескен әрекеттерін негіздеңіз
- •37. Заман талабына сай тұлғаны қалыптастырудың жолдарын сипаттаңыз
- •38. Баланың психикалық дамуындағы ойынның ролін түсіндіріңіз.
- •39. Ауытқушылық мінез- құлық түсінігін сипаттаңыз
- •40. Педагогикалық қарым-қатынастың мәнін айқындаңыз
- •41. Коммуникативті қарым-қатынасқа әсер беретін маңызды факторларды сипаттаңыз
- •42. Тұлғаның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін тәрбиелеу процесінде есепке алу туралы Сіздің пікіріңіз
- •43. Баланың өзін-өзі бағалау жұмысы бойынша әлеуметтік педагогтың ролін айқындаңыз
- •44. Тұлғаны қалыптастырудағы қоршаған орта факторларының атқаратын қызметіне қатысты өз көзқарасыңызды білдіріңіз
- •45. Қазіргі Қазақстан жағдайында жетім балалар мен панасыздарды қорғау мәселесін талдаңыз
- •46. Әлеуметтік педагогтың жұмыс орнын сипаттаңыз
- •47. Тұлғаның этикалық ұстанымдарына бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалын айқындаңыз
- •1) Гуманитарлық (ақпараттандыру, білім беру, ойын-сауықтық);
- •2) Саяси (бұқаралық сана қалыптастыру).
- •48. Тұлғаның даму үлгілерін құрастырыңыз
- •49. Тәуекел тобындағы студенттермен әлеуметтік жұмыс технологиясын негіздеңіз
- •50.Педагогикалық этика ұғымы және негізгі категорияларын сызба арқылы бейнелеңіз.
- •51. Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы ауытқушылық түрлерін сипаттаңыз.
48. Тұлғаның даму үлгілерін құрастырыңыз
Тұлғаның жан-жақты дамуы - білім беру тұрғысынан екі мәні бар:
адамды қоғамның әртүрлі тіршілік әрекеттері сферасына жан-жақты, біліктілігімен және жауапкершілікпен қатысуға дайындау;
индивидтің рухани сферасының барлық жағын, оның интеллектін, ақылын, ерігін сезімін үйлесімді дамыту, оның көзқарасындағы рационалды-логикалық және эмоциялы-психологиялық компоненттерінің бірлігіне қол жеткізу.
Тұлға дегеніміз-тұрақты психологиялық сипаттамалар жүйесінде алынған нақты адам.
Тұлға дамуы-оның әлеуметтік ұнамды сапалары жүйесін әр өмір кезеңдеріне орай қалыптасып баруы, адамға қоғамдық жатсынуға итермелейтін жағдайлардың күшін жоюды талап етеді.
Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде. Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңға бағынатыны жөнінде көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоға мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері,тұлға дамуының дағдарыстары, даму процесін тездету мүмкіндіктері әр қилы түсіндіріледі. Кең тараған тұлға теорияларының әр қайсысында тұлға дамуы өздігінщше қарастырылады. Мыс, психоаналитикалық теория дамуы деп-адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механимзмдерінің пайда болуын, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де үйренеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес.
Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалді. Олар таза күйінде өмірде кездеспегенмен, адамның тұлғалық дамуының барлық аралық варианттарын елестетуге мүмкіндік береді.
Э.Эриксон тұлға дамуының кезеңдерін 8 топқа бөліп қарастырған:
1) ерте нәрестелік шақ(туылғаннан 1 жасқа дейін);
2) кейінгі нәрестелік шақ(1-3 жас);
3) ерте балалық шақ(3-5 шамасында) ;
4) орта балалық шақ(5-11 жас аралығы);
5) жыныстық жетілу, жеткіншек жасы және бозбалалық(11-20 жас аралығы);
6) ерте ересек шақ(20-45 жас арасы);
7) орта ересек шақ(40-45 және 60 жас арасы);
8) кеш ересек шақ( 60-тан жоғары).
Эриксон тұлғаның дамуының кезеңдерін бөле отырып, дамудың қалыпты желісі мен дамудың аномалді желісінің әр кезеңдегі ерекшеліктерін көрсеткен.
Қыздар өздерің ойдан жазасыңдар ғой үлгіні...
49. Тәуекел тобындағы студенттермен әлеуметтік жұмыс технологиясын негіздеңіз
«ТӘУЕКЕЛ ТОБЫ» ЖӘНЕ ЕСЕПТЕ ТҰРҒАН СТУДЕНТТЕРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ 2014 – 2015 ОҚУ ЖЫЛЫ
№ |
Уақыты |
Шара |
Мазмұны |
Мақсаты |
Жауапты |
1 |
Қазан |
Психодиагностика. |
1.Проективті әдістеме: «Үй,ағаш, адам», «Дүниеде жоқ аң». 2.16 факторлы тест. Кеттел, Түсті тест. Люшер. 3. Мінез акцентурациясы. Жеке сауалнамалар. |
Жеке тұлғаның ерекшеліктерін, темперамент типтерін анықтау, мінез акцентурациясы.. |
С. Есқалиева Н. Утаров Г. Жумагазина |
2 |
Қараша |
Психологиялық тренинг |
Өзін - өзі жетілдіру - комплекстер. - Өзіңе сенімділікті дамыту. - Өзіңді қайта қарау |
Студенттердің өзінідік санасын жетілдіру. Өз проблемаңа, өзіңе сырттан қарау. Өз мінез – құлқыңда түзетуге жататын жерлеріңді анықтау. |
С. Есқалиева Н. Утаров Г. Жумагазина |
3 |
Желтоқсан |
Психологиялық тренинг |
Адами қарым – қатынас ізгілігі - Коммуникативтілік - өзгені сыйлау - өзіңді |
Сөздік қарым қатынас дағдысын жетілдіру, өзіне сенімділігін арттыру, өзін реттеу дағдыларын қалыптастыру Жеке тұлғалық қарым – қатынас процесінде кедергілер мен қорқыныштарды жеңу . Топтың бірлігін нығайту |
С. Есқалиева Н. Утаров Г. Жумагазина |
4 |
Қаңтар |
Психологиялық тренинг |
«Өзіңді түсін» тақырыбына жеке тұлғалық тренингтер сериясы: |
Жасөспірімге өзін түсінуге, өзін қабылдауға, өзін сыйлауға, жақсы көруге, өз сезімдері мен тілектерін адекватты көрсетуге көмектесу. Өзіндік тәрбиеге және өзіндік дамуға мотивациялау. |
С. Есқалиева Н. Утаров Г. Жумагазина |
5 |
Ақпан |
Психотренинг курсы 1 |
Дивиантты мінез – құлық: - агрессиямен қалай күресуге болады? - позитивті өмірлік мақсаттарды қалыптастыру тренингі |
Өз тәртібіне жауапкершілік сезімін көтеру, өзіндік сананы дамыту. |
С. Есқалиева Н. Утаров Г. Жумагазина |
6 |
Наурыз |
2 |
Асоциальды мінез – құлық: -Алкоголь и жасөспірім" - Наркотик и жасөспірім. -«Темекі шегу немесе ұзақ өмір сүру». Темекі шегудің алдын алу - «Жоқ» айта білу күші |
Студенттерге ішімдіктің и наркотиктің ағзаға әсерін түсндіру, оларды қолданудың салдарымен, итермелейтін себептермен таныстыру . Темекі шегудің ағзаға зиянын түсіндіру. Студенттерді «жоқ» деп айтуға, қарсы тұруға жаттықтыру. |
С. Есқалиева Н. Утаров Г. Жумагазина |
7 |
Сәуір |
Психотренинг курсы |
Шынайы дос – ол кім? Достасу қолы. Конфликтілер шешімі Бірге құрамыз». Қарым – қатынасты қалыптастыру |
Шынайы достық қарым – қатынасты ажырата білуге дағдыландыру. Достықты қадірлеудің не екендігін түсіндіру. Достық қарым – қатынасты құру принциптерін көрсету. Қарым – қатынастың достық негізде құрылатындығын түсіндіру. Берік, тұрақты қарым – қатынас орната білу әдетін қалыптастыру. Конфликт – достықтың соңы еместігін түсіндіру. Конфликтердің себептерін ашу және олардың шешімін табу жолдарын көрсету. |
С. Есқалиева Н. Утаров Г. Жумагазина |
8 |
Мамыр |
Психологиялық тренингтер |
Әлеуметтік бағыт әдеттерін дамыту - 100 пайыздық сапа.Жауапкершілікті сезін.
|
Жас өспірім мінезіндегі өмірлік маңызды сапаларды ашу. Жеке тұлғаның толықтығын мінездің өмірлік маңызды сапалары құрайтындығын түсіндіру. Мінездің толықтылығы адамзаттың кез-келген қатынасындағы сенімділіктің негізі екендігін түсіндіру. Сенімділікті, жауапкершілікті тәрбиелеу.. Әлеуметтік бағыт әдеттерін дамыту. Тұлғааралық қарым – қатынас ситуацияларын талдай алу іскерлігін қалыптастыру. Тренингтер көмегімен студенттердің алған түсініктерін тексеру. Өз таңдауларының дұрыстығына көз жеткізуге мүмкіндік беру. |
С. Есқалиева Н. Утаров Г. Жумагазина |
9 |
Жыл барысында |
Қоғамдық іс – шаралар |
- Қайрымдылық акцияларына қатыстыру - волонтерлық курстарға қатыстыру - колледж ішілік іс шараларға қатыстыру |
Қайрымдылық, волонтерлық іс шаралар арқылы үлкенге құрмет, мейрімділік, көмек қолын сөзу, жауапкершілік сезімдерін қалыптастырып, дамыту. Ішкі мүмкіндіктерін, қабілеттерін ашу. |
С. Есқалиева Н. Утаров Г. Жумагазина |
9 |
Мамыр |
Қорытынды |
|
Тәуекел тобы, есепте тұрған студентерге мінездеме жазу |
С. Ескалиева Н. Утаров Г. Жумагазина |
