Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практикум экзамен.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182.05 Кб
Скачать

46. Әлеуметтік педагогтың жұмыс орнын сипаттаңыз

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығын бітірген мамандар қайда жұмыс істей алады?

«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығын бітірген мамандар келесідей салада жұмыс істей алады:

— мемлекеттік құрылымдарда (ҚР БжҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық департаменттерде);

— әлеуметтік бағыттағы мекемелерде (әлеуметтік қамтамасыз ету органдарында, жұмыссыздарды, аз қамтамасыз етілген, жұмысқа жарамсыз адамдарды қолдау және көмек көрсету органдарында);

— мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелерінде (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, мектептерде, балалар үйлерінде, интернаттарда, мамандандырылған білім беру мекемелерінде);

— өскелең ұрпақты қоғамдық ортада тәрбиелеу және дамыту мәселелерімен байланысты мекемелерде (түзету және оңалту орталықтарында, арнайы мектептерде, колонияларда);

— балалардың тынығуын ұйымдастырумен және балалар шығармашылығын қолдаумен, өскелең ұрпақтың толыққанды әлеуметтенуімен және тұлғалық дамуымен байланысты мекемелерде (қоғамдық ұйымдарда, балалар клубтарында, студияларда, сауықтыру лагерьлерінде, аниматорлық қызметте).

47. Тұлғаның этикалық ұстанымдарына бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалын айқындаңыз

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, саяси биліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.

Бүгінгі ғылыми зерттеулерде бұқаралық ақпарат құралдарының екі негізгі қызметін айқындай аламыз:

1) Гуманитарлық (ақпараттандыру, білім беру, ойын-сауықтық);

2) Саяси (бұқаралық сана қалыптастыру).

Бүгінгі күндегі бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік трансформациялаудағы рөлі өте жоғары. Міне, осы БАҚ бұқараның санасында қазіргі заман адамының өмірі мен қызметінің салтын қалыптастырады. Азаматтардың мінез-құлқы мен дүниетанымын реттейді, саяси ұстанымдарына ықпал етеді. Барлық ақпараттарды беруде адам санасына әсер етудің жасырын қызметін пайдаланады. Бұқара халық манипулятивтік технологиялар ықпалымен өз мүдделеріне қарсы шығу қаупі де туындауы әбден мүмкін. Бүгінгі күні телекөрермен саяси басқарудың элементі ретінде телевизиялық коммуникацияның бастауы саналады. Бұл демократиялық институттың негізі болып табылатын тікелей халықтық басқарудың технологиялық шыңы. Әлеуметтік жауапкершілікке ие теледидардың әлеуметтік-саяси дамуының аспектілері шын мәнісіндегі саяси мәдениеттің дамуына өз үлесін қосатыны белгілі.

Қазіргі мәдени-саяси жүйедегі қажетті ақпаратты алу мен өңдеудің маңызды арналық белгісі бар байланыс қажеттілігі жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялардағы тиімді және сапалы мүмкіндігін ұйымдастырудағы мәні зор. Сондықтан әлеуметтік процестерді басқарудың метатехнологияларын қалыптастыру туралы да айта кеткен жөн. Өйткені бүгінгі күннің бұқаралық ақпарат құралдары бұқаралық коммуникацияның құралына айналды. Бұқаралық ақпарат құралдарының саяси қызметі қазіргі кезеңдегі өзіндік құрамдас бөлігін құрайтын және гуманитарлық қызметпен тығыз байланысты бірнеше өзіндік ерекшелігі бар қызмет түрлерін қамтиды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі қызметтерінің қатарына ақпараттандыру жатады. Саяси ақпаратқа қоғамдық маңызы зор мемлекеттік органдар тарапынан назарды қажет ететін және оларға ықпал жасайтын мәліметтер енеді. Алынған ақпарат негізінде азаматтардың үкімет, парламент, партиялар мен басқа саяси институттар қызметі, қоғамның экономикалық және мәдени өмірі туралы ойлары қалыптасады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының ағартушылық қызметі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді өз дәрежесінде бағалау мен реттеуге бағытталады. Масс-медиа азаматтардың бүкіл өмірін қамту арқылы олардың саяси және әлеуметтік ақпаратты ұғынуға ықпал жасайды. Сондықтан азаматтардың саяси біліміне бұқаралық ақпарат құралдарының әсері мол.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы ағартушылық әлеуметтендіру қызметімен тығыз байланысты. Дегенмен, ағартушылық жүйелі білім игеру мен тұлғаның танымдық және құндылық мүмкіндіктерін кеңейтсе, саяси әлеуметтендіру халықтың саяси нормалар, құндылықтар мен мінез-құлық үлгілерін игеруге ұмтылдырады. Сонымен қатар, тұлғаның әлеуметтік ақиқатқа бейімделуін қамтамасыз етеді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының сыни қызметін саяси жүйедегі масс-медиамен қатар, оппозиция кеңінен қолданады. Бірақ, ақпарат құралдарындағы сынның көлемділігі өте кең болғандықтан, мемлекеттік саясаттың барлық бағыттары оның назарында болады.

Қоғамдық пікірдің беделділігіне негізделген бақылау қызметінің артықшылықтары өте мол. Қоғамдағы келеңсіздіктерге әкімшілік және экономикалық жазалау шараларын қолданбаса да кез келген оқиға мен саяси тұлға қимылына құқықтық және адамгершілік бағасын ұсынады.

Бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалдастық қызметі саясат пен қоғамдағы кемшіліктерді сынаумен қатар, саяси ойыншылар мен түрлі қоғамдық мүдделер ықпалдастығын қамтамасыз етеді. Түрлі әлеуметтік топтар мүшелері пікірлерін бұқараға ашық білдіру мүмкіндігін ұсынып, қоғамдық пікірдегі өз мүдделерін қорғауға жағдай қалыптастырады.

Жоғарыда аталған бұқаралық ақпарат құралдары саяси қызметі түрлерінің барлығы жұмылдыру қызметімен бірлескен. Қызметтің бұл түрі азаматтардың белгілі бір саяси қызмет түріне итермелеуге жол береді. Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың санасы мен сезіміне ықпал ете отырып, нақты саяси мінез-құлықтың қалыптасуына әсер етеді. Өйткені кез келген жоғары білімді азамат қарама-қайшылығы мол саяси процестерде жауапты шешім қабылдауда теледидар, радио, газет пен журналдарға сүйенеді. Жалпы бұқаралық ақпарат құралдарының саяси қызметі жоғарыда аталған түрлерімен шектелмейді. Кейбір ғалымдар бұқаралық ақпарат құралдарының саяси қызметі түрлеріне инновациялық, жеделдету және қоғамдық пікірді қалыптастыру қызметтері туралы да айтады. Бұл бұқаралық ақпарат құралдарының саяси кеңес беру қызметі ерекшеліктерін толықтай айқындаумен қатар, тәрбие беру мәселелерімен өзара байланыстылығын танытады.