Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практикум экзамен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182.05 Кб
Скачать
  1. Мінез-құлық ауытқушылығы бар балалармен әлеуметтік педагогтың жұмысын саралаңыз

Жеткіншек арасындағы қылмыстың үдей түсуіне байланысты мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік педагогтардың алдына қойылған негізгі мақсат – олармен жұмыс формалары , әдістері мен тәсілдері, технологиясының жаңа, ұрымтал түрлерін іздеп тауып, жаман мінезді, түзетуге және қалыбына келтіруге, бейімдеуге, қатарға қосуға көмектесу. Әлеуметтік педагогикада кең қолданып келе жатқан әдістердің бірі – алдын алу. Балалар мен жастардың, жеткіншектердің қылмысқа баруын болдырмау, алдын алу шараларын жүзеге асыру және ол нәтижелі болу үшін жұмыс түрлері ұйымдастырылады.

Жеткіншек балалармен жеке іс- шаралар жүргізу жолдарын қарастыратын бағдарлама түзу арқылы жұмыста жақсы нәтижеге жетуге болады. Ол бағдарламалар мынадай негізгі мәселелерді қамтуы керек :

- Жеке тұлғамен жұмыстың мақсаты және мәндеттерін көрсету;

- Баланың жан дүниесіне, санасына пәрменді ықпал ететін әдістер мен тәсілдерді таңдап алу;

- Тәрбиелік іс- әрекетінің түрлерін анықтау;

- Тәрбиелік іс-шаралардың мазмұны бай және әр түрлі болуы;

- Баланың тұлғалық ерекшеліктеріне бағытталған іс- шаралардың үздіксіз болуы;

- Қоғамның талабы мен баланың жеке мүддесін ұштастыру;

- Іс- шараларды әрбір жеткіншектің ішкі жандүниесін, қабілетін, қызығуын, қажеттіліктерін өтеу мақсатында ұйымдастыру;

- Іс- әрекетті жүзеге асыруда төзімді , жігерлі болу;

- Баланың белсенділігін қолдап, ойы мен мақсатын бірлесе отырып жүзеге асыру.

Осылардың барлығын іске асырудағы әлеуметтік педагогтың міндеттерінің ең бастысы – баланың мүддесін қорғап, қалыбына келтіру, құрбыларымен қарым – қатынас орнатуға көмектесу, жаңа ортаға бейімдеу, әлеуметтік тәртіпті сақтауға және жауапкершілікті сезуге үйрет болып табылады Әлеуметтік педагог өз жұмысын мектеп, кәсіптік колледждер мен лицейлерде,басқа да оқу – тәрбие мекемелері мұғалімдерімен бірлікте, ынтымақтаса отырып жүргізеді.Тәрбие жұмыстарында белгілі спортшылар, өнер қайраткерлері, ғылым – білімге еңбек сіңірген, белгілі қогам қайраткерлерін шақырып кездесулер өткізу;құқық қорғау , медицина, психолог, наркологтармен кездесулер ұйымдастырыпәр түрлі келеңсіздіктердің алдын алу шараларын жүргізу.

Жұмыстың ұтымдылығын арттыру мақсатында мектеп қоғам және отбасының тәрбие жұмысындағы сабақтастығын қамтамасыз ету; мұнда әр қайсысы өз жұмысы және барлығы бір жұмыстың нәтижелі болуын көздеп, бірінің кемшілігінекіншісінің түзетіп, толықтырып тұру да көзделеді. Жеткіншектер мектеп, көше, қоғамдық демалыс орындары, базар, дүкенде, жаңа ұжымда, жат адамдар арасында, балалардың өзі секілді құрбыларының арасында т.б. ортада адамгершілік , ізгілік қарым- қатынасты, мәдениетті жүріс – тұрыс, сый-құрмет, кешірімді істерді сезініп, жақсы нәрселерді көріп,оған араласқанда ғана жақсы қасиеттер қалыптасатыны педагогикада белгілі.

Тұлғаның дамуындағы және мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың алдын-алу, әлеуметтік құзырлы тұлға болып қалыптасу үшін оқушы жағымды мінез – құлық дағдыларын үйренуге, дұрыс шешім қабылдай алуға үйренуі тиіс.

Бұл міндетті шешу оқушыға әсер ететін ортасының жағымсыз әсерінен сақтандыру, түзету қызметін атқаратын қызметтік атқаратын әлеуметтік-педагогикалық жағдай құруға бағытталған тұтас мектеп саясатын құруды талап етеді. Ол өзіне келесі бағыттарды біріктіреді:

  • оқушының мінезіндегі ауытқушылық түрлерін, оған әсер ететін факторларды диагностикалау;

  • оқушы мен оның ата-анаының қосымша педагогикалық және психологиялық ақпаратқа деген қажеттілігін зерттеу.

  • Оқушылардың, ата-аналардың мұғалімдердің пікірін зерттеу қорытындысы негізінде, анықталған ерекшеліктеріне қарай оқушының тұлғалық дамуындағы ауытқушылықтың алдын-алу және түзетуге бағытталған бағдарламаны жасақтау;

  • Тұлғаның дамуы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтың алдын-алу және түзету әдістемесін меңгерген бала бойында жағымды қарым-қатынас жауапты шешім қабылдау, жағымды «Мен -концепциясын» дамыту, сауатты өмір салтын тандауды қалыптастырудың психотехникалық әдіс-тәсілдерін меңгерген педагогикалық кадрларды дайындау;

  • Мектепте қолайлы психологиялық-педагогикалық жағдайды құру;

  • Отбасымен тиімді қарым-қатынас байланысын дамытуға бағытталған құзырлы әкімшілік шешім қабылдау, тегін қосымша білім беруді ұйымдастыру.

Оқушының тұлғалық дамуындағы және мінез-құлқындағы ауытқушылықтың алдын-алу бойынша жұмыстар келесі шарттар орындалған кезде тиімді болады:

  • Оқушының білім алуындағы жетістіктерге жетуі,

  • Құрбыларымен, ата-аналарымен, мұғалімдерімен жағымды қарым-қатынас орнатқан кезде;

  • Психологиялық қорғалғандығы;

  • Соңғы шарт төмендегі мәселелерді құрайтын әлеуметтік қорғаумен тығыз байланысты

  • Барлық оқу орын процесіне қатысушылардың құқын сақтауы мен міндеттерді орындауы;

  • Білім беру мекемелеріндегі барлық оқушылардың құқығының тең болуы;

  • Кез- келген себептерге байланысты дискриминацияны (кемсітпеушілікті) болдырмау;

Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік тәрбиенің басты ерекшеліктерін сипаттаңыз

Әлеуметтік педагогикалық тәжірибенің алғашқы негіздері туралы айтпас бұрын адамзаттың даму барысы жайында сөз қозғау маңызды деп есептейміз. Адамның жерде 100 млн жыл бұрын өмір сүргенінг дәлеледейтін дәйектер бар. Жердің көптеген айдандарында өте көне жастағы адам нәсілінің ізі табылады. Бұл кезеңдегі тәрбие алғашқы қоғамды заңдар мен азаматтық тобырмен жүзеге асырылды.

Ресми деректерде тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде құрылымның келесі кезеңі шамамен 1,5 млн жыл бұрын басталған және ол сөйлеудің пайда болуы процесстерімен байланысты.Сөйлеу қарым-қатынастағы әлеуметтік тәжірибені жинау мен аламасудың маңызды құралы болды.сөйлеудің пайда болуы мен психиканың дамуы – тәрбиенің құрылымының жаңа сапалы кезеңінің куәгері.Бұл заманның адамдары – архантроптар-сөйлеу мен ойлау, түсіну нышандарын игерген, ұжым, топ болып өмір сүрген. Олар тас құралдарын жасады, отты меңгерді.Бұл алғашқы ошақ әлеуметтік қарым қатынас құрылымына түрткі болды, қоғамдық мәліметтермен алмасу пайда болды.

Тәрбиенің құрылуының келесі кезеңі шамамаен 250 мың жыл бұрын басталған,сол дәуірде туыстық және отбасылық неке қарым-қатынастары пайда болды.Палеонантроптар енді адам кейпіне келе бастады.Олар өнермен сенімнің негізін салушылар. Тәрбие мазмұны күрделене түсті:аңшылық,балық аулау, мінез-құлық дағдыларының табысталу рухани өмір тәжірибесі мен діни білімді игерді.

Тәрбиенің қоғамндық құбылыс ретінде құрылу үдерісі шамамаен 35-40 мың жыл бұрын аяқталды.Қазіргі кезедегі адам түрі сана мен сөйлеуді игерген, алғашқы қоғамда өмір сүрді және ол жастардың тәрбиесіне, белгілі мақсатқа бағытталған түрде ұйымдастырылып, іске асырылды. Еңбек іс-әрекеті әлеумпеттік тәжірибенің өсуіне түрткі болды. Жастарды өндірістік және қоғамның әлеуметтік үдерісен белсенді араластырудың алдында оларды бұл кезеңге дайындау қажет, яғни тәрбиелеу керек.

Тәрбие қоғамдық сипатта болды: Балаларда ересек адамдар секілді қоғамнгың мүшесі болып табылады. Ересектердің барлығы оларға қарады, әйелдер бөтен балаларды емізіп, тамақтандырды. Осылайша, балара әрқашан жалпы қоғамның бақылауында болады. Әлеуметтік жетімдік пен панасыздық болған жоқ. Барлық балалар біздің балалар деген ұранды ұстанды. Себебі ұрпақ өздірінің болашақ жалғасы екендігін түсінген.

Бұл қауымдағы тұрғындардың балаларға көрсеткен қамқорлығы, қайырымдылығы мен махаббаты әлеуметтенудің ірге тасы эмоцияналды құндылық сипатта мықты болып, жоғарғы сенімділікпен шартталды.

Егер тәрбие баланың болашақ еңбек өміріне, дайындау қажет болса, тірбие түрі соған сәйкес жүргізілуі керек еді. Ерте кездегі жағада отырып жүзуді үйренбейсің деген өсиеті, әлеуметтік тәрбиеге байланысты айтылған. Әлеуметтік тәрбие қауымда өмірмен тығыз сабақтастықта өтті. Ол болашақ өмірге дайындық ретінде қарастырылмай, табиғи шынайы түрде жүрді. Баланың 3-4 жасында аранайы тапсырмалар болды.

Өндіруші күштердің дамуы, шаруашылықты жіне жер иеленушіліктің ажырауы алғашқы қоғамды өзара бөлісуге алып келді,яғни қоғамдық еңбекті бөлуге жеке меншіктің пайда болуына соған сәйкес әлеуметтік теңсіздікке алып келді. Көптеген отбасылардың негізінде тағы бір көрші қауымдар пайда бола бастады. Әлеуметтенудің басту субъектісі әкесі бар отбасы., сослвиені тудырыратындар (абыздар, билер, әскербасы, жер иеленушілер т.б.) болды. Адамдардың қоғамдық жағдайда, оның экономикалық жайы мен әлеуметтік топ түріне жататынымен анықталды. Егер алғашқы қоғамда 3 топ болса- бала, ересектер мен қарттар енді көрші қауымды жас ерекшелігіне қарай емес, әлеуметтік жағдайына байланысты әртүрлі категорияда болмақ.

Ұрпағының келешегін ойлаған, отбасы әсіресе әкелер баларына кәсіптерін мұра етті. Кәсіби дайындық тек өндірістік білім, білік дағымен шектелмеді. Ол әлеуметтік мінез-құлыұ, дінге көзқарас, дүниетанымдық қойылымдар, дәлелдемеле мен жалғасыян тапты.

Қоғам мен тәрбие өзгеру үдерісінде әлеуметтену үдерісі де тармақтала бастайды.Ол өзінің тұтастығын және барлық қауымның мүшелеріне міндеттерін қояды. Дәрежесі биік топтардың әлеуметтену мен тәрбиесі жер иеленушілер мен қолөнершілерден ерекше бодды.

Қоғамның топқа жіктелуі тәрбиедегі мақсат пен талаптардың арасындағы қарама-қайшылыққа әкеледі. Әлеуметтік топ қатарына жататындығына, тәуелділік және құнды бағыттылықтардың келіспеушілігі жүреді. Көптеген кәсіптердің пайда болуы, тәрбиенің мамандануын , жетілуін талдап етті. Баланың мінез- құлқының түрткісіне, ересектердің ұйымдастырылған түрде қатысуы міндетті. Әлеуметтік педагогикалық тәжірибеге қатысты жағдайлар барлық қауымдармен бірге, әрбір қауымда болңвандығын дәлелдейтін мәліметтер бар. Мысалы ғарыштық кешеннің құрылысында , Флорида штатының Канаверал мүйісінде 1994 жылы жаппай өлік жерленген жер табылған (168 қаңқа).Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде бұл қаңқалар 800 мың жыл бұрын, өлік батпақта жерленге. Өлген кісілерді салып, оларды ойықтьармен белгілеген.

Таңқаларлық жайт, кебір адамдар 60 жасқа дейін,немесе оданджа көп өмір сүрген, бұл біздің алғашқы қауымдағы адамдардың өмір сүру ұзақтығы жайында жаңа деректер береді. Сүйек қаңғасына қарап, өлген кісінің біреуінде жарық-жараның бар екендігін көрсетті. Ұзақ ауру адамды қозғалыстан айырып, оның табанын жойған. Оған ағайын туыстары күтім жасаған.Әрине, мұны әлеуметтік жұмысқа жатқызуға болады.сонымен қатар оған рухани дпемеу көрсеткен. Ал, бұл әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетке қатысты. Тұлғаның дамуы оның қоғамға байланысының негізінде жатыр.

Осылайша адамның дүниеге келуі мен санасының өзгеруіне қарай ұрпаққа берілетін тәрбие түрлеріде пайда болып отырады. Алғашқы қауымдық қауымда әлеуметтік тәрбиенің алғашқы көріністерінң болғандығы жалпы түрде сипатталып қарастырылады.